Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07306 Энергия тиімді құрылыс процестері мен материалдарының технологиясы в РИУ

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Негізгі жаратылыстану-ғылыми, математикалық және инженерлік білімдерді және кәсіби қызметтің негізіне алынған ғылыми принциптерді түсінуді көрсетеді.
  • Тиімді ресурс үнемдейтін құрылыс композиттері мен процестерін әзірлеу кезінде тәжірибе жасайды, технологиялық есептеулерді орындайды, кәсіби бағдарламалық пакеттерді пайдалана отырып, цифрлық жобалау дағдыларын меңгерген.
  • Мәдени және әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтары бар ортада, пәнаралық тақырып бойынша қызметтің ерекшеліктерін, ұжымдағы жұмыстың тиімділігін түсінеді, көптілді коммуникация дағдыларына ие.
  • Психологиялық-педагогикалық қағидаттар мен кәсіби практикаға бағытталған оқыту әдістері негізінде құрылыс саласында тәлімгерлік қызметті жүзеге асыруға қабілетті.
  • Инженерлік талдау әдістерін қолданады, энергия тиімді құрылыс конструкцияларын, ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік жүйелерді жобалау, кәсіби бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып нормативтер негізінде елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде есептейді, модельдейді.
  • Рецептураны айқындайды, энергия тиімді технологиялық процестерге арналған жабдықты тағайындайды, құрылыс материалдарының пайдалану төзімділігін арттыру тәсілдерін іске асырады.
  • Ғимараттар мен құрылыстарды салу және қайта жаңарту технологиясы үшін энергия тиімді материалдар мен процестерді тағайындау, Кәсіби бағдарламалық пакеттерді пайдалана отырып жобалау-сметалық құжаттама жасау үшін техникалық деректерді жүйелеп, инженерлік ізденістер әдістерін қолдана алады.
  • Сәулет-құрылыс жобалауы, мамандандырылған компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып, тиімді көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерді негіздеу үшін BIM модельдеу мүмкіндіктерін іске асырады.
  • Кәсіпорынды жоспарлау, ұйымдастыру және басқару принциптерін, кәсіпкерлік нысандарын, кәсіптік проблемалардың әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық шешімдерін біледі, инженерлік қызметтің техникалық-экономикалық тиімділігін есептейді және бағалайды.
  • Энергия тиімді құрылыс пен ақпараттық технологиялардағы жетістіктерді ескере отырып, кәсіби міндеттердің инновациялық шешімдерін іздестіруге аналитикалық ойлау, шығармашылық көзқарас танытады.
  • Кәсіби қызметтің барлық кезеңінде дербес дамуға, біліктілігін арттыруға, мансаптық өсуге уәждемесі бар.
  • Ресурстарды талдайды, құрылыс жұмыстарының энергия тиімділігін қамтамасыз ету үшін материалдарды, технологияларды, машиналар мен механизмдерді таңдайды; құрылыстағы отандық және шетелдік жетістіктер мен инновациялар негізінде объектілерді салу мен пайдаланудың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау әдістерін тағайындайды.
  • Парасаттылық танытады, инженерлік қызмет нәтижелері үшін құқықтық, кәсіби, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және этикалық жауапкершілікті сезінеді.
  • Өндіріс технологияларын дамыту шеңберінде басқарушылық қызметке, стандартты емес өндірістік міндеттерді шешуге, рационализаторлық ұсыныстар мен инновациялық технологиялар мен материалдарды енгізуге, өндірістегі процестерді жоспарлауға қабілетті.
  • Өндіріс өнімдерінің қолданыстағы және перспективалы түрлеріне (экологиялық достық құрылыс материалдары) салыстырмалы талдау жүргізуге, белгілі бір өндірісте өнімнің жаңа түрлерін енгізудің орындылығы мен мүмкіндігін анықтауға қабілетті.
Top