Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01451 Еңбек технологиясы және сызу в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Білім беру кеңістігіндегі ғылым негіздері ұғымдарының мәнін түсіндіру, жоғары мектептің мәдени, тарихи, экологиялық және құқықтық тұжырымдамалары негізінде қоғамдағы кәсіби мәселелерді шешу жолдарын болжау және таңдау.
  • Көптілді кеңістікте еркін қарым-қатынас жасау, сыни ойлау негізінде ақпаратты пайдалану, қаржыны басқару және сауатты бөлу қабілетіне ие болу.
  • Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, академиялық адалдық пен әдептілікті қалыптастыру негізінде психологиялық-педагогикалық және зерттеушілік білімін көрсету, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени, кәсіби даму.
  • Оқыту нәтижелерін мониторингтеудің жаңа нысандарын пайдалана отырып, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау.
  • Бұйымды жобалау, модельдеу және құрастыруда шығармашылық және дизайнерлік қабілеттерін көрсету.
  • Оқушылардың жеке қабілеттеріне сәйкес еңбек технологиясы және сызуды оқытуда инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістерін қолдану.
  • Болашақ еңбек технологиясы және сызу мұғалімдерін дайындық бағыты бойынша заманауи техникалық-технологиялық, конструкторлық-технологиялық құзыреттіліктерді меңгеру.
  • Білім беру мекемелерінде, оның ішінде инклюзивті білім беруде еңбек технологиясы және сызу мұғалімінің оқу және оқу-әдістемелік қызметін жүзеге асыру.
  • Кәсіби-технологиялық даярлық бағытына және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіби қабілетін көрсету, педагогикалық іс-әрекетте өзін-өзі тану және өзін-өзі жүзеге асыру процесін басқара білу.
  • Еңбек технологиясы және сызуды оқыту мазмұнындағы ақпаратты визуализациялау идеясына негізделген көркемдік білімдерін көрсету;
  • Зерттеушілік, кәсіпкерлік дағдыларды және стандартты емес жағдайларда жұмыс істеу дағдыларын тәжірибеде қолдану.
  • Жеке және команда мүшесі ретінде жұмыс жасауға қабілетті, түрлі әдістерге сүйене отырып өз көзқарастарын дұрыс қорғайды, өз іс-әрекеттерін негіздейді және нақты дәделдейді.
Top