7R01128 Ангиохирургия (ересектер, балалар) в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ангиохирургия мамандығы бойынша өз бетінше жұмыс істеу үшін маман дәрігерлердің сапасына қойылатын заманауи талаптарға жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 280
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R019 Ангиохирургия ересектердің, балалардың
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Стационардағы ангиохирургия: тамыр жүйесі ауруларының диагностикасы
Пән ангиохирургиялық тәжірибеде диагностиканың заманауи әдістерін, яғни ультрадыбыстық доплерография, ангиография, флебография, болюстік контрастпен МРТ туралы білімді қалыптастырады. Пән зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін интерпретациялау біліктіктері мен дағдыларын қалыптастырады және де диагностикалық алгоритмдерді меңгеру негізінде алдын ала және қорытынды диагноз қоюды және дифференциалды диагностика жүргізуді үйретеді. Халықаралық деректер базасын тиімді пайдалана отырып зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 16
-
Жалпы хирургия
Резидент пәнді игеру барысында тері және тері асты қабаттардың, жұмсақ тіндердің жарақаттары кезінде алғашқы хирургиялық өндеу жүргізе алады. Сондай-ақ қан кетулер кезінде қан және қан алмастырушы сұйықтықтарды науқастарға құю арқылы шұғыл көмек көрсете алады. Білім алушы науқасты хирургиялық оталарға дайындай алады және отаның қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 16
-
Торакальды хирургия
Пән кеуде қуысының хирургиялық патологиялары кезінде клиникалық диагнозды негіздеуді, науқастың жағдайының ауырлығын бағалауды және қажет болған жағдайда шұғыл және жоспарлы операциялық араласулар жүргізу әдістерін үйретеді. Резидент бронх жыланкөзі, плеврит, плевра эмпиемасы және пиопневмоторакс, өкпенің қатерсіз және қатерлі ісіктері, бронхоэктаз ауруы, өкпе кисталары мен поликистозы, өкпеден қан кету, медиастинит, жүректің жарақаттануы кезінде хирургиялық ем жүргізе алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 16
-
Стационардағы ангиохирургия: тамырлар ауруларын хирургиялық емдеудің жалпы сұрақтары
Тамырлы патологиясы бар науқастарды жүргізудің тактикасы мен негізгі мәселелерін, аорта мен артериялардағы реконструктивті операциялардың жіктелуі мен терминологиясын зерттейді. Сондай-ақ тамырлы тігісті, тамырды қайта құру принциптерін, тамырлы трансплантацияларды қолдануды, гемодиализдің ангиохирургиялық аспектілерін зерттейді. Флебологиялық профильдегі заманауи миниинвазивті хирургиялық араласуларға қатысады. Резидент қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді, тамырларға хирургиялық араласу дағдыларын меңгереді, үздіксіз кәсіби дамиды, пікірталастарға, конференцияларға белсенді қатысады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 16
-
Жүрекке миниинвазивті операциялар және миокардтың гибридті реваскуляризациясы
Пәнді игеру барсында резидент миокардтың реваскуляризациясы кезінде аз инвазивті және гибридту оталардың негізгі түрлерінің көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін, орындау техникасын үйренеді. Сондай-ақ білім алушы Халықаралық деректер базасын тиімді пайдалана отырып, емдеу нәтижелерін бағалау, асқынуларды болжау және алдын алу дағдыларын үйренеді. Науқасты емдеу барысында ҚР денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру алаңы шеңберінде әрекет етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Амбулаториялық қан тамырлар хирургиясы және магистральды тамыр тромбоздары
Резидент пәнді игеру барысында ангиохирургиялық патологиясы бар науқастарды амбулаториялық деңгейде лабораториялық және диагностикалық әдістерін қолдана отырып ангиохирургиялық көмек көрсете алады. Білім алушы ангиохирургиялық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті. Және де өзінің күнделікті қызметінде Халықаралық деректер базасын тиімді пайдаланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Стационардағы ангиохирургия: перифериялық артериялардың аурулары
Магистральды артерия аурулары, аорта доғасының тармақтарының окклюзиясы мен стенозы (созылмалы цереброваскулярлық жеткіліксіздік), спецификалық емес қолқа артерииті, Такаясу синдромы, кеуде қуысының шығу синдромы, Рейно ауруы, төменгі аяқтың ишемиясы (феморальды поплитеальді-тибиялық сегменттің окклюзиясы), Бюргер ауруы, ангионевроз кезінде клиникасын, диагностикасын, емдеу және алдын алу әдістерін зерттейді. Резидент пациенттермен тиімді қарым-қатынас жасайды, перифериялық артерияларда тиімді хирургиялық араласуды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 29
-
Қант диабетін хирургиялық емдеудің жалпы мәселелері (диабеттік табан синдромы)
Пәнді игеру барысында қант диабеті бар науқастарға мамандандырылған стационарлық хирургиялық көмек көрсету принциптері үйренеді. Диабеттік табан синдромы бар науқастарды стационарлық және емханалық деңгейде емдеу барысында пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады. Және де Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру алаңы шеңберінде әрекет етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Стационардағы ангиохирургия: тамыр хирургиясындағы қарқынды терапия мәселелері
Пән қан тамырлары аурулары немесе жарақаттары бар пациенттерден қарқынды терапияға көрсеткіштерді анықтау, пациенттердің функционалдық жағдайына мониторинг жүргізу үшін анестезиолог дәрігерлермен жұмыс істеу, ауырсыну синдромын жою, пациентке және оның заңды өкіліне жиі кездесетін асқынулардың туындау мүмкіндігі туралы хабарлау мәселелерінде дағдыларды қалыптастырады. Науқастарды емдеу барысында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру алаңы шеңберінде әрекет етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 15
-
Стационардағы ангиохирургия: веноздық және лимфа жүйелерінің аурулары
Веноздық жеткіліксіздікті, аяқ-қолдардың терең тамырларының жедел тромбозын, веноздық рефлюкс пен лимфа жүйесінің ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін меңгереді. Төменгі аяқтың перфорантты тамырларын эндоскопиялық диссекциялау, сүзгілерді орнату және флебосклероблитерация әдістерін жетілдіреді. Өзінің күнделікті қызметінде Халықаралық деректер базасын тиімді пайдаланады және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық алаңы шеңберінде әрекет етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 16
-
Хирургиядағы практикалық дағдылар
Пән хирургиялық дағдыларды, яғни тігіс салу техникасын, біріншілік хирургиялық өңдеу принциптерін, новокаинды блокадаларды, трахеостомия, әр түрлі қуыстардың пункциясын, қан кету кезінде көмек көрсету және қан құю ережелерін үйретеді. Резидент пәнді игеру адекватты зерттеу мәселелерін тұжырымдап, зерттеу командасының жұмысына қатысады, сондай-ақ пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да нысандарына белсенді қатысады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Стационардағы ангиохирургия: қолқаның кеуде бөлігінің және оның тармақтарының аурулары
Резидент кеуде аортасының аневризмаларын, аорта коарктациясын, торакоабдоминальды аневризмаларын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін меңгереді, сондай-ақ аневризмалар кезінде перифериялық артерияларды реконструкциялау, протездеу арқылы қолқа аневризмасын резекциялау, сызықтық протездеу арқылы қолқа коарктациясын резекциялау сияқты манипуляция жүргізеді. Резидент пациенттермен жұмыс істеу кезінде коммуникативтік дағдыларды жетілдіреді, аневризмалар кезінде хирургиялық араласудың жалпы принциптерін меңгереді, пікірталастарға, конференцияларға белсенді қатысады, үздіксіз кәсіби дамиды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 16
-
Стационардағы ангиохирургия: қолқаның іш бөлігінің және оның тармақтарының аурулары
Пәннен өту кезінде іштің аорта окклюзиясы, Лериш синдромы (іштің аорта бифуркация синдромы), созылмалы абдоминальды ишемия синдромы, жыныс мүшелерінің ишемиясы синдромы (тамырлы генездің импотенциясы) сияқты аурулардың клиникасы, диагностикасы және емі зерттеледі. Іштің аортасының висцеральды тармақтарын қалпына келтіру әдістерін, сондай-ақ аорта феморальды сегментінде қайталама операцияларды жүргізеді. Резидент кәсіби әдебиеттерді сыни тұрғыдан бағалайды, халықаралық мәліметтер базасын пайдаланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 29
-
Кардиохирургия
Пәнді игеру барысында туа біткен, жүре пайда болған жүрек ақауларын, жүректің ишемиялық ауруын клиникалық-зертханалық диагностикалау, шұғыл кардиохирургия бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады, электрокардиостимуляция негіздерімен таныстырады. Білім алушы анестезияның ерекшеліктерін және жүрек-қан тамырлары хирургиясындағы жүрек-қан айналымы әдістерін меңгереді. Резидент сонымен қатар өзін және басқа кәсіби топ мүшелерін оқыта отырып, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа түрлеріне белсенді қатысады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 16
-
Стационардағы ангиохирургия: симптоматикалық артериялық гипертензия. Хемодектомалар және тамырлардың ісіктері. Тамыр жүйесінің туа біткен аурулары
Магистральды артериялардың патологиясымен байланысты артериялық гипертонияны, осы жағдайлардағы хирургиялық тактиканы зерттейді. Қан тамырлары ісіктері мен химодектомаларды емдеу клиникасын, диагностикасын және тактикасын зерттейді. Тамыр жүйесінің туа біткен ауруларын, диагностика әдістерін және амбулаториялық кезеңді жүргізу тактикасын зерттейді, сондай-ақ туа біткен тамыр жүйесінің патологиясын емдеудің операциялық әдістерін зерттейді. Резидент ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін денсаулық сақтау мамандарымен тиімді әрекеттесе алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 19
-
Стационардағы ангиохирургия: жүрек және қан тамырларының шұғыл патологиясы
Резидент төменгі аяқтың ишемиясы, іштің аорта окклюзиясы, торакоабдоминальды аневризма, жедел перикардит, қан тамырларының жарақаты, оқ жарақаты және аяқ-қол тамырларының зақымдануы, жедел артериялық обструкция, жоғарғы аяқ-қол артерияларының тромбозы және эмболиясы, өкпе эмболиясы кезінде шұғыл көмек көрсете алады. Резидент зерттеудің аспаптық және зертханалық әдістерін дербес тағайындайды, ангиохирургияның шұғыл жағдайларында клиникалық диагнозды тұжырымдайды, коммуникативтік дағдыларды жетілдіреді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 29
-
Стационардағы ангиохирургия: рентгенэндоваскулярлық хирургия
Резидент жүрек және қан тамырлары ауруларын сәулелік диагностикалау принциптерін зерттейді. Пән ұйқы, омыртқа, висцеральды және төменгі аяқ артерияларының зақымдануын диагностикалау мен емдеудің рентгенэндоваскулярлық әдістерін үйретеді. Тәуекелдерді ескере отырып, резидент кеуде және іштің аорта аневризмасы, вазоренальды гипертензия, өкпе эмболиясы, бронх және өкпе қан кетулері үшін рентгенэндоваскулярлық араласуларды орындайды және ӨАТЭ-нің алдын алу шараларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 29
Профессии
Оқыту нәтижелері
- ангиохирургиялық патологиясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде оның тиімділігін бағалауға, тексеру жүргізуге, клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға қабілетті;
- пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның айналасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға қабілетті. Ангиохирургиялық стационарда медициналық персонал жұмысының ұйымдастырушылық, медициналық және деонтологиялық ерекшеліктерін игеруге қабілетті;
- медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті. Адекватты терапияны өз бетінше тағайындауға, ангиохирургиялық патологиясы бар пациенттерге қажетті шұғыл көмек көрсетуге, шұғыл және жоспарлы операциялық араласуларға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді анықтауға қабілетті;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру саласы шеңберінде өз мамандығы бойынша әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіби емес командалар құрамында жұмыс істеуге қабілетті. Пациенттерге ангиохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың, жедел шұғыл көмек, реабилитация жұмысын ұйымдастырудың теориялық мәселелерін меңгеруге қабілетті;
- барабар зерттеу мәселелерін тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық дерекқорларды тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті;
- өз бетінше оқуға және кәсіби команданың басқа мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың өзге де нысандарына белсенді қатысуға қабілетті.