Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B03205 Цифрлық медианы басқару в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
  • Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.
  • Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі.
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу.
  • Инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация стратегиясын таңдау.
  • Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау. Қаржылық тәуекелдердің, дағдарыстардың, алаяқтықтың әсерін бағалау негізінде меншікті ақша бюджетін басқару, жеке бюджетті жоспарлау, қаржы өнімдері мен инвестициялау құралдарын қолдану бойынша талдамалық қабілеттерін дамыту; қаржы заңдары мен ережелерін, цифрлық және қаржылық технологияларды, оның ішінде мобильді қосымшаларды қолдану негізінде ұтымды қаржылық мінез-құлыққа кепілдік беретін қазіргі заманғы қаржы құралдарын пайдалану дағдыларын қалыптастыру; салықтарды есептей және оңтайландыра білу, міндетті зейнетақы жарналары мен басқа да төлемдерді есептеу дағдыларын қолдану, сақтандыру өнімдерін пайдалану.
  • Отандық және шетелдік баспасөз тарихын білу, журналистиканың функциясы мен қоғамдағы рөлін анықтау, телерадиожурналистика негіздерін талдау, жанрлық ерекшеліктерін білу, сондай-ақ журналистиканың әртүрлі жанрларында жазуды үйрену; журналистік материалды вербальды, графикалық т.б. үлгіде қолдана отырып қолайлы жанрлар мен форматтарда дайындауы
  • Заманауи дизайн принциптері мен технологиясын терең меңгеруі, жаңа технологияны пайдалана отырып, баспасөз мәтінін, аудио-, бейне-, интернет- және басқа да материалдарды даярлап, редакциялауы, түрлі типтегі БАҚ-та орныққан норма, стандарт, формат, стиль, технологиялық талаптарды орындауы.
  • Веб-бағдарламалау негіздері мен технологиясын меңгеруі, интернет сайттармен жұмыс істеу принциптерін білуі, жаңа медианың мазмұндық және құрылымдық-композициялық ерекшеліктерін, мақсаты мен міндеттерін, өндіріс техникасы мен технологиясын ескеріп журналистік жарияланымдарды жасай білуі, ақпараттың сапалық қасиетіне (дәлдік, шынайылық, дереккөзіне сілтеменің болуы, дерек пен пікірдің аражігін ажыратуы, түрлі көзқарастарды жеткізуде пікір алуандылығының сақталуы және басқалар) жете мән беруі.
  • Медианың әлеуметтік рөлі мен қоғамдық миссиясын қоғамдық және кәсіби қызметінде терең түсінуі.
  • Медиасаланың (мазмұндық және технологиялық) дамуындағы әлемдік үрдістерді дұрыс бағамдай білуі, түрлі бағыттағы және міндеттер жүктейтін мәтіндердің аражігін тануы
  • Павильондағы (журналистпен бірге шыққанда) бейнетүсірілім, қажет болған жағдайда қоюшы- оператордың функцияларын орындау телебағдарламалар мен өзге де көрнекі туындылар өндірісін ұйымдастыру, жасалған материалдың дыбысымен жұмыс, операторлық техниканың көмегімен қойылым бағдарламаларын дайындау мен жасаудың өндірістік процесін жүзеге асыру.
  • БАҚ-тың түрлі құрылымдарында, шығармашылық ұжымдарда жұмыстың ұйымдастырылуына белсенді араласуы, шешім қабылдауға қатысуы, өз жеке жұмысын ұйымдастыра білуі.
  • Мультимедиалық журналистиканың заманауи форматтары, құралдары мен технологияларын еркін меңгеру; жасанды интеллект негізінде медиа контентті жасау, өңдеу және талдау дағдыларын қолдану; медиаөнімдерде AI құралдарын этикалық және креативті тұрғыда пайдалануға қабілетті болу; цифрлық ортада ақпаратты визуализациялау, автоматтандыру және фактчекинг әдістерін тиімді қолдану.
Top