Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02206 Дінтану в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Дінтану саласында жоғары білікті магистрлерді, қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес, заманауи дінтанулық теорияларға және әдістерге негізделе отырып, Қазақстандық қоғамның дін саласындағы мәселелерін зерттей алатын, зерттеу нәтижелерін қоғамда ғылыми нәтиже түрінде көрсете білетін, ғылыми-зерттеу және білім беру (педагогикалық), ақпараттық-сараптамалық бағыттар бойынша кез-келген мемлекеттік және қоғамдық мекемелерде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқара алатын білікті мамандарды дайындау
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M051 Дінтану және теология
  • Дайындық бағыты 7M022 Гуманитарлық ғылымдар

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдау және кәсіби қызметте пайдалану, қазіргі әлемдегі жарық көрген ғылыми басылымдарға шолу жасауды меңгеру.
  • Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыларды білу, басқару психологиясын меңгере отырып, қоғамда және ұжымда адамдармен тіл табыса алу қабылетін игеру.
  • Дінтану саласында ғылыми зерттеулер әдіснамасы мен әдістемелері бойынша дағдыларға ие болу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға, уақытты және ресурстарды басқаруды, электрондық дерекқорларда (қазақ, орыс, ағылшын, араб және басқа да шет тілдерінде) әдебиеттерді іздеу бойынша жұмыс жүргізу, жазбаша жұмыстың дағдыларын игеру, яғни эссе, есеп беру, мақала жазу, ғылыми жобалар, магистрлік диссертация, шығармашылық ойлау қабілеті, жаңа міндеттер мен тақырыптар, сондай-ақ кәсіби діни зерттеулер саласында оларды зерттеу әдістемесін игеру.
  • Әртүрлі діндердің, діни қозғалыстардың, ағымдардың теологиялық аспектілерін білу, ғылыми мәтіндерді түсіндіру үшін ғылыми әдістерді қолдану мүмкіндігі, әртүрлі діндердің теологиясын академиялық діни зерттеу орындарынан салыстырмалы талдау жүргізу, медиация және конфессияаралық қарым-қатынас пен диалогты дамыту мақсатында алынған білімді кәсіби қызметте пайдалану.
  • Пәнаралық әдіс негізінде діни мәселелердің тарихи-мәдени, әлеуметтік-саяси, психологиялық аспектілерін талдау құзыреті; әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың қазіргі әдістерін діни қатынастар саласындағы жаңа үрдістерді зерттеу, сараптап талдау, дінтанулық сараптама жүргізу, консультация, медиация қызметтерінде қолдану; сыни ойлау әдістерін қолдануды игеру.
Top