Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05121 Биотехнология в ABU

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Биотехнология саласындағы міндеттерді шешу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы зертханалық жабдықтармен, құрылғылармен, цифрлық технологиялармен, оның ішінде жасанды интеллект технологиясымен жұмыс істеу дағдыларын қолдану.
  • Биотехнологтың кәсіби қызметіндегі практикалық міндеттерді шешу үшін негізгі ұғымдарды, талдау әдістерін, физикалық, химиялық және математикалық заңдар туралы білімі мен түсінігін қолдану ;
  • Әр түрлі экожүйелердің микробиологиялық процестерін игеру үшін практикалық қызметте микробиологияның іргелі бөлімдері туралы мамандандырылған білімді және зерттеу дағдыларын қол-дану. Оның ішінде тамақ өнімдерін, биологиялық белсенді заттарды, қайталама метаболиттерді өндіру кезінде орын алатын микробиологиялық, физика-химиялық процестерге зерттеулер жүргізе білу және алынған нәтижелерге ғылыми негізделген баға бере білу.
  • Биотехнология саласындағы қазіргі заманғы жетістіктерді радиоэкологиялық зерттеулердің заманауи жетістіктері және биотехнологиялық өнеркәсіпті дамытудағы жаңа бағыттарды талдау, сондай-ақ осы жетістіктерге сәйкес өндірістің жаңа технологияларын, цифрлық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллект технологиясын практикада қолдану
  • Биотехнологиялық және химиялық-инженерлік үдерістердің заңдылықтары, реактор түрлері мен химиялық-технологиялық жүйелер, шикізаттық және энергетикалық қосалқы жүйелердің ерекшеліктері туралы теориялық және практикалық білімді қолдана отырып, қолданыстағы биотехнологиялық өндірістерді ұйымдастыру, жоспарлау, басқару және оңтайландыруға қатысты кәсіби міндеттерді шеше білу.
  • Кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін пайдалану;
  • Биотехнологиялық бейіндегі кәсіпорындарда өндірістік қызметті жүзеге асыру;
  • Жануарлар мен өсімдіктердің соматикалық және жыныс жасушаларын генетикалық түрлендіру саласындағы білімді қолдана білу, сондай-ақ биотех-нологиядағы ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешу үшін жануарлар мен өсімдіктер жасушаларын өсіру технологияларын пайдалану
  • Ластану түрлері, климаттың өзгеруі, табиғи ресурстардың тозуы, қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық және басқару аспектілері, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер туралы білім негізінде экологиялық қауіп-қатерлерді талдау және ұтымды табиғат пайдалану мен тұрақты даму қағидаттарына сүйене отырып негізделген шешімдер қабылдау.
  • Дәлелдемелерге негізделген мәселелер мен қорытындыларды анықтау үшін тірі әлемді түсіндіретін білім мен әдіснаманың негіздерін қолдану, кәсіби мәселелерді шешу үшін өз білімдерін қолдану;
  • Өнімділігі жоғары микроорганизмдер, ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерінің формаларын алу әдістерін, соның ішінде клоналды микрокөбейту технологияларын, генетикалық транс-формацияны және репродуктивті үдерістерге ар-налған биотехнологиялық тәсілдерді қолдану, сондай-ақ қолданбалы биотехнология міндеттерін шешу үшін жасушалық инженерия мен селекция әдістерін пайдалану.
  • Тұрақты дамудың, тіршілік қауіпсіздігінің, құқықтық және қаржылық сауаттылықтың негізгі тұжырымдамаларын қолда-ну; экономика және құқық, кәсіпкерлік, қаржы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет салала-рындағы құзыреттерді қалыптастыруға бағыт-талған нормативтік-құқықтық, экономикалық және экологиялық құрал-дарды пайдалану; әлеумет-тік және кәсіби салада негізделген шешімдер қабылдау үшін қазақ, орыс және шетел тілдерінде кәсіби коммуникацияны жүзеге асыру.

Ұқсас БББ

Top