Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01408 Тарих, құқық негіздері және кәсіпкерлік в ҚарУ Е.А.Бөкетов
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында ғылыми-педагогикалық, кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асыру үшін іргелі және қолданбалы білімі, зерттеу дағдысы бар бәсекеге қабілетті тарих, құқық негіздері және кәсіпкерлік мұғалімін дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B008 Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Тарихи өлкетану
Ғылыми зерттеу негіздері
Қазақстанның ежелгі тарихы
Ежелгі дүние тарихы
Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері
Құқық және кәсіпкерлік негіздері
Қаржылық сауаттылық негіздері
-
2 Оқу жылы
Ғаламдық перспективалар және жобалық жұмыс
Инклюзивті білім беру
Ортағасырлар тарихы (Батыс, Шығыс)
Қазақстанның ортағасыр тарихы
Мемлекет және құқық теориясы
Экономикалық теория
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы
Педагогика
Кәсіби қызметтегі жасанды интеллект
Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы
Білім берудегі көшбасшылық
Этнопедагогика
Микроэкономика
Экономикадағы мінез-құлық үлгілері
-
3 Оқу жылы
Құқық және тарихты оқыту әдістемесі
Ұлттық экономика
ХVII-XXI ғғ. Азия және Африка
Макроэкономика
Архивтану
Тарихи зерттеулердегі архив құжаттарының рөлі
Азия мен Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы
Әлемдік музейлер тарихы
Қазақстанның архив мекемелерінің тарихы
Қазақстанның жаңа заман тарихы
Этнология
Кәсіпкерлік құқық
Теориялық деректану
Азаматтық құқық
Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы
Қазақстан тарихының деректануы
XVII-XXI ғғ. Еуропа және Америка
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы
Тарих методологиясы
-
4 Оқу жылы
Тарихнама
Әлеуметтік антропология
Шағын және орта кәсіпкерлік экономикасы
Фирманың экономикасы
Бизнестік-бағдарланған пәндерді оқыту әдістемесі
Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау
Кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлерін құқықтық реттеу
Музейтану
XX ғасырдағы Қазақстан
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Тарихи антропология
Қазақстан тарихының Отандық тарихнамасы
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Архивтік құжаттардың түрлері мен күнін анықтау бойынша типтік міндеттерді шешудің негізгі әдістерін біледі және оларды тәжірибеде қолданады; архивтану мен музейтану дамуының өзекті мәселелеріне еркін бағдарланады; Қазақстанның архив ісі саласындағы қолданыстағы нормативтік актілерді тәжірибеде қолданады; ғылыми зерттеулердің әдістерін, академиялық хатты біледі және оларды зерттеу саласында қолданады.
- Жаңа және қазіргі заманғы Азия мен Африка тарихындағы тарихи оқиғалардың себептерін, оқиғалар барысын түсіндіруге қабілетті. Жаңа және қазіргі заманғы Еуропа мен Америка елдеріндегі тарихи шындықтың жалпы көрінісін қайта қалпына келтіре алады; зерттелетін салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі байланысты біледі, түсінеді.
- Тарих бойынша қазіргі заманғы сабақтың жоспарлау алгоритмін және оқушылардың критериалды бағалау негізін пайдаланады; мемлекеттік стандарттар талаптарының өзгеруіне, жаңартылған бағдарламалар мен оқулықтарға, кәсіпкерлікке бағытталған пәндерді оқыту әдістемесіне қатысты өзгерістерге дербес жауап береді; оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын меңгереді.
- Біртұтас жүйе және адам ретінде қоғам туралы, қазіргі қоғамдағы рухани процестердің рөлі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделері, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары, адамға және табиғи ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсері, туралы білімдерді қолданады; заманауи қаржы технологияларын қолданады; әлеуметтік, саяси, мәдениеттанушылық, психологиялық саланың біртұтас жүйелі бірлігі ретінде, адам және оның топтық мінез-құлқы туралы базалық білім жүйесіндегі интеграциялық процестердің өнімі ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын талдау және зерделеу саласындағы білімдерді меңгереді.
- Экономикалық теорияның базалық біліміне ие; ғаламдық перспективалар мен жобалау жұмыстарын түсіндіруге және негіздеуге қабілетті, фирманың экономикасының негізгі бағыттары мен мәнін түсіндіреді, шағын және орта бизнестің дамуының жалпы және нақты ерекшеліктерін өңдеуге және талдауға қабілетті, микроэкономика жайлы негізгі білімі бар; экономикадағы мінез-құлық үлгілері арасындағы параллелді анықтауға және түсіндіруге қабілетті, макроэкономиканың мәні мен мазмұны, оның ерекшелігі мен қазіргі жағдайын, ұлттық экономиканы терең біледі, оны қалыптастыру мен дамытудың түрлі кезеңдерінде ұлттық экономиканың сипаттамаларын талдауға қабілетті.
- Жалпы білім беретін оқу орындарында қашықтықтан білім беру технологияларын меңгерген, жасанды интеллектіні кәсіби қызметте қолданады.
- Білім беру ұйымдарының педагогикалық процесін ұйымдастыруда, жоспарлауда және басқаруда іс-әрекет, жеке тұлғаға бағытталған және технологиялық тәсілдерді басшылыққа алады; теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалану үшін педагогика ғылымының теориялық-әдіснамалық негіздерін қолдану дағдысын меңгереді, білім беру ұйымдарының педагогикалық үдерісін жүзеге асырудағы заңдылықтар, принциптер, тәрбиелік механизмдер.
- ТжКБ және жалпы білім беретін оқу орындары мен ұйымдарында тарих, құқық негіздері пәндерінен сабақ беру мен оқытудың цифрлық, қашықтықтан және инновациялық технологияларын меңгерген.
- Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын зерттеуде осы салада жалпы теориялық білімді қолдана алады. Құқықтың әртүрлі түрлерінің айырмалық ерекшеліктерін, олардың мәні мен қолданылу аясын түсіндіре алады.
- Әр түрлі қызмет түрлерінде АКТ қолдану білімі мен дағдыларын меңгерген, қоғам дамуындағы АКТ ерекшеліктерін анықтайды, оқу үдерісінде ДК аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді, желілік, мультимедиялық және интернет-технологияларды, негізгі Smart және Е-технологияларды қолданады; әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады.
- Антропологияның, тарих әдіснамасының және тарих ғылымының әлеуметтік функцияларының рөлі мен маңызын түсіндіреді, тарихи деректерге ішкі және сыртқы сыни талдау жүргізеді, деректану және тарихнамалық зерттеулерді бағалайды және жинақтайды; зерттелетін саладағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады.
- Адам құқықтары мен құқық үстемдігі құндылықтарының басымдықтарын қамтитын қалыптасқан саяси-құқықтық ойлауға ие, мемлекет және құқық теориясы саласындағы білімді тұжырымдай және түсіндіре алады.
- Ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи оқиғалардың барысын сипаттайды, себеп - салдарлық байланыстарды табады, ғылыми-жаратылыстану әдістері арқылы артефактілердің мерзімін анықтау кезінде алған теориялық білімдерін қолданады, әлем халықтары өмірінің түрлі салаларын, олардың тұрмысы мен мәдениетін біледі.
- Адам анатомиясы мен физиологиясын егжей-тегжейлі біледі, мектеп гигиенасы мәселелерінің кең спектрін түсінеді, ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін жетілдіруді басқаруда дене шынықтыру мен спорт құралдарын қолданады; осы саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсетеді.