6B03205 Цифрлық медианы басқару в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Студенттердің тұлғалық қасиеттерін дамыту, еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің және цифрлық экономика мен бұқаралық ақпарат құралдарының талаптары мен сұраныстарына сәйкес жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B042 Журналистика және репортер ісі
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 6B032 Журналистика және ақпарат
Пәндер
-
Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі
Мақсаты: тұрақты даму қағидаттары, тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) негіздері, ESG-принциптері, декарбонизация бойынша білім беру, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың өзара байланысын талдауға, тәуекелдерді бағалауға және ғаламдық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлермен олардың салдары, су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігі, ауа бассейні, жер ресурстарының тозуы, азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ антропогендік қызметке байланысты табиғи және техногендік апаттармен олардан қорғау тәсілдерінің тұрақты стратегияларын әзірлеуге үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Журналистикаға кіріспе
Пәннің мақсаты – журналистиканың негізгі функциялары мен принциптері, БАҚ типологиясы, журналистік кәсіптің ерекшеліктері, өзгешеліктері, журналистік шығармашылықтың спецификасы мен журналист жұмысының әдістерімен таныстыру. Сондай-ақ, журналистиканың қалыптасу үрдісі, журналистиканың басты элементтері мен қызметі, классикалық және күнделікті журналистиканың ерекшеліктерін түсіндіру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Қазақ баспасөзінің тарихы
Пәннің мақсаты қазақ баспасөзінің қалыптасуы мен даму жолдарын, газет, журналдардың шығу тарихы мен сол кезеңдегі қоғамдық-саяси оқиғалардың баспасөзде жазылуы, редакция мен авторлар, басылымның бағыт-бағдары мен мазмұны туралы білім беру. Қазақ баспасөзі тарихын біледі, әр жылдардағы баспасөздің көтерген мәселелері мен өзекті тақырыптарына талдау жасайды. Белгілі публицистер мен жетекші тұлғалардың шығармашылық шеберліктері туралы біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ғылыми зерттеу негіздері
Пәннің мақсаты әлеуметтік зерттеу әдістерін, ғылыми мақала, ғылыми жоба, жұмыс жазудың талаптары мен негіздерін үйрету. Ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістерін, олардың ерекшеліктерін, зерттеу нысанына қарай пайдалануды үйрету. Эксперимент жасау, сауалнама құрастыру, сауаланаманың қорытындысын шығару, зерттеу жұмысында түрлі талдау әдістерін пайдалана отырып, интернет платоформалар көмегімен қорыту, ғылыми ақпараттық базалармен, халықаралық ғылыми басылымдар базаларымен жұмыс істеуге дағдылану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Мақсаты: білім алушыларда жеке қаржыға қатысты шешімдер қабылдау кезінде ұтымды қаржылық мінез-құлықты, сондай-ақ қазіргі заманғы қаржылық қызметтер мен цифрлық технологияларды пайдалану процестерін сыни бағалау қабілетін қалыптастыру. Курс шеңберінде білім алушылар қаржы құралдарын тәжірибеде пайдалануды, меншікті жинақтарды сақтауды және көбейтуді, жеке бюджетті жоспарлауды, салықтарды есептеуді, қаржылық есептілікті талдауды және инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістерін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Пәннің мақсаты – мемлекет және құқық сияқты категорияларды ашып көрсету, құқықтың ұлттық салалары туралы студенттерге қажетті жалпы ұсыныстар беру, Қазақстан Республикасының негізгі құқықтық нормаларымен, оның ішінде конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық салалардағы және Қазақстан құқығының басқа салаларындағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заманауи қоғамдағы инклюзивті мәдениет
Пәннің мақсаты студенттерде қоғамның инклюзивті мәдениетінің негіздерін, инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптерін, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін білім беру процесін ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық аспектілерін білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Пәнді игеру нәтижесінде студенттердің әлеуметтік және кәсіби салаларда инклюзия принциптерін қолдану қабілеті, көпмәдениетті қоғамда коммуникативтік стратегияларды таңдау қабілеті қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік және бизнес
Пәннің оқыту мақсаты: теориялық, ғылыми және практикалық білім арқылы студенттердің өз ісін құруға, кәсіпкерлік қызметке қатысуға дайындығын қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жазу және редакциялау технологиясы
Пәннің мақсаты – білім алушыларды жазу өнері мен редакциялауға үйрету. Ақпаратты баяндау, деректер мен сандарды қолдану, тақырып қою, маңызды ақпаратты таңдау, тұжырым жасау, мақаланың композициясын құру секілді шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы мақала жазуға және дайын мәтіндерді редакциялауды оқыту. Автордың ойын ұтымды жеткізудің теориялық мәселелері мен қоса редакциялаудың түрлерін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мерзімді баспасөз жанрлары
Пәннің мақсаты – журналистиканың жанрлары мен пішіндері, түрлі жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктерін оқыту. Түрлі жанрларда материалдарды дайындау тәсілдері мен шынайылықты көрсету әдісін меңгеру. Жанрлар мен пішіндердің заман талабына сай транформациялануын үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Шешендік өнер және сөйлеу техникасы
Пәннің мақсаты — болашақ журналистерге сөздік қорын молайтып, дауыс қою, ақпаратты аудиторияға дұрыс жеткізе білу әдіс-тәсілдерін үйрету. Тіл жаттығуларын жасау арқылы тілдегі кемістікті түзеу, студентті көпшілік алдында іркілмей, шешен сөйлей білуге бейімдеу. Сонымен қатар, орфоэпиялық норманы сақтай отырып, диалекті сөздерден тілді тазалау арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға бағыт береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дизайн негіздері: композиция және түс
Пәннің мақсаты — дизайн негіздері туралы алғашқы түсінік, өндірістегі дизайнның орны, оның құралдары мен терминдері, композиция және түстану, шрифтпен жұмыстың алғышарттарын үйрету. Журналистикадағы дизайнның алатын орны, заманауи медианың дамуына ықпалы осы пәнде қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Цифрлық технологияларды журналистикада қолдану
Пәннің мақсаты — мобильді журналистикада жаңа цифрлы технологиялардың қолданылуы, телекомпаниялардың, әсіресе аймақтық телекомпаниялардың ғаламторда дамуы үшін заманауи құралдарды қолдану әдістерін үйрету. Қазіргі таңда елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік жобасының іске асып отырғаны белгілі. Цифрлы технологиялар ел экономикасын дамытуға ерекше үлес қосып отыр.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Визуальды коммуникация және заманауи өнер
Пәннің мақсаты — визуалды коммуникация және заманауи өнер, трендтер мен үрдістер, жалпыадамзаттық рухани құндылықтар және оның насихатталуы қарастыру. Заманауи өнердің БАҚ-та насихатталуы қоғамның мәдени ахуалын көтеруге ерекше әсер етеді. Болашақ мамандар сол үшін визуальды коммуникацияның әдістерін жетік білуі керек.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ телевизиясының тарихы
Пәннің мақсаты – қазақ телевизиясының қалыптасуы мен даму жолдарымен таныстыру, ұлттық телевизия тарихындағы алғашқы хабарлар мен тележүргізушілердің шығармашылық мектебінен хабардар ету. Телевизияның ақпараттық, танымдық, тәрбиелік бағыттағы қызметін айқындайтын хабарлардың ерекшеліктерін, техникалық мүмкіндіктері мен шығармашылық ізденістерін білу. Білім алушылар пән барысында телевизия тарихыменғанаемес, оның тәжірибесін, шығармашылық шеберханасында меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ радиожурналистика тарихы
Пәннің мақсаты – радиожурналистиканың қалыптасуы мен даму жолдарын, радиодағы алғашқы хабарлар, олардың авторлары мен жанрлық ерекшеліктерін, радиожаңалық жүргізушілердің шеберлігін үйрету. Радиожурналистиканың қоғамдық санаға ықпалы мен әсерін, белсенді ақпараттық қызметіне қатысты мәліметтерді талдау, радиохабардың мазмұны мен пішінін, көркемдік сипатын анықтау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Цифрлық медиа теориясы мен тәжірибесі
Пәннің мақсаты — білім алушыларға медиа индустрияға үлкен өзгерістер әкелген қазіргі цифрлық технологияның ерешелігін, цифрлық медианың теориясы мен практикасы жөнінде отандық және шетелдік теоретиктер мен практиктердің пайым-түсініктері, көзқарас-ұстанымдарын жүйелеп түсіндіру. Сондай-ақ, еліміздегі және шетелдердегі классикалық БАҚ-тың цифрлық медиаға бейімделу процесі, цифрландыру ғасырындағы журналист қызметінің өзгеруін қарастырады. Жаңа медианың бүгінгі сипаты цифрлық дәуірдегі ақпараттық коммуникацияның түрленуін талдау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Телерадиожурналистика жанрлары
Пәннің мақсаты – телевизия мен радио жанрларының құрылымы туралы білім беру. Телевизия мен радиожанраларына қойылатын талаптарды үйрету, сондай-ақ жанрлар трансформациясына қатысты ғылыми тұжырымдарды талдау, аталған жанрларда сюжет, хабар түсіру шеберлігін меңгеру. Жанрлардың түрленуі мен жаңа пішіндерін аңғара отырып, жанр құраушы элементтерді білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетінің тарихы
Пәннің мақсаты қазақ әдебиетінің тарихы мен әр кезеңдегі ақын-жазушылардың көркем шығармаларын талдауды оқыту. Қазақ әдебиетінің даму бағыттары мен салалары, қоғамдық саяси ахуалға әдебиеттің әсері, резонанс тудырған шығармалардың жазылу тарихы мен қаламгердің шығармашылық шеберханасын оқып, үйрету. Қазақ әдебиетінің озық үлгілерін талдауды меңгерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі
Пәннің мақсаты — теледидар, радио, баспасөз бетінде жарияланатын журналистік материалдың мәтінімен жұмыс жасау кезіндегі редакторлық кәсіптің теориялық, практикалық әдіс-тәсілдерімен танысу. Мәтінмен жұмыс жасаудың белгілі теориялық негіздемелері мен практикалық әдіс-тәсілдері жайлы, сонымен қатар редактордың қызметтік міндеттеріне арналған мәселелер жан-жақты қарастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Цифрлық медиаға мәтін әзірлеу және IT лингвистика
Пәннің мақсаты — студенттерге цифрлық медиаға мәтін әзірлеудің ерекшеліктері мен талаптарын, роботтандырылған журналистика, сөздік қорымен жұмыс және IT лингвистиканы үйрету. Қазақстанның цифрлық трансформациялануындағы лингвистиканың маңызы қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Цифрлық видео: түсіру, монтаждау, желіге тарату
Пәннің мақсаты — білім алушыларға цифрлық видеодағы заманауи трендтер: түсіру, монтаждау, желіге тарату, мобильділіктің ерекшеліктері, кадр, ракурс, формат ұғымдарын түсіндіру. Бұрын телебағдарламалардың эфирге тарауы кестеде белгіленген уақытқа тәуелді болып келді. Жаңа video-shift технологиясы осы тәуелділіктің тамырына балта шапты. Студенттер барлық телеарналар өз эфирінен тараған дүниелерді интернет жүйесі арқылы таратуға бейімделгенін сараптауға үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Имиджелогия
Пәннің мақсаты – имидждің қалыптасуындағы мазмұны мен ерекшеліктерін ашып көрсету, түрлерін анықтап, айшықтау. Имидждеудің тиімділігін зерттеу, тиімділігін жоғарылату тәсілдерін өңдеу, адам бойындағы шығармашылық ерекшеліктер мен мүмкіншілікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сондай-ақ имиджге қойылатын негізгі талаптар мен міндеттерді, саяси, экономикалық, тұлғалық имидж жасау мәселелерін қарастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әлеуметтік және цифрлық медиа редакторы-сарапшысы
Пәннің мақсаты — білім алушыларға осы пән барысында цифрлық контентті жасау және басқарудағы редактор-менеджердің рөлі, әлеуметтік және цифрлық медиа редакторы-сарапшысының міндеттері мен жұмыс тәсілдері, үздік жобаларды талдауды үйрету. Сондай-ақ, студенттер интернеттен арнайы сайт, блог ашып жүргізудің әдіс-тәсілдерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Визуальды коммуникация: суреттер, инфографика және презентациялар
Пәннің мақсаты — цифрлық экономикадағы визуалды ақпараттың маңызы, визуалды коммуникация түрлері: суреттер, инфографика және презентациялар, оларды жасау құралдары мен компьютерлік бағдарламаларды қарастыру. Студенттердің тәжірибе жүзінде визуальды коммуникацияны меңгеруіне мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Веб-бағдарламалау 3 (PHP, MySQL және басқалар)
Пәннің мақсаты — веб-бағдарламалаудағы күрделі деңгей және жаңалықтар, PHP, MySQL тілдері және басқалар, олардың қолданылу аясы және ерекшеліктерін қарастыру. Сонымен қатар білім алушылардың теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыруын қадағалайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Медиақұқық
Пәннің мақсаты медиадағы құқықтық мәселелер туралы білім беру, медиатұтынушының құқығын сақтауға үйрету. Медиадағы өз құқығын сақтаудың жолдарын меңгерту. Медиаға қатысты заңнамалық құжаттармен таныстыра отырып, нақты кейстерді талдау арқылы болашақ мамандарға құқықтық тәрбие беру. Ақпарат тарату мен ақпаратты тұтыну, талдау, құқықтық проблемалардың туындауына әсер ететін жағдаяттарды түсіндіру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Радио арна жұмысын ұйымдастыру
Пәннің мақсаты — радио бағдарламаларының дайындалу жолдары мен түрлерін үйрету. Хабардың алғашқы жазылуынан бастап эфирге ұсынуға дейінгі бағыт-бағдарын, тәртібі мен жұмысын үйретеді. Студенттер бұл пәнді оқу барысында радиодажурналистердің бағдарлама жасау барысындағы шеберліктері мен бағдарламалардың эфирге шығуына дейінгі жұмыстарды ұйымдастырудың қыр-сырын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Медиаменеджмент және маркетинг
Пәннің мақсаты - медиаменеджменті мен маркетингі тарихымен, теориясы, әлемдік медиадағы озық тәжірибелері жайлы білім беру. Интерактивті тәсілді меңгерту, менеджмент аясында проблемаларды шешу және жобалау-сараптамалық дағдыларын үйрену. Ұжымды басқарудың негізгі принциптерін, басқару түрлерін, әріптестермен байланыс жасау, бір мақсат, бір мүддеге жұмылдырудың тәсілдерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Медиапсихология
Пәннің мақсаты - әлемдік мәдениеттің қарқынды дамып келе жатқан саласы ретінде медиапсихология туралы білім беру. Сондай-ақ тұлға мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылының психологиялық аспектілерін оқыту. Медиаөнімді қабылдау және оның әсері үйрету. Ақпараттың берілу, қабылдау, пайдалану түрін игереді. Медианы қолданудың әлеуметтік мәселелерін талқылайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Телерепортер шеберлігі
Пәннің мақсаты — телерепортердің шеберлік қырлары, оның қалыптасу жолдары, ізденіс пен жүйелілік, шығармашылық табиғаты, танымал тележурналистердің тағылымдарын қарастыру. Тікелей эфирде телерепортердың жүргізу шеберлігі, өзін ұстау, жүйелі сөйлеуі ерекше рөл атқарады. Осы талаптарды студенттерге үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Телевизиядағы журналистік зерттеулер
Пәннің мақсаты — студенттерге журналистік зерттеуге қойылатын негізгі талаптар мен міндеттерді үйрету. Радио мен телевизияда журналистік зерттеу көбіне көрермен, тыңдарман хаттарының желісімен жасалып жүр. Журналист деректен алшақтамай, біреудің ар-намысын аяққа таптамай, журналистік зерттеу әдістеріндегі: алдын – ала тексеру, деректер, салыстыра талдау, бақылауды хабарда жүйелі түрде көрсете білуі керек екенін студенттер осы пәннен үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Веб-дизайн құралдары мен принциптері: компьютерлік графика
Пәннің мақсаты— болашақ цифрлы медиа мамандарына веб-дизайн құралдары мен принциптері: заманауи дизайндағы компьютерлік графика, бағдарламалардың түрлері мен жұмыс ерекшеліктерін үйрету. Сонымен қатар оны тәжірибеде іске асыруды мақсат етеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Цифрлық журналистикадағы медиа-бизнес
Пәннің мақсаты — БАҚ редакцияларында цифрлық трансформация процесі қалай жүріп жатқанын, қандай трендтер медианарықты өзгертуге үлес қосатынын қарастыру. Елімізде жаңа технологиялар қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарының бизнес процесстерін, стратегиясын және корпоративтік мәдениетін өзгерткенін білеміз. Дәріс барысында жаңа цифрлық өнімдерді шығарып жатқан редакторлар, баспагерлер, журналистердің ой-пікірі сараланады. Медиа-бизнестің қыр-сыры оқытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Веб-технология негіздері: сайттар, қосымшалар және интерфейстер
Пәннің мақсаты — студенттерге веб-технология негіздері мен жұмыс принциптері: сайттар, қосымшалар және интерфейстердің ерекшеліктерін үйрету. Болашақ мамандардың интернетжурналистиканы әр қырынан тануына мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Оқу веб-сайтын дайындау
Пәннің мақсаты— студенттердің оқу веб-сайтын дайындауға, мәтін жазу, дизайнын құрау және веб-бағдарлама жазуға қатысты тәжірибелері мен машықтарын жетілдіруді мақсат ету. Оқу веб сайты кез келген уақытта сұрансыұа ие бола алады. Себебі, конвергентті журналистикада қазір ақ жедел ақпарат тарату үшін интернет озық болып отыр.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Медиаэтика
Пәннің мақсаты - медиа саласындағы этикалық мәселелер мен оларды шешудің жолдарын үйрену. Жарнама, жаңалықтар, қоғамдық қатынастар саласында кездесетін түрлі қиындықтар мен кедергілерді талқылау. Моральдық тұрғыдан кемелденген кәсіби медиа маманының құзыреттіліктері жайлы түсінік қалыптастыру. Сақтық және әлеуметтік желі, иммерсивті журналистикадағы этика, жеке бас құпиясын сақтау әдебі, қоғамдық құқық, сөз бостандығы, этикалық нормалардың қақтығысына қатысты мысалдардан тәжірибе жинақтау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Оқу телебағдарламаларын шығару
Пәннің мақсаты— студенттерге оқу телебағдарлама шығаруға қатысты нақты тәжірибені үйрету. Бағдарлама тақырыбын анықтау, сценарийін жазу, оған қатысатын кейіпкерлермен сұхбат құрудың әдістерін меңгереді. Отандық оқу телебағдарламаларына талдау жасай отырып, шетелдік оқу телебағдарламаларының озық үлгілерімен танысады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Оқу жарнамалық роликтерін шығару
Пәннің мақсаты — студенттерге оқу жарнамалық роликтерін шығару, ой ұшқырлығы мен суырып-салма шеберлігіне баулу, жарнама жасау технологиясын жетілдіру, жарнама сценарийін жазудағы креативтілікті үйрету. Оқу жарнама роликтерінің қоғамдағы маңызын ескере отырып, әлеуметтік ортада ерекше назар аудартуға ықпал жасауды меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Веб-серверлердің жұмыс принциптері мен желілік протоколдар
Пәннің мақсаты — цифрлық қоғам және экономика: техникалық негіздері, веб-серверлердің жұмыс принциптері мен желілік протоколдармен жұмыс істеуді үйрету. Болашақ медиа мамандар осы пәннің аясында веб-серверлердің жұмыс ұстанымдарымен танысып, желілік протоколдарды меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мультимедиалық журналистика және жасанды интеллект
Бұл пән цифрлық журналистиканың даму контексінде мультимедиалық платформалар мен жасанды интеллект технологияларын біріктірудің теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Студенттер медиаконтент өндіру, редакциялау, визуализациялау және автоматтандыруға бағытталған AI құралдарын меңгеріп, ақпараттың шынайылығын тексеру, деректермен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қоғамдық пікірді зерттеу
Пәннің мақсаты — студенттерге қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық жағдайлар төңірегінде қалыптасқан бұқаралық сананың өзекті күйін аңғаруды, адамдардың, жеке топтардың осы жағдайларға қатынастарын түрлі сауалнамалар арқылы зерттеуді үйрету. Студенттер әлеуметтен ақпарат жинаудың әдістерін меңгеріп, ақпаратқа сараптама жасауды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
- Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.
- Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі.
- Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу.
- Инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация стратегиясын таңдау.
- Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау. Қаржылық тәуекелдердің, дағдарыстардың, алаяқтықтың әсерін бағалау негізінде меншікті ақша бюджетін басқару, жеке бюджетті жоспарлау, қаржы өнімдері мен инвестициялау құралдарын қолдану бойынша талдамалық қабілеттерін дамыту; қаржы заңдары мен ережелерін, цифрлық және қаржылық технологияларды, оның ішінде мобильді қосымшаларды қолдану негізінде ұтымды қаржылық мінез-құлыққа кепілдік беретін қазіргі заманғы қаржы құралдарын пайдалану дағдыларын қалыптастыру; салықтарды есептей және оңтайландыра білу, міндетті зейнетақы жарналары мен басқа да төлемдерді есептеу дағдыларын қолдану, сақтандыру өнімдерін пайдалану.
- Отандық және шетелдік баспасөз тарихын білу, журналистиканың функциясы мен қоғамдағы рөлін анықтау, телерадиожурналистика негіздерін талдау, жанрлық ерекшеліктерін білу, сондай-ақ журналистиканың әртүрлі жанрларында жазуды үйрену; журналистік материалды вербальды, графикалық т.б. үлгіде қолдана отырып қолайлы жанрлар мен форматтарда дайындауы
- Заманауи дизайн принциптері мен технологиясын терең меңгеруі, жаңа технологияны пайдалана отырып, баспасөз мәтінін, аудио-, бейне-, интернет- және басқа да материалдарды даярлап, редакциялауы, түрлі типтегі БАҚ-та орныққан норма, стандарт, формат, стиль, технологиялық талаптарды орындауы.
- Веб-бағдарламалау негіздері мен технологиясын меңгеруі, интернет сайттармен жұмыс істеу принциптерін білуі, жаңа медианың мазмұндық және құрылымдық-композициялық ерекшеліктерін, мақсаты мен міндеттерін, өндіріс техникасы мен технологиясын ескеріп журналистік жарияланымдарды жасай білуі, ақпараттың сапалық қасиетіне (дәлдік, шынайылық, дереккөзіне сілтеменің болуы, дерек пен пікірдің аражігін ажыратуы, түрлі көзқарастарды жеткізуде пікір алуандылығының сақталуы және басқалар) жете мән беруі.
- Медианың әлеуметтік рөлі мен қоғамдық миссиясын қоғамдық және кәсіби қызметінде терең түсінуі.
- Медиасаланың (мазмұндық және технологиялық) дамуындағы әлемдік үрдістерді дұрыс бағамдай білуі, түрлі бағыттағы және міндеттер жүктейтін мәтіндердің аражігін тануы
- Павильондағы (журналистпен бірге шыққанда) бейнетүсірілім, қажет болған жағдайда қоюшы- оператордың функцияларын орындау телебағдарламалар мен өзге де көрнекі туындылар өндірісін ұйымдастыру, жасалған материалдың дыбысымен жұмыс, операторлық техниканың көмегімен қойылым бағдарламаларын дайындау мен жасаудың өндірістік процесін жүзеге асыру.
- БАҚ-тың түрлі құрылымдарында, шығармашылық ұжымдарда жұмыстың ұйымдастырылуына белсенді араласуы, шешім қабылдауға қатысуы, өз жеке жұмысын ұйымдастыра білуі.
- Мультимедиалық журналистиканың заманауи форматтары, құралдары мен технологияларын еркін меңгеру; жасанды интеллект негізінде медиа контентті жасау, өңдеу және талдау дағдыларын қолдану; медиаөнімдерде AI құралдарын этикалық және креативті тұрғыда пайдалануға қабілетті болу; цифрлық ортада ақпаратты визуализациялау, автоматтандыру және фактчекинг әдістерін тиімді қолдану.