Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07327 Құрылыс в Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті

Пәндер

  • Жоғары математика 1

    Пәнді игерудің мақсаты – бір айнымалы функцияның шегі, туындысы және дифференциалдануы бойынша негізгі ұғымдар мен оларды қолдану дағдыларын қалыптастыру арқылы математикалық талдаудың базалық білімдерін меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сызба геометриясы және инженерлік графика

    Пәнді игерудің мақсаты – құрылыста инженерлік құжаттаманы құру және оқу үшін қажетті кеңістіктік ойлау дағдыларын қалыптастыру және графикалық модельдеу әдістерін меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Экология және өмір тіршілік қауіпсіздігінің негіздері

    Пәнді игерудің мақсаты – адамның қоршаған ортамен экологиялық өзара әрекеттесуі, қалыпты және төтенше жағдайларда қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету негіздері туралы білімді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік жауапкершілік және тұрақты даму

    Пәнді игерудің мақсаты – сәулет және құрылыс саласында экологиялық, экономикалық және этикалық аспектілерді ескере отырып, орнықты даму мен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттары туралы түсінік қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары математика 2

    Пәнді меңгерудің мақсаты – инженерлік және қолданбалы есептерді шешуге қажетті интегралдық есептеу, сандық және функциялық қатарлар, дифференциалдық теңдеулер бойынша білім мен дағдыларды дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік негіздері

    Пәнді игерудің мақсаты – кәсіпкерлік ойлауды дамыту, бизнесті ұйымдастыру және басқару туралы білімді, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық факторлар туралы түсінікті қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инклюзия құндылықтарын қалыптастыру

    Пәнді игерудің мақсаты – білім алушыларда инклюзивті ойлаудың құндылықтық жүйесін қалыптастыру, толеранттылықты, эмпатияны және алуандылыққа құрметті дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Физика

    Пәнді игерудің мақсаты – физиканың негізгі заңдарын терең меңгеру және оларды инженерлік-техникалық тапсырмаларды шешуде практикалық қолдану дағдыларын дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері

    Пәнді игерудің мақсаты – теориялық және эксперименттік әдістерді, сондай-ақ инженерлік шешімдерді әзірлеу мен негіздеуді, құрылыс саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негіздері

    Пәнді игерудің мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың мәні туралы білімді қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықтық сауаттылық пен азаматтық жауапкершілікті дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономика және құқық негіздері

    Пәнді игерудің мақсаты – экономикалық жүйелер, мемлекеттік реттеу, ақша-кредит саясаты және құқықтық реттеу туралы негізгі білімдерді қалыптастырып, оларды кәсіби қызметте тиімді қолдануды үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Пәнді игерудің мақсаты – ұтымды қаржылық мінез-құлық туралы түсінік қалыптастыру және тәуекелдерді ескере отырып, жеке және ұйымдық қаржыны басқарудың практикалық дағдыларын дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құрылыс материалдары

    Пәнді игерудің мақсаты – құрылыс материалдарының физика-механикалық, химиялық және пайдалану қасиеттерін, оларды таңдаудың және құрылыстың әртүрлі түрлерінде қолданудың қағидаларын меңгеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Геотехника

    Пәнді игерудің мақсаты – құрылыстағы жобалық шешімдерді негіздеу үшін топырақтың физика-механикалық қасиеттері туралы білім мен оларды инженерлік талдау дағдыларын меңгеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кәсіби-бағытталған шет тілі

    Пәнді игерудің мақсаты – кәсіби қызметте шет тілінде техникалық ақпаратты тиімді іздеу, өңдеу және жеткізу үшін қажетті коммуникативтік дағдыларды дамыту және жетілдіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Инженерлік механика 1

    Пәнді игерудің мақсаты – құрылыс конструкцияларын есептеу және жобалау үшін статика, материалдар кедергісі және жүктемелерді талдау бойынша базалық білім мен дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Электротехника және электроника негіздері

    Пәнді игерудің мақсаты – ғимараттар мен үймереттердің инженерлік жүйелерін тиімді жобалау және пайдалану үшін қажетті электротехникалық процестер мен электроника негіздері бойынша жүйелі білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құрылыс ісінің негіздері

    Пәнді игерудің мақсаты – құрылыс саласы, құрылыс өндірісінің негізгі кезеңдері, құрылыс жұмыстарының түрлері және қолданылатын материалдар туралы негізгі білімді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инженерлік механика 2

    Пәнді игерудің мақсаты – құрылыс конструкцияларының жұмыс істеуін талдауға қажетті кинематика, динамика және статикалық анықталмаған жүйелерді есептеу әдістері бойынша білімді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құрылыстағы геодезия

    Пәнді игерудің мақсаты – объектілерді жобалау мен салудың дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз ететін геодезиялық өлшеулер саласында іргелі білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Азаматтық және өнеркәсіптік ғимараттардың архитектурасы

    Пәнді игерудің мақсаты − азаматтық және өнеркәсіптік ғимараттардың сәулеттік-жоспарлау шешімдерінің негізгі принциптері туралы білім алу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құрылыстағы технологиялық процестер

    Пәнді игерудің мақсаты – әртүрлі типтегі нысандарды салу кезінде технологиялық процестердің құрылымы, өзара байланысы және орындалу тәртібі туралы білімді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Азаматтық ғимараттарды сәулеттік-конструктивтік жобалау

    Пәнді игерудің мақсаты − азаматтық ғимараттардың сәулеттік-жоспарлау, композициялық және конструктивтік шешімдерін кешенді дайындау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру және дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Заманауи композициялық материалдар

    Пәнді игерудің мақсаты – ұзақ мерзімділік, энергия тиімділігі және инновация талаптарын ескере отырып, құрылыста қолданылатын заманауи композициялық материалдардың құрылымы, жіктелуі және технологиялық ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құрылыстағы экономика және менеджмент

    Пәнді игерудің мақсаты – нарықтық экономика жағдайында құрылыс ұйымдарының экономикалық негіздерін және жобаларды басқару әдістерін игеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құрылыс монтаж жұмыстарының сапасын бақылау

    Пәнді игерудің мақсаты – нормативтік талаптар мен техникалық реттеуді ескере отырып, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын бақылау тәсілдері мен әдістерін меңгеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Темірбетон және тас конструкциялары

    Пәнді игерудің мақсаты – темірбетонды және тас конструкцияларын олардың беріктігін, төзімділігін және нормативтік талаптарын ескере отырып жобалау, есептеу және салу бойынша жүйелі білім мен дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Негіздер мен іргетастар

    Пәнді игерудің мақсаты − инженерлік-геологиялық жағдайларды, жүктемелер мен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, негіздер мен іргетастарды жобалауға қажетті құзыреттіліктерге ие болу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Стандартизация және метрология

    Пәнді игерудің мақсаты − құрылыс өнімінің сапасын, қауіпсіздігін және нормативтік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған стандарттау және метрологиялық қамтамасыз ету қағидаттары бойынша жүйелі білім қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құрылыс машиналары мен жабдықтары

    Пәнді игерудің мақсаты – құрылыс өндірісінің әртүрлі кезеңдерінде қолданылатын құрылыс машиналары мен жабдықтарының түрлері, техникалық сипаттамалары және жұмыс істеу принциптері туралы жүйелі білімді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көтеріп-тасымалдайтын құрылыс машиналары

    Пәнді игерудің мақсаты – құрылыс процестерін механикаландыруды қамтамасыз ететін көтеріп-тасымалдайтын құрылыс машиналарының конструктивтік ерекшеліктерін, жұмыс істеу және пайдалану принциптерін меңгеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Топырақ механикасы

    Пәнді игерудің мақсаты – ғимараттар мен үймереттердің негіздерінің беріктігін, орнықтылығын және деформациялануын талдау үшін топырақтардың кернеулі-деформацияланған күйінің теориялық негіздерін оқып білу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Конструкциялық материалдар технологиясы

    Пәнді игерудің мақсаты – құрылыс конструкцияларының қажетті беріктігі мен пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз ететін конструкциялық материалдарды алу, өңдеу және модификациялау процестерін меңгеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Металл және ағаш конструкциялары

    Пәнді игерудің мақсаты – құрылыс материалдарының ерекшеліктері мен нормативтік талаптарды ескере отырып, металл және ағаш конструкцияларын жобалау, есептеу және құрастыру бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құрылыс өндірісінің технологиясы I

    Пәнді игерудің мақсаты – түрлі мақсаттағы ғимараттар мен үймереттерді салу кезеңінде негізгі құрылыс процестерінің орындалу реті мен ерекшеліктерін меңгеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құрылыстағы баға белгілеу

    Пәнді игерудің мақсаты – нормативтік талаптар, нарықтық факторлар мен экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, құрылыс өнімдерінің құнын қалыптастыру принциптері мен әдістерін зерделеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ЕВРО кодтарды қолданып құрылыс конструкцияларын есептеу және жобалау

    Пәнді игерудің мақсаты – еуропалық стандарттар мен нормалар негізінде құрылыс конструкцияларын есептеу мен жобалаудың заманауи тәсілдерін меңгеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құрылыс өндірісінің технологиясы ІІ

    Пәнді игерудің мақсаты – заманауи технологиялар мен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, құрылыс, монтаждау және арнайы құрылыс жұмыстарын орындау технологиялары бойынша білім мен қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құрылыстағы сметалық іс

    Пәнді игерудің мақсаты – құрылыс жұмыстарының құнын анықтау, жобаларды іске асыруға кететін шығындарды есептеу және сметалық құжаттаманы дайындауға арналған құзыреттіліктерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инженерлік жүйелер

    Пәнді игерудің мақсаты – ғимараттар мен үймереттердің инженерлік жүйелерінің түрлері, оларды жобалау, монтаждау және құрылыс нысандарына интеграциялау қағидалары туралы білімдерді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құрылыстағы жобалық, жұмыс және атқарушылық құжаттама

    Пәнді игерудің мақсаты – нормативтік-техникалық талаптар мен құрылыс процесінің кезеңдеріне сәйкес жобалық, жұмыс және атқарушылық құжаттаманы әзірлеу, ресімдеу және жүргізуге қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғимараттар мен үймереттердің динамикасы және тұрақтылығы

    Пәнді игерудің мақсаты – құрылыс конструкцияларының динамикалық әсерлер кезіндегі жұмысын талдау және олардың тұрақтылығын бағалау бойынша құзыреттерді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғимараттар мен үймереттердің сейсмикалық тұрақтылығы

    Пәнді игерудің мақсаты – нормативтік талаптар мен сейсмикаға тұрақтылықты есептеу әдістерін ескере отырып, сейсмикалық әсерлерге төзімді ғимараттар мен үймереттерді жобалау принциптері туралы білімді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сумен жабдықтау және суды бұру

    Пәнді игерудің мақсаты –құрылыс объектілеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарды қамтамасыз ететін сумен жабдықтау және канализация жүйелерін жобалау, есептеу және пайдалану принциптерін үйрену.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құрылыстағы нормативтік-техникалық құжаттар

    Пәнді игерудің мақсаты − өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс объектілерінің жобалық шешімдерінің есептік негіздемесін орындауға арналған бастапқы деректер мен нормативтік-техникалық құжаттарды таңдау, қолдану бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Монолитті ғимараттарды тұрғызу технологиясы

    Пәнді игерудің мақсаты – құрылыс жұмыстарының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескеріп, монолитті темірбетон конструкцияларын тұрғызу технологиялары бойынша жүйелі білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құрылыстағы BIM-технологиялар және жасанды интеллект жүйелері

    Пәнді игерудің мақсаты – ғимараттардың ақпараттық моделдеу (BIM) әдістері мен жасанды интеллектті қолдану арқылы жобалау және құрылысты басқару процестерін оңтайландыру бойынша білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • AutoCad-та компьютерлік жобалау негіздері

    Пәнді игерудің мақсаты – AutoCAD бағдарламалық ортасын қолдана отырып, құрылыс нысандарын графикалық модельдеу дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құрылыс жұмыстры кезіндегі қоршаған ортаны қорғау

    Пәнді игерудің мақсаты – экологиялық нормаларды сақтау және құрылыс қызметінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайтудың әдістері бойынша жүйелі білім мен дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғимараттар мен үймереттерді қайта жаңғырту

    Пәнді игерудің мақсаты – ғимараттар мен үймереттерді қайта жаңғыртуды жобалау және жүзеге асыру, оның ішінде қайта профильдеу және қазіргі заманғы пайдалану талаптары мен ережелеріне бейімдеу саласында білім мен дағдыларды меңгеру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғимараттар мен үймеретттердің құрылыс конструкцияларының техникалық жай-күйін бағалау

    Пәнді игерудің мақсаты – құрылыс конструкцияларын тексеру және сынау нәтижелері негізінде олардың ұзақ мерзімділігін, беріктігін және пайдалануға сенімділігін талдау мен бағалау дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ЖЭК-де конструкцияларды есептеудің бағдарламалық кешендері

    Пәнді игерудің мақсаты – нормативтік талаптарға сәйкес негізгі инженерлік міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін құрылыс конструкцияларын есептеу және жобалау үшін заманауи бағдарламалық кешендерді тиімді қолдану дағдыларын игеру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құрылыстағы басқару жүйесі

    Пәнді игерудің мақсаты – құрылыстың тиімділігін, қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз етуге бағытталған құрылыс жобаларын басқару саласында білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғимараттар мен үймереттердің конструкцияларын күшейту

    Пәнді игерудің мақсаты – құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін арттыруға бағытталған күшейту әдістері мен технологияларын таңдау және негіздеу бойынша теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құрылыстағы АЖЖ

    Пәнді игерудің мақсаты – қазіргі стандарттарды ескере отырып, құрылыс және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде автоматтандырылған жобалау жүйелерін (АЖЖ) қолдануға қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құрастырмалы темірбетон конструкцияларынан ғимаратты тұрғызу технологиясы

    Пәнді игерудің мақсаты – элементтерді қосу әдістерін және конструктивті сенімділікті қамтамасыз етуді қоса алғанда, құрастырмалы темірбетон конструкцияларынан тұрғызылатын ғимараттарды монтаждау технологиясы туралы білімді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғимараттар мен үймереттерді тексеру және сынау

    Пәнді игерудің мақсаты – құрылыс объектілеріне кешенді тексеру жүргізу, қажетті сынақтарды орындау және қазіргі заманғы әдістерді қолдана отырып, олардың техникалық жай-күйін диагностикалауға арналған құзыреттерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғимараттар мен үймереттерді салу кезіндегі қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау

    Пәнді игерудің мақсаты – құрылыс саласында еңбекті қорғаудың нормативтік талаптарын сақтау, өндірістік жарақаттың алдын алу және қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құрылысты ұйымдастыру және жоспарлау

    Пәнді игерудің мақсаты – ресурстық қамтамасыз етуді, құрылыс жобаларын іске асыру мерзімдері мен кезеңдерін ескере отырып, құрылыс өндірісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру саласында білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Жеке және кәсіби бәсекеге қабілеттілікті, тұрақты даму құндылықтарын, азаматтық ұстанымды, қаржылық және құқықтық сауаттылықты, кәсіпкерлік құзыреттілікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық мәдениетін, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті көрсету, сондай-ақ, кәсіби қызметте инклюзия және академиялық адалдық қағидаттарын ұстану.
  • Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінің бірінде іскерлік және кәсіби сипаттағы мәтіндерді сауатты құрастыру және ресімдеу, кәсіби коммуникацияға тиімді қатысу.
  • Құрылыстағы инженерлік және жобалық мәселелерді шешу үшін математика, физика, инженерлік механика және электротехника саласындағы іргелі білімді қолдану.
  • Капиталдық құрылыстың өмірлік циклі кезеңдерінде арнайы міндеттерді шешу барысында ақпараттық модельдеу технологиялары мен жасанды интеллект жүйелерін қолдану.
  • Арнайы бағдарламалық-есептеу кешендері мен автоматтандырылған жобалау жүйелерін пайдалана отырып, қала құрылысы талаптарын, ғимараттар мен құрылыстардың функционалдығы мен эстетикасын ескере отырып, сәулеттік-конструктивтік жобалау шешімдерін әзірлеу.
  • Ғимараттар, үймереттер және инженерлік жүйелердің жай-күйін бағалау, оларды пайдалану бойынша техникалық шешімдерді негіздеу, сондай-ақ заманауи технологиялар мен материалдарды қолдана отырып, жабдықтарды жөндеу, конструкцияларды қайта жаңғырту және күшейту жобаларын әзірлеу.
  • Инженерлік-геотехникалық ізденістер жүргізу, топырақтардың механикалық қасиеттерін талдау, сондай-ақ экономикалық және техникалық тиімділікті ескере отырып, іргетастар мен негіздерді жобалау.
  • Құрылыс жобаларының экономикалық тиімділігін бағалау, сметалық құжаттаманы дайындау және талдау, шығындарды оңтайландыруды қамтамасыз ету.
  • Құрылыс машиналары мен механизмдерін қолдана отырып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау, құрылыстың технологиялық процестерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік нормаларын сақтауды қамтамасыз ету, ресурстарды тиімді басқару.
  • Нормативтік талаптар мен сапа стандарттарын сақтай отырып, құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру мен дайындаудың тиімділігін арттыру үшін өндірістің озық әдістерін қолдану және құрылыс технологияларын ұтымды пайдалану.
  • Өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу үшін өмір бойы жеке білім беру траекториясын құру, заманауи технологияларға сәйкес уақытты бағдарлау.
  • Конструктивтік шешімдердің мемлекеттік нормативтерге және халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, нормативтік құқықтық актілер мен құжаттардың талаптарын сақтай отырып, конструктивтік бөлім бойынша жобалық және жұмыс құжаттамасын әзірлеу, ресімдеу және негіздеу.
  • Құрылыс саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу және ұтымды жоспарлау, зерттеу нәтижелерін талдау және жинақтау, кәсіби қызмет саласын реттейтін заңнамалар мен нормативтік-құқықтық актілер жүйесін басшылыққа ала отырып, оларды практикалық іске асыру; дұрыс басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажетті үнемі өзгеріп отыратын экономикалық ақпаратты жүйелеу және өңдеу.
Top