Инновациялық білім беру бағдарламасы

7M03110 Дағдарыс психологиясы в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

  • Дағдарыстық жағдайлар психологиясының әдіснамалық мәселелері

    Осы академиялық пәнді оқу нәтижесінде магистранттар ғылыми білімнің әдіснамасын игереді, дағдарыстық жағдайлар психологиясының әдіснамалық мәселелерін талдау дағдыларына ие болады және дағдарыс жағдайында психологиялық көмек саласындағы зерттеулер мен жаңашылдыққа қабілетті болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Денсаулық психологиясы: теориясы, әдіснамасы және технологиясы

    Осы пәнд іоқу нәтижесінде магистранттар денсаулық психологиясы туралы білімі мен түсінігін көрсетеді, психикалық, әлеуметтік және физикалық денсаулықтың анықтамалары, денсаулық психологиясын зерттеудің заманауи технологиялары менәдістерінмеңгереді. Пән тұлға денсаулығын бағалауәдістерін игеру жәнеденсаулыққақауіп факторларын анықтаудағдыларынқалыптастырады,денсаулықтытүзетуәдістерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Айырылу салдарынан болатын жарақат жағдайындағы психологиялық көмек

    Осы академиялық пәнді оқу нәтижесінде магистранттар қайғыдан болатын жарақат жағдайындағы психологиялық көмек көрсету дағдыларына ие болады, жоғалтумен өмір сүру алгоритмі, жоғалу мен қайғы-қасіретті емдеудің кейбір емдік тактикасы туралы қазіргі заманғы терең білімді көрсетеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өмірдің қиын жағдайларындағы тұлғаның бейімделу диагностикасы мен коррекциясы

    Осы пәнді оқыту жеке немесе әлеуметтік деңгейде туындаған жағдайды өзгерту үшін клиенттің өз күш-жігерін оңтайландыру мүмкіндігімен байланысты психологтың түзету қызметінің үлгісін анықтайды және толықтырады, қиын өмірлік жағдаймен жұмыс жасауда қолданылатын әртүрлі әдістер туралы түсініктерін көрсете алады. Пәнпрактикалық психологтың дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жарақат психологиясы

    Осы академиялық пәнді оқу нәтижесінде магистранттар жеке адамның өмір тарихын талдай алады, жарақаттанудың жеке тәжірибесін анықтай алады, жарақаттық жағдайларды талдап, әр түрлі психологиялық жарақаттар кезінде көмек көрсете алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Төтенше жағдайлардан зардап шеккен балалар мен жасөспірімдерге арналған психотерапия

    Бұл пәнде адамның балалық шақ өміріндегі дағдарыстық жағдайлардың сипаттамасы, олардың пайда болу механизмі мен тәжірибесі берілген. Онда әр түрлі дағдарыс және төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендермен психологиялық жұмыстың тәсілдері мен әдістері көрсетілген. Пәннің мақсаты - магистранттардың осындай жағдайларда психологиялық көмек көрсетуге психологиялық дайындығын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пәнді оқытудың мақсаты – магистранттардың шет тілінде білім алу үдерісінде жоғары базалық стандарт деңгейінде (С1) мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру. Бұл пән магистранттардың академиялық жазу қағидаттарын меңгеруін, сыни талдау дағдыларын дамытуын, ғылыми зерттеулерге рецензиялар мен аннотацияларды, сонымен бірге жасалып жатқан ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша баяндамалар мен библиографияларды дайындай алуын көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән ғылым тарихын, ғылыми танымның философиялық негіздерін және ғылыми зерттеу әдіснамасын зерттеуге бағытталған. Курстың мақсаты – магистранттарда ғылымның әлеуметтік институт ретінде дамуы туралы тұтас түсінікті қалыптастыру, сонымен қатар қазіргі ғылымның әдіснамалық негіздері мен мәселелерін меңгеру. Курс ғылым мен философияның өзара байланысының тарихымен, оның ішінде нақты онтологиялық және гносеологиялық проблемалармен, сонымен қатар нақты ғылымдардың қазіргі жағдайындағы философиялық мәселелерімен таныстырады. Курс заманауи ғылыми жетістіктерді сыни талдауға және ғылыми зерттеу жұмысының әдіснамалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Дағдарыс және төтенше жағдайларда зардап шеккен балалар мен жасөспірімдерге психологиялық кеңес беру

    Осы академиялық пәнді оқу нәтижесінде магистранттар дағдарыс және төтенше жағдайларда зардап шеккен балалар мен жасөспірімдерге арналған психотерапия дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пәннің мақсаты білім алушыларда оқыту әдістемесін, педагогикалық технологияларды және оқыту әдістерін меңгеруді, жоо-ның оқытушысына қойылатын қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, жоғары білім беруде тиімді кәсіби-педагогикалық іс-әрекет үшін қажетті педагогикалық білім мен практикалық дағдылар жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны қазіргі жоғары білім берудің мәнін айқындайтын негізгі даму бағыттары мен үдерістерін; жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдерістің құрылымы мен ерекшеліктерін; заманауи педагогикалық технологияларды, оқыту әдістемесін, оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістері мен формаларын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Психологияда және білім берудегі жасанды интеллект

    Бұл курсты оқу нәтижесінде білім алушылар психология және білім беру процестері саласындағы жасанды интеллектінің негізгі технологияларын меңгереді. Оқыту үдерістерін жетілдіруге және психологиялық көмек көрсетуде жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектеп психологиясы

    Бұл пәнде магистранттар жоғары білім психологиясының пәні, міндеттері мен құрылымы, қазіргі білім берудің негізгі тенденциялары мен психологиялық қағидалары туралы алған негізгі білімдерін қызметкердің болашақ кәсіби іс-әрекет саласындағы профессиограммасы мен психограммасы, қызмет ретінде оқу, таным процестерін (қабылдау, есте сақтау, ойлау), коучинг ретінде оқыту мен дамытудың жаңа әдістері, педагогикалық іс-әрекеттің стильдері және т.б., жоғары білім беру психологиясының әдістемелік негіздерін және құралдарын зерттеп, жоғары білім берудің психологиясын дамытудағы негізгі жетістіктер мен үрдістерді талдап, оларды практикалық және кәсіптік қызметінде пайдалануға үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Бұл пәнді меңгеру білім алушыларға басқару психологияны оқытудың заманауи отандық және шетелдік ғылымдағы негізгі теориялары мен концепцияларын, психологиялық пәндерді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан басқарудың әдістемелік және технологиялық ерекшеліктерін меңгеруге көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Телефон арқылы кеңес беру саласында жұмыс жасайтын мамандарға психологиялық қолдау

    Осы академиялық пәнді оқу нәтижесінде магистранттар телефон арқылы кеңес беру саласында жұмыс жасайтын мамандарға көмек бере алу дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Балалар мен жасөспірімдерге төтенше жағдайларда психологиялық көмек көрсету

    Осы академиялық пәнді оқу нәтижесінде магистранттар балалар мен жасөспірімдерге төтенше жағдай кезінде көмек бере алу дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Суицидтік мінез-құлық психологиясы

    Осы пәнді оқу нәтижесінде магистранттар өз-өзіне қол жұмсау қаупін бағалау, профилактикалық іс-шаралар жүргізу және суицидденттер пен суицидденттердіңотбасыларына психологиялық көмек көрсету дағдыларына ие болады.Өз-өзіне қол жұмсау, жасырын суицид және оның ерекшеліктері, жасырын суицидтің түрі ретінде аутоцид, паразицид және оның ерекшеліктері, суицидтік мінез-құлықтың негізгі түсініктері, себептері мен динамикасы, аффективті көңіл-күйдің бұзылуы, суицидтермен жұмыс туралы түсініктерін зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Психологтің тұлға күйзелістерімен жұмыс жасау технологиялары

    Осы академиялық пәнді оқу нәтижесінде магистранттар дағдарыс жағдайындағы тұлға күйзелісін психологиялық тұрғыдан қолдауға қабілетті болады.Бұл пән күйзелістің мәні мен негізгі құбылыстары, мазасызданупроцесін, түрін, зерттеу әдістері мен тәсілдерін сипаттайды: проекциялық әдістер мен сұхбаттар және оның тәжірибелерін зерттеудегі мүмкіндіктері, психологтың тәжірибесімен жұмыс жасау формалары мен тәсілдері, өмірлік тәжірибені мақсат ретінде көрсету мүмкіндігі сияқты бөлімдерден тұрады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Дағдарысқа араласу

    Осы оқу пәнін оқу нәтижесінде магистраттар шұғыл психологиялық көмек көрсете алу қабілетіне ие болады.Магистранттар дағдарысқа араласудың негізгі түсініктері мен қағидаларын игереді, дағдарыс ұғымын, дағдарысқа араласудың кезеңдерін, дағдарысқа араласу әдістерін, дағдарыстық кеңес берушінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды және дағдарысқа араласудың негізгі принциптерін ашады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Дағдарыс жағдайындағы отбасыларды психологиялық сүйемелдеу

    Осы академиялық пәнді оқу нәтижесінде магистранттар дағдарыстық және дағдарыстан кейінгі жағдайдағы отбасыларға психологиялық қолдау көрсету дағдыларына ие болады.Психологиялық қолдау ұғымдарын, сүйемелдеу әдістері мен тәсілдерін меңгереді, психологиялық қолдаудың негізгі кезеңдерін, сүйемелдеу кезіндегі психологтың негізгі міндеттерін қарастырады, өзара әрекеттесудің нәтижесіз стилін, диагностикалық ерекшеліктерін өзгерту кезіндегі кеңес беру процесінің негізгі кезеңдері мен сатыларын, қолдау көрсету, отбасының әлеуметтік картасын жасау және т.б. зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жарақатпен жұмыс жасаудың конструктивистік тәсілі

    Осы академиялық пәнді оқып үйрену нәтижесінде магистанттар жеке тұлғаның өмір тарихын талдап, жарақаттанудың жеке тәжірибесін анықтай алады.Олар конструктивистік бағыттардың негізін құрған идеялар мен әдіснамалық ұстанымдарды, психотерапияның шешілуіне бағытталған нарративтық терапия бағытының қалыптасуының жалпы тарихын, әр көзқарастың негізгі өкілдерін зерттейтін болады; әр облыстағы психотерапевтік жұмыстың негізгі принциптері мен әдістері ORCT және нарративті терапияның негізгі әдістерін қолдану тәжірибесін алады - тәжірибелі психотерапевттің әр облыстағы тәжірибесін бақылап, игерілген тәсілдердің әрқайсысында ойын жаттығуларын жасай отырып; баяндау тәсілінде клиент тәжірибесін алу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектептегі зорлық-зомбылық жағдайындағы психологиялық көмек

    Осы пәнді оқып үйрену нәтижесінде магистранттар білім беру ортасының қауіпсіздігіне ықпал ететін алдын-алу шараларын және білім беру жүйесі субъектілеріне психологиялық қолдауды жүзеге асыру дағдыларына ие болады.Магистранттар мектептегі зорлық-зомбылықтың түрлері туралы, мектепте зорлық-зомбылық көрген балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетудің ерекшеліктері туралы білетін болады;осы санаттағы балаларға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету, мектептегі эмоционалдық зорлық-зомбылық туралы дағдыларды игеру, эмоциялық күш көрсетуді пайдалану анықтамасы мен салдары, мектептегі эмоциялық күш көрсету: көріністері, себептері, факторлары, балаларға көмек туралы білімді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Дағдарыс психологиясының өзекті мәселелері

    Осы академиялық пәнді оқу нәтижесіндемагистранттар дағдарыс психологиясының өзекті мәселелерін талдау дағдыларына иеболады және олардығылыми-зерттеу мен инновациялық қызметтерде, дағдарыс жағдайындағы психологиялық көмек саласында қолдана алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Негізгі дүниетанымдық және әдістемелік және әлеуметтік мәселелерді, жоғары мектептен кейінгі білім беру процесін жоспарлау және ұйымдастырудың негізгі талаптарын және студентке бағытталған оқыту мен бағалау принциптерін, оқытылатын пәндердің мазмұнын талдау.
  • Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативтік дағдыларды меңгерген
  • Тұлғалық дамудағы психикалық, физикалық денсаулық нормалары мен этникалық және мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, ғылыми- зерттеулер мен тәжірибелік және әлеуметтік іс-әрекеттің бар әдістерін және әдістемелерін өзгерту, бейімдеу, сондай-ақ жаңа әдістер мен әдістемелерді құрастыру, превентивті іс-шараларын жүргізу, жарақаттануда қолданылатын әдістерді түсіну.
  • Дағдарыс психологиясы тұрғысынан нақты тұжырымдамаларын, үлгілерін, әдістері мен психотехникаларын қолдануға қабілетті; онкологиялық науқастарға және олардың отбасыларына психологиялық көмек көрсете білу, онкологиялық науқастармен жеке кеңес беру және топтық жұмыс жүргізу дағдыларына ие болу.
  • Дағдарыс жағдайында психологиялық көмек көрсету, дағдарыс жағдайындағы тұлғаның мазасыздануын психологиялық тұрғыдан жеңілдету, білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдын-алу шараларын жүргізу және оқу процесінің субъектілеріне психологиялық қолдау көрсету.
  • Дағдарысқа араласудың психологиясы туралы қазіргі заманғы терең білімді көрсету, дағдарыстық араласудың жаңа әдістерін, тәсілдерін, психотехнологияларын қолдану, дағдарыстық және дағдарыстан кейінгі жағдайларда психологиялық қолдау дағдыларын көрсету.
  • Инновациялық оқыту әдістерін ескере отырып, білім беру саласындағы кәсіби іс-әрекетті жобалау, енгізу және бағалау, педагогикалық технологиялар мен психологиялық оңтайландыру әдістерін білім беру қызметінде қолдану, талдау, дамыту және жоғары білім беру іс әрекеті жағдайында субъектілердің дербес тиімділігін қолдау.
  • Ғылыми ақпаратты іздестіру, сыни талдау мен жалпылау, зерттеудің оңтайлы әдістерін таңдау, дағдарыс психологиясы мәселелерін ғылыми зерттеу жобасын әзірлеу, дағдарыс психологиясы саласындағы қолданбалы мәселелерді тұжырымдай алу және шешу.
  • Ғылыми-зерттеу және кәсіби тәжірибелік міндеттерді олардың қолданылу шегін ескере отырып шешу және алынған нәтижелерді, конструктыларды, технологиялар мен әдістерді дағдарыс жағдайында қолдану, тұлғалық мазасызданулармен жұмысты дамытуға өзіндік өзгеше үлесін қосу.
Top