Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03204 Журналистика в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
  • Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.
  • Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана біледі, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдайды, ғылыми зерттеу әдістерін меңгереді.
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу.
  • Қаржылық тәуекелдердің, дағдарыстардың, алаяқтықтың әсерін бағалау негізінде меншікті ақша бюджетін басқару, жеке бюджетті жоспарлау, қаржы өнімдері мен инвестициялау құралдарын қолдану бойынша талдамалық қабілеттерін дамыту; қаржы заңдары мен ережелерін, цифрлық және қаржылық технологияларды, оның ішінде мобильді қосымшаларды қолдану негізінде ұтымды қаржылық мінез-құлыққа кепілдік беретін қазіргі заманғы қаржы құралдарын пайдалану дағдыларын қалыптастыру; салықтарды есептей және оңтайландыра білу, міндетті зейнетақы жарналары мен басқа да төлемдерді есептеу дағдыларын қолдану, сақтандыру өнімдерін пайдалану.
  • Инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация стратегиясын таңдау.
  • Отандық және шетелдік баспасөз тарихын білу, журналистиканың функциясы мен қоғамдағы ролін анықтау, медиа теорияларын меңгеру, телерадиожурналистика негіздерін талдау, жанрлық ерекшеліктерін білу, сондай-ақ журналистиканың әртүрлі жанрларында жазуды үйрену.
  • Бұқаралық коммуникация технологиясын, медиаға мәтін жазу мен редакциялауды үйрену, публицистика тарихы мен тәжірибесін білу, шетел журналистикасының тәжірибесін, тілдік, стильдік ерекшеліктерді меңгеру, сөйлеу техникасы мен мәдениетін дамыту, телерадиожурналистикада ақпарат тарату және шығармашылық шеберлікке үйрену.
  • Материалдарды дайын ақпараттық өнімге айналдырудың стратегиялық нұсқаларын білу, анықтау және талдау, жаңа технологиялар мен цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану.
  • Жаңа медианың мультимедиалық құралдарын біледі, медиаға қатысты заңнама мен этика талаптарын үйренеді, іскерлік журналистиканың тәжірибесін, медиаөнімдерді безендіру мен редакторлық түзетуді дамытады.
  • Телевизиядағы интервью технологиясы мен сценарий жазу, журналистік шеберлік талаптарын біледі, медиапсихология мәселелерін анықтайды, ақпараттық қауіпсіздік сақтаудың, медиалық және ақпараттық сауаттың маңызын түсінеді, имидж қалыптастыру, мәтін жазу, талдау, зерттеуді үйренеді.
  • Шығармашылық шеберлікке үйренеді, редакция жұмысын ұйымдастыру мен басқаруды меңгереді, бұқаралық коммуникация және гоесаяси жағдайлар мен аймақтық қақтығыс мәселелерін талдайды, жарнама технологиясын біледі, телерадиожурналистің шығармашылық шеберханасын үйреніп, мәтін жазу мен сыни тұрғыдан сараптауды дамытады.
  • Жасанды интеллект көмегімен медиаөнім әзірлеу, ақпараттың өзектілігін анықтай білуі, материалды өңдеу мен даярлауда шынайылықты ұстану, логикалық қисынын және цифрлық журналистиканың мәнін біледі, әр түрлі салалық мәселелерге қатысты деректерді талдау, журналистика социологиясын, сондай-ақ әлеуметтік зерттеу әдістерді пайдалану дағдысын қалыптастырады.
  • Телевизия мен радиодағы режиссураны біледі, деректі фильм жасаудың маңызын түсінеді, сондай-ақ заманауи цифрлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, телевизия мен радиохабарларының дыбыс, әуен, бейне, сюжет пен композиция үйлесімділігін сақтауға үйренеді, ақпараттық технология мүмкіндіктерін меңгеру арқылы сайт құрастыруға, онда медиаөнімдерді жариялауды, таратуды меңгереді.
  • Көркем ойлау мен сыни талдауды меңгеру, әдебиеттің теориясы мен тарихын қарастыру, болашақ медиамаманның ойын еркін жеткізуі мен көпшілік алдында дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру, кейіпкердің портретін жасау, характерін ашу ерекшеліктерін білу.
Top