Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B06109 Кәсіпорындардағы компьютерлік жүйелер мен желілерді әкімшілендіру, бақылау және қорғау в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу
  • Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу қаржылық тәуекелдердің, дағдарыстардың әсерін бағалау негізінде қаржы өнімдері мен инвестициялау құралдарын, қаржы заңдары мен ережелерін, цифрлық және қаржылық технологияларды қолдану негізінде ұтымды қаржылық мінез-құлыққа кепілдік беретін заманауи қаржы құралдарын пайдалану
  • Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдау, әлеуметтік және кәсіби ортада инклюзия принциптерін нақты жағдайларға қолдану және көпмәдениетті қоғамда тиімді қарым-қатынас құру үшін коммуникативтік стратегияларды орынды пайдалану
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарын әлеуметтік және кәсіби қызметте қолдану, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ тұрақты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу
  • Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауды болдырмайтын құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жеткілікті деңгейіне ие болу, кәсіби міндеттерін және мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын орындау
  • Кәсіби есептерді шешуде негізгі электрондық құрылғылар жұмысының математикалық аппараты мен физикалық принциптерін қолдана білу
  • Көп процессорлық және көп машиналық есептеу жүйелерінің архитектурасын, ұйымдастырылу принциптерін, жүйелік программалаудың негізгі концепцияларын сипаттау, заманауи компьютерлердің, жүйелер мен желілердің архитектурасын негіздеу, API-функцияларын қолдана отырып программалар әзірлеу, ұйымның қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз етудің ОЖ кірістірілген механизмдерін қолдану, жүйелік басқаруды жүзеге асыру
  • Деректер құрылымының оңтайлы таңдауын жүзеге асыруға қабілетті болу, алгоритмдерді жасай білу және оларды программалау тілінде (ПТ) жүзеге асыра білу, ПҚ бастапқы кодын ретке келтіру және талдау жүргізу және есептік құжаттаманы дайындау
  • Техникалық тапсырмаға сәйкес программаланатын логикалық контроллерлерді және микропроцессорлық жүйелерді баптауды және конфигурациялауды жүзеге асыру, деректер базасын әзірлеу және басқару
  • Ұйымның желілік топологиясын, жергілікті желіні ауыстыру және жаңарту бойынша техникалық және басқарушылық шешімдерді, ұйымның АҚ саясатын әзірлеу, АТ-инфрақұрылымына аудит жүргізу, ортақ желілік ресурстарға қолжетімділікті басқару, ақпаратты қорғаудың ұйымдық-құқықтық негіздерін білу негізінде АҚ қамтамасыз ету құралдары мен әдістерін қолданудың тиімділігін талдау
  • Телекоммуникация жүйелеріндегі деректерді беру және өңдеудегі қателерді түзетуде программалық-аппараттық құралдарды әзірлеу және қолдану және криптографиялық примитивтерді қолдануға және криптографиялық примитивтерге қарсы шабуылдарға байланысты қауіпсіздік қатерлерін бағалау
  • Деректерге рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттерін анықтау, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бизнес-процестерді талдау, жабдықтың ақауларынан кейін деректерді қалпына келтіру, пайдаланушылардың қол жеткізу құқықтарын басқару және ұйымның жүйелік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автоматтандырылған процедураларды әзірлеу.
  • Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету саласындағы негізгі теориялық және практикалық білімдерді қолдану
Top