Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04131 Іскерлік әкімшілік (EMBA) в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Оқыту нәтижелері

  • Стратегиялық талдау, ұйым стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру дағдыларын меңгеру; басқарушылық шешімдер қабылдау үшін бизнес – зерттеу әдістерін қолдану.
  • Жобаларды жобалық менеджмент саласындағы отандық және шетелдік стандарттар негізінде басқара білу; міндеттерді шешудің күтілетін нәтижелерін айқындай білу және қолданыстағы құқықтық нормаларды, қолда бар ресурстар мен шектеулерді ескере отырып, жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарлардың әртүрін әзірлей білу, жобаларды басқаруда ЖИ қолдану мүмкіндіктерін талдай білу.
  • Ұйымдық мінез-құлық пен персоналды басқарудың тиімді әдістерін қолдана отырып, адамдар мен ұйымды басқара білу; Ұйымның экономикалық жоспарлары мен қаржылық-экономикалық даму жоспарларын қалыптастыру, ұйымның экономикалық қызметіне талдау жүргізу, алынған мәліметтерді басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдалану.
  • Стратегиялық басқаруда көшбасшылық тұжырымдамасын әзірлеу дағдыларын меңгеру. Өз қызметінің басымдықтарын және оны өзін-өзі бағалау негізінде жетілдіру тәсілдерін айқындай және іске асыра білу; іскерлік қарым-қатынас пен көпшілік алдында сөз сөйлеуді жүзеге асыру, келіссөздер, кеңестер жүргізу, іскерлік хат алмасуды жүзеге асыру және электрондық коммуникацияларды қолдау.
Top