Жаңа білім беру бағдарламасы

6B11303 Логистика және тасымалдауды ұйымдастыру в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әлеуметтік-мәдени, экономикалық-құқықтық, экологиялық білімді, коммуникативтік дағдыларды көрсету, қоғам дамуының қазіргі заманғы үрдістерін ескере отырып, ақпараттық технологияларды қолдану.
  • Дербес компьютерде ақпаратты өңдеу процестерін жүргізу, деректерді тасымалдаушылардан, байланыс арналарынан ақпаратты енгізу-шығаруды орындау, жұмыста дербес компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктерін қолдану.
  • Логистикалық есептерді шешу үшін математикалық және экономикалық білім негіздерін қолдану.
  • Жүктің түрі мен мақсатын айқындау, тасымалдауды жүзеге асыру үшін көлік түрлерімен арақатынасын белгілеу.
  • Қозғалысты ұйымдастыру кезінде көлік өнімділігі мен жұмыс сапасын арттыру үшін көліктегі өндірістік процестерді модельдеу.
  • Әлемдік және отандық тәжірибенің инновациялық тәсілдерін зерделеу және қорыту негізінде жүктерді қайта өңдеудің және жолаушыларды жеткізудің жаңа технологияларын таңдау жөнінде шешімдер қабылдау.
  • Жылжымалы құрамды тиімді пайдалануды ескере отырып, тасымалдау процесіне қызмет көрсету және көлікті пайдалану жөнінде шешімдер қабылдау.
  • Көлік құралдарын тиімді пайдалануды ескере отырып, көліктік процестерге қызмет көрсету бойынша шешімдер қабылдау, олардың қызметін талдау және жұмыс тиімділігін қамтамасыз ететін шаралар бойынша техникалық-экономикалық есептеулер жүргізу.
  • Логистика және жеткізу тізбектерін басқару саласында менеджменттің, бизнесті әкімшілендірудің қазіргі заманғы тәсілдерін және кәсіпкерлік шешімдерді қолдану.
Top