Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02310 Филология: қазақ тілі в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

  • Әдебиеттануға кіріспе

    Мақсаты: Көркем әдебиеттің жалпы қасиеттерімен байланысты маңызды теориялық ұғымдармен, түсініктермен, жекелеген көркем шығарманың ерекшеліктерімен, әдеби дамудың заңдылықтарымен таныстыру. Көркем әдебиетті түсіну үшін қажетті іргетас қалыптастыру. Мазмұны: Көркемдік әдістерді сипаттау. Әдебиеттанудың мәселелерін талқылауда ойын толық жеткізіп, өз көзқарасын қорғау. Эксперимент жасап және көрсете білуге шығармашылықпен жол таба білу. Әр түрлі кезеңдегі ақын-жазушылардың шығармаларын түсіндіру, әдеби еңбектерді сыни бағалай білу, зерттелген материалды қорытындылау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Практикалық қазақ тілі

    Мақсаты: Тіл білімінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын практикалық тұрғыда меңгертіп, білім, білік қалыптастыру. Мазмұны: Тіл саласындағы негізгі тақырыптарды терең меңгеру, тілдік талдаудың әртүрлі түрлерін орындау дағдыларын, емле және пунктуация ережелерін қолдандыра білу, өздігінен және өзара тексеруден өткен диктанттарды жазу дағдыларын қалыптастыру. Емле мен пунктуацияның негізгі ережелерін іс жүзінде қолдана отырып, әдеби тілде жазбаша және ауызша еркін сөйлеу дағдыларын дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тілдік деңгейлер бойынша талдау

    Мақсаты: Мектеп бағдарламасы көлемінде қазақ тілінен білім, білік дәрежелерін жүйелі түрде тиянақтап, кешенді талдауды терең игерту. Мазмұны: Тілдік талдау немесе лингвистикалық талдау арқылы тіл бірліктерінің сипаттамаларын, заңдылықтарын, ерекшеліктерін, бөліну жолдарын, бір-бірімен байланысу амалдарын ажыратып саралауды көрсету. Тілдік талдаудың маңызды шарттарын, оның негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерімен таныса келе, келесі сатыда тілдік фактілер негізінде өз бетімен ойлауға, сол құбылыстың белгілеріне сүйене отырып өзіндік ереже шығаруға шешім қабылдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Оқытылатын тіл теориясының негіздері

    Мақсаты: Студенттерді тіл біліміндегі негізгі теориялармен қаруландыру, оларға тіл туралы ғылымның өткен тарихынан, қазіргі күйінен алда тұрған міндеттерінен, шешілген және әлі шешілмеген мәселелерінен жан-жақты мәлімет беру. Мазмұны: Лингвистика ұғымы жайлы түсінік қалыптастырады. Тілді тілдік бірліктер мен олардың таптары, категориялары қалыптастыратын белгі жүйесі ретінде қарастырады. Тілді эндогендік және экзогендік сипатқа ие абстрактілі әмбебап құрылым ретінде сипаттайды. Тілді жүйе ретінде жіктейді. Тілдің ойлауға әсерін бағалайды. Тілдің шығу тегін түсіндіреді. Тілдерді жіктеудің әр түрлі тәсілдерін қолданады. Тілді типологиялық жағынан жіктейді. Тілдердің генеалогиялық жіктелуін салыстырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттану ғылымындағы зерттеулер

    Мақсаты: Әдебиеттану тарихы мен оны дәуірлеудің өзекті мәселелерін қарастыру. Түрлі кезеңдерде өмір сүрген ақындар шығармашылығына ғылыми зерттеулер жүргізу. Мазмұны: Шығармашылық үдерістің теориясы мен практикасы туралы негізгі ережелерді қарастыру, өнерді бейнелі ойлау мен дұрыс қабылдаудың жалпы принциптерін сипаттау, адам өміріндегі көркем шығармашылықтың маңыздылығын бағалау. Өнер шығармаларын бағалауда эстетикалық талғам мен қабілет қалыптастыру, кәсіби білім мен дағдыларды дамыту және нығайту. Көркем шығармашылық идеясын саналы процесс ретінде бағалауды үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Мақсаты: Қаржылық әл-ауқатқа жету үшін маңызды болып табылатын жеке және отбасылық қаржылық ресурстарды зерттеу. Мазмұны: Қаржылық жоспарлау және тұтынушылардың қауіпсіздігі. Ақшаны тиімді жұмсаудың және үнемдеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Жеке қаржылық ресурстарды қорғау және инвестициялау. Жеке қаржының рөлі мен маңызы, оның қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізудегі мүмкіндіктері. Көптеген күмәнді қаржылық ақпаратты сүзгілеу. Жауапкершілікті өз бетінше басқаруға ынталандыру және тұтынушының оңтайлы қаржылық мүмкіндіктері. Кәсіби мансап құру кезінде сауатты қаржылық шешімдер қабылдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Мұхтартану

    Мақсаты: Мұхтартану ғылымының қалыптасу тарихын, даму бағытын студенттерге ұғындыру, М.Әуезов шығармашылығы туралы әдебиет тарихы контексінде тарихи, әдеби түсінік қалыптастыру. Мұхтартану пәні бойынша өз бетімен ізденістер жүргізуге, өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру. Мазмұны: М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолы, Семей, Ташкент, Санкт-Петербург кезеңдері, М.Әуезовтің публицистикасы, жазушының «Абай», «Шолпан» журналдарындағы қызметі, «Қорғансыздың күні», «Қыр суреттері», «Оқыған азамат», «Көксерек» әңгімелері, «Еңлік-Кебек» пьесасы, «Қилы заман», «Қараш-қараш» оқиғасы» повестері, «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Абай Құнанбаев» монографиясы, М. Әуезовтің Оңтүстікке жасаған ғылыми-шығармашылық сапары туралы мағлұмат алады. Жазушының шығармаларының тақырыбы мен идеясы, кейіпкерлер әлемі, көркемдік болмыс-бітімі жайлы жан-жақты танысады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Абайтану

    Мақсаты: А.Құнанбайұлы арқылы «Қазақтану» жобасындағы «ұлттық кодты» сақтау мен дәріптеу. Мазмұны: ХІХ-ХХғ. Қазақстан тарихына, қазақ әдебиетіне тарихи шолу жасау. Абайтану саласының дамуындағы ХХ-ХХІ ғасырдың абайтанушыларының еңбектері. Абайдың шығармашылығының хронологиясы. Абай - қазақ халқының ұлы ақыны, этнограф, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Абай - «Қарамола Ережесі» заңдар жинағының құрастырушысы, қоғамдық маңыздылығы. Абай - ойшыл, дінтанушы, философ. Абайдың білім және ғылым саласындағы рөлі, «Толық адамды» қалыптастыру идеясы. Абайдың аудармалары, поэмалары, «Қара сөздері», «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қ.Тоқаев «Абай және Қазақстан ХХІ ғасырда» маңыздылығы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы

    Мақсаты: Сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу заңдылықтарының негізінде студенттерге тілдің дыбыстық жүйесі мен ерекшеліктерінен, үндестік заңынан, орфоэпия мен орфографиядан, сонымен катар қазақ тілінің фонетикалық даму заңдылықтары туралы теориялық тұрғыдан жүйелі білім беру. Мазмұны: Қазіргі қазақ тілі саласында фонетиканың тілдік жүйенің бір қыры және жүйелі құбылыстың ғылыми саласы ретінде өзіндік ерекшеліктерін ашу; тілдің фонетикалық құбылыстарын талдау, мәтінді транскрипциялауды (фонетикалық және фонемалық транскрипция) үйрету, тілдің интонация құрылымдарына жататын, зерттелетін мәселелер бойынша қазіргі лингвистикалық әдебиеттермен жұмыс жасау мүмкіндігін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Балалар әдебиеті

    Мақсаты: Білім алушылар балалар әдебиеті жанрымен, оның тарихи даму кезеңімен, балаларға арналған балалар әдебиеті туралы білім беру, оны тәжірибеде қолдану біліктілігін қалыптастыру. Мазмұны: Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі. Балалар әдебиетінің ерекшеліктері. Қазақ балалар әдебиетінің негіздері. XIX ғасырдағы балалар әдебиеті. XX ғасырдың басындағы балалар әдебиеті. 20-30 жылдардағы балалар әдебиеті. 1940-50 жылдардағы балалар әдебиеті. 1960-80 жылдардағы балалар әдебиеті. Қазіргі қазақ балалар әдебиеті.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ халқының ауыз әдебиеті

    Мақсаты: Қазақ ауыз әдебиетін тарихи контексте қарастыра отырып, синкретті өнер екендігіне, дәстүрлілігіне, көп варианттылығына мән беру және оның көркем-танымдық, тәрбиелік ерекшеліктерін зор мәдени мұра ретінде зерделеу. Мазмұны: Ауыз әдебиетінің ерекшеліктері; фольклор және фольклористика ғылымы; фольклордың пайда болу тарихы, оның халық өнері екендігі; ауыз әдебиетінің түрлері: тұрмыс-салт жырлары, аңыздар, эпостық шығармалар, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, ертегілер, айтыс өнері оның түрлері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Графика және орфография

    Мақсаты: Студенттерді оқытуда орфографиялық ережелерді мұқият сақтай отырып, сауатты жазу мәселесіне баса назар аударту. Мазмұны: Қазақ жазу таңбасының негіздерін сипаттау. Емле мен пунктуация ережелерін қолдану, алынған ақпараттарды бағалау, ғылыми мәтіндерді өңдеу және талдау, негізгі білім-ғылым жанрындағы мәтіндерді құрастыру, емле дағдыларын, айтылуымен тыныс белгілерді дұрыс қою, жазбаша және ауызша тілдік формалар т.б. игерту. Өзін-өзі және өзара тексеру әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жасанды интеллект негіздері

    Мақсаты: AI-Sana бағдарламасының басымдықтарын ескере отырып, жасанды интеллект құралдары мен әдістерін практикалық қолдану және білімді пайдалану саласында құзыреттіліктерді қалыптастыру. Мазмұны: Жасанды интеллектке (AI) кіріспе. Практикалық дағдылар мен дағдыларды дамыту: AI құралдарын қолдану; үлкен тілдік модельдермен (LLM) жұмыс істеу; кодсыз жасанды интеллект платформаларын пайдалану; генеративті жасанды интеллект құралдары; кескінді тану; табиғи тілді өңдеу (NLP); AI көмегімен деректерді визуализациялау. Әртүрлі салаларда AI қолдану туралы түсінікке ие болу; AI-sana бағдарламасының тәсілдерін интеграциялау арқылы AI әлеуетін ашу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, тұлғаның берік адамгершілік негіздерін, азаматтық ұстанымын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың орнықты дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Құқықтық нигилизмді еңсеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласында білім алушылардың құқықтық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа саналы көзқарасты қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлық мінез-құлқынан, сыбайлас жемқорлық моралінен, этикасынан адамгершілік тұрғыдан бас тарту. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қажетті дағдыларды игеру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандартын жасау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау, заңдылық, заңға құрмет идеяларын тарату. Сыбайлас жемқорлықтың табиғатын түсінуге, оның көріністерінен әлеуметтік шығындарды сезінуге, өз ұстанымын дәлелді қорғай білуге, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін еңсеру жолдарын іздеуге бағытталған қызмет.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Түркітануға кіріспе

    Мақсаты: Түркі тілдерін және олардың тарихын сипаттау. Жалпы лингвистиканың және түркі тілдерінің негіздері туралы білімдерін қалыптастыру. Мазмұны: Қазақстанның заманауи мәдениетінің бастауларына деген қызығушылығын арттыру, керекті түсініктер қалыптастыру. Түркі тілдерінің негізгі даму этаптары мен оның фонетика-морфологиялық ерекшеліктері туралы түсініктер базасын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен дамуы

    Мақсаты: Қазіргі қазақ тілінің сөздік қорын (лексикалық байлығын) игере отырып, сөздік түзудің қазақ тілінің бүкіл тарихи дамуы барысында қалыптасқанын көрсету. Мазмұны: Лексикологияны және оның жетістіктерін зерттеу негізінде әртүрлі сөздік қорларын, лексикография туралы теориялық білімдерінің кең ауқымын ғылыми тұрғыда жинақтау. Лексикография және лексикология – ғылымның екі тармағы, бір-бірімен тығыз байланысты қарастыру. Сөздіктердің сапасы мен осы ғылымның қалай және қандай дәрежеде зерттелетініне байланысты екендігін түсіндіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы

    Мақсаты: Құрылымдық бірліктер мен сөздік құрамдағы базистік лексиканы қамтитын лексикологияның теориялық және практикалық негіздерін анықтау. Мазмұны: Лексикологияның негізгі категорияларын қарастыру. Мәтiннiң түпнұсқа мәтiндерiнде ақпараттық базаның кеңеюiн көрсету. Лексикологиядағы парадигматикалық және синтагматикалық қарым-қатынастарын салыстыру. Лексикалық бірліктердің қарым-қатынасы мен өзара тәуелділігін талдау. Лингвистика саласындағы лексикологияның алатын орнын, түсіндірмелі сөздіктердің түрлерін, сөздің тар және кең мағынасын, неологизмдер, архайзмдер, диалектілер, жаргон, аргон, эвфемизм, десфемизм, табу т.б. сөздерді меңгерту арқылы студенттердің кез келген жанрдың толық лексикологиялық мәтіндік талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ жазуының тарихы

    Мақсаты: Ата-бабаларымыз бастан кешірген жазба тілмен, яғни ескі әліпбилермен танысып, олардың шығу тарихы мен мән-мағыналарын ашу. Мазмұны: Жазу және жазба тілінің теориялық негіздері, жазба тіл мен ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтау. Жазудың түрлері: идеографиялық жазу мен идеограммаларға анықтама беру. Табылған аймақтары мен жазудың сипаты, Түркі туыстас тілдердің, қазақ тілі графикасының дамуындағы кезеңдердің зерттелуі мен көзқарастар жайында мағлұмат беру. Графикалық лингвистика, оның палеография, эпиграфика, орфография тарауларын меңгерту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық

    Мақсаты: Қаржылық әл ауқатқа жету үшін маңызы бар жеке және отбасылық қаржылық ресурстарды басқаруды, кәсіпкерлікқызметтіұйымдастырудыдағдыларыноқыту. Мазмұны:Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны қалыптасу шарттары. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық түрлері. Кәсіпкерліктегі тәукелділік. Кәсіпкерліктегі бизнес-жоспарлау. Кәсіпкерлік келісімдерді ұйымдастыру. Кәсіпкерліктегі мәдениет және этика. Кәсіпкерлік қызметің қаржыландыру. Қаржылық сауаттылық түсінігі,мақсаттары мен міндеттері.Ақша,есеп айырысу және төлемдер.Жеке қаржы:кіріс,шығыс, бюджет.Салықтар және жеке тұлғаларға салық салу.Зейнетақылар және сақтандыру.Халыққа банктік қызмет көрсету.Жеке тұлғалардың банкроттығы және қаржылық тәуекелдер.Қаржылық пирамида және жеке қаржылық қауіпсіздік.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дәуір және Орта ғасырлардағы әдебиет тарихы

    Мақсаты: Ежелгі және орта ғасырлар әдебиетін лингвопоэтикалық, тарихи-әлеуметтік контексте қарастыру. Мазмұны: Ежелгі дәуір әдебиеті – әдебиет тарихының бастауы ретінде. Ежелгі дәуір әдебиетіндегі кезеңдер: көне түрік әдебиеті, ислам дәуірі әдебиеті, Алтын Орда жәдігерлері; «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама», Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, А.Иасауи мұралары, «Кодекс куманикус», Рабғузидің «Қисса ул анбия», Хорезмидің «Мухаббатнама», С.Сарайдың «Гүлістан би турки» еңбектері, олардағы діни, тарихи-мифологиялық желі, сопылық мотивтер, шағатай өрнегі. Төл әдебиетіміздің тарихын, оның қалыптасу процесін, әр түрлі даму кезеңдерін және зерттелуі мен зерделенуін жан-жақты қарастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі

    Мақсаты: Кәсіби бағытталған мәтіндердің, оның ішінде, ғылыми-техникалық мазмұндағы мәтіндердің ауызша және жазбаша функционалдық ерекшеліктерін білу. Мазмұны: Кәсіби тақырыптар бойынша ауызша сөйлеуді түсіну және кәсіби тақырыптар бойынша дәйекті хабарлама жасау. Мультимедиялық технологияларды қолданып ауызша хабарламалар жасай алу. Кәсіби терминологияны меңгеру. Болашақ мамандықтар бойынша мәтіндерді түсіну.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Экожүйе және құқық

    Мақсаты: Қоғамның тұрақты дамуына қол жеткізу үшін экономика, құқық, экология және тіршілік қауіпсіздігі, ғылыми зерттеу әдістері саласында интеграцияланған білімді қалыптастыру. Мазмұны: Адам мен табиғаттың қауіпсіз өзара іс-қимылының, экожүйелер мен биосфераның өнімділігінің негіздері. Қазақстанның тұрақты даму мақсаттары шеңберінде ресурстардың шектеулілігі жағдайындағы қоғамның кәсіпкерлік қызметі, бизнес пен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Экологиялық мәселелер мен тұрақты даму принциптерін жүйелі түсіну. Қазақстандық құқықты, субъектілердің міндеттері мен кепілдіктерін білу, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету үшін қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуді білу және сақтау. Инклюзия-халықаралық заңнаманың стратегиясы. Жасанды интеллекттің құқықтық негіздері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • V-XV ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы

    Мақсаты: V-ХV ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы мен әдеби мұралардың түпнұсқасын қазіргі аударма нұсқаларымен салыстыра зерттеу. Мазмұны: Біздің заманымызға дейінгі сақтар мен ғұндардың жазу-сызуларынан бастап, заманымыздың VI-XIV ғасырларында қалыптасып дамыған түркілік жазба әдебиетімізге байланысты біртұтас ұғым-түсінік қалыптастыру. Ежелгі дәуірдегі әдебиетті көне тарихпен, көшпенділер мәдениетімен сабақтастыру. «Күлтегін», «Тоныкөк», «Оғыз қаған», «Құтты білік» т.б. тәрізді жазба ескерткіштердің идеясы мен көркемдік ерекшеліктерін меңгерту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ диалектологиясы

    Мақсаты: Қазақ тіліндегі сөйленістер (говорлар) мен диалектілер жайында жүйелі білім беру, оның келелі мәселелерімен таныстыру. Мазмұны: Жалпы қазақ тілінің диалектілерінің құрылымын сипаттайды. Қазіргі қазақ говорларының фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық деңгейлерінің өзіндік ерекшеліктерін анықтайды. Қазақ диалектілерінің диалектілік айырмашылықтарын бағалайды. Қазақ тілінің белгілі бір кезеңінің дамуын тану үшін қазіргі говорлардың фонетикалық, грамматикалық, лексикалық құрылымын сипаттау арқылы қазақ говорларының диалектілік айырмашылықтарын талдау дағдылары дамиды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет

    Мақсаты: Қазақ хандығы дәуірінде туған әдеби туындыларды стилдік, жанрлық және идеялық ауқымда қарап, саралау. Мазмұны: Қазақ хандығы дәуірінде қазақ халқының төл әдебиетінің қалыптасу процесі; жыраулар әдебиеті оның ежелгі түрік әдебиетінің жалғасы екендігі; жырау, жыршы және ақын атауларының терминдік ерекшеліктері; Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз мұраларының ноғайлы дәуіріне қатысы; Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәтіқара, Бұқар жырлары; хан және жырау ара-қатынастары; философиялық-даналық жырлар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

    Мақсаты: Студенттерге қазіргі қазақ тілінің морфологиясы туралы теориялық білім бере отырып, практикалық тұрғыда сөз құрылысына жеке-жеке талдай алу қабілетін қалыптастыру. Мазмұны: Тілдің морфологиялық жүйесін, сөздердің грамматикалық кластарын (сөз таптарын) жіктеуіш бірліктер ретінде ажырату қағидаларын сипаттайды. Қазақ тіліндегі әр сөз таптары туралы білімдері қалыптасады, қазақ тіліндегі сөздерді грамматикалық мәнін ескере отырып, дұрыс және нақты пайдалануға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақ тілінің семантикасы

    Мақсаты: Сөз, сөз тіркестері, сөйлем т. б. арқылы жеткізілетін барлық тілдік құбылыстардың мағынасын танымдық тұрғыда қарастыру. Қазақ тілінің семантикасын зерттеу арқылы сөзтанымын тереңдетіп, ол туралы білімін қалыптастыру. Тілдегі семантикалық білімнің тұлғалық және мағыналық жағынан теориялық білімін жетілдіру. Мазмұны: Сөздердің семантикасын сөздің мағынасы деп те атайды, семантика мен мағына дегендер бір-бірімен синоним терминдер екендігі туралы ғылыми білім қалыптасады. Сөздердің лексикалық мағынасы белгілі бір ұғымды ғана білдіреді. Белгілі бір сөздің тура номинативті мағынада немесе екінші бір тіркестерде, сөйлем ішінде ауыспалы мағынада қолданылуы туралы мағлұмат беріледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы

    Мақсаты: XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар жыраулар поэзиясы мен шешендік өнер үлгілерін ғылыми тұрғыдан талдау. Мазмұны: Қазақ халқының хандық дәуірін қамтыған бұл кезең әдебиетінің өткен жолымен, тағылымға толы тарихи тағдырымен барынша жете таныстыру. Қазақ халқының рухани өмірінің көрінісі болып саналатын әр кездердегі әр алуан дәрежедегі, әр түрлі жағдайда сөз ұстаған арқалы ақындары мен тереңнен толғайтын абыз-жырауларының шығармашылық болмысы турасында белгілі бір жүйеге түскен сындарлы ұғым, білім қорын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелері мен сөзжасамдық тәсілдер

    Мақсаты: Сөзжасамның жалпы теориялық мәселелерін: сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерінен туған қағидаларды меңгерту. Мазмұны: Қазақ тіліндегі сөзжасамдық және морфологиялық жүйелердің ерекшеліктерін, қазіргі кезеңдегі осы жүйелердің даму тенденциясын қарастырады; қазақ тілінің сөзжасамдық-морфологиялық құбылыстарын талдаудың практикалық дағдыларын қалыптастырады. Морфология деңгейіндегі лингвистикалық бірліктердің кіші жүйелерін, негізгі сөзжасам ұғымдарын морфологиялық талдау дағдыларын қалыптастырады. Лингвистикалық әдебиеттермен жұмыс істей алуын қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Ономастика теориясы мен практикасы

    Мақсаты: Бұл пәнді меңгеру арқылы топонимдер мен антропонимдердегі ұлт болмысының антропоцентрлік таным түсінігін айғақтайтын тілдік бірліктер қарастыру негізгі мақсат болып табылады. Ономастиканың даму бағыттары мен ғылыми ізденістеріне және нәтижелеріне талдау жасай отырып негіздеме беру. Мазмұны: Қазақ тіліндегі топонимдер мен антропонимдер ономастика ғылымының даму барысында және тарихында негізінен этнолингвистикалық және лингвомәдениеттанымдық бағыттарда қарастырылғандығы туралы мағлұмат беріледі. Сол бағыттарда жүргізілген антропонимиялық және топонимиялық еңбектердің белгілі бір нәтижелерін жүйелі түрде мазмұндау арқылы қазақ ономастикасының теориясы мен практикасынан жан-жақты мәлімет алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Оқыту әдістемесі мен бағалау (қазақ тілі)

    Мақсаты: Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа тәсілдердің тиімді жақтарын көрсету, оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу, олардың функционалдық сауаттылығы мен танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ету. Мазмұны: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдары, қазақ тілін ана тілі ретінде оқытудың ерекшеліктері мен мақсат-міндеттері, қазақ тілін оқытуды оқу-танымдық процесс ретінде тану мен ұйымдастырудың ерекшеліктері, қазақ тілі жүйесінің ғылыми курсы деңгейлерін оқыту әдістемелері, қазіргі заманғы білім беру технологиялары, қазақ тілін оқытудағы жасанды интеллект технологиялары, білім беру үрдістерін ұйымдастыру мен дамытудың заңдылықтары, мазмұны, принциптері, әдістері мен формалары, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар білім беру мен оқыту міндеттері, қазіргі заманғы мектептегі оқытудың интерактивті әдістерінің мақсат, мазмұндары түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Лингвомәдениеттану

    Мақсаты: Лингвомәдениеттану пәнінің негізгі мақсаты - лингвистикалық тұрғыдан қазақ халқының төл мәдениетін лингвомәдени дерек ретінде тани отырып, қағидаларын айқындау және негіздеу. Мәдениет пен тілдің халық өмірінің айнасы екендігін қарастыра отырып, этнографизмдер мен лингвомәдени деректердің ұғымдарын қалыптастыру. Мазмұны: Лингвомәдени деректердің халық ауыз әдебиетінен, көркем шығармалардан фондық қызмет атқаратындығын меңгере отырып түрлі мағлұмат алады. Қоғамдағы мәдениет пен тілдің тоғысуынан туындаған лингвомәдениеттану - этнос лексикасының мәдени-тілдік деректерін сипаттайтын, қазақ тілі арқылы өзге жұртқа өз мәдениетін насихаттайтын ерекшеліктерімен жан-жақты танысады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жай сөйлем синтаксисіндегі дискурстық құрылымдар

    Мақсаты: Дискурс ұғымының көпаспектілігі әртүрлі шекаралық ғылымдарда көрініс табатындығын тану және мәтін, сөйлеу, диалог және т.б. ұғымдарға қатысты даулы мәселелерді шешу арқылы жай сөйлем синтаксисін меңгерту. Мазмұны: Дискурсты әр түрлі авторлардың пікірі тұрғысынан сипаттап, қазіргі лингвистикадағы орнын анықтау. Лингвистикалық ғылым классиктерінің, сондай-ақ дискурс ұғымының терең түсінігі туралы және қайшылас мәселелеріне сәйкес қазіргі лингвист ғылымдардың пікірлері мен көзқарастары туралы мәселелерді талдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы

    Мақсаты: ХІХ ғасыр әдебиетіндегі эсхотологиялық және реформаторлық құбылыстың генезисін ашып көрсету. Мазмұны: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ұлттық тарихи-саяси дағдарыс кезеңінде пайда болуы, осы кездегі әдебиет өкілдерінің отаршылдықты әшкере етіп жырлауы; Махамбеттің өршіл-күрескерлік жырлары; М.Әуезовтің Дулат, Шортанбай, Мұрат шығармашылығына қатысты «зар заман» терминін қолдануы; Қоқан хандығы тұсындағы әдебиет өкілдерінің мұралары: Мәделі қожа, Құлыншақ, Майлықожа, Сүйінбай; ағартушылық әдебиет өкілдері: Шоқан, Ыбырай, Абай; Абай – реформатор, пассионар тұлға ретінде.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқытудағы жаңа технологиялар

    Мақсаты: Қазақ тілін оқытудың инновациялық технологияларымен таныстыру, білімдерін кеңейту. Әр педагогикалық технологияның мақсат-міндеттеріне көңіл аударту. Сабақта тиімді пайдалану, икем, дағдыларын қалыптастырып, дамыту. Мазмұны: Оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру заман талабы екендігі айтылады. Тіл үйрету жұмысы - өте күрделі үдеріс. Оқушылар қазақ тілі сабағында тек тіл үйреніп қоймайды, олардың сабақ үдерісінде қазақша ойлау дағдылары қалыптасып, өмірге өзіндік көзқарасы айқындалып, ұғым-түсінігі кеңейтіледі. Қазақ тілін оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың мазмұндық ерекшеліктері мен тиімділігін пайдаланады. Қазіргі жаңа технологиялар, тіл үйренушілердің дербес ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетінше ізденуін, шығармашылығын арттыруды көздейді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Білім алушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру технологиясы

    Мақсаты: Ұйымдастыру, жоспарлау, талдау, оның жетістіктерін көрсету дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: «Құзыреттілік» ұғымы. Жаңа білім беру парадигмасындағы күтілетін нәтижеге бағытталған құзыреттіліктер. Бейімді-бағдарлы оқытудың жетістіктері. Дамыта оқыту технологиясын қалыптастырған ғалымдар: Л.С Вготский, М.Я. Лернер. Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б.Эльконин. Сабақта жаңа ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау: компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар т.б.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі

    Мақсаты: Қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесін ғылымда әбден зерттеліп тұрақталған көзқарас тұрғысынан танып білу, сипаттау; сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисін игерту арқылы әдеби тіл нормаларын меңгерту. Мазмұны: Қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесіне қатысты теориялық білімдермен қаруланады; Сөз тіркесі, олардың өзіндік белгілерін, басқа тілдік единицалардан айырмашылығы анықталады; Сөйлем түрлерін, олардың әрқайсысының ерекшеліктері танылып, қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі сөйлемнің басты белгілері, олардың бір-бірінен айырмашылыктары меңгертіледі; Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі сөйлем компоненттерін байланыстырушы тілдік амал-тәсілдер жүйесі игертіледі; Тыныс белгілерінің түрлері, олардың қойылатын орындары меңгертіліп, сауатты жазуға дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шешендік өнер және мәнерлеп оқу

    Мақсаты: Шешендік өнердің халықтың қасиетті де құнды мұрасы екенін таныту. Қазақ халқының ежелден келе жатқан дəстүрлі тіл өнері екенін дəйектей отырып, қазақтың шешендік сөздері бата-тілектен бастап, бүкіл айшықты-өнегелі сөздерді, өсиет сөздерді танып білуге бағыттау. Мазмұны: Шешендік өнерді көпшілікке жеткізе білуде дұрыс, мəнерлеп сөйлеудің негізгі дағдыларын қалыптастыру. Шешендік өнер дамуының тарихи кезеңдерін біліп, пəннің ерекшеліктерін ғылымның əртүрлі салаларындағы білімнің бірыңғай кешенді екендігін анықтап, көпшілік алдында сөз сөйлегенде оны қабылдату үшін ауызша жəне ауызша емес компоненттердің маңыздылығы туралы түсініктерді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ әдебиетін оқытудағы жаңа технологиялар

    Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқытуда интерактивті әдістер мен оқыту әдістерін, ғылыми және шығармашылық дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Қазақ әдебиетін оқыту мектепте интерактивті әдістер тұрғысынан қарастырылады. Интерактивті әдістер мен оқыту әдістерін қолдану дағдылары әзірленеді. Әдебиет сабақтарында дидактикалық материалдарды таңдауға шығармашылық көзқарас дағдылары әрбір сатыға негізделген интерактивті сабақтарды құру; осы мақсатта қазақ әдебиетін оқытудың интерактивті технологиясының артықшылықтары үйретіледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

    Мақсаты: Қазақ әдебиетінің оқытудағы жаңа әдістері мен формаларын меңгерту. Мазмұны: Қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен кәсіптік дағдылардың әртүрлілігі ашылады. Онда білім беру үрдістерін ұйымдастыру мен дамытудың заңдылықтары, мазмұны, принциптері, әдістері мен формалары және жасанды интеллектке негізделген оқытудың жаңа технологиялары сипатталады; қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар білім беру мен оқыту міндеттеріне, қазіргі заманғы мектептегі оқытудың интерактивті әдістерінің мақсаттарына және мазмұнына сәйкестендіріледі; негізгі педагогикалық ұғымдар, олардың бірлігі мен айырмашылығы анықталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Сөйлеу мәдениетінің теориясы мен практикасы

    Мақсаты: Сөйлеу тілінің теориясы мен практикасын, оның тілдік-құрылымдық жүйесін мәтін түзілімінің негізінде қалыптастыру. Мазмұны: Қазақ тіл білімінде сөйлеу мәдениетінің теориялық пән ретінде қалыптасуы мен дамуына өз үлесін қосады. Сөйлеу мәдениетін тілдік, коммуникативтік, прагматикалық, когнитивтік, лингвомәдени, этикалық тұрғыдан қарастыру оның негізгі белгілерінің түгелденіп, біртұтас пән ретінде қалыптасуына негіз болады. Тілдік коммуникацияның сапасын қарастыруда сөйлеу мәдениеті ғылыми пән ретінде басшылыққа алынады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары

    Мақсаты: «Бағалау өлшемдері» ұғымдарымен таныстыру, критериалды бағалау технологиясының педагогикалық-ұйымдастыру негіздерін анықтау. Мазмұны: Критериялық бағалаудың технологиялары пəні жайлы түсінікті студенттерде қалыптастыру. Білім берудің әдіснамалық қағидаларын ескере отырып, критериалды бағалауды қазақстандық жүйеде бар ғылыми жетістіктер негізінде үйрету. Мектептегі білімнің сапасын көтеру үшін функционалдық сауаттылығын және әрбір оқушының оқу жетістігі деңгейлерін қалыптастыру стратегиясын оқу. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әдістері мен негізгі қағидаларын оқып-үйренуді, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әдістері мен негізгі маңызды қағидаларын, оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жалпы әдістемелік ұсыныстарын меңгеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет

    Мақсаты: XIX ғасырда басталған жаңа жазбаша әдебиет үлгілерін ғылыми зерттеу. Мазмұны: ХІХ ғасыр әдебиеті – үлгі, әртүрлі, әдебиет жанры. XIX ғасыр әдебиетінің көркемдік сипаты мен әлеуметтік негіздерін зерттеу. ХІХ ғасыр әдебиетімен байланысты қазақ әдебиетінің тарихы бойынша бұрын жасалған және зерттелген зерттеулер нәтижелерін саралау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің тыныс белгілер жүйесі

    Мақсаты: Қазақ тілінің тыныс белгілері заңдылықтарын толық меңгеру арқылы сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Қазақ тілінің тыныс белгілері жөніндегі ережелердің жиынтығымен таныстыру. Тыныс белгілерінің түрлері және олардың әрқайсысының қызметін ажырату. Тыныс белгілер мағынаға және интонацияға негізделіп, сөйлемнің грамматикалық құрылысына, мағынасына, интонациясына қарай қойылатындығын меңгерту. Пунктуация мәселелерінің шешілмей келе жатқан даулы тұстарын жан-жақты талдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі

    Мақсаты: Лингвистикалық ойлау қабілетін қалыптастыратын сөйлемнің, құрмалас сөйлемнің күрделі мәселелерін анықтау, құрмалас сөйлемнің табиғаты мен коммуникативтік қызметіне талдау жүргізу. Мазмұны: Қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесіне қатысты теориялық білімдермен қаруланып, құрмалас сөйлемнің басты белгілері, оның жай сөйлемнен айырмашылықтарын ажыратады; Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстырушы тілдік амал-тәсілдер жүйесін таниды; Құрмалас сөйлем түрін ажырата білуге дағдыланады; Төл сөздің түрлері мен төлеу сөздің айырмашылықтарын анықтайды; Тыныс белгілерінің түрлерін, олардың қойылатын орындары меңгертіліп, сауатты жазуға үйретіледі; Теориялық білімдердің негізінде студенттердің мектепте жұмыс жүргізуге қажетті білік, дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздері

    Мақсаты: Ғылыми-зерттеу жұмыстарының шығу тегі, тарихы, даму барысын бүгінгі жаһандық сұраныстар контекстінде таныту. Мазмұны: Ғылыми-зерттеудің нысаны, түрлері, ерекшеліктері, оның даму тенденциялары әдебиеттану және филология ғылымдары контексінде қарастырылады. Ғылыми мақаланы жазу процесінде филологиялық және пәнаралық білімді синтездеу және трансформациялау. Ғылыми-зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін қалыптастырып, олардың шешімін табуға және ғылыми жарияланымда көрсетуге, фактілерді жинау, өңдеу, талдау, филологиялық және ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Стилистика және тіл мәдениеті

    Мақсаты: Тілдік сезімі және шешен сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, сөз сапалары мен шешендік стильдің тілдік белгілерін меңгерген, бәсекеге қабілетті дара тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік жасау. Мазмұны: Тілдің жалпы адамзаттық құндылық ретіндегі рөлін түсіндіру; сөз мәдениетінің сатыларын таныту; тілдің эстетикалық табиғатын таныту; жаңа тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасауға дағдыландыру; стиль түрлеріне сай тілдік талғамдарын жетілдіру; жұрт алдында сөйлеуге төселдіру, көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын меңгерту; шешен сөйлеуге төсемді әлеуметтік-тілдік дағдыларын қалыптастыру, көркем сөз нормаларын меңгерту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

    Мақсаты: Ояну дәуірі әдебиетінің саяси-концептуалды мәнін, ондағы Алаш қозғалысының, кітап ақындарының және діни, тарихи, ағартушылық бағыттағы шығармашылық процестердің нақты аражігін ажырату. Мазмұны: ХХІ ғасыр басындағы идеялық-рухани ояну дәуірі, ондағы саяси өзгерістердің қазақ әдебиетіне әсері; алаш қозғалысы және әдебиет; «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеттерінің қоғамға, әдеби ойға қозғау салуы; А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торыайғыров шығармашылығының орны; Шәкәрім, М.Ж.Көпеев шығармашылығындағы діни, тарихи, ағартушылық сарындар; осы кездегі кітаби ақындар: М.Қалтаев, Н.Наушабаев, Молда Мұса Байзақов, Ш.Жәңгіров.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Мәтіннің лингвистикалық сараптамасы

    Мақсаты: Ойлау заңдылықтарына сүйене отырып, мәтінді лингвистика тұрғысынан зерттеу. Мазмұны: Мәтіннің лингвистикалық табиғаты, белгілері, шектері, оның негізгі категорияларынан мәліметтер алады. Мәтіннің мағыналық-стильдік ерекшеліктерін қарастырады. Мәтіндерге лингвистикалық бірліктер тұрғысынан талдаулар жасайды. Мәтіндердің функционалдық-стильдік типологиясы, басқа ғылымдар жүйесімен байланысы, мәтінді талдау әдістері және т.б. мәселелер тұрғысында білімалушылардың өзіндік ғылыми ойы мен тұжырымдары қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Теориялық және қолданбалы лингвистика

    Мақсаты: Теориялық және қолданбалы аспектілерді қоса алғанда лингвистикалық білім жүйесін білу, тілдік құбылыстар мен фактілерді әр түрлі бағыттарда (этнолингвистикалық, когнитивтік лингвомәдениеттану прагмалингвистикалық және т.б.) зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Қазіргі тіл білімінде пәнаралық бағыттарды зерттеу кезінде салааралық қарым-қатынас және кросмәдениеттілік дағдыларды игеру. Студенттер тіл қолдану аймағы кең және әртүрлі екенін біледі. Әлемнің ежелгі саласын анықтау: тілдің лексикология, ана тілін үйрету, жазбаша аудару, аударма әдістері. Типография, емле, транслитерация және терминологияны қамтиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлем әдебиеті

    Мақсаты: Адамзат дамуы тарихының біздің жыл санауымызға дейінгі антикалық мәдениеттен бастап, қазіргі заманымызға дейінгі әлем әдебиетінің әдеби-фольклорлық мазмұнын оқып-үйрету. Мазмұны: Әлемдік сөз өнері мұраларын игерту және әлемдік сөз өнері дамуының тарихына әдеби шолу жасауды үйрету. Әлем әдебиетінің жауһарларымен танысып, қазіргі әдеби үдерістің бағыт-бағдарларын айқындау. Әлем классиктерінің шығармаларын оқып, талдау және олардың шығармашылығымен танысу. Пәнді оқу барысында студенттер әлемдік әдебиеттің өткені мен бүгіні туралы талдау жасап, өз тұжырымдарын айта білу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет елдер әдебиетінің тарихы

    Мақсаты: Шет ел әдебиеті ақын-жазушыларының шығармашылығына арнайы тоқталып, оның көркемдік-эстетикалық концепциясымен таныстыру. Мазмұны: Шетел әдебиетінің классикалық үлгісін таныту; шетел әдебиетіндегі көтерілген тақырыптар мен авторлардың бейнесін ашқызу, шетел туындыларын тақырыбына қарай жіктей отырып, әдеби талдау жасай білуге үйрету. Шет елдер әдебиетінің ролі мен мағынасы, тарихи әдеби процестердің негізгі ерекшеліктері, оның әдебиет пен мәдениеттің келешектегі дамуына дүниетанымдық, көркемдік, ұлттық ерекшеліктерінің құрылуына әсер етуін талдау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл біліміндегі жаңа бағыттар

    Мақсаты: 20-21 ғасырлар тоғысындағы қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарының мән-мағынасын ашу. Заманауи тіл білімінің негізгі қағидаларын қарастыру. Мазмұны: Мемлекеттік ауқымда зерттеу жүргізудің дайындығы, зерттеу жұмыстарын жүргізудің міндеттері, құралдары, процедуралары мен технологиялары бойынша жүйелі білім қалыптастырылады. Ақпараттық-коммуникациялық кеңістікті қамтамасыз етудегі талдамалық қызметтің рөлі, үкімет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимыл механизмінің тиімді жұмыс істеуі анықталады. Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру және коммуникативтік тапсырмаларды шешу бойынша ақпараттық-аналитикалық іс-шараларды іске асыруда пайдаланылатын тұжырымдамалық және категориялық құрылымның қалыптасуына үлес қосады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • 1917-1991 жылдар аралығындағы қазақ әдебиеті

    Мақсаты: 1917-1991 жылдар аралығындағы қазақ әдебиетіндегі тарихи-поэтикалық құбылыстар мен ерекшеліктерді саралап таныту. Мазмұны: 1917-1991 жылдар аралығындағы қазақ әдебиетіндегі әр түрлі ізденістер мен теориялық ерекшеліктерді саралап, соның ішінде кеңестік-социалдық, ұлттық-либералдық, эмиграциялық, жылымық кезеңдеріндегі әдеби процестерді меңгерту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жалпы тіл білімі

    Мақсаты: Тіл білімінің тарихи және жалпы лингвистикалық дайындықтарын тереңдету. Тіл біліміндегі онтология мәселелері жайында білім алуға, ғылыми танымдық заңдылықтарды, жалпы гносеологиялық ізденімдермен сәйкесетін қазіргі тіл білімінің даму бағытымен таныстыру. Мазмұны: Тіл білімінің ғылым ретіндегі негізгі бағыттары мен тарихын біледі. Тіл мен сөйлеудің негізгі лингвотеориялық ұғымдарын, қазақ әдеби тілінің нормаларын зерттейді, фонетика мен лексикологияның, морфология мен синтаксистің негізгі лингвистикалық түсініктерін түсіндіреді. Тіл білімі саласындағы зерттеу қызметінің негізгі әдістерін жіктейді. Дүние жүзінің лингвистикалық картасын жасай алады. Тілдік материалды зерттеудің әр түрлі әдістерін қолдана отырып талдайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кеңестік дәуірдегі әдебиет

    Мақсаты: Кеңес дәуірінің әртүрлі әдеби бағыттарын (либералды, әлеуметтік, діни, эмиграциялық әдебиеттер, 60-шы жылдар) хронологиялық-тұжырымдамалық тұрғыдан қарастыру және саралау. Мазмұны: Кеңестік дәуірдегі әдеби ағымның күрделілігі, осы кезеңдегі әдебиетке «соц. реализм» әдісінің күшпен таңылуы. Ұлттық социалдық бағытты ұстанған С.Сейфуллин, С.Мұқанов, І.Жансүгіров, Б.Майлин шығармалары. Алаш қозғалысының әсерімен рухтанған Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев шығармашылығы. Кеңестік дәуірдегі эмиграциялық әдебиет: М.Шоқай еңбектері, М.Айтбаев, Х.Абдуллин поэзиясы. Әскери тақырыпты көтерген Б.Момышұлы еңбектері. «Жылымық» кезеңінде пайда болған «алпысыншы жылдары»: І.Есенберлин, О.Сүлейменов, Ә.Кекілбай, Ш.Мұртаза, М.Мағауин, А.Сүлейменов, О.Бөкеев, М.Шаханов т.б. Мұқағали Мақатаев лирикасы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Когнитивті лингвистика

    Мақсаты: Адамның таным процесіне қатысты білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайту. Мазмұны: Тіл және ойлауды когнитивті тұрғыдан қарастырады. Әр дәуір кезеңіндегі отандық және шетелдік философ, лингвистердің осы мәселеге қатысты тұжырымдарын жүйелеуді игереді. Когнитивтік ғылымдар шеңберінде тіл мен ойлаудың байланысын талдайды. Когнитивтік лингвистика: калыптасуы мен дамуы, антропоөзектік парадигмадағы когнитивтік лингвистиканың орны мен қызметі жайлы тұжырымдайды. Тіл және ойлауды когнитивті тұрғыдан зерттеу мәселесін бағалайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Салыстырмалы типология

    Мақсаты: Аглютинативті қазақ тілі мен флективті орыс тілінің құрылымындағы айырмашылықтарға байланысты ерекшеліктерін әр сала бойынша салыстыра зерттеу. Студенттерге әр құрылымның функциясын таныту. Қазақ және орыс тілдеріндегі тілдік жүйенің тілдің басқа деңгейдегі амалдармен ұштасып жатқанын біліп, ажырата білуге үйрету. Мазмұны: Студенттер типология екі жақты (формасы мен мағынасы) болмауы керек, бірақ лингвистикалық бірліктермен немесе салыстырмалы мағыналық формамен шектелуі тиіс екендігін анықтайды. Әдетте типология мен салыстырмалы аймақтық лингвистика және салыстырмалы тарихи лингвистика қарастырылады. Нысанға байланысты зерттеу типологиясы функционалды типологияға (әлеуметтік лингвистика) және құрылымдық типологияға бөлінетіндігі қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдебиет теориясы

    Мақсаты: Өнердің түрі және оның тарихи даму заңдылығы ретінде студенттерге әдебиеттің теориялық ерекшеліктерін тереңірек және жан-жақты оқып үйренуіне дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Шығармаларды жанр, стиль, жанрлық форма, жанр және жанрлық түрлер бойынша ажыратады. Негізгі әдеби ұғымдар мен анықтамаларды жүйелеп, жіктейді. Әдебиет және басқа өнер түрлерінің орнын анықтайды. Әдеби шығармаларды сыни тұрғыдан бағалайды. Поэтика категориясы (автордың бейнесі, көркем уақыт және кеңістік, композиция), курстың терминологиясы, негізгі түсініктерді қалыптастыру үдерісі мен дамуы сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Іскерлік корреспонденция тілі

    Мақсаты: Тілдік іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыра отырып, халықаралық мәдени қатынас құралы ретінде қолдана алуды қалыптастыру. Мазмұны: Іскерлік қарым-қатынас тілі – бұл қызметтік саладағы адамдардың арасындағы байланыстарды дамытудың күрделі көпжоспарлы процесі екендігін түсіндіру. Аталған процестің ерекшелігі регламенттелуін, ұлттық және мәдени дәстүрлермен, кәсіби этикалық принциптермен анықталатын белгіленген шектеулерге бағынуын осы пән барысында меңгерту. Корреспонденция журналистиканың зерттейтін әлеуметтік мәні бар мәселе жайлы туындысы, уақытпен шектелген публицистиканың жанры екендігін меңгерту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ әдебиет теориясындағы жаңашылдық

    Мақсаты: Қазіргі қазақ әдебиет теориясындағы жаңашылдықтарды бүгінгі жаһандық әдеби процесс контекстінде қарастыру. Мазмұны: Дәстүрлер мен инновациялар – диалектикалық бірлік, ескі және жаңа жалғасы, тарихты дамыту, өндірістің негізі ретінде өзгереді. Инновация әрдайым әдебиет пен өнер саласын кеңейтетін үлкен шеберлік пен таланттың нәтижесі болып табылатындынын түсіндіру. Мұнда дәстүрлер мен инновациялардың заманауи әлем талаптарына сай болуы, әдебиет пен өнердегі ұлттық сәйкестікті сақтау қағидалары оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ әдебиеті және сын тарихы

    Мақсаты: Қазақ әдеби сынының әл-Фарабиден басталып А.Байтұрсыновқа дейінгі тарихи өсу жолдарымен таныстыру. Ондағы әдеби-методологиялық ерекшеліктерге мән беру. Мазмұны: Қазақ әдеби сынының пайда болу кезеңдері. әл-Фарабидің сыни ойлары; Ж.Баласағұни, М.Қашқари еңбектеріндегі поэтикалық ойлар; шейх Ахмет Құдайдад Таразидің «Көркем сөз өнері» кітабы (1437 ж.); Захираддин Бабырдың, М.Х.Дулатидің сыни ой-пікірлері. Кеңестік дәуірде кәсіби әдеби сынның қалыптасуы: А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев еңбектері. Кеңестік дәуірдегі әдеби сындағы жетістіктер мен Солақайлықтар; М.Әуезовтің Абайтану ғылымының негізін қалауы; Тәуелсіздік тұсындағы әртүрлі әдеби айтыс-тартыстар.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті

    Мақсаты: Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиетті отарсыздандыру процесі аясында зерделеу. Мазмұны: Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің даму барысы; әдебиеттегі отарсыздану процесі; публицистикалық жанрдың өрістеуі; сол кездегі әдеби басылымдар: «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті» «Жалын» және «Жас алаш», «Ана тілі» т.б. газеттерінде әдеби-тарихи сыни ойлардың өрістеуі; Ш.Мұртаза, К.Смайлов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, М.Шаханов т.б. жаңа таныммен жарияланған еңбектері; К.Әмірбек сатирасы; тәуелсіздік кезіндегі жастар шығармашылығының өсіп-өнуі; 90 жылдарда белгілі болған жас қаламгерлер: Н.Мәукенұлы, Г.Салықбай, А.Кемелбаева т.б; 2000- жылдарда танымал болған: Қ.Сарин, А.Елгезек, А.Қалшабек, А.Темірбай, Б.Қарағызұлы, Е.Жүніс т.б. еңбектері; айтыс өнерінің жаңа өрнекпен дамуы, қоғамға ой салған айтыс ақындары: М.Тазабек, М.Қосымбаев, А.Әлтаев, А.Тұрсынбаева, О.Досбосынов, Б.Имашев т.б.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Медиа сауаттылық және жасанды интеллектті қолдану

    Мақсаты: студенттердің медиа ақпаратпен саналы және тиімді өзара әрекеттесуі үшін медиа сауаттылығын, сыни ойлауын дамыту. Мазмұны: медиа сауаттылық және жасанды интеллект. Қазіргі ақпараттық қоғамдағы медиа сауаттылықтың маңызы. Жасанды интеллект дәуіріндегі digital және киберқауіпсіздік негіздері. Медианың түрлері мен жанрлары. Медиа және қоғамдық пікір. Сыни тұрғыдан ойлау ақпаратты медиа сауатты тұтынудың негізі ретінде. Медиадағы жалған ақпарат түрлері. БАҚ-та фактчекинг негіздері. Манипуляция және онымен байланысты категориялар. Этикалық аспект. Қастандық теориялары, стереотиптер мен мифтер. Тілдік механизмдер және медиаманипуляция құралдары. Медиа сауаттылықты дамыту үшін жасанды интеллект құралдары.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби ортада және социумда академиялық жазу ережелерін қолдана отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сұхбаттаса алу.
  • Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, академиялық адалдық пен парасаттылықты қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды, ғылыми және эксперименттік зерттеулердің әдістерін көрсету.
  • Ақпараттық және есептеу сауаттылығы болуы тиіс, ақпараттарды жалпылау, талдау және қабылдай алу, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай білу.
  • Кәсіби сөйлеу мәдениетін игергендігін және қазақ лингвистика мен әдебиеттанудың негізгі теориялық түсініктемелері бойынша алған озық мамандандырылған құзыреттіліктерін көрсету; кәсіби қызметтерінде және жеке зерттеу жұмыстарында өз беттерінше шешімдер қабылдау.
  • Зерттеуде, кәсіби және педагогикалық қызметте цифрлық технологияларды, оның ішінде ЖИ-ды қолдану.
  • Қазақ әдеби тілінің нормаларын, функционалдық сөйлеу стилінің жүйесін практикада қолдану дағдыларын меңгеру: дәйектеу және көркем шығармаларды мәнерлі оқу, ежелгі түркі ескерткіштеріндегі мәтіндерді түсіну және талдау.
  • Аргументтерді қалыптастыру және қазақ лингвистикасы мен әдебиеттану салаларындағы мәселелерді шешу.
  • Ақпарат жинау, ақпаратты түсіндіру және ғылыми материалдарды дайындау, филология ғылымы саласындағы нәтижелерді өңдеу, пәнаралық тәсілдерді қолдану, мәтінге лингвистикалық сараптама жүргізу
  • Нақты бір тақырып немесе бағыт бойынша БАҚ материалдарын дайындау үшін ақпаратты құрылымдау, редакциялық саясатты ескере отырып материалдарды талдау; таңдаулар, сұхбаттар, жазбалар, түсініктемелер, жарияланымдар жасау.
  • Мәдени ойлау қабілетін көрсете отырып, ақпараттарды жинақтау, талдау.
  • Зерттеу, кәсіпкерлік дағдыларын пайдалану және белгісіздік жағдайында жұмыс жасау дағдысы болу, қаржы мен уақыт ресурстарын басқару және сауатты бөлу.
  • Жеке түрде және команданың мүшесі ретінде тиімді жұмыс жасау, өзін-өзі тәрбиелеу және салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын көрсету.
Top