Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02266 Исламтану в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Ислам тарихы

    Пәннің мақсаты Хз. Пайғамбар кезеңі, Рашид халифалар, Әмәуилер, Аббасилер кезеңінің діни, саяси және мәдени тарихы туралы таныстыру және Орта Азияға ислам дінінің келу тарихы туралы мағлұмат беру. Пәнді оқу нәтижесінде студент ислам тарихын оқып, білу арқылы бүгінгі таңдағы ислам әлемінде кездесіп жатқан мәселелерге түсініктеме бере алады, мәселелердің шешу жолдарын табуда тарихи тәжірибеден пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ислам діні негіздері

    Пәннің мақсаты ислам дінінің сенім негіздерін, иманның мән-мағынасын, иманға байланысты ұғымдарды меңгерту. Пәнді оқу нәтижесінде студент иман-ислам және иман-амал арақатынасын меңгере отырып, исламдағы бес парыз, иманның шарттарын, ислам дінінің қайнар көздері мен ұстанымдарын және құлшылық түрлері мен шарттарын, адамдар арасындағы қарым-қатынас әдебін дәстүрлі діни таным негізінде түсіндіре алу дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазбаға кіріспе

    Пән академиялық жазбаның жанрлық ерекшеліктері мен құрылымын меңгеруге бағытталады. Білім алушылардың жазбаша ойды сауатты және жүйелі жеткізу, түрлі форматтағы академиялық мәтіндер (эссе, есеп, т.б.) құрастыру дағдылары дамытылады. Жазбаша тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын сақтау, ресми-академиялық стильде жазу құзіреттіліктері қалыптастырылады. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, халықаралық ғылыми дерекқорларды және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдылары игеріледі. Академиялық жазбалармен жұмыс барысында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Құран оқу және тажуид І

    Пәннің мақсаты Құран Кәрімдегі қысқа сүрелерді, аяттарды тәжуид ережелеріне сай оқуды меңгерту. Пәнді оқу нәтижесінде студент араб әріптерінің дыбысталу ерекшеліктерін (махраждарын), араб әріптерін қосып оқу және тәжуид ережелерін меңгеріп, Құран сүрелерін оқу, жаттау барысында практикалық тұрғыдан тәжуид ережелерін қолдануды үйренеді, Құран Кәрім сүрелерін өз бетінше еркін оқу және жаттау дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Араб тілі І

    Пәннің мақсаты араб тілінің фонетикалық, грамматикалық және лексикалық ережелерін білу арқылы, ауызша және жазбаша түрде қарапайым тұрмыстық сөйлемдерді меңгерту. Пәнді оқу нәтижесінде студент араб тілінің ережелеріне сай өз ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізе алады, араб тіліндегі қарапайым мәтіндерді оқып, түсінеді. Араб тілінде жазылған еңбектерді түпнұсқа дереккөздерден оқиды және аудару дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі (А2)

    Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Икемді дағдылар

    Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару, сондай-ақ инклюзивті ортада тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сонымен қатар, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды инклюзивті тәсілдерді ескере отырып тиімді қамтамасыз ете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ата-түрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Хадис әдістемесі

    Пәннің мақсаты хадис ғылымының қалыптасуы мен даму кезеңдерін, хадис саласында жазылған еңбектер, хабарлардың түрлерін (мутәуатир, ахад) қарастырады. Пәнді оқу барысында студент хадис әдісі мен тарихына қатысты классикалық және заманауи дереккөздерді қолданып, тарихи кезеңдер ішінде хадистерді түсіндіру мен көзқарас айырмашылықтарын ескере отырып, хадистерді дұрыс қолдануды меңгереді. Курста семантикалық және герменевтикалық әдістер қолданылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Араб тілі ІІ

    Пәннің мақсаты студенттерді араб тіліндегі қарапайым және күрделі сөйлемдерді қолдануға машықтандыру және араб тілінің грамматикалық ережелеріне сай теологиялық мәтіндерді оқып, аударуды меңгерту. Пәнді оқу нәтижесінде студент араб тілінің ережелеріне сай өз ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізе алады, теологиялық мәтіндерді оқып, түсінеді. Араб тілінде жазылған еңбектерді түпнұсқа дереккөздерден оқиды және аудару дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құран оқу және тәжуид ІI

    Пәннің мақсаты Құран Кәрімдегі ұзын сүрелер мен аяттарды тәжуид ережелеріне сай оқуды меңгерту. Пәнді оқу нәтижесінде студент араб әріптерінің дыбысталу ерекшеліктерін (махраждарын), араб әріптерін қосып оқу және тәжуид ережелерін меңгеріп, Құран сүрелерін оқу, жаттау барысында практикалық тұрғыдан тәжуид ережелерін қолдануды үйренеді, Құран Кәрім сүрелерін өз бетінше еркін оқу дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тафсир әдістемесі

    Пәннің мақсаты Құран тарихы, Құран ілімдері, Хз. Пайғамбардың тафсир саласындағы орны мен маңызы, тафсирдің түрлері, Құранды түсіндірудегі жаңа әдістер қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде студент Құран мен тафсирге қатысты негізгі ұғымдарды біледі, араб тілінің грамматикалық ерекшеліктерін пайдалана отырып классикалық және замауани тафсирлерді оқып түсінуді және тафсир түрлері арасында байланыс құруды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Діндер тарихы

    Пәннің мақсаты діндердегі наным-сенім үлгілерін зерделеу арқылы діндердің адам өміріндегі қызметін ашып көрсету, студенттерге барлық діни дәстүрлердегі кейбір ортақ ұғымдар туралы салыстырмалы түсінік беру. Пәнді оқу нәтижесінде студент әртүрлі діндердің тарихы мен даму кезеңдерін, діндердің практикалық өлшемдері туралы білімге ие болып, діндердегі ғибадатхана, құлшылық және Құдай, ақырет және тағдыр ұғымдарын біледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән студенттердің қаржылық қатынастарының маңызды салаларын бейнелейтін негізгі қаржылық-экономикалық түсініктерді дамыту арқылы қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастырады. Сондай-ақ қаржылық нарықтағы тұтынушының, инвестордың, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтандырушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға және тұтынушыларды пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтан сақтандыруға бағытталған білім мен дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ислам құқығы І

    Пәннің мақсаты ислам құқығындағы негізгі ұғымдарды, ислам құқығының басқа ғылымдармен байланысын, шариғи дәлелдер, негізгі және қосымша қайнар көздер, үкімдер және оның түрлерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студент ислам құқығында ханафи мазхабы негізінде үкім шығару әдістерін меңгере отырып, ахкам аяттар мен хадистерден үкім шығарудың жолдарын үйренеді, үкім шығару әдістері арасында салыстыру дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар

    Пән мемлекеттегі конфессияаралық қатынастарда туындайтын мәселелерді заңнамалық тұрғыдан шешу жолдарын қарастырады. Курс барысында студенттер дін және адам құқығы, ар-ұждан және діни сенім бостандығы, діни бірлестіктер әрекетінің конституциялық-құқықтық негіздері, мемлекет және діни бірлестіктер, ҚР-ғы және шет елдердегі мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар, шет елдердің дін туралы заңнамалары, зайырлық қағидаты, конфессияаралық келісімді сақтау мәселелерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құран оқу және тәжуид ІIІ

    Пәннің мақсаты Құран Кәрімнің ясин, мүлік, рахман, нәбә сүрелерін және жиырма тоғызыншы парадағы сүрелерді тәжуид ережелеріне сай оқуды меңгерту. Пәнді оқу нәтижесінде студент араб әріптерінің дыбысталу ерекшеліктерін (махраждарын), араб әріптерін қосып оқу және тәжуид ережелерін меңгеріп, Құран сүрелерін оқу, жаттау барысында практикалық тұрғыдан тәжуид ережелерін қолдануды үйренеді, Құран Кәрім сүрелерін өз бетінше еркін оқу дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ислам философиясы

    Пән исламда философиялық ұғымдардың қолданылу ауқымын, антика философиясымен салыстырылуын, философтардың географиялық-климаттық тұрғыда жіктелулерін, ислам ойшылдары мен олардың шығармаларын зерттеуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент ислам философиясы тарихындағы маңызды өзгерістер мен концепцияларды біледі, әр кезеңдегі философиялық ойларды салыстырады және қазақ дін ойшылдарының философиялық көзқарастарына талдау жасап, өз ойын айта алу және оны күнделікті өмірде қолдану дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Діни радикализм психологиясы

    Діни радикализм псхилогиясы курсы діни фанатизмнің тарихи аспектілері мен этимологиясын, психологиялық аспектідегі қарапайым және ғылыми қолданысын қарастырады. Курс діни феномендер жүйесіндегі фанатизм орны мен оның психологиялық, психопатологиялық және психоәлеуметтік тұрғыдан түсіндірмелерін меңгертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ ойшылдарының діни көзқарастары

    Пән қазақ даласынан шыққан дін ойшылдарының рухани-мәдени мұрасын және олардың ислам діні туралы айтқан ойлары және көзқарастарымен таныстыруға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент қазақтың дін ойшылдарының дін және жалпы адамзаттық құндылықтар туралы көзқарастарын зерттеп, олардың арасындағы рухани сабақтастықты және дәстүрлі діни танымның қалыптасуына қосқан үлесін білу арқылы дін мен дәстүр арақатынасын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәлам І

    Пән кәлам ілімінің қалыптасуы мен даму тарихын, кәлам мектептерінің доктриналық ерекшеліктері мен ұстанымдарын қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студент кәлам ілімінің пайда болуындағы теологиялық, саяси, психологиялық және әлеуметтік-мәдени себептерді, олардың мұсылман қоғамындағы көріністерін талқылап, талдау дағдыларын қалыптастырады. Алғашқы кезеңнен қазірге дейінгі кәламның тарихи құрылымын, қалыптасуы мен кезеңдерін классикалық және заманауи аспектілерімен танып, талдау үшін жеткілікті салалық білімге ие болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тасаууф І

    Пәннің мақсаты тасаууфтың пайда болуы мен даму кезеңдерін қарастыра отырып, тасаууф тарихы мен философиясына қатысты классикалық және қазіргі әдебиеттердің мазмұнымен таныстыру және қазіргі таңдағы сопылық көзқарастар туралы білім беру. Пәнді оқу нәтижесінде студент сопылықтың қалыптасуы мен тарихи кезеңдерін және тасаууфтың басқа ғылымдармен байланысын меңгереді, тасаууф саласындағы негізгі қайнаркөздерді анықтап, сопылық тариқаттардың ерекшеліктерін зерттеу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дін психологиясы

    Пән дін психологиясының қалыптасуы мен оның негізгі ерекшеліктерін, жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен мәнін және психологиямен тығыз байланысты тақырыптар мен салаларды қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студент сопылық психологиясын, дін ауыстырудың психологиялық аспектілерін, жеке адамдағы жас ерекшелігіне қарай діни сезімдердің өзгеру сипатын меңгере отырып, қазақ халқының діни танымы мен психологиялық ерекшеліктерін зерттеу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәлам ІІ

    Пән тарихи үдерістегі өзгермелі жағдайлар мен қажеттіліктерге байланысты пайда болған сенім мәселелермен таныстыру және олардың шешу жолдарын қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студент теологиялық мәселелерді рационалды әрі дәлелді негіздемелер келтіріп түсіндіре алады, кәлам ілімінің мәселені шешу логикасы мен әдісін меңгеріп, себеп-салдар байланысын орнатады. Кәлам ілімінің басқа ғылым салаларымен байланысын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Ислам және ғылым

    Пән тарихи кезеңдерде ғылым мен дін арақатынасы және исламның негізгі қайнаркөздеріндегі ғылым мен білімнің ролі мен маңызын зерттеуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент ислам ғылымдарының ерекшеліктерін, дін мен ғылым арасындағы байланысты үйренеді, ислам дінінің және мұсылман ғалымдардың ғылым мен мәдениетке, әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлестері туралы білімді меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ислам құқығы ІІ

    Пәннің мақсаты ислам құқығы ғылымының тарихи даму кезеңдері, құқықтық мазхабтардың пайда болу себептері, мазхаб ұстанудың үкімі, басты ислам мазхабтары, ислам дінінің құқықтық мазхабтары туралы жалпы түсінік қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде студент исламдағы құқықтық мазхабтарды салыстырып, талдау жасау әдістерін үйренеді, қазіргі таңдағы қоғамда туындаған діни-құқықтық мәселелерді зайырлылық ұстаным негізінде түсіндіруді меңгереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дін философиясы

    Пән дін философиясының анықтамасы, оның басқа ғылымдармен байланысы, дін мен философия арақатынасы және құдай, әлем, адам байланысы туралы білім беруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент құдай болмысына қатысты дәлелдерді, атеизм, жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық категорияларын, теодиция түсінігін және дін, ғылым, ахлақ және қоршаған орта байланысын философиялық тұрғыдан зерделеуді меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ислам антропологиясы

    Пәннің мақсаты: адамның Алла тағала жаратқан тіршілік иесі ретіндегі ерекше ұстанымын құрайтын "халиф" жайында Құран тұжырымдамасын қарастыру. Онда адамның эпистемологиялық мәртебесін иемденуі адамға оның өмірінің үш саласында: өзіне, басқа адамдармен қарым-қатынасқа, сыртқы әлеммен қарым-қатынасқа жүктелетін ерекше міндеттерді орындаумен байланысты.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тасаууф ІІ

    Пәннің мақсаты сопылық тарихы мен философиясы бойынша классикалық және қазіргі дереккөздермен таныстыру, сопылықтың пайда болуы мен тарихи дамуын түсіндіру, қазіргі сопылық түсініктер туралы білім беру. Пәнді оқу нәтижесінде студент тасаууф тарихындағы маңызды орын алатын тариқаттар кезеңінің негізгі ерекшеліктерін, тариқаттардың ортақ элементтерін және тасаууфтағы антологиялық және эпистемиологиялық көзқарастарды зерттей отырып, тасаууф туралы айтылған әртүрлі сындарды ескеріп, қорытынды шығару дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дін социологиясы

    Пән дiн мен қоғамның өзара әрекеттесу формалары мен әдісерін және діни секталардың пайда болуының әлеуметтік-саяси себептерін зерттеуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент дін социологиясындағы негізгі ұғымдарды меңгере отырып, әртүрлі діни топтар мен ағымдардың қоғамдағы орны мен роліне әлеуметтік тұрғыдан талдау жасайды. Қоғамдағы дінаралық, этносаралық және конфессияаралық қақтығыстар бойынша алдын-алу шараларын ұсынады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Хитаба

    Пән студенттердің кәсіби тұрғыдан дамуы үшін діни шешендік өнер туралы білім беру және алған білімін тәжірибеде көрсетуді көздейді. Пәнді оқу нәтижесінде студент уағыз және құтпа ұғымдарының анықтамасын, діни шешендік өнердің түрлері мен діни рәсім ерекшеліктерін меңгеріп, мешіттерде, діни білім беру мекемелерінде, медреселерде, Құран курстарында кәсіптік білімдерін қолданады, құтпа және уағыз жасау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құран оқу және тәжуид ІV

    Пән Құран кәрімнің отызыншы парадағы ұзын сүрелерді тәжуид ережесіне сай оқуды үйретуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нәбә сүресі мен дұха сүресі аралығындағы сүрелерді тәжуид ережесіне сай оқиды. Ра әріпі, лафзатуллаһ, замир және сәктә сияқты ережелерді меңгеріп, Құран Кәрім сүрелерін өз бетінше еркін оқу дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ислам өнері

    Пәннің мақсаты: студенттер Ислам дінінің дiни-көркемдiк даму заңдылықтарын, өнер мен дiн арасындағы кездесетiн рухани өмiрдiң эстетикалы-көркемдiк, дiни-культтiк көрiнiстерiндегi ерекшелiктерін, исламдық өнер туындыларын меңгереді. Пәнде мәдени дәстүрлердің киелілік сипатының қалыптасу негіздеріне талдау жасалып, мәдени дәстүрлердің жалпы білім жүйесіндегі орны, исламдық әдебиет және сәулет туындылары, олардағы безендіру мотивтері мен тәсілдері туралы жалпы мәліметтер беріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түркі ислам тарихы

    Пән түркі халықтарының мәдени дәстүрлері мен ислам діні арасындағы сабақтастық пен олардың өзара ықпалдастығына қатысты мәселелерді қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студент түркі халықтарының ислам дінін қабылдау үдерісі мен мәдени дәстүрлерін сақтап қалуларына қатысты білімге ие болып, түркі халықтарының рухани құндылықтары, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері мен ислам дінінің үйлесімділігі туралы зерттеу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салыстырмалы ислам фиқхы

    Пәннің мақсаты ислам фикхының негіздері мен әдістемесін, тарихи даму кезеңдерін және фикх мазхабтарының ерекшеліктерін салыстыру арқылы білім беру. Пәнді оқу нәтижесінде студент классикалық және заманауи фиқх мәселелерін, исламдағы құқықтық мазхабтар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды салыстыра отырып, діни құқық пен зайырлы қоғам, мемлекеттік құқық арақатынасы мәселелерін шешудегі ұстанымдар мен әдістерді меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ислам экономикасы

    Пәннің мақсаты ислам экономикасына қатысты негізгі ұғымдарды, исламда сауда-саттық мәселелерін, мүлік, меншік құқығы, өсім, кредит, банк қызметтері және қаржылық операцияларды ислам құқығы тұрғысынан түсіндіру. Пәнді оқу нәтижесінде студент қазіргі таңдағы туындаған ислам экономикасына қатысты мәселелердің шешімін табуды, ислам дереккөздері негізінде қазіргі таңдағы банк қызметтерінің жүйесін зерттеуді, пайыз, кредиттік карта және құнды қағаздардың шариғаттағы үкімін білуді меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Матуриди кәламы

    Пәннің мақсаты студенттерге теологиялық мектептердің ілімдері туралы салыстырмалы ақпарат беріп, соның ішінде матуриди кәламының ерекшеліктерімен таныстыру. Пәнді оқу нәтижесінде студент тарихи кезеңдердегі матуриди кәламының ғалымдары мен еңбектерін және матуриди кәламының тарихи құрылымы мен қалыптасуын меңгере отырып, ислам теологиясында имам Матуридидің орны мен маңызын біледі, ислам теологиясының қалыптасуына ықпал еткен факторларды дәлелді және рационалды түрде талдау жасау қабілетін дамытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Каллиграфия және эпиграфика

    Пән исламдағы көркем жазу (каллиграфия) және ортағасырлық жазу (эпиграфика) түрлерін, қол жазбалар мен сәулет туындыларындағы жазу үлгілерінің ерекшеліктерін үйретуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент ислам каллиграфиясы және эпиграфикасындағы жазу түрлері мен жазу әдістерін игеріп, өткен ғасырлардағы мәдениеттің әлемдік мұраға қосқан үлесі туралы зерттеу жүргізу, ескі қолжазбалардағы жазу түрлерін оқу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Классикалық ислам мәтіндері

    Пәннің мақсаты классикалық ислам мәтіндеріндегі теологиялық және құқықтық мәселелердің түсіндірмелері мен интерпретацияларды түпнұсқадан оқып, олардың ерекшеліктері туралы жалпы түсінік қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде студент Құран, тафсир, хадис, сияр, тасаууф, фиқх, кәлам, мазхабтар тарихы, ислам тарихы сияқты ислам ғылымдарының әртүрлі салалары бойынша жазылған классикалық мәтіндермен танысып, түпнұсқадан оқып зерделеу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Хадис

    Пәннің мақсаты студенттерге хадистердің түрлері, мазмұны, негізгі хадис қайнаркөздері және олардың ерекшеліктері туралы білім беру. Пәнді оқу нәтижесінде студент өзіне ұсынылған хадис мәтіндерін және ұқсас хадистерді классикалық және заманауи әдістерді қолдана отырып, басқа дереккөздерден іздеп табу, хадис мәтіндерін дәстүрлі діни танымға сай дұрыс түсіндіру және заманауи тұрғыдан талдау жасау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ислам мазхабтары тарихы

    Пәннің мақсаты: студенттерге ислам тарихындағы мазхабтардың шығу тарихы мен түрлерін, себептерін, дін мен ағымдардың арақатынасы, басты араларындағы ерекшеліктерді таныту. Итиқади, фиқхтық және саяси мазхабтардың қарайтын мәселелері, имамдар мен құқықшылар арасындағы қайшылықтар, мазхабтардың жазба мәдениетіне қатысты діни әдебиет ауқымы меңгертіледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Тафсир

    Пәннің мақсаты: Студенттерге тафсир тарихындағы негізгі бағыттарды түсіндіру, тафсирлердің түрлері мен ерекшеліктерін көрсету. Қазіргі таңдағы Құран тафсиріне байланысты мәселелерді айқындау. Муфассирлердің еңбектеріндегі құран тафсирлеу әдістерімен таныстыру. Сүннитік бағыттағы муфассирлердің Құран тафсиріндегі қолданған әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ханафилік және Матуридилік негізінде қазақ діни дәстүрі

    Пәннің мақсаты: Ханафилік және Матуридилік негізінде ғасырлар бойына қалыптасқан қазақ діни дәстүрлерінің ерекшеліктері мен оған ықпал жасаған қазақ ойшылдары, олардың шығармашылығы, ұстанымдары, діни көзқарастары, исламдық үкімдермен сабақтастығына қатысты түсінік қалыптастыру. Қазіргі қоғамдағы тұрақтылыққа кері ықпалын тиігізіп отырған радикалды діни топтардың терісқызметі мен ханафилік және матуридилік іл��мдерінің оңды позицияларына дінтанулық талдау жасалады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ислам этикасы

    Пәннің мақсаты этиканың қайнар көздері, Құранға және хадиске негізделген этикалық нормалар мен ережелер, этика және құндылық философиясы, жақсылық пен жамандық ұғымдары туралы білім беру. Пәнді оқу нәтижесінде студент ислам этикасының мәні мен маңызын, ислам этикасының қайнаркөздерін және оның негізгі мәселелерін меңгере отырып, ислам құндылық философиясы мен батыстық құндылық философиясын салыстыру дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құран аудармалары мен түсіндірмелері

    Пәннің мақсаты – Құран аудармаларының мәні мен мазмұнын түсіндіру. Ислам өзегі қасиетті Құраннан бастау алатындықтан, курстың негізгі мақсаты құдайлық аянның (уахи) мәнін, Құран аяттарының түсу себептерін және Құрантану тарихын ислам мәдениеті тарихындағы Құранға түсініктеме жасау талпынысы бойынша пайда болған Құран ілімдерін, тафсир усулін (тәпсір әдістемесі), тафсир әдістемесінің бүгінгі күнгі жағдайы, қазіргі кездегі Құранды түсіну әрекеті мен Құранның мұсылман қоғамындағы орнын көрсету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде, инклюзивті қағидаттарды ескере отырып, өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шет тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынас жасайды
  • Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазу негіздерін меңгереді, академиялық адалдық принциптерн негізге ала отырып жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданады.
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарды сақтайды
  • Ислам ғылымдарының қалыптасуы мен даму кезеңдерін, негізгі теориялар мен әдістемесін меңгеріп, қоғамдағы діни проблемаларды шешуде кәсіби білімін қолданады.
  • Ислам діни мәтіндерін оқу, түсіндіру, қолдану саласында негізгі теориялық білімін көрсетеді.
  • Ислам тарихындағы діни мектептер мен қазіргі ағымдардың байланыстары мен ерекшеліктерін тұжырымдайды.
  • Дәстүрлі діни таным мен зайырлылық ұстанымдарды меңгере отырып, мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы мәселелерді шешуде ұсыныстар дайындайды.
  • Ислам тарихы, мәдениеті мен өнері салаларындағы білімді меңгеріп, әртүрлі мәдениеттерге төзімділік танытуға негізделген әлемдік діндердің әлеуметтік-этикалық құндылықтарын кәсіби қызметінде қолданады.
Top