Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B06116 Компьютерлік жүйелер мен желілерді әкімшіліктеу, басқару және қорғау в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейіне ие, ақпараттық қауіпсіздіктің үнемі өзгеріп отыратын қатерлеріне тез бейімделе алатын компьютерлік жүйелер мен желілердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мамандар даярлау болып табылады.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B057 Ақпараттық технологиялар
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Информатика
-
Білім беру саласы 6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
-
Дайындық бағыты 6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Физика
Математика
Операциялық жүйелерді әкімшіліктеу
Алгоритмдер және бағдарламалық логиканың негіздері
Бағдарламашыларға арналған дискретті математика
Бағдарламалау негіздері
-
2 Оқу жылы
Компьютерлік графика
Java тілінде программалау-1
Компьютерлік жүйелердің сәулеті және ұйымдастырылуы
Интерактивті дизайн және мультимедиа
Желілік технологиялар негіздері
Цифрлық сүзгілеу және сандық әдістер құралдары
Java тілінде программалау-2
Деректерді талдау және өңдеу
Жасанды интеллект: принциптері мен қолданылуы
Бағдарламаларды әзірлеу технологиясы (инклюзивті компонентпен)
-
3 Оқу жылы
Экономика және кәсіпкерлік, Құқық негіздері, Қаржылық сауаттылық
Деректер базалары жүйесін ұйымдастыру
Криптоталдау негіздері және криптография
Деректер қорының қауіпсіздігі
Еңбекті қорғау
Желілік технологиялар және хаттамалар
Компьютерлік қауіпсіздік
Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау
Цифрлық сыңарларды модельдеу
Компьютерлік модельдеу
Python-да заманауи құрылымдар мен қосымшаларды әзірлеу
Мобильді құрлылғылар үшін бағдарламалау
Тіршілік қауіпсіздігі, Экология және тұрақты даму
Серверлік жүйелерді басқару технологиялары
Деректер қорының қосымшаларын бағдарламалау
Деректерді интеллектуалды талдау
Заттар интернеті
Мобильді ақпараттық технологиялар
-
4 Оқу жылы
Нейрондық желілер және терең оқыту
Желілік қауіпсіздік
Бұлтты және шектік есептеулер
ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат
Корпоративті жүйелерде ақпаратты қорғау
Бұлтты платформа технологиясы
Машиналық оқыту негіздері
Үлкен деректерді басқару және сипаттамалық статистика
Ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары мен әдістері
Қауіпсіз қосымшаларды әзірлеу
Жобаларды басқару
Киберқауіпсіздік негіздері
IT- инфрақұрылым
Wеб-қосымшалар қауіпсіздігі
Қорғалатын бағдарламалық қамтамасыздандыруды өңдеу
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Құқықтық және экономикалық білімді пайдалана отырып бизнесте және күнделікті өмірде сауатты шешімдер қабылдау мақсатында, негізделген қаржылық шешімдер қабылдау, жеке және корпоративтік қаржыны тиімді басқару.
- Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы ықтимал тәуекелдерді азайту жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік талаптарға сәйкес кәсіби қызметте экологиялық қауіпсіз және тұрақты тәжірибені енгізу.
- Деректерді жинау, өңдеу және талдау, сонымен қатар кәсіби қызметтегі қолданбалы мәселелерді шешу мақсатында жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, іргелі қолданбалы зерттеулерді жүргізеді, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру идеяларын тұжырымдау және негіздеу кезінде академиялық мәтіндерді сауатты пішімдейді.
- Кәсіби мәселелерді визуализациялау, жобалау және шешу, сондай-ақ алынған нәтижелерді практикалық қызметке енжіру үшін қолданбалы цифрлық технологияларды пайдалана отырып, графикалық материалдарды жасайды және өңдейді.
- Математика және физиканың базалық бөлімдерінің негізгі ұғымдарын білу. Әлемнің заманауи ғылыми көрінісі туралы түсінікке ие болу. Логикалық сипаттағы есептерді құрастыра білу; буль алгебрасының заңдарын қолдану; графиктар түрлерін анықта; қарапайым автоматтарды құрастыра білу.
- Желілік құрылғыларға арналған операциялық жүйелерді орнату. Ақпараттық-есептеу жүйелерінің сәулеті негіздерін білу. ОЖ анықтамасын, құрылымын; электроника негіздерін білу; басқарылатын желінің аппараттық, бағдарламалық және бағдарламалық -аппараттық құралдарының жұмысының жалпы принциптерін білу
- Құрылымдық және модульдік бағдарламалау принциптерін білу, объектіге-бағытталған бағдарламалау принциптерін, бағдарламалық қамтамасыздандыруды (БҚ) әзірлеу әдіснамасын және БҚ программалау технологиясы мен оның функционалдық мүмкіндіктерін білу. Бағдарламалау ортасында жұмыс істей білу, білім беру және кәсіби қызметтегі инклюзия принциптерін ескере отырып, нақты бағдарламалау тілінде бағдарламалар түрінде құрылған алгоритмдерді жүзеге асыру. Бағдарламалық модульді біріктіру процедураларын әзірлеу үшін таңдалған бағдарламалау ортасын пайдалану.
- SQL сұраныстарын әзірлеу әдістерін қолдану. Мәліметтер базасының қауіпсіздігіне төнетін қауіптерді талдау. Мәліметтер базасы деңгейінде ақпараттық қауіпсіздікті қолдаудың негізгі құралдарын таңдау. Нейрондық желілердің архитектурасын, іске асырудың алгоритмдерін, бағдарламалау тілдерді білу
- Ақпараттық-есептеу жүйелерінің сәулетін білу. Ұйымның ЖЕЖ жобалауды, орнатуды және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыра білу. ЖЕЖ қойылатын талаптар мен міндеттерді анықтау. Ұйымның желілік жабдықтарының жұмысқа қабілеттіліктерін бақылау. Желілік жабдыққа қойылатын талаптарды анықтау
- АЖ-де ақпаратты қорғау үшін қолданылатын негізгі криптографиялық әдістерді, алгоритмдерді, хаттамаларды қолдану. Ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін жіктеу және бағалау. Бағдарламалық құрал ақауларын жою және қалпына келтіру талдауын жүргізу
- Желі, серверлік жабдықтардың және бағдарламалық қамтамасыз ету үшін қауіпсіздік шараларын; желілік шабуылдардың алдын алу әдістерін; қауіпсіздік пен осалдықты талдаудың бағдарламалық құралдарын; желілік хаттамалардың, оның ішінде криптографиялық алгоритмдердің жұмыс істеу принциптерін білу