Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04129 HR менеджмент в Нархоз Университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Этика мен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ескере отырып, HR стратегияларын әзірлеуге және енгізуге, ұйымдастырушылық тиімділікті арттыруға, жаһандық өзгерістер мен таланттарды басқаруға қабілетті жоғары білікті HR мамандарын даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M076 Еңбек дағдылары
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Оқыту нәтижелері

  • Әртүрлілік, теңдік және инклюзия қағидаттарын, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік жауапкершілік пен тұрақты даму тұжырымдамасын басқару стратегиясына біріктіру арқылы этикалық мәселелерді талдайды.
  • Шешім қабылдау негізінде, олардың салдарын бағалай отырып, сыни ойлауды, сандық және сапалық әдістерді, ілгеріленген аналитикалық дағдылар мен жоба менеджменті құралдарын қолдана арқылы қызмет кезеңдерін жоспарлайды.
  • Жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, HR саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді, ғылыми-әдістемелік жұмыстар мен оқытуды жүзеге асырады, алынған зерттеу нәтижелерін оқу процесіне біріктіреді.
  • Ауызша және жазбаша түрде кәсіби және кәсіби емес аудиторияға негізделген өзіндік қорытындылар/пікірлер ұсынады және оларды негіздейді.
  • Көшбасшылық дағдылар негізінде менеджмент, маркетинг және деректерді талдаудың функционалдық салаларындағы жаңа тұжырымдамаларды қолдана отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізу процесінде ахуалдың өзгеруіне орай стратегияларды реттей отырып, тиімді HR стратегиясын әзірлейді.
  • Математикалық статистика, эмпирикалық эконометрика әдістерін және жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, бизнес деректерін талдайды, сондай-ақ бюджеттеу, қаржылық талдау және шешім қабылдау үшін қаржылық менеджмент және шығындарды есепке алу қағидаттарын меңгереді.
  • Қызметкерлердің қатысуын арттыру, жиынтық сыйақы стратегиясын әзірлеу және ұйымның стратегиялық мақсаттарына сәйкес HR стратегиясын тұрақты бағалау және тиімділігін арттыру үшін HR құқықтық реттеуді ескере отырып, стратегиялық жоспарлау, HR-консалтинг, қызметкерлерді іріктеу, бағалау және дамыту әдістерін пайдаланады.
  • Ұйымның өзгерістерге қажеттілігін анықтайды және ұтымды жоспарлау, адами ресурстарды тиімді пайдалану арқылы өзгерістерді қабылдау қатынасында персоналдың мінез-құлқын жобалайды.
  • Cтратегиялық талдау әдістерін пайдаланып, ынталандыру мен мотивацияның әртүрлі нысандарын қолдана отырып бизнес процестері жобалайды және енгізеді.
  • Жаһандық үрдістерді, ұйымның бизнес-мақсаттарын және таланттарды басқарудың заманауи тәсілдерін ескеретін қызметкерлер қызметінің тиімділігін басқару жүйесін қалыптастырады.

Ұқсас БББ

Top