Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B11420 Әлеуметтік жұмыс в Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Нормативтік-құқықтық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық және әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша кеңес беру дағдыларын қалыптастыру.
  • Әлеуметтік серіктестік принципі негізінде халықтың әр түрлі топтарының әлеуметтік әл-ауқатын арттыру мақсатында әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді жолға қою
  • Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы мәселелерінде құзыретті болуға; әлеуметтік көмек көрсету және халықтың әр түрлі санаттарын қолдау жөніндегі негізгі нормативті құжаттаманы қолдануға міндетті.
  • Әлеуметтік саясаттың түрлі бағыттарын іске асыру бағдарламаларын қолдану және әлеуметтік салада, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну жүйесінде жобалау-талдамалық және сараптамалық-консультациялық қызметті дамыту.
  • Әлеуметтік жұмыс және аралас пәндер саласында заманауи теориялар мен тұжырымдамаларды, сондай-ақ жаңа зерттеулерді қолдану.
  • Адамдармен қарым-қатынас этикасын сақтау; эмпатияға, әдептілікке, гуманистік дүниетанымға, коммуникативтілікке, өзін-өзі сынға алуға, стресске төзімді қасиеттерге ие болу, әлеуметтік көмек пен қызметтерге қажеттілікті бағалау және анықтау кезінде эмоцияларды басқара білу.
  • Әлеуметтік жұмыстағы ғылыми зерттеулердің ғылыми әдіснамасы, даму тарихы және қазіргі жай-күйі, әлеуметтік жұмыс саласындағы ғылыми қызметтің ерекшеліктері, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдары мен ұйымдарының, қиын өмірлік жағдайларға тап болған адаммен (отбасымен) жұмыс істеуге уәкілеттік берілген ұйымдардың мамандарымен өзара іс-қимыл шеңберінде қағидаттарын меңгеру.
  • Өмірлік қиын жағдайға тап болған әлеуметтік адамдарға (ерекше қажеттіліктері бар адамдар, жетім балалар, "тәуекел" топтары, мигранттар) мамандандырылған даярлық ерекшеліктерін практикалық қызметте пайдалану.
  • Халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының әлеуметтік әл-ауқатының факторларын және әлеуметтік маңызды проблемалық жағдайларды анықтау мақсатында кешенді әлеуметтік зерттеулерді жүргізу және басқаруды ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.
  • Халықтың әртүрлі топтарын әлеуметтік қорғау және жандандыру міндеттерін шешу үшін инновациялық әлеуметтік технологияларды, медиацияны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерін, жасанды интеллектті, орнықты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі тұжырымдамасын қолдану.
  • Әлеуметтік процестер мен жеке өмірлік жағдайлардың дамуын диагностикалау, болжау, жобалау және модельдеу.
  • Әлеуметтік қызметкердің жұмысында жаратылыстану, тілдік, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, қаржылық сауаттылық және АКТ саласында алған дағдылары мен білімдерін қолдану
Top