Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04131 Стратегиялық басқару және көшбасшылық в Торайгыров университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қарқынды дамып келе жатқан бизнес-ортада тиімді стратегиялық шешімдерді қабылдау үшін бизнес саласында заманауи білім мен дағдыларды меңгерген, жоғары білікті басқарушы кадрларды даярлау
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M072 Менеджмент
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Оқыту нәтижелері

  • Бизнес саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін коммуникация дағдыларын көрсетеді
  • Әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, тұлғааралық қатынастарды орнатуда және мотивацияның әртүрлі әдістерін қолдануда, ұжымды өзінің кәсіби қызметі саласында басқаруға дайындығын көрсетеді
  • Стратегиялық басқару саласында озық тәсілдерді пайдалану бойынша, атап айтқанда компанияның стратегиялық жоспарларын әзірлеу бойынша білім мен дағдыларды енгізуді меңгеріп, оларды қолданады
  • Жеке тиімділікке, көшбасшылық қабілеттілікке дайын екендігін көрсетеді
  • Ұйымның стратегиялық жоспарларына сәйкес басқару тұжырымдамасын, кадрлық және әлеуметтік саясатты, адами ресурстарды басқару стратегиясын әзірлеу қабілетін және басқару жүйесі мен технологиясын дамыту бойынша бағыттарды айқындай және міндеттерді тұжырымдай отырып, оларды енгізу және іске асыру дағдыларын көрсетеді
  • Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау және зерттеу жүргізу үшін ұйымдастыру-басқару саласында отандық және шетелдік зерттеушілер алған деректерді және осы саладағы проблемалық аспектілерді талдауға және түсіндіруге қабілетті
  • Креативті ойлауға, инновациялық идеяларды қалыптастыруға, сыни талдауға, ақпаратты жүйелеуге, мақсаттар мен міндеттерді қоюға, оларға қол жеткізудің оңтайлы жолдары мен әдістерін таңдауға қабілетті
  • Кәсіпорынның даму стратегиясының экономикалық негіздемесін есептеу және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ғылыми жетістіктер негізінде нарықтардың жай-күйін болжау арқылы бизнес-жобалардың тиімділігін бағалайды
  • Компанияның маркетингтік функциясын талдай білу, компаниядағы брендтердің жағдайын бағалау, сандық және физикалық ортадағы маркетингті басқару құралдарына ие болу және маркетингтік стратегияны жасауға дайын болу
  • Ұйымды стратегиялық басқару үшін стратегиялық, экономикалық және инвестициялық талдау әдістерін қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеуді орындап, ақпаратты басқарушылық мақсаттарда пайдалануға қабілетті
  • Жанжалдың динамикасы, оның дамуының негізгі уақыты мен кезеңдері туралы білімді көрсетеді, жанжалдарды, стрессті және ұйымдағы өзгерістерді тиімді басқару дағдылары негізінде стресстің дамуына ықпал ететін ұйымдастырушылық жағдайлар мен кәсіби факторларды талдай алады
Top