Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01613 Тарих және аймақтану в Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Елдегі және әлемдегі әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайды түсінуді көрсетеді, еңбек пен тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.
  • Тарих бойынша орта білімнің құрылымы мен мазмұнын біледі, тарих ғылымындағы озық білімге негізделген фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктерді білу мен түсінуді көрсетеді.
  • Қазіргі педагогикалық және цифрлық технологияларды оқу-тәжірибелік міндеттерді шешу үшін қолданады, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ғылыми-зерттеу және жобалық қызметін ұйымдастырады (SMART технологиялары), оқыту мазмұнын меңгеру деңгейі мен прогресті бақылау.
  • Нақты сұрақтарды қою және шешу үшін тиісті деректерді қамтитын әртүрлі ақпарат түрлерімен (мәтіндік, графикалық, аудио, бейне) жұмыс істей алады.
  • Ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін біледі және оларды тарихи таным саласында қолданады.
  • Кәсіби мәселелерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады, ұлттық білім беру жүйесінің өзекті міндеттеріне сәйкес құзыреттілік тәсілді ескере отырып оқу процесін құрастырады.
  • Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын түсінеді. Әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, ұжымда жұмыс істей алады; әлеуметтік-тұрмыстық, кәсіптік және ғылыми қарым-қатынас саласында қазақ, орыс және шет тілдерінің бірін меңгереді.
  • Әрі қарай оқыту траекториясын анықтау дағдыларына ие, өзінің мансаптық жүйесін қалыптастырады.
  • ЕБҚ бар балаларды оқытудың жеке траекторияларын және бейімдеу бағдарламаларын әзірлейді.
  • Пәндік саладағы практикалық және шығармашылық мәселелерді шешу үшін қашықтықтан және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланады.
Top