Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01105 Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық в Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты білім беру жүйесінің менеджменті мен көшбасшылығы саласында терең білімі мен практикалық дағдылары бар, білім беру саласындағы басқарушы басшының кәсіби құзыреттілігі бар, қызметкерлерді тиімді басқаруға қабілетті, ресурстары мен процестерін тиімді басқара алатын, сондай-ақ білім беру саясаты мен практикасындағы қазіргі заманғы сын-қатерлер мен өзгерістер жағдайында негізделген стратегиялық шешімдер қабылдай алатын магистрлерді даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M001 Педагогика және психология
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M011 Педагогика және психология
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Менеджмент және резиленттік көшбасшылық
Шет тілі (кәсіби)
Ұйымдық құрылымдағы өзгерістерді жүзеге асыру
Арнайы және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы басқару
Мектеп мәдениетін қалыптастыру және кәсіби қауымдастықтарды дамыту
Арнайы және кәсіби білім беру саласындағы саясат және практика
Білім беру саласындағы саясат және практика
Оқытудағы көшбасшылыққа кіріспе
Мектеп тімділігін арттыру және дамытудың халықаралық тәжірибесі
Білім сапасын бағалау
Профессии
Оқыту нәтижелері
- білім беру жүйесінің ұйымдастырушылық процестерін тиімді басқару үшін менеджменттің негізгі теориялары мен модельдерін, басқару стратегияларын, жоспарлау әдістерін, ұйымдастыруды, басшылықты, бағалауды және бақылауды қолдана отырып, ұйымдастырушылық-басқарушылық іс-әрекеті жүзеге асырады
- кәсіби деңгейде, шет тілінде мәдениетаралық білім беру кеңістігінде өзара іс-әрекет, ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасайды
- педагогикалық көшбасшылыққа байланысты негізгі ұғымдар мен анықтамаларды, білімді этикалық шешімдер қабылдау қабілетін дамыта отырып, білім берудегі көшбасшылық тәжірибеге қатысты этикалық және кәсіби стандарттарды түсінуді көрсетеді
- білім беру тәжірибесінде бағалау іс-шараларын қолдана отырып, білім беру сапасының негізгі критерийлерін талдайды және бағалайды, соның ішінде деректерді жинау және талдау, нәтижелерді түсіндіру және білім беру процестерінің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу
- ұйымдық құрылымдағы өзгерістерге анықталған қажеттіліктер негізінде өзгерістерді енгізу стратегиялары мен жоспарларын әзірлейді
- мектепті қолдау және қауіпсіз білім беру ортасын дамыту бағдарламаларын құруды ескере отырып, жасанды интеллектті пайдалана отырып, білім беру жұмысын жобалайды
- білім беру саласындағы кәсіби іс-әрекетке қажетті кешенді білім мен дағдыларды, сондай-ақ білім беру саясатының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес білім беру бағдарламалары мен жобаларын талдауға, әзірлеуге және іске асыруға дайындығын көрсетеді
- халықаралық және/немесе қазақстандық нормаларға сәйкес ұйымдастырушылық мәдениетті қалыптастырады