6B07153 Электр энергетикасы в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну үшін жағдай жасауға бағытталған технологиялар, құралдар, тәсілдер мен әдістері жиынтығын құруға қабілетті маманды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B062 Электр техникасы және энергетика
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 6B071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
Жоғары Математика
Бұл пән студенттерге алгебра және аналитикалық геометрия, дифференциалдық және интегралдық есептеулер, көп айнымалы функциялар мен дифференциалдық теңдеулер негізінде жоғары математиканың іргелі ұғымдарын меңгеруге мүмкіндік береді. Пән электр энергетикасы саласындағы нақты қолданбалы есептерді шешуде математикалық аппаратты тиімді пайдалануға бағытталған. Сонымен қатар, ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың негізгі тұжырымдамалары қарастырылады: кездейсоқ шамалар, үлестірімдер, параметрлерді бағалау, статистикалық гипотезаларды тексеру, корреляциялық және регрессиялық талдау әдістері және техникалық, инженерлік міндеттерді шешуде қажетті математикалық білім мен дағдыларды береді, логикалық, ықтималдық және сандық ойлау қабілетін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физика
Физика пәні табиғат құбылыстарын сипаттайтын классикалық және заманауи физиканың негізгі заңдары мен принциптерін қамтиды. Пән аясында механика, молекулалық физика, термодинамика, тербелістер мен толқындар теориясы, электр және магнетизм, сондай-ақ атомдық, ядролық физика мен электрондық құрылғылардағы физикалық процестер жан-жақты қарастырылады. Білім алушылар заттың құрылымы мен қасиеттері туралы ілімді, аз токтық және күштік электрониканың жұмыс істеу принциптерін, сондай-ақ ондағы физикалық процестердің табиғатын меңгереді. Білім алушыларға физикалық құбылыстар мен процестерді ғылыми тұрғыда түсінуге, олардың заңдылықтарын кәсіби салада қолдана білуге мүмкіндік беретін терең теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түрік тілі (А1)
Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес білімгерлердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс білімгерлердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандыққа кіріспе
Пән мақсаты - мамандықтың кәсіби салалары мен түрлерін (жобалық-конструкторлық, өндірістік-технологиялық, ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық, монтажды-жөндеу, серсивтік-эксплуатациялық қызмет) қарастыру, энергетика жайлы негізгі ұғымдарды қалыптастыру, оның қазіргі заманғы қоғамдағы мәнін, даму тарихын түсіндіру. Энергетиканың барлық бөлімдері жайлы негізгі мәліметтер және олардың өзара байланысын, энергетикалық жүйелер мен оларда болатын түрлену процестерін, электр энергиясын өндіру, тарату және тұтыну, энергетикалық қондырғылардың жұмыс істеу қағидалары мен құрылысын, энергетиканың қазіргі кездегі деңгейі мен болашақта даму бағыттарын қарастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Түрік тілі (А2)
Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көшбасшылық теориясы
Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр қондырғыларындағы қауіпсіздік
Пәннің негізгі мақсаты электрмагниттік өрістен қорғауды, адамға электр тогының әсерін, адам денесінің электр тогына қарсылығын, адамның электр желісіне жанасу сұлбаларын, жанасу кернеуін және қадамдық кернеуді, электр қондырғыларының жіктелуін, электр тогымен зақымданудан техникалық қорғау шараларын, электр қондырғыларында қолданылатын қорғаныс құралдарын, электр персоналға қойылатын талаптарды, электр қондырғыларына жедел қызмет көрсету және тексеру, электр қондырғыларында жұмыс жүргізудің тәртібі мен шарттарын, ұйымдастыру іс-шараларын, электрмагниттік өрістен, алғашқы көмек электр тогынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді оқып үйретеді
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электроника
Пән электроникада қолданылатын аспаптар мен сұлбалардың негізгі типтерін, электрондық басқару жүйелеріндегі сигналдарды өңдеуге арналған сызықты, импульстік және цифрлық құрылғылардың әрекет ету принципі мен ерекшеліктерін бақылайды, нәтижесінде электр жетегінде және автоматикада қолданылатын түзеткіштердің диагностика жүйелерін жобалайды. Инверторлардың және автоматика жүйелерінің басқада түрлендіргіштерінің әрекет ету принципі мен ерекшеліктерінің ауыстыру сұлбаларын орындайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саладағы зерттеу дағдылары
ҚР Конституциясының, қолданыстағы заңнамасының негізгі ережелері; мемлекеттік басқару органдарының жүйесі, өкілеттіктер шеңбері, экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары, әдістері, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлі; қаржылық құқық және қаржы; материалдық және іс жүргізу құқығының өзара іс-қимыл тетігі; сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның пайда болу себептері; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін моральдық-адамгершілік, құқықтық жауапкершілік шаралары; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнама.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр техникасының теориялық негіздері І
Пән электр тізбектері элементтерін, олардың сипаттамаларын , тұрақты, синусоидалды және синусоидалды емес ток тізбектерінің теориясының есептерін шешеді, нәтижесінде екі полюсті және көп полюсті элементтері бар сызықты тізбектерді талдау әдістерін зерттейді. Үшфазалы тізбектердің негізгі ұғымдарын, анықтамаларын және есептеулерді орындайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Энергетикалық жүйелердегі жасанды интеллект
Пән білім алушыларға энергетикалық жүйелер контексіндегі жасанды интеллект (AI) принциптері, әдістері және құралдары туралы базалық білім береді. Білім алушыларды жасанды интеллект технологияларын түсіну, энергетика саласында қолдану және оларды сыни тұрғыдан бағалау үшін қажетті теориялық және практикалық дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім алушылар машиналық оқыту, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу, компьютерлік көру және интеллектуалды басқару жүйелері сияқты жасанды интеллекттің негізгі бағыттарымен танысады. Сонымен қатар, энергетикалық жүйелерде AI қолдану мысалдары мен сценарийлері, болашақтағы даму перспективалары қарастырылады. Жасанды интеллекттің негізгі түсініктерін меңгеріп, оларды энергетикалық жүйелерді талдау, болжау және оңтайландыруда қолдана алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түркі мемлекеттер тарихы
Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ясауитану
Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Академиялық жазбаға кіріспе
Пән академиялық жазбаның жанрлық ерекшеліктері мен құрылымын меңгеруге бағытталады. Білім алушылардың жазбаша ойды сауатты және жүйелі жеткізу, түрлі форматтағы академиялық мәтіндер (эссе, есеп, т.б.) құрастыру дағдылары дамытылады. Жазбаша тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын сақтау, ресми-академиялық стильде жазу құзіреттіліктері қалыптастырылады. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, халықаралық ғылыми дерекқорларды және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдылары игеріледі. Академиялық жазбалармен жұмыс барысында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәсілдері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ататүрік принциптері
Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Электр техникасының теориялық негіздері ІI
Пән тізбектердегі жалпы өтпелі процестерді, қалыптасқан және өтпелі режимдерді есептеу әдістерін зерттейді, нәтижесінде тұрақты және айнымалы токтың сызықты және сызықты емес электрмагниттік тізбектерінің сипаттамасын, электр және магнит өрісі, айнымалы электрмагниттік өрістерді есептеу жолдарын таңдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Электротехникалық материалтану
Пәнде электр техникалық материалдардың классификациясы, олардың басқа факторлардың әсерінен пайда болатын және электр магниттік өрісіндегі күйі, материалдардың атомды-кристалды құрылысы, сыртқы факторлардың әсерінен материалдардың құрылысы мен қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары оқытылады. Материалдардың электрлік сипаттамалары, диэлектрлік материалдардың физикалық процестері, электр техникалық материалдардың классификациясы жəне негізгі қасиеттері, электр энергетикалық және электр техникалық құрылғыларында электр техникалық материалдарды қолданудың негізгі принциптері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өнеркәсіптік кәсіпорынның энергия аудиті және энергия үнемдеу
Бұл пән өнеркәсіптік кәсіпорындардағы энергия тұтынуды тиімді басқару, энергия үнемдеу шараларын жоспарлау және енгізу, сондай-ақ энергия аудитін жүргізу әдістерін кешенді түрде қарастырады. Өндірістегі энергия ағындарын талдау, энергия баланстарын жасау, жабдықтардың энергия тиімділігін бағалау, энергия үнемдеу әлеуетін анықтау және оңтайландыру шараларын әзірлеу мәселелері қарастырылады. Заманауи энергия аудиті құралдары мен әдістемелері, жылу және электр энергиясын тұтынуды бақылау, нормативтік талаптар, ISO 50001 стандарты, энергия тиімділігі саласындағы отандық және халықаралық тәжірибе де қамтылады. Білім алушыларда өнеркәсіптік нысандарда энергия аудитін жүргізу және энергия үнемдеу бойынша техникалық-экономикалық тиімді шешімдер қабылдау үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр машиналары және трансформаторлар
Бұл пән электр машиналары мен трансформаторлардың құрылымы, жұмыс істеу принциптері және қолдану ерекшеліктері туралы жүйелі білім береді. Пән аясында тұрақты және айнымалы ток электр машиналарының (синхронды және асинхронды) жұмыс режимдері, орамдардың жалғану тәсілдері, номиналды көрсеткіштері, энергия түрлендіру үдерістері, эквивалентті алмастыру сұлбалары және олардың параметрлері қарастырылады. Сонымен қатар, электр қондырғыларының қуат коэффициентін арттыруға бағытталған электр машиналарының жұмыс принциптері мен құрылымдық ерекшеліктері оқытылады. Пән трансформаторлардың түрлері мен құрылымын, жұмыс режимдерін, орамдар мен жалғану топтарын, салқындату жүйесі мен қорғаныс аппараттарын, сондай-ақ трансформаторды дайындау технологиясы мен апаттық және асқын жүктеме жағдайларында сынау және монтаждау процестерін қамтиды. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар электр машиналары мен трансформаторлардың теориялық және практикалық негіздерін меңгеріп, оларды жобалау, таңдау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету салаларында кәсіби деңгейде қолдана алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Электр аппараттары және өлшеу техникасы
Пәннің негізгі мақсаты студенттерді электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну кезінде қолданылатын электр аппараттарының жіктелуімен, олардың конструкциясымен, сипаттамаларымен және негізгі параметрлерімен, әрекет ету принципімен, таңдау жағдайларымен, сондай-ақ қарапайым сынау принциптерімен таныстыру мақсатын қояды. Пән сондай-ақ негізгі өлшеу құрылғыларымен: қалқанды, ақпаратты беру функциясы бар өлшеу құралдарымен, көпфункционалды өлшеу аспаптарымен, қазіргі заманғы өлшеу трансформаторларымен таныстырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр станциялары
Пәннің мақсаты электрлік стансасы түрлерін, электр стансасы және қосалқы станса аппараттарының құрылысын, негізгі параметрлерін, тарату құрылғылардың электрлік сызбалары және құрылымдарын, электр энергиясын өндірудің технологиялық процестерін үйретеді. Сонымен қатар, электрлік қондырғылардың есептеме әдістерін, электр стансалары мен қосалқы стансалардың жаңартылған сұлба элементтерін, электр стансалары мен қосалқы стансалардағы автоматты басқару жүйесін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр энергетикасындағы компьютерлік технологиялар
Пәннің мақсаты – есептеу желілерін құрастыру концепцияларын, желілік архитектура және басқару жүйелеріндегі желі жұмысы мен негізгі типтерін, компьютерлік желілердің негізгі топологиясын және аппараттық компоненттерін, деректерді беру ортасына кіру әдістерін оқытады. Жергілікті желілердің базалық технологиялары бойынша білімді қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қайта жаңаратын энергия көздерін пайдалану
Пән жаңартылатын энергия көздерін, оларды елдің жалпы энергия теңгерімінде пайдалануды, энергияны ЖЭК технологияларында түрлендіру принциптерін оқып үйренуді мақсат етеді. Жаңартылатын энергия көздері түрлерінің алуан түрлілігі, қазіргі уақытта және перспективада олардың әлеуеті, пайдалану процесінде осындай энергия қондырғыларының негізгі элементтерінің жұмыс жағдайлары, ЖЭК негізінде энергия қондырғылары жүйелерінің жұмысын басқару ұйымдарының құрылымы, ЖЭК технологиясының қоршаған ортаға және экологияға әсері зерделенеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жылу техникасы және жылу энергетикасының негіздері
Пәннің мақсаты өнеркәсіптік және жылутехнологиялық өндірісте энергия пайдалану жолдарын, ел экономикасының негізгі салаларының жылуэнергетикалық жүйелерін, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінің жіктелуін, жылуэнергетикалық қондырғылардың жіктелуін, жылуэнергетикалық қондырғылардың жұмыс принциптерін және энергетикалық сипаттамаларын қарастырады. Жылу техникалық өндірістердің энергетикалық ресурстарын пайдалану, жылумен жабдықтау режимдері мен кестелерін құру принциптерін үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Стандарттау негіздері
Пәннің мақсаты стандарттаудың негізгі ұғымдары, құрылуы, әдістері, объектілері, стандарттаудың теориялық негіздері мен стандарттау объектілерін,стандарттарды әзірлеу, бекіту, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік стандарттар, Мемлекетаралық стандарттау, Халықаралық және аймақтық стандарттау туралы, ИСО стандарттарын және шет елдердің ұлттық стандарттарын, ғылыми -техникалық, инженерлік қауымдар және басқа қауымдық ұжымдардың стандарттарын, стандарттаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр жетегін жобалау
Бұл пән электр жетектерін жобалаудың теориялық негіздері мен практикалық әдістерін қамтиды. Электр жетегінің түрлері, олардың механикалық және электрлік сипаттамалары, әртүрлі жүктемелермен жұмыс режимдері қарастырылады. Білім алушылар электр қозғалтқышын жүргізу, тежеу, реверстеу процестерін басқару принциптерін және осы процестердің динамикасын меңгереді. Бұрыштық жылдамдықты реттеу әдістері мен схемалары, реттеу сипаттамаларына әсер ететін факторлар, жетектердің тиімді жұмыс режимдерін таңдау, сондай-ақ орындаушы механизмдер мен жұмыс машиналары арасындағы өзара әрекет принциптері талданады. Сонымен қатар, басқару жүйесінің элементтері, автоматтандырылған және цифрлық басқару технологиялары, энергия үнемдеу және сенімділік мәселелері де қарастырылады. Білім алушыларда әртүрлі технологиялық процестерге арналған электр жетектерін жобалау, таңдау және оларды тиімді басқару үшін қажетті білім мен дағдылар қалыптастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Электрмен жабдықтау және жарықтандыру
Бұл пән электр энергиясын тұтынушыларға жеткізу, тарату және оны тиімді пайдалану жүйелерінің теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Электрмен жабдықтау жүйелерінің құрылымы, жұмыс принциптері, жүктемелерді есептеу, желілерді жобалау, трансформаторлық қосалқы станцияларды таңдау және орналастыру мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ, жарықтандыру техникасының негіздері, ішкі және сыртқы жарықтандыру жүйелерін жобалау, табиғи және жасанды жарық көздері, жарық ағындарын есептеу әдістері, жарық құрылғыларын тиімді таңдау және орналастыру тәсілдері оқытылады. Білім алушыларға электрмен жабдықтау және жарықтандыру жүйелерін жобалау, талдау және тиімді пайдалану үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Электр жабдығын және жоғары кернеулі электр қондырғыларын оқшаулау
Пәннің мақсаты – газ тәрізді, сұйық және қатты диэлектриктердегі электр разрядын, жоғары вольтты оқшаулауды бақылау және сынау әдістерін, электр өрістерінің конфигурациясын және жоғары кернеудің электр жабдықтарын оқшаулау әсерін, айнымалы және тұрақты токтың жоғары кернеулерін алуға арналған қондырғылардың жұмыс принциптерін зерттеу. Оқшаулаудың алдын алу кезінде жұмыс жүргізуге үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Электр энергетикасындағы өтпелі процестер
Пән энергетикалық жүйе режимінің әртүрлі ауытқулары бар өтпелі процестердің физикалық негіздері, электромеханикалық және электромагниттік өтпелі процестерді есептеу әдістері саласындағы базалық білімді үйретеді. Электрэнергетикалық жүйенің статикалық және динамикалық тұрақтылығы және оны жақсарту жолдары туралы, энергетикалық жүйелердің тұрақтылығын арттырудың өтпелі процестері туралы білімдерін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Электр энергетикасындағы энергия менеджменті және инновациялық технологиялар
Бұл пән электр энергетикасы саласындағы энергия менеджментінің теориялық және практикалық негіздерін, сондай-ақ инновациялық технологиялардың қолдану мүмкіндіктерін қарастырады. Энергияны тиімді басқару, тұтынуды оңтайландыру, энергия ресурстарын үнемдеу және экологиялық тұрақтылық мәселелері зерттеледі. Білім алушылар энергия менеджменті жүйелерінің құрылымы мен функцияларын, интеллектуалды энергетикалық жүйелерді, «ақылды» желілер (smart grids), энергия сақтау технологияларын және жаңартылатын энергия көздерімен интеграцияны меңгереді. Сонымен қатар, инновациялық технологиялардың электр энергетикасындағы рөлі мен болашағы, энергия тиімділігін арттырудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолданылуы қарастырылады. Білім алушыларды заманауи энергия менеджменті әдістерімен, инновациялық технологиялармен таныстырып, электр энергетикасындағы энергия тиімділігін арттыру бойынша кешенді шешімдер әзірлеуге дайындайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Электр энергетикалық жүйелерді релелік қорғау негіздері
Пән қазіргі заманғы релелік қорғаныс техникасының теориялық негіздері мен талаптарын, релелік қорғаныс схемаларын құру принциптерін, олардың жұмыс ерекшеліктерін және параметрлерін таңдауды үйретеді. Релелік қорғанысты дамытудың қазіргі заманғы және перспективалық бағыттарын, негізгі проблемалары туралы мәліметтерді, релелік қорғаныс элементтерінің қызметін, қорғаныс түрлерін, схемаларын, жұмыс істеу принциптерін, электромагниттік және электрлік апаттық режимдерінде жұмыс істеу тәсілдерін, тұтынушылардың жүктемесіне сай құрылғылар таңдауды және оларға қойылатын талаптарды қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Электр желілері мен жүйелері
Пәннің мақсаты электр энергетикалық жүйелер мен желілерінің құрылымы мен элементтерін, сипаттамаларын, электрлік жүктемелерін, электр желілерінің энергия мен қуат шығындарын есептеудің тәжірибелік әдістерін үйретеді. Сонымен бірге өндірісті сыртқы және ішкі электрмен жабдықтаудың схемаларын, электр қабылдағыштарын категорияларға бөлу, электр тораптарын есептеу және тұтынушыларды сапалы электрмен қамтамасыз ету жолдарын қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ЖЭК қолдана отырып, шағын электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау
Пәннің мақсаты – электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау жұмыстарының мазмұнымен және оларды құрастырудың негізгі принциптерін, жұмыс құжаттамасын жүргізуді, жобалау жұмыстарын ұйымдастыру технологиясын, электр станциялары мен тарату құрылғыларының коммутациялық және қорғаныс электр жабдықтарын таңдауды, жаңартылатын энергетика қондырғыларының жобаларын және энергия үнемдеу жобаларын іске асырудың экономикалық тиімділігін бағалау және оңтайландыру әдістерін үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр станцияларын жобалау
Пәннің мақсаты – әр түрлі электр станцияларын жобалау жұмыстарының мазмұнымен және оларды құрастырудың негізгі принциптерімен, станцияның бас схемасын және тарату құрылғыларының схемаларын құрумен, қысқа тұйықталу токтарын шектеу әдістерімен, жабдықтар мен ток өткізгіш бөліктерді таңдау, тексеру әдістемесімен, станциялардың, тарату құрылғыларының өз мұқтаждықтарын электрмен жабдықтауды жобалаумен және қабылданатын шешімдердің техникалық-экономикалық негіздемесімен таныстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өнеркәсіптік кәсіпорындар объектілеріндегі және олардың инфрақұрылымындағы энергия үнемдеу технологиялары
Пән энергоресурстарды үнемдеу, үдерістің шығуында өнім сапасын жақсарту үшін түрлендіргіштерді бірлесіп пайдалана отырып технологиялық процестерді жүргізу тәсілдерін үйретеді. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелерін, отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiн, өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйелеріндегі техникалық-экономикалық есептеулерін, ашық және жабық тарату құрылғыларын құрастыруларын, арнайы электр қабылдағыштарды электрмен жабдықтау ерекшеліктерін, ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғаудың арттыру жолдарын қарастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр станцияларының электр жабдықтарын пайдалану
Пән электр станциялары мен қосалқы стансаларының негізгі және қосалқы электр жабдықтарының (ЭСжҚС) тағайындалуы мен конструкцияларымен таныстырады. ЭСжҚС электр жабдығын пайдалану ерекшеліктерін, профилактикалық қызмет көрсетуді жоспарлауды, электр жабдығын техникалық тексеру және жөндеу стандарттарын, электр жабдықтарын алдын алу және диагностикалау әдістерін оқытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Трансформаторларды жобалау және құрастыру
Пәннің мақсаты трансформатордың түрлері мен құрылымын, элементтерінің және трансформатордың жұмыс режимдерін, трансформаторға қажетті материалдарды таңдау мен оны дайындау технологиясын, трансформатор орамдары және жалғану топтарын, қорғаныс аппараттарының орналасуын, салқындату жүйесі элементтерін монтаждауды, апаттық асқын жүктемеге трансформаторларды сынау және жобалауды қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр энергиясын тасымалдау және тарату
Пәннің мақсаты энергия тасымалдау жүйелеріндегі электр энергиясын өндіруін, тасымалдау әдістерін, электр қондырғылардың типтерін, құрылысын, жұмыс істеу принциптерін, релелік қорғаныс элементтерінің жалғану схемасы, жұмыс істеу принциптерін, техникалық сипаттамаларын, түрлендіру жолдарын, автоматтандыру технологияларының талапқа сай жұмыспен қамтамасыз ету жолдарын қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ЖЭК электр жабдықтарын монтаждау, баптау және пайдалану
Пән электр және монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздерімен, жаңартылатын энергия көздерінің электр жабдықтарын монтаждау, баптау және пайдалану тәсілдері мен кезеңдерімен, нақты инженерлік-техникалық міндеттерді шешу үшін қабылдау-тапсыру құжаттамасын жүргізуін үйретеді. Студенттерді электр станциялары мен қосалқы станциялардың электр техникалық жабдықтарын монтаждау, жөндеуді ұйымдастыру және орындау тәсілдерімен, кабельді және әуе желілерін монтаждау, жөндеу технологиясымен таныстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр жабдықтарын монтаждау, баптау, пайдалану және жөндеу
Бұл пән өндірістік, тұрмыстық және энергетикалық нысандарда қолданылатын электр жабдықтарын дұрыс орнату, іске қосу, техникалық қызмет көрсету және ақауларын анықтап жөндеу бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастырады. Электр жабдықтарының түрлері, олардың құрылымдық ерекшеліктері, монтаждау технологиялары, реттеу-баптау жұмыстары, техникалық күйін бағалау әдістері, жөндеу түрлері мен кезеңдері қарастырылады. Сондай-ақ, қауіпсіздік техникасы талаптары, нормативтік-техникалық құжаттармен жұмыс істеу, электр қондырғыларын диагностикалау құралдары, автоматтандырылған басқару жүйелері және заманауи техникалық шешімдер де оқытылады. Білім алушыларға электр жабдықтарының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету, сенімділігін арттыру және қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру үшін қажетті кәсіби білім мен тәжірибені меңгертеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
ЖЭК - генерациялау құрылғылары мен жүйелерін қолданудың энерго-экологиялық-экономикалық аспектілері
Бұл пән жаңғыртылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалануға арналған генерациялау құрылғылары мен жүйелерін қолданудың энергетикалық, экологиялық және экономикалық аспектілерін кешенді түрде қарастырады. Күн, жел, биомасса, су және геотермалдық энергия көздеріне негізделген жүйелердің жұмыс принциптері, құрылымдық ерекшеліктері, техникалық сипаттамалары және олардың энергетикалық тиімділігі зерделенеді. ЖЭК қолданудың қоршаған ортаға әсері, көмірқышқыл газының эмиссиясын азайту мүмкіндіктері, «жасыл» энергетиканың рөлі және орнықты даму мақсаттарына қосатын үлесі талданады. Экономикалық тұрғыдан жаңартылатын энергия жүйелерінің тиімділігін бағалау әдістерін, инвестициялық тартымдылығын, жобалық талдау негіздерін және энергия нарығындағы орны мен даму тенденцияларын қамтиды. Білім алушыларда жаңғыртылатын энергия көздерін қолданатын жүйелердің жұмысын кешенді бағалау, экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді шешімдер қабылдау үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр энергиясын есепке алу, басқару, бақылау және бөлу
Бұл пән электр энергиясын тұтынушыларға сенімді жеткізу, оны дәл есепке алу, тиімді басқару және бақылау жүйелерін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Пән аясында электр энергиясын есепке алу құралдарының түрлері мен құрылымы, өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету әдістері, басқару және бақылау құрылғылары, автоматтандырылған есепке алу жүйелері (АСКУЭ), сондай-ақ электр энергиясын бөлу сұлбалары мен құрылғылары қарастырылады.Білім алушылар энергияны тұтынуды басқару, жүктеме бақылау, есепке алу деректерін талдау, авариялық жағдайлардың алдын алу және электр энергиясын жоғалтусыз тарату тәсілдерімен танысады. Сонымен қатар, заманауи цифрлық технологиялар мен интеллектуалды энергетикалық жүйелердің (smart grid) элементтері де оқытылады. Білім алушыларға электр энергиясын есепке алу, басқару, бақылау және бөлу үдерістерін тиімді ұйымдастыру үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғарғы кернеулі техника
Пәннің мақсаты жоғары кернеулі қондырғыларының типтерін, құрылысын, жұмыс істеу принциптерін, оқшауламалары, найзағайлық және ішкі асқын кернеулер, электрлік реактор қондырғыларын номинальды керенуіне байланысты таңдау жолдары және электр жүйесі элементтерін қорғау, техникалық жүйелерді жобалау кезеңдерін, принциптерін, әдістерін білуге үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр станцияларының электр жабдықтарын монтаждау және жөндеу
Пәннің мақсаты электр станцияларының электр жабдықтарын монтаждау мен іске қосу және жөндеу жұмыстары мен эксплуатациялау, электр қозғалтқыштарын, тарату құрылғыларын, әуе және кабельдік электр желілерін, электрмен жарықтандыру және тарату құрылғыларын құрастыру дағдыларын оқытады. Электр станцияларының электр қондырғыларына күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу, электр жабдықтарының желілерін эксплутациялау, жөндеу және монтаждау жұмыстарын, монтаждаудың ұйымдық және техникалық сұрақтарын қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр желілеріндегі режимдерді есептеу
Пәннің мақсаты – электр желілері мен жүйелерінің режимдерін есептеу және талдау теориясын, оларды есептеу және оңтайландыру әдістері саласындағы білімді меңгерту. Электр режимдерін есептеу технологиясын, бастапқы деректерді анықтау әдістерін, электр жүйелерінің әртүрлі режимдерін есептеу алгоритмін зерттейді. Электр энергетикасы жүйелеріндегі перспективалық, ағымдағы және авариялық режимдерді есептеу және талдау, есептеу модельдерін қалыптастырады. Электр желілері мен жүйелерінің режимдерін есептеуде RastrWin және PSCAD бағдарламаларын қолдануды үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Баламалы және жаңартылатын электр қондырғыларының теориялық негіздері
Пәннің мақсаты энергия көздерінің жел, күн сәулесінің, геотермальды жер асты суының, биомасса энергияларын электр энергиясына түрлендіру әдістерін,жаңғыртылатын энергия көздеріне негізделген энергетикалық жүйелердегі қондырғылардың құрылымын, энергия үнемдеу технологияларын, гелио энергетикалық қондырғылардың жұмыс істеу тәртібін және оның модельдеу тәсілдерін, дербес тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың тиімді жолдарын қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр станцияларының электр жабдықтарын монтаждау және жөндеу
Пәннің мақсаты электр станцияларының электр жабдықтарын монтаждау мен іске қосу және жөндеу жұмыстары мен эксплуатациялау, электр қозғалтқыштарын, тарату құрылғыларын, әуе және кабельдік электр желілерін, электрмен жарықтандыру және тарату құрылғыларын құрастыру дағдыларын оқытады. Электр станцияларының электр қондырғыларына күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу, электр жабдықтарының желілерін эксплутациялау, жөндеу және монтаждау жұмыстарын, монтаждаудың ұйымдық және техникалық сұрақтарын қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр желілері мен жүйелерін жобалау
Пәннің мақсаты – электр желілері мен жүйелерін құрылымын жобалау және визуализациялау бойынша білімді қалыптастыру. Электр желілері мен жүйелері компоненттерінің негізгі сипаттамаларын және оларды жергілікті жерге орналастыру ерекшеліктерін, даму нұсқаларының техникалық-экономикалық негіздемесін, жұмыс режимдерін есептеу және реактивті қуат пен кернеу режимін оңтайландыру әдістерін үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр энергетикалық жүйелердің электр жабдықтарының жұмыс режимдері
Бұл пән электр энергетикалық жүйелер құрамындағы электр жабдықтарының (трансформаторлар, реакторлар, ажыратқыштар, коммутациялық аппараттар, қорғау құрылғылары, өлшеу және бақылау құралдары және т.б.) жұмыс режимдерін, олардың өзара әрекеттесуін және жүйенің жалпы тұрақтылығына әсерін кешенді түрде қарастырады. Электр жабдықтарының номиналды және апаттық режимдегі жұмыс ерекшеліктері, жылу және электрлік жүктемелер, ток және кернеу бойынша шектеулер, сондай-ақ жүйедегі кернеуді реттеу, реактивті қуатты басқару және жүктеме теңгеру процестері зерттеледі. Нақты жұмыс жағдайларына байланысты жабдықтың сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. Білім алушыларға электр энергетикалық жүйелерде қолданылатын жабдықтардың түрлі жұмыс режимдерін талдау, бағалау және оңтайландыру үшін қажетті теориялық және практикалық білім мен дағдыларды қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр энергетикасындағы SCADA жүйесін құру негіздері
Пән SCADA жүйелерінің заманауи компоненттері, жұмыс істеу принципі талдайды, нәтижесінде SCADA жүйелерінің бағдарламалық-аппараттық кешендерінің жұмысын бақылайды. SCADA жүйелерінің басқаруымен жұмыс істейтін контроллерлер мен атқарушы құрылғыларды қолданып технологиялық процестерді автоматты және автоматтандырылған басқарудың тиімді жүйелерін құру әдістерін әзірлейді. Басқару жүйелерінің функцияларын жүзеге асыруға өндірістік контроллерлерді бағдарламалау; заманауи техникалық құралдар мен технологиялық SCADA жүйелеріне негізделген басқару жүйелеріне зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау
Пәнде электрмен жабдықтау жүйелеріне қойылатын талаптарды, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қуат жүктемелерінің әртүрлі кезеңдеріндегі электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау принциптерін, жарықтандыру қондырғыларын электрмен жабдықтауды, цехтық трансформаторлардың санын, қуатын және орналасуын таңдауды, сыртқы және ішкі электрмен жабдықтау схемалары, электрлік жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, электр жабдықтарын монтаждау әдістері мен кезеңдері, қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеуін үйретеді. Нақты инженерлік-техникалық есептерді шешу үшін алған білімдерін қалыптастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде, инклюзивті қағидаттарды ескере отырып, өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
- Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
- Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады
- Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
- Математика және физика саласында алған базалық білімдерін жинақтайды және жетілдіреді, оларды кәсіби қызметті ұйымдастыруда көрсетеді.
- Компьютерлік желілерде жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып, заманауи компьютерлік, ақпараттық технологияларды, цифрлық техниканы және электр энергетикасындағы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланады.
- электртехникалық өлшеу құралдарын, автоматты басқару жүйелерін, электронды аспаптардың сипаттамаларын, релелік қорғаныс және микропроцессорлық кешендердің автоматикасының базасында есептерді шешеді
- электр энергетикасы объектілері жұмысының тиімді өндірістік-технологиялық режимдерін анықтайды
- электр машиналарының параметрлерін, автоматтандырылған электр жетектерінің элементтерін таңдайды
- жаңғыртылатын энергия көздері негізінде электр станциялары мен энергетикалық кешендердің электр қондырғыларының элементтерін таңдай алады
- электр станцияларының, кәсіпорындардың электр желілері мен жабдықтау жүйелерінің электр техникалық жабдықтарына монтаждық және жөндеу жұмыстарын жүргізе алады
- өндіріс орындарын электрмен жабдықтауда, жарықтандыру жүйелерін жобалауда электр техникалық қондырғыларын таңдап, қалыпты және апаттық режимдерін талдай алады