Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02196 Музыкалық театр артисті в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде, инклюзивті қағидаттарды ескере отырып, өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады.
  • Өзінің болашақ мамандығының маңыздылығын түсініп, өзінің кәсіби қызметін сындарлы және тиімді ұйымдастырады
  • Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазу негіздерін меңгереді, академиялық адалдық принциптерн негізге ала отырып жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданады.
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын, тұрақты даму мақсаттарын ұстанып, экономикалық, инклюзиялық, экологиялық, қаржылық сауаттылық, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды.
  • Музыкалық театр тарихын зерттеудің әртүрлі әдістемелерін, спектакльді эстетикалық құбылыс ретінде зерттеу әдістемесін, актерлік және режиссерлік өнерді, сөйлеу өнерін, драма мен сахнаның өзара ықпалын тәжірибе барысында қолданады
  • Классикалық, заманауи, музыкалық драматургияны және театр өнерінің даму заңдылықтарын біледі.
  • Танымал өнер өкілдерінің драматургиялық шығармаларын талдай отырып, музыкалық актерлік өнердің заңдылықтары мен драматургияның негіздерін зерттейді
  • Дауыспен жұмыс жасау барысында сөйлеудің мәнерлі мүмкіндіктерін және вокалдық, хормен жұмыс жүргізу әдістерін игеріп, көркем мәтіндердің әртүрлі жанрларында авторлық сөзбен жұмыс істейді.
  • Роль орындау барысында қажетті техникалық қондырғылармен және костюм, декорация, грим, реквизит, сахна жабдықтарымен танысады.
  • Актердің пластикалық дамыған дене аппаратының кәсіби дағдыларын меңгеріп, би өнері және сахналық сайыс техникасын жетілдіреді.
  • Актерлік тренинг әдістерін жетілдіріп, рөлді құруда шығармашылық шешім тауып, және шығармашылыққа қажетті психофизикалық күй арқылы көркем бейнені жасайды.
  • Бірыңғай көркемдік идея аясында шығармашылық ұжымда режиссер, хормейстер серіктестермен және сахналық топтың басқа мүшелерімен шығармашылық қарым-қатынас орнатады.
  • Музыкалық репертуарлық жоспарларды және театрдың шығармашылық қызметінің басқа да мәселелерін талқылауға қатысады.
Top