Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01132 Акушерия және гинекология (ересектер, балалар) в Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

Пәндер

  • Акушерия және гинекологиядағы анестезиология және реанимация

    Акушерияда анестезиологиялық-реаниматологиялық көмек көрсету. Босануды жансыздандыру. Акушерия және гинекологиядағы критикалық жағдайларды қарқынды емдеу. Акушерлік және гинекологиядағы инфузиялық-трансфузиялық терапия. Қағанақ су маңайындағы "сладжы" бар жүкті әйелдерді емдеу. ДВС -, HELLP -, антифосфолипидті синдром. Қан жоғалтуды гематокрит, модификацияланған Moore формуласы, Альговердің шок индексі бойынша анықтау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Стационардағы акушерлік

    Пәнді оқу барысында резидент стационар жағдайында жүкті, босанатын, босанған және жаңа туған нәрестелерге көмек көрсетуді ұйымдастыруды меңгереді, есеп-қисаптық құжаттарты толтырады, медициналық ақпараттық жүйелерді, акушериядағы дәлелді медицинаның қағидаларын біледі, клиникалық хаттамаларға сәйкес жүктілікті, босануды және босанудан кейінгі кезеңді жүргізеді, аналарға реанимациялық көмек және қарқынды терапия көрсетеді, жүктілік, босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізеді, микробқа қарсы препараттарға төзімділік мәселесін, микробқа қарсы төзімділік туралы білім мен хабардарлықты қалыптастыратын негізгі қағидаларды, микробқа қарсы препараттарды дұрыс пайдалануын хабарлайды, инфекциялардың алдын-алу және инфекциялық бақылауға қатысады, диагностика қағидаттарын және эпидемиологиялық қадағалауды қатаң сақтау саясатын, этиканы, көшбасшылықты, коммуникацияны және басқаруды үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 63
  • Гинекологиядағы гистерорезектоскопия

    Заманауи технологияларды қолдана отырып гинекологиялық ауруларды ерте диагностикалау және емдеу. Жабысқақ түзілімдерді, плацента қалдықтарын, жатырішілік спиральді алып тастау, жатырдың шырышты қабығының күдікті учаскелерін биопсияны жүргізу. Жатыр түтіктері мен аналық бездердегі лапароскопиялық оталар. Қалпына келтіру-пластикалық және мүше сақтаушы оталар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Акушерия және гинекологиядағы функционалды диагностика

    Ұрық және кіші жамбас мүшелерінің ультрадыбыстық диагностикасысы. "Ана - плацента - ұрық" жүйесіндегі допплерометрия. Кардиотокография. Гистерография. Акушиядағы электрокардиография. Туа біткен даму ақаулары мен ұрықтың тұқым қуалайтын ауруларының пренатальды диагностикасы. Амниоскопия. Амниоцентез. Кордоцентез. Колпоскопия. Гистероскопия. Лапароскопия. Гистеросальпингография. Маммография. Колпоскопия.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Амбулаторлы гинекология

    Репродуктивті жүйе ауруларының диагностикасы, емі және алдын-алу. Гинекологиялық науқастарды тексеру және емдеу. Диспансерлеу, оңалту және санаторлы-курорттық емдеу. Заманауи медициналық технологияларды қолдану арқылы кіші гинекологиялық оталарды жасау. Жүкті, босанған әйелдерді мен гинекологиялық науқастарды тексеру және емдеуде өзара іс-қимылдың сабақтастығын қамтамасыз ету. Гинекологиялық науқастарға еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 25
  • Амбулаторлы акушерлік

    Пәнді оқу барысында резидент жүкті және босанатын әйелдерге акушерлік көмекті ұйымдастыру, отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша қызметтер көрсету, жүкті және босанған әйелдердің патронажы, фертильді жастағы әйелдерді тексеру, инфекциялардың алдын-алу және анықтау, экстрагениталды ауруларды ерте анықтау мақсатында әйелдерді профилактикалық тексеру, ҚР заңнамасына сәйкес медициналық құжаттаманы дайындау, гендерлік зорлық-зомбылық жағдайларын анықтау немесе күдіктену кезіндегі әрекет ету дағдыларын және шеберлігін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 27
  • Жүктілік кезіндегі экстрагениталды патология

    Пәнді оқу барысында жүкті әйелдердегі тыныс алу, ас қорыту жүйесінің, қан, бүйрек, эндокриндік, жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары. АИТВ/ЖИТС, бауыр және өт шығару жүйесінің, ұйқы безінің, туберкулез, ревматизм ауруларын заманауи диагностикалау әдістері, дифференциалды диагностикалау, зерттеу нәтижелерін интерпретациялау, диагнозды тұжырымдау, емдеу шеберлігін және дағдыларын меңгереді, жүктілікке қарыс көрсеткіштерді анықтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Стационардағы гинекология

    Гинекологиялық стационардың жұмысын ұйымдастыру. Стационарға жатқызудың көрсеткіштері мен тәртібі. Гинекология саласындағы қазіргі ғылыми жетістіктер. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында жоғары технологиялық қызметтер көрсету. Гинекологиядағы жоғары технологиялық қызмет түрлері. Гинекологиялық ауруларды жүргізудің клиникалық хаттамалары. Жоғары медициналық технологияларды қолданумен реконструктивті-пластикалық оталар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 38
  • Балалар гинекологиясы және жыныстық денсаулық

    Қазақстан Республикасында балалар гинекологиясы қызметін ұйымдастыру. Гинекологиялық аурулары және репродуктивті жүйе қалыптасуының бұзылуы бар 18 жасқа дейінгі қыздарға консультациялық-диагностикалық және емдік көмек көрсету. Гинекологиялық аурулары бар қыздарды диспансерлеу. Репродуктивті жүйе мүшелерінің туа біткен даму ақаулары бар қыздарды диагностикалау және емдеу алгоритмі. Диагностикалық әдістер: УДЗ, МРТ, ЭКГ, ЭЭГ. Жасөспірімдерге арналған контрацепция.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 17
  • Репродуктивті медицина және бедеулік

    Пәнді оқу барысында репродуктивті денсаулықты қорғау және отбасын жоспарлауды құқықтық реттеу, Қазақстан әйелдерінің репродуктивті денсаулығын қорғау саясаты. жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын-алу және емдеу бойынша әйелдерге кеңес беру, денсаулық жағдайын бағалау, пациенттерді сауықтыру және емдеу, бедеуліктің себептерін диагностикалау. қауіп факторларын, бедеуліктің себептерін анықтау, емдеу шаралары, қосымша репродуктивті технологиялар, репродуктивті медицинадағы жасанды интеллект сұрақтары бойынша шеберлігі мен дағдылар калыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 17
  • Онкогинекология

    БМСК деңгейінде онкогинекологиялық аурулардың даму қаупі бар топтарды қалыптастыру. Онкогинекологиялық науқастарды динамикалық бақылау. Мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтер алу үшін онкологиялық науқастарды іріктеу және емдеуге жатқызуға жіберу. Онкогинекологиялық ауруларды ерте анықтауға профилактикалық тексеру. Хирургиялық, ісікке қарсы препараттармен емдеу, сәулелік терапия, паллиативтік көмек.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 13

Оқыту нәтижелері

  • Науқастарды курацилау:клиникалық диагнозды құрастыру,емдік жоспарды тағайындау және нерв жүйесінің ауруларының емінің тиімділігін дәлелді тәжирбиесі негізінде бағалауды білу.
  • Коммуникация және коллаборация: науқас үшін тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін гинекологиялық аурулармен, оларды қоршаған адамдармен, акушерлік-гинекологиялық қызмет мамандарымен қарым-қатынасты жасай білу
  • Қауіпсіздігі және сапасы: акушерлік және гинекологиялық көмектің сапасын қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалай алады және ең тиімді әдістерді қолдана алады медициналық құжаттарды, медициналық және статистикалық ақпаратты басқара алады.
  • Қоғамның денсаулығы: ҚР-ның денсаулық сақтау жүйесіндегі ұйымдастыру мен құқұқтық деңгейінде жұмыс жасай білу, «Акушерия және гинекология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша төтенше жағдай кезінде алғашқы медициналық көмекті көрсете білу және арнайы мамандармен бірге халықтың денсаулығын нығайту мақсатында жұмыс жасай білу
  • Зерттеу: тиісті ғылыми сұрақ жауаптарды қалыптастыру, кәсіби әдебиеттерді терең бағалау, өздерінің күнделікті қызметінде халықаралық дерек қорларды тиімді пайдалану,зерттеу тобының жұмысына қатысу.
  • Оқыту және даму:өз бетінше оқуға және кәсіби топтың басқа мүшелерін оқытуға,неврология саласында үздіксіз кәсіби дамудың пікір таластарына, конференцияларына және де басқада нысандарына белсенді қатысуға қабілетті.
Top