Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B12301 Құқық қорғау қызметі в БҚИТУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты құқық қорғау қызметі саласындағы міндеттерді шешуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 241
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B096 Құқық қорғау қызметі
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзілік тарих және Құқық негіздері
-
Білім беру саласы 6B12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс
-
Дайындық бағыты 6B123 Қоғамдық қауіпсіздік
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Экономикалық-құқықтық білім модулі (экономика, қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)
Экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму модулі (экология, өмір қауіпсіздігі және тұрақты даму негіздері)
Мемлекет және құқық теориясы
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы
Мемлекет және құқық тарихы
-
2 Оқу жылы
Ұлттық қауіпсіздік негіздері
ҚР салық құқығы
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім)
Инклюзивті мәдениеттің негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім)
Жасанды интеллект негіздері
Салыстырмалы құқық
Учаскелік инспектордың қызметін ұйымдастыру
Қылмыстық – процессуалдық құжаттарды құрастыру
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)
ҚР азаматтық құқығы (ерекше бөлім)
-
3 Оқу жылы
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы (жалпы бөлім)
Қылмыстың жекелеген түрлерін зерттеу әдісі
Сот сараптамасы
ҚР әкімшілік рәсімдік-процессуалдық құқығы
Халықаралық шарттар құқығы
Халықаралық құқық
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы (жалпы бөлім)
Қазақстан Республикасының кеден органдары
Жедел-іздестіру қызметінің негіздері
Экономикалық және жемқорлық, қылмыстық құқық бұзушылықты зерттеу әдістері
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы
Заңгердің кәсіби этикасы
Криминология
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы (ерекше бөлім)
Азаматтық сот ісін жүргізу құжаттары
Прокурорлық қадағалау
ІІО әкімшілік қызметі
Адвокатура
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы (ерекше бөлім)
Криминалистика
Конфликтология
ҚР қылмыстық атқару құқығы
-
4 Оқу жылы
ҚР экологиялық құқығы
Сотқа дейінгі қылмыстық тергеу ісі
Құқықтық статистика
Қазақстан Республикасының қаржы құқығының негіздері
Тергеу және анықтау бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының отбасы құқығы
Қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау негіздері
Киберқылмыстарды тергеу тактикасы мен әдістемесі
Іс өндірісі бойынша практикум
Оқыту нәтижелері
- Жалпыға ортақ құндылықтар, құқықтық және демократиялық мемлекеттің құндылықтары туралы; отандық тарихтың негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы; қоғамдағы экономикалық және саяси қатынастардың қазіргі жағдайы, нарықтық қатынастар,менеджменттің негіздері, қазіргі кезеңдегі гуманитарлық, экологиялық мәселелер, философиялық және саяси зерттеулердің дамуы мен маңызы,ақпараттық технологиялар, қисын заңдары мен түсініктерін, қазақ (орыс) және шет тілдерінің жұмыс істеу қағидалары мен негіздері туралы түсінігі болады; қаржы нарығының әртүрлі құралдарына ақша активтерін инвестициялау ерекшеліктерін түсіну
- құқықтың мәнін қоғамдық қатынастардың реттеушісі ретінде түсінеді, құқықтың функцияларын, құқықтық жүйенің құрылымы мен элементтерін біледі, мемлекеттің шығу тегінің заңдылықтарын, қазіргі заманғы мемлекеттің функцияларын жүзеге асырудың нысандары мен әдістерін, оның институттары мен мекемелерінің жұмыс істеу ережелерін біледі; негізгі интеллектуалды бағдарламалық жүйелерді құру үшін ұсынылған ЖИ теорияларын, әдістері мен принциптерін қолдану; инклюзивті мәдениеттің қағидаларын білу.
- негізгі құқықтық ұғымдарды, Қазақстанның түрліше тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-құқықтық және конституциялық даму жағдайын, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі мен мемлекеттік механизмінің қызмет ету ерекшеліктерін, ҚР Конституциялық құрылымын, өз қызметінің нақты шеңберін анықтаушы нормативтік-құқықтық актілердің және теориялық көзқарастардың мазмұнын білу; кәсіби қызметі мен құқығын жүзеге асыру үшін оның маңызын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғаудың түрлері мен механизмін, ҚР мемлекеттік орган жүйесіндегі құқық қорғау органдарының алар орны мен рөлін түсіну;
- Сот-сараптама қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу; құқық қорғау органдарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаттары туралы нақты түсінікке ие болу және олардың қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін маңыздылығын түсіну; арнайы тактикалық тәсілдерді, цифрлық дәлелдемелерді белгілеу және электрондық іздерді талдау әдістерін қолдана отырып, киберқылмыстарды анықтай, саралай және тергей білу.
- Игерген білімдерін тәжірибеде шығармашылық жағынан қолдана білу, жаңа білімдерін нақты ұсыныстарға айналдыра білу,біліктіліктерін өз бетінше жетілдіру, білімдерін толықтыру және жаңа икем-дағдыларды игеру, қажетті ақпаратты алу және өңдеу, сыни тұрғыдан талдай білу және қорытынды мен тұжырымдар жасау, мәселелерді шешудің тиімді жолдарын табу және кәсіби қызметіндегі мәселелердің жүзеге асуымен байланысты шешімдерді қабылдау; академиялық адалдықтың мәдениеті мен қағидаттарының мәнін түсінеді;
- Негізгі құқықтық түсініктер мен категорияларды игеру, ағымдағы жағдайды талдау және оны одан әрі дамытудың келешегін көру, қолда бар деректердің ықтимал салдарын болжау, мемлекеттің құқық қорғау органдарын қоса алғанда, жүйенің құрылымын, құзыреттілігін жетілдіру, түрлі құқық салаларының нормаларын түсіндіру, қылмыстық-процессуалдық, Әкімшілік-процессуалдық, азаматтық-құқықтық және тәртіптік рәсімдерде біледі;
- Нормативтік-құқықтық актілерді кәсіби қызметінде қолдану, заңнамалық инновацияларды енгізе білу, логикалық тұрғыдан сауатты түсіндіру және өз көзқарасын дәлелдей білу, компьютерлік және басқа да инновациялық технологияларды пайдалану, құжат айналымын сауатты жүргізу, құқықтық сипаттағы әртүрлі құжаттарды рәсімдей білу; ғылыми зерттеулер әдістері мен академиялық сауаттылықты білу және оларды өз саласында қолдана алады;
- Жеке тұлғалардың, қоғамдық тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз әрекеттердің, соның ішінде физикалық күшті, арнайы құралдарды және атыс қаруын пайдаланудың алдын-алу, қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты қиын жағдайларда, төтенше жағдайларда басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерімен, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, еңбек ұжымдарымен, азаматтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымендұрыс басқару шешімдерін қабылдай біледі;
- Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегін ғылыми ұйымдастыру бойынша қазіргі заманғы идеяларды іске асыру, құқық қорғау қызметінде қабылданған арнайы техниканы, сондай-ақ есептеу техникасын пайдалану, тәуекел ету және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын анықтау, ұйымдардың құқықтық қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу,заңды және жеке тұлғаларға құқықтық көмек көрсету, өзінің эмоционалдық жағдайын басқара білу, сондай-ақ вербальды-логикалық және аналитикалық ойлаумен, толеранттылықпен, жауапкершілікпен және ұйымдастырушылықпен дамытылған жақсы жедел жадыға ие болады;
- презентация стильдерін ажырата білу, өз тұжырымдарын баяндаудың академиялық және құқықтық стильдерінің арасындағы айырмашылықты түсіну, заңды сипаттағы құжаттарды дұрыс құрастыру, білікті ауызша кеңес беру; өз құзыреті шегінде іс жүргізу әрекеттеріне маман ретінде қатысу; сот сараптамаларын жүргізуді тағайындайтын органдармен өзара іс-қимыл жасау.