Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01706 Ағылшын тілі в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Орта білім берудің нормативтік-құқықтық базасы, орта білім берудің жаңартылған мазмұны, білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының тенденциялары туралы түсінікке ие болады; ұлттық құндылықтарды ескере отырып, экология, кәсіпкерлік және қаржы саласындағы негізгі түсініктер мен білімдерді игереді;
  • Пәндік саладағы негізгі теориялық білімдерді, педагогикалық және кәсіби міндеттерді шешуде әртүрлі пәндік салалардан білімді интеграциялау дағдылары мен іскерліктерін меңгерген;
  • Орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде іскерлік және практикалық деңгейде қарым-қатынасты ұйымдастыруға қабілетті; көпмәдениетті, көпэтносты және көпконфессиялы қоғамда конструктивті диалогтың, қарым-қатынастың білігі мен дағдыларын көрсетеді;
  • Педагогика мен психологияның теориялық пен практикалық білім негіздерін оқу үрдісінде және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қолданады;
  • Ағылшын тілін меңгеруде білім алушылардың жасына, физиологиялық және когнитивтік ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық тәсілдерді саралап қолданады және проблемаларды шешудің тиімді жолдарын және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін оқу ортасын құрудағы инклюзивті әдістерді табады;
  • Білім беру жүйесінде және медиакеңістікте ақпараттық коммуникация мен сандық технологияларды пайдаланып, жасанды интеллектің жаңа әдістері арқылы ақпаратты сараптайды және бағалайды, ақпараттық мәдениетті меңгереді;
  • Aкадемиялық жетістіктерін арттыру мақсатында зерттеу мәдениеті мен сын тұрғысынан талдау негізінде кәсіби бағытталған мәдениетаралық коммуникативтік міндеттерді шешеді;
  • Ағылшын тілін оқыту үдерісінде өз елінің және мақсат тіл елдерінің мәдени, тарихи және әдеби контекстілерін, сондай-ақ медиасауаттылық қағидаттарын меңгеріп, мәдениетаралық түсіністік пен толеранттылықты қалыптастыруға бағытталған білім беруді іске асырады;
  • Ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістерін, цифрлық білім беру ресурстарын, сыни бағалау технологияларын және білім беру жетістіктерін бағалау құралдарын сыни тұрғыдан талдайды, олардың тиімділігін бағалайды және оларды білім беру контекстінде пайдаланады;
  • Педагогикалық практиканың әр кезеңінде студент оқыту технологияларын, бағалау және дамыту әдістерін және рефлексиялық дағдыларды біріктіреді, оларды білім беру процесіне шығармашылықпен енгізеді және өзінің кәсіби тәжірибесін үнемі жетілдіріп отырады;
  • CLIL, Case Study, интерактивті модельдеу, Soft skills дамыту технологиялары және инновациялық педагогикалық әдістерді белсендіреді, оларды оқу мазмұнына бейімдейді және оқу процесін жақсартатын жаңа шешімдерді ұсынады;
  • IELTS, TOEFL, TKT сияқты халықаралық емтихандарға тиімді дайындық стратегияларын игереді және талдайды, өмір бойы білім алуға, кәсіби өзін-өзі дамытуға және жаһандық білім беру талаптарына бейімделуге дайындығын көрсетеді.
Top