Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02220 Тарих в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

  • Тарих мамандығына кіріспе

    Мақсаты: болашақ мұғалімдерді қазіргі педагогика ғылымының теориялық және әдістемелік негіздерімен, педагогикалық процесті ұйымдастыру технологиясы бойынша кәсіби құзіреттіліктермен қаруландыру, киберпедагогиканың заңдылықтары мен ғылыми принциптеріне сүйене отырып, студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде білім беру процесін жобалау мен құруға дайындығын қалыптастыру. Мазмұны: Педагогика ғылымының генезисі, біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері. Тәрбие және дидактика теориясының негіздері, қазіргі мектепті басқару мәселелері, киберпедагогиканың ғылыми принциптері мен заңдылықтары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде оқу үдерісін басқарудың әдіснамасы мен технологиясы, қашықтықтан оқыту және аралас оқыту әдістемесі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Абайтану

    Мақсаты: Абай дәуірінің тарихи-мәдени және әдеби контекстін Абайдын өмірбаяны мен шығармашылық мұрасын сипаттайды. Мазмұны: Қазіргі әдеби мәтіндердін көркемдік ерекшілігін зерттеу арқылы эстетикалық талғамды қалыптастыру. Тарих пен мәдениет контекстігінде және негізгі адіснамалық бағыттарды ескере отырып, әлемдік әдеби үдерісті талдау дағдыларын түпнұсқа мен аударманы салыстырмалы талдау дағдыларын әзірлейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ежелгі дүние тарихы

    Мақсаты: Ежелгі дүние тарихының маөсат, міндеттері мен орнын қара тыру. Мазмұны: Ежелгі дүние тарихының мақсат, міндеттерің түсіну, тарихи кезеңі мен хронологиялық мерзімін білу, тарихи үрдісте ежелгі дүние тарихының орны мен ерекшілігін айқындау: мемлекеттердің (Мысыр, Қытай, Иран, Вавилон, Үндістан т.б.)пайда болу себептерін білу. Қоғамның эволюциясын дүниежүзілік тарихи процеспен байланастыру. Құл иелену кезеңдегі мемлекеттердің құрылуы, алғашқы сахнадағы қоғам, мәдениет және әлеуметтік-экономикалық ерекшіліктерін айқындау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Мұхтартану

    Мақсаты: М.Әуезовтын өмір жолы мен ғылыми үлесін қарастыру Мазмұны: М.О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы зерттеледі; жазушының шығармашылық зертханасы, оның өмірбаяны абайтану ғылымының негізін қалаушы; "Манас"жырының зерттеушісі ретінде зерттеледі. М. Әуезовпен көрнекті қоғам қайраткері ретінде танысу. Әлемдік және шығыс әдебиетінде М. Әуезовтің әдеби мұрасын талдау дағдылары дамуда. Отансүйгіштік және Отанға деген сүйіспеншілік сезімдері тәрбиеленеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Академиялық жазу негіздері

    Зерттеушінің ғылыми мәтіндерді оқуына, түсінуіне және жазуына мүмкіндік беретін тілдік құзіреттілігі. Академиялық жазылым – бұл әлемдік білім беру салаларында және ғылыми ортада кең таралған ақпараттық үдерістерді, академиялық қарым-қатынастарды, халықаралық тәжірибе алмасуларды жаңаша дамытуға бағытталған құзыреттердің дәстүрлі түрі. «Академиялық жазылым» термині әлемдік білім беру жүйесінде, әсіресе, академиялық қызметке дайындық дәрежесін, яғни университетте немесе колледжде оқуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға, сондай-ақ ақпараттық дереккөздермен байланысты кез келген кәсіби қызметпен шұғылдануға және қандай да бір құжаттарды жазуға қажетті дайындығын анықтау үшін кең қолданылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жасанды интеллект негіздері

    Мақсаты университетте оқытылатын пәндермен байланысты қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерді жүзеге асыру, академиялық бағдарламаларды игеру негізінде студенттерде әлеуметтік маңызды дағдылар мен құзыреттерді дамыту. Мазмұны: Сервистік оқыту түсінігі мен мәні, Service Learning концепциясының қалыптасу және даму тарихы. Service Learning негізгі құрамдас бөліктері, балалар мен жастар арасындағы қоғамдық пайдалы іс-шаралар, әлемдік және қазақстандық тәжірибеде волонтерлік қозғалысты ұйымдастыру, Service Learning профильдік бағыты. Қоғамдық пайдалы әрекеттер арқылы оқытудың халықаралық тәжірибесі. Әлеуметтік жобаларды әзірлеудің жалпы принциптері мен әдістері. Іске асырылған әлеуметтік жобаларды талдау әдістері

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, тұлғаның берік адамгершілік негіздерін, азаматтық ұстанымды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың тұрақты дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: құқықтық нигилизмді жеңу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласында білім алушылардың құқықтық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру. Саналы қабылдауды, сыбайлас жемқорлыққа көзқарасты қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлық мінез-құлқынан, сыбайлас жемқорлық моралынан, этикадан адамгершілік тұрғындан бас тарту. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қажетті дағдыларды игеру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандартын құру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат, заңдылық идеяларын тарату, заңға құрмет көрсету. Сыбайлас жемқорлықтың табиғатын түсінуге, оның көріністерінен әлеуметтік шығындарды түсінуге, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерін жеңу жолдарын іздеуге бағытталған іс-шаралар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақ халқының дәстүрлі және материалдық мәдениеті

    Мақсаты: қазақ халықының мәдениетің айқындау. Мазмұны: Тек тәуелсіз жылдары казақ халықының мынжылдық тарихи мен мәдениеті жаңадан қарастыруда: казақ халықының қалыптастырған қол өнері, тоқма, қыш бүйымдары, тері, ағаш, жүн пайдалану әдіс-тәсілдері. Қарүйді қүру, реттеу, пайдалану, күнделікті өмірдегі материалдық мәдениеттің ерекшіліктері мен қоғамдағы орнын талдау, жазба және материалдық деректер негізінде қарастыру мен тарихи факт ретінде тұжырымдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақстанның ежелгі тарихы

    Мақсаты: Қазақстанның ежелгі дәуір тарихында қалыптасқан мәдениеттерді айқындау. Мазмұны: Ежелгі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттерін түсіну, ру-тайпалар қоныстау территориясы, әлеуметтік құрлымы мен қатынастарын талдау.ежелгі тайпалардың күнделікті өмірі мен қоғамы, идеологиясы мен психологиясы, көшпенділердің қалдырған мұралары мен пәндә зерттеген ғалымдар Жергілікті қоғамның шаруашылығы, наным сенімдері мен күнделікті өмірін археология, тарих және этнографияның зерттеу әдістеріне сүйене ашу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ежелгі және орта ғасырлар Қазақстан тарихы

    Мазмұны:Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихының негіздерін түсіну. Мазмұны: Ерте және орта ғасырдағы Қазақстан тарихының ғылыми, тарихи үлесі,зерттелу денгейі, ғалымдардың Қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық деңгейін сипаттау.Сақ, үйсін, қаңғлы, ғүн тайпаларының тарихын білу. Түркі мемлекеттерінің тарихи сахнадағы ролін көрсету және археология мен этнографияның зерттеу дағдылары негізінде түркі мемлекеттерінің пайда болуы, қайта өрлеу және құлдырауын түсіндіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің зерттелуі

    Мақсаты: қазақ халықының дәстүрлі мәдениетінің зерттеу жылдарын қарастыру. Мазмұны: казақ халықының қалыптастырған дәстүрлі мәдениетінің эволюция жолын айқындау, қол өнері, тоқма, қыш бүйымдары, тері, ағаш, жүн пайдалану әдіс-тәсілдері. Қараүйді қүру, реттеу, пайдалану, күнделікті өмірдегі дәстүрлі мәдениеттің ерекшіліктері мен қоғамдағы орнын талдау, жазба түрдегі және материалдық деректер негізінде дәстүрлі мәдениетті қарастыру және тарихи факт ретінде тұжырымдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Түркі халықтарның этногенезі мен этникалық тарихы

    Мақсаты: тұркі тілдес халыұтардың тарихи-этнографиялық ерекшіліктерін жеткізу. Мазмұны: Түркі халықтарының қалыптасу ерекшілігін білу( өзбек, қырғыз, түркімен, түрік т.б.) Территориялық қоныстауы, географиялық ауқымы, әлеуметтік және шаруашылық негізін түсіну. Дүниежүзілік тарих фактілер негізінде студент өзінің көзқарасын Орталық Азия халықтарының саяси жүйесі, қоғамдық құрылымы, шаруашылығы мен мәдениетін қарастыруда салыстырмалы пайдалану.Түркі халықының этногенезі мен мәдениет тарихын талдау барысында ғылыми-зерттеу әдістерін қолдану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы

    Мақсаты: Қазақ халықының этникалық шығу тегі мен этникалық процестерін талдау. Мазмұны: Қазақ халықының қалыптасқан этногенезі мен мен этномәдениетін айқындау. Қазақстандағы түркітанушылардың ғылымға қосқан үлесі қандай.Түркі қағанаты, Батыс-Шығыс қағанаты, Қарахан, Қыпшақ, Кимақ мемлекеттерінің саяси тарихын түсіну Арнайы әдіс-тәсілдерді қолдана қазақ халықының әртүрлі тарихи кезеңдерің даму ерекшілігін бағалау. Түркі халықының этногенезі мен мәдениет тарихын талдау барысында ғылыми-зерттеу әдістерін қолдану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тарихи география

    Мақсаты: Тарихи географияның өзара байланысы мен ерекшеліктерін түсіну. Мазмұны: Тарихи географияның ғылыми орны мен міндеттері, тарихи географиядағы әр түрлі көрсеткіштердің байланы, функциясы, қажеттілігі:топонимика –жер-су ерекшіліктері,, ономастика- есім тарихы мен географиялық ерекшіліктерін айқындау,, тарихи географияның пәнаралық функцияларын салыстырмалы қарастыру. Аталған ғылымдардың өзара байланысын тарихи географияда пайдаланып нәтижеге жету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі

    Мақсаты: Студенттер әр түрлі функционалдық стильдер мен жанрлардағы түпнұсқа әдебиетті оқу. Мазмұны: аудару сияқты ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады және жетілдіреді, кәсіби сипаттағы әңгімеге қатыса білу, коммуникативтік ниеттердің кең тізілімін білдіру, сөйлеу этикетінің ережелерін сақтай отырып, монологтық сөйлеудің негізгі түрлерін меңгерген, іскерлік жазудың негізгі түрлерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақстан этнологиясы

    Мақсаты:Қазақстан халықының тарихы мен этнологиясын білу. Мазмұны: Этнология курсының мақсат, міндеттері, Қазақстан этнологиясының қалыптасу кезеңі, даму жолдары мен ғылыми зерттеуге ғалымдардың қосқан үлесі, этнологияның зе рттеу әдәс-тәсілдері: жазу, талдау, сойлесу, күнделік жүргізу, сараптама дайындау, этностың күнделікті өмірің, жағдайын, ерекшілігін айқындау.Жергілікті халықтардың қалыптасуы, даму ерекшілігі, этноүрдістің қазіргі жағдайы және оның болашақ қмірсүру дағдыларын түсіну.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Орталық Азия халықтарының тарихы

    Мақсаты: Орталық Азия халықтарының тарихын игеру. Мазмұны: Тарихи сахнадағы Орталық Азия халыұтарының қалыптасуы, бірге басынан шеккен тарихы мен орны:Қазақ қырғыз, өзбек, түркімен, тәжік, қарақалпақ, татар, башқүрт халықтары тарихы мен мәдениетіндегі үқсастық пен ерекшеліктерін айқындау. Дүниежүзілік тарих фактілер негізінде студент өзінің көзқарасын Орталық Азия халықтарының саяси жүйесі, қоғамдық құрылымы, шаруашылығы мен мәдениетін қарастыруда салыстырмалы пайдалану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әлем мәдениет тарихы

    Мақсаты: Адамзаттық мәдени үлесі мен жетістіктерін білу. Мазмұны: пәннің мақсат, міндеттерін, зерттеу деңгейін қарастыру, тарихи дамуға этностардың қосқаны және олардың орның талдау, халықтардың тарихында мәдениеттің алатын орны және әр этностың әлемдІк мәдениетке қосқан үлесін түсіну, (Сурет, сәулет өнері, музыка, әдебиет,тіл, дін). Сонымен қатар, тарихтың әртүрлі хронологиялық кезеңдерінде әлем халықтарының мәдени және рухани мұраларын айқындау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әлемдік өркениет тарихы

    Мақсаты: Әлемдік өркениет ошақтары тарихын айқындау. Мазмұны: Еуропа, Америка, Таяу Шығыс, Қиыр Шығыс, Африка және Орталық Азияның ежелгі қоғамдарының эволюциясы негізінде өркениеттер ошақтарының қалыптасуын, дамуын білу,ежелгі дәуірдегі Египет, Ассирия, Аккад, Урарту, Кытай,Үндістан, Мексикадағы өркениет ошақтарын қарастыру.Өркениет кезеңдері мен ошақтарын түсіні мен толық талдау жүргізу. Археология мен этнографияның зерттеу әдістерін қолдана отырып, әр өркениеттің ерекшеліктерін жеткізу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Археология

    Мақсаты:Археология пәнінің мақсат, міндеттерін жыне мазмұның білу. Мазмұны:Пәннің мақсат, міндеттерін, мазмұның жақсы түсіну, сабақтар барысында ежелгі дәуірдегі археологиялық мұра, орындар, тарихи кезең және хронологиялық даму мерзімін түсіну. Палеолит, неолит, эниолит дәуірін сипаттау және салыстырмалы талдау. Археологиялық ескерткіштердің (қалашықтар, қорғандар, ежелгі тұрақтардың қалдықтары) жіктелуін қолдау. Археология қазба жұмыс нәтіжелерін реттеу, талдау, сараптау және мұражай ресурстарын өткізу әдістерін білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қосалқы тарихи пәндер

    Мақсаты:Қосалқы тарихи пәндердің өзара байланысы мен ерекшеліктерін анықтау. Мазмұны: Қосалқы тарихи пәндердің өз-ара байланысы, мақсат-міндеттері және орның түсіну:палеографияның деректерменжұмыс жасау функциясын айқындау,сфрагистика пәнінің ерекшілігін талдау, генеология-шежіре этностың шығу тегі ретінде, нумизматика- тенге байланыстарың көрінісі, геральдика- тарихты толықтырады, хронология-тарихи мерзім айнасы, метрология-өлшем бағалауы. Аралас ғылымдардың өзара байланысы мен тарихи теориялық негіздерін білу. Кәсіби шеберлікті дамытуда пәнаралық тәсілдерді пайдалану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Түркі халықтарының тарихы

    Мақсаты: Түркі мемлекеттерінің пайда болу, даму және құлдырау себептерін айқындау. Мазмұны: «Түркій сөзіне түсініктеме беру, оның шығу тегі, ғалымдардың көзғарастары, «Тюркология» саласының пайда болу тарихы. Қазақстандағы түркітанушылардың ғылымға қосқан үлесі қандай.Түркі қағанаты, Батыс-Шығыс қағанаты, Қарахан, Қыпшақ, Кимақ мемлекеттерінің саяси тарихын түсіну. Түркі халықтардың географиясы, әлеуметтік-саяси құрылымы, шаруашылығы мен мәдениетін сыни талдау және Отандық тарих фактілер негізінде салыстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақстан археологиясы

    Мақсаты:Қазақстан археологиясының негізгі бағыты мен мазмұның білу. Мазмұны: Қазақстанның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін үйымдастырған қазба жұмыстары, археологиялық экспедициялар, олардың нәтіжелері, археологтардың зерттеулері мен жобаларын білу. Батыс, Орталық, оңтүстік Казақстандағы археологтарының ашулары(Ә.Маргулан, К.Акишев, К.Байпаков).Ашық аспан астындағы ұйымдастыру принциптерін және пәннің негізгі бағыттарын түсіну.Қосалқа ғылымдардың өзара байланысы, мәдениет пен қайта зерттеу үшін мұражай және мұрағат ресурстарын пайдалану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Этнология

    Мақсаты:Этнос тарихы мен этнология нысандарын білу. Мазмұны:Этнология пәнінің мақсат, міндеттерін түсіну, әлемдік этнологиядағы зерттеу бағыттары, нәсіл және оның орны, ерекшілігі, қалыптасу, даму үрдісі, Азия және Африка, Европа,Австралия және Америка халықтарының мәдениет, тарих, дін,әдет-ғұрып және дәстүрін айқындау. География, территория және табиғи құбылыстың этнологиямен байланысы. Этнология дағдыларын қолдана отырып жаңа идеялар контекстінде этносаралық теорияларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Экожүйе және құқық

    Мақсаты: Қоғамның тұрақты дамуына қол жеткізу үшін экономика, құқық, экология және тіршілік қауіпсіздігі, ғылыми зерттеу әдістері саласында интеграцияланған білімді қалыптастыру. Мазмұны: Адам мен табиғаттың қауіпсіз өзара іс-қимылының, экожүйелер мен биосфераның өнімділігінің негіздері. Қазақстанның тұрақты даму мақсаттары шеңберінде ресурстардың шектеулілігі жағдайындағы қоғамның кәсіпкерлік қызметі, бизнес пен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Экологиялық мәселелер мен тұрақты даму принциптерін жүйелі түсіну. Қазақстандық құқықты, субъектілердің міндеттері мен кепілдіктерін білу, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету үшін қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуді білу және сақтау. Инклюзия-халықаралық заңнаманың стратегиясы. Жасанды интеллекттің құқықтық негіздері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шығыс елдерінің орта ғасыр тарихы

    Мақсаты: Шығыс елдерінің орта ғасырдағы тарихының мақсат, міндетін түсіну. Мазмұны: Орта Шығыстын тарихи, саяси, экономика, әлеуметтәқ жаынан салыстыру және жеке түжырымдау ғасырлар тарихының Батыс және Шығысқа болініу және ерекше зерттелуі, Батыс пен. Дәстүрлі мемлекеттердің пайда болу себептері, феодалдық жүйенің қалыптасуы, халықаралық мәселелерді талдай білу. Қытай, Үндістан, Мысыр, Осман, Могол, Шыңғысхан империясы тарихын аналитикалық түрде талдау. Өзінің көзқарасын дүниежүзілік тарих фактілер негізінде дәлелдеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Осман империясының тарихы

    Мақсаты: Осман имперясының ішкі және сыртқы тарихың жаолпы тұсіну Мазмұны: І Мехметтің басқаруындағы саяси жүйесі, І Хамиттің реформалары,, І Селим мемлекет басшысы ретінде, халықтын наразылығы мен мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті, П Махмуттың саясаты мен ішкі саясаты, Танземит жүйесінің құрылуы, оның себептері, Қырым соғыстарының салдары және аяқталуы, орыс-түрік соғыстары жыне оның аяқталуы, имперяның қүлауы ортағасырдағы жазба деректер негізінде талдау, салыстыру, білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Орта ғасырлар тарихы

    Мақсаты: Орта ғасырлар тарихының хронологиялық кезеңдерін және тарихын білу. Мазмұны: Тарихи ғылымдағы орта ғасырлар тарихының алатын орны, медиевистиканы зерттеген ғалымдар мен олардың нәтіжелері, Орта ғасырлардың хронологиялық мерзімі, кезеңдерін тарихи сипаттау және маңыздылығын айқындау.Феодализм дамуы үрдісі мен ерекшелігін көрсету. Ортағасырлық Еуропа, Азия және Африка қалыптасқан елдерінің тарихын салыстырмалы талдау:Ұлы географиялық ашылулар, крест жорықтары, 100жылдық соғыстар, қоғам және дін, Өрлеу кезеңі, феодалдық жүйенің ыдырауын сыни талдау мен салыстырмалы ашу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Тарихи өлкетану

    Мақсаты: Тарихи өлкетанудың мақсат, міндеттерін білу. Мазмұны: Тарихи өлкетану мақсат, міндеттері, курстың байланысы мен зерттеу бағыттары, тарихи олкенің негізгі функциялары, атқаратын қызметі. Пәнің даму тарихы, қалыптасқан теориялық көзғарастар мен ой-пікірлер. Аймақтарын қарастыруда салыстырмалы әдіс-тәсілдерді пайдалану(салыстырмалы, ақпарат жинау, географиясын карастыру, табиғи және саяси-қоғамдық ерекшіліктерін ескеру Тарихи өлкетану-құжаттық материалдарының теориялық түрде талдау. Тарихи өлкетану принциптері мен тарихи кезеңдерін аймақтық тарихты зерттеуде қолдану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі

    Мақсаты: қазақ (орыс) тілінде қоғамдық өмір және әлеуметтік-мәдени, кәсіби салаларында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырып, академиялық мәтіндер жазу қабілетін жетілдіреді. Мазмұны: А1, А2, В1, В2-1, В2-2 (В2, С1 орыс тілі ) деңгейлері халықаралық стандарттағы қарым-қатынас аясынан, тақырыптардан, тақырыпшалардан және типтік жағдаяттарынан тұратын когнитивтік-лингвомәдени кешендер: әлеуметтік тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, кәсіптік білім беруде үлгіленген формалар бойынша ауызша және жазбаша қарым-қатынас, жазбаша сөйлеу жұмыстары, тыңдалым түрінде ұсынылған. Білім беру бағдарламасы бойынша мәтіндердегі тілдік материалды түсінгенін көрсету, терминологияны білу және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық

    Мақсаты: Қаржылық әл ауқатқа жету үшін маңызы бар жеке және отбасылық қаржылық ресурстарды басқаруды, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруды дағдыларын оқыту. Мазмұны: Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны қалыптасу шарттары. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық түрлері. Кәсіпкерліктегі тәукелділік. Кәсіпкерліктегі бизнес-жоспарлау. Кәсіпкерлік келісімдерді ұйымдастыру. Кәсіпкерліктегі мәдениет және этика. Кәсіпкерлік қызметің қаржыландыру. Қаржылық сауаттылық түсінігі, мақсаттары мен міндеттері.Ақша,есеп айырысу және төлемдер. Жеке қаржы: кіріс,шығыс, бюджет. Салықтар және жеке тұлғаларға салық салу. Зейнетақылар және сақтандыру. Халыққа банктік қызмет көрсету. Жеке тұлғалардың банкроттығы және қаржылық тәуекелдер. Қаржылық пирамида және жеке қаржылық қауіпсіздік.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықта

    Мақсаты: Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны мен ролін көрсету. Мазмұны: ТәуелсізҚазақстанның қазіргі заманғы саяси моделінің, даму ерекшеліктерін объективті бағалау. КР БУУ мүше болғаны, республиканы әлем танығаны және Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүшелігі мен қызметін айқындау. Казәргі кездегі шетелдермен қарым-қатнастардың жан-жақты қалыптасуы, халықаралық дәрежедегі жобалардың іске асырылуын талдау. Аймақтық келісім шарттар, жақын және алыс шет елдермен бейбітшілік саясаты мен стратегиялық серіктестігін талдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект зерттеу, дамыту және инновация

    Мақсаты: оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін жетілдіру негізінде оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегі цифрлық мүмкіндіктер технологиясын меңгеру. Мазмұны: ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін жүйелі түрде пайдалану, компьютерлік жетістіктерді пайдалана отырып, білім түрлері арқылы түсіну: тақырыптық презентация өткізу, жеке тапсырмаларды, оқу жобаларын дайындау, оқу құзіреттіліктері мен жан-жақты танымдық қабілетін қалыптастыру үшін карталар мен тест тапсырмаларын құрастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Орта ғасыр Қазақстанның тарихы мен мәдениеті

    Мақсаты: Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы мен мәдениетіне жалпы сипаттама беру Мазмұны: аумағы, этникалық және тайпалық құрамы, рухани және дәстүрлі мәдениеттің ерекшеліктерін талдау. Қазақстан тарихының ғылыми, тарихи үлесі,зерттелу денгейі, ғалымдардың Қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық деңгейін сипаттау.Сақ, үйсін, қаңғлы, ғүн тайпаларының тарихын білу. Түркі мемлекеттерінің тарихи сахнадағы ролін көрсету Сын әдісін пайдалана деректанулық талдау жасау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шығыс және Батыс елдерінің жаңа тарихы

    Мақсаты: Шығыс және Батыс елдерінің дамуына жалпы сипаттама беру. Мазмұны: капиталистік қатынастарға өту себептерін айқындау, ішкі және сыртқа шыққан капиталдың пайда болу жолын түсіндіру, оның сыртқа шығу себебтерін білу.Буржуазиялық монархиялардың таққа күресі, үлы әулиеттердің мүдделері, саяси жүйусі, қоғамдағы алғашқы қарсылықтар мен күрестер нәтіжелері, шексіз билік, оның саяси ықпалы мен мүдделерін қарастыру. (Еуропа және Азиямен Африка) мемлекеттерінің дәстүрлі және дәстүрлі емес даму дәреже тарихын талдау жасау. Мемлекеттердің саяси жүйесі, экономикалық қоғамы мен қалыптасқан мәдениетін деректер мен тарихнам негізінде айқындау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Араб халифатының тарихы

    Мақсаты: Араб халифатының саяси жүйесін қалыптасуын менгеру Мазмұны: Араб халифатының құрылу тарихы, алғашқы саяси қадамдары мен территория, география және тарихи орналасуы, мемлекеттің саяси ерекшілігі, діни, идеологиялық және мемлекеттік беделі, этно-ру тайпалық құрлым ы, территориясы, діни исламдық ерекшіліктері, әскери жорықтары жазба деректер негізінде қарастыру, талдау және орта ғасырдағы болған тарихи фактлермен айқындау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы

    Мақсаты: Еуропа және Америка елдерінің Жаңа кезең тарихын игеру. Мазмұны: Еуропа және Америка елдерінің феодализмнен жаңа капиталистік қатынастарға өту себептерін айқындау, ішкі және сыртқа шыққан капиталдың пайда болу жолын түсіндіру, оның сыртқа шығу себебтерін білу.Буржуазиялық монархиялардың таққа күресі, үлы әулиеттердің мүдделері, саяси жүйусі, қоғамдағы алғашқы қарсылықтар мен күрестер нәтіжелері, шексіз билік, оның саяси ықпалы мен мүдделерін қарастыру. Талдау дағдыларды пайдалына, өзінің тұжырымдарын дүниежүзілік тарихтағы фактілер мен оқиғалармен дәлелдеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарихты оқыту әдістемесі және бақылау

    Мақсаты: Сабақтың тиімділігі мен сапасын арттыру Мазмұны: педагогикалық, кәсіби әдәснамаларды оқыту процесінде пайдалану, заңдылығын білу. Жаңа әдіс-тәсілдерді оқып-үйренуге қызығушылық тудыру, тарихи саладаы іс-тәжірибеге көңіл аудару және жеке нәтіжелерге жету жолдарын қарастыру, оқу процесін ұйымдастыру мен жүргізуде көрнекі құралдарды, компьютерлік технологияларды толығырақ қолдану. Тарихты оқытуда кәсіби шеберлікті жетілдіру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шығыс елдерінің жаңа тарихы

    Мақсаты: Шығыс елдерінің әлеуметтік-саяси және экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттау. Мазмұны: Жаңа уақыттағы Шығыс елдердің саяси жағдайы, қоғамның әлеуметтік, экономикалық дәрежесі, халықтын наразылығы мен үлы державалардың отаршылық сасатының мақсаттары, жергілікті акімшіліктің адасуы, капитализм мүдделерінің орын алуы, ұлттық экономиканың әлсізденуі және капиталистік модельдің дәстүрлі қоғамға ықпалын жазба деректер негізінде түсіну. Аналитикалық дағдыларды дүниежүзілік тарихтағы оқиғаларды талдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы

    Мақсаты: Азия мен Африка елдерінің әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуын білу. Мазмұны: мемлекеттерінің дәстүрлі қоғамға жүргізген саясатын түсіну. үлы державалардың отаршылық сасатының мақсаттары, жергілікті акімшіліктің адасуы, капитализм мүдделерінің орын алуы, ұлттық экономиканың әлсізденуі және капиталистік модельдің дәстүрлі қоғамға ықпалын жазба деректер негізінде түсіну. Халықаралық мәселелерді ашуға диагностикалық дағдыларды пайдалану. Студент көзғарасын қалыптастыруда дүниежүзілік үрдістің дамуын салыстырмалы түрде білу қажет.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі тілдес халықтардың мәдениеті

    Мақсаты: Мәдени ескерткіштер, тіл, жазбаша дереккөздер және ауызша фольклорды анықтау. Мақсаты: Түркі тілдес халықтардың рухани мұрасының ұқстығын тану, казақ халықының қалыптастырған дәстүрлі мәдениетінің эволюция жолын айқындау, қол өнері, тоқма, қыш бүйымдары, тері, ағаш, жүн пайдалану әдіс-тәсілдері. Қараүйді қүру, реттеу, пайдалану, күнделікті өмірдегі дәстүрлі мәдениеттің ерекшіліктері мен қоғамдағы орнын талдау, .Музей, архив ресурстарын және кітапханалардың электрондық әдебиеттерін пайдалана түркі тілдес халықтардың рухани жетістіктерін бағалау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі

    Мақсаты: Қазақстан тарихын оқыту әдіснамасы пәнінің даму жолын түсіну. Мазмұны: тарихи- педагогикалық міндеттерін атқаратын қызметі, жаңа интерактивті әдіс-тәсілдерді білу, қолдану: презентация дайындау, видеодәрістер мен ашық сабақтарды жүргізу, тест алу жолдары, жеке жоба мен жеке жұмыс дайындау әдіс-тәсілдерін айқындау.Оқу процесін ұйымдастыру мен жұргізу көрнекті құралдары, компьютерлік технологияларды толығырақ қолдану. Тарихты оқытуда әдіснамасын жетедіруде ғылыми- техникалық және компьютерлық сауаттылықты пайдалану.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдіснамасы

    Мақсаты:Тәрбие жұмысының теориясы менәдіснамасын қалыптастыру. Мазмұны:Тәрбие жұмысының маңызын түсіну, оқушылармен пікір алысып қызығушылығын, жақсы түсінетін сабақтарын, оқыйтын авторларын, жеке қабілетін, ата-аналармен байланысын білу. Жеке оқушының әлеуметтік жағдайын, жанүя мәселелерін және сабақ үлгерімін күнделікті тәрбие жұмыстармен тығыз байланыстыру. Тарих сабақтарында жаңартылған мазмұндағы ҚР Білім беру жүйесінің құжаттарын пайдалану, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін жетілдіру үшін компьютерлік технологияларды қолдану.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Орталық Азия халықтарының діні

    Мақсаты: Орталық Азия аумағында діннің пайда болу тарихын білу Мазмұны: (Қиыр Шығыста шаманизмнің қанат жайюы, фетешизм сенімнің даму себептері, көк тәңірге сену, христиан дінінің манихей бағытының тарауы, буддизм дінінің өріс алуы) Ислам дінінің рухани және өркениеттік негізін бағалау.Еуразия кеңістігіндегі діндердің эволюциясын айқындау. Қоғамдағы дни бағыттар мен секталар көзғарастарын талдау. Қазіргі кездегі қоғамда діннің алатын орны мен ролін ақпараттық және деректамалық негізінде анықтау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы

    Мақсаты: Қазақ халқының рухани мәдениетінің даму жолын түсіну Мазмұны: Тәуелсіз Қазақстанда казақ халықының рухани мәдениетінің тарихына жаңаша көзғарас қалыптастыру,тарихи-мәдени қауымдастықтардың типологиясы мәселелерін тану.Әр түрлі тарихи кезеңдерде қазақ халықының рухани мәдениетінің ерекшеліктерін анықтау. Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы «Рухани жаңғыру», «Үлы даланың жеті қыры»Сонымен қатар, қалыптасқан фольклор, поэзия, әдебиет, өнер, музыка салаларын қарастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Әлем діндер тарихы

    Мақсаты: Әлмдік діннін дүниетанымдық, өркениеттік функцияларын түсіну. Мазмұны: Әлемдік діндердің казіргі жағдайын анықтау(ислам дінінің тарихта орын алуы мен онын ерекшілігі, буддизм дінінің ежелгі Үндістан жерінде өріс алуы, Таяу Шығыста христиан дінінің тарауы) Әлем діндердің ежелгі және орта ғасырлар тарихында қалыптасуы, тарихи дамуы және жалпы парадигмасын сыни талдау. Салыстыру әдісін қолдана отырып діннің жастар санасына тигізген әсерін бағалу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақ хандығы тарихы

    Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихын білу. Мазмұны: 15-18 ғасырлардағы Қазақ хандығының тарихын хроноогиялық кезең боынша түсіну. тарихи сахнадағы мемлекетті басқарған хандар мен мемлекет қайраткерлерін салыстырмалы жазба деректердің негізінде талдау М:Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабінің мазмұның, маңыздылығын айқындау. Сол кездегі ішкі және сыртқы жағдайды түсіну. Деректер мен кітапханалардың электронды құжаттарын пайдалана тарихи кезеңнің күрделі мәселелерін ашу. Қазақ хандығы тұсында тарихи тұлғалардың қызметі мен үлесін талдау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шығыстың Қазіргі заман тарихы

    Мақсаты: Шығыс елдерінің казіргі заман тарихының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын меңгеру. Мазмұны: халықаралық қатнастар мен халықаралық тәртіптің орнатылуын түсіну.20 ғасырдың ортасынаң ілемдік халықаралық жағдайдын геосаяси көріністері, мемлекеттердің тәуелсіздігін жариялау, Африка елдері, Таяу Шығыс, Орталық Азия, Оңтүстіқ-Шығыс Азия елдерінің жаңа саяси жолды таңдауы. Халықаралық мәселелер, халықаралық қатынастар және мемлекеттердін жағдайын түсіну барысында аналитикалық дағдыларын қолдану. Ішкі және сыртқы саясаты ашуда диагностикалық әдіс-тәсілдерін пайдалану.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • ХХ ғасырдағы Қазақ зиялылыры тарихы

    Мақсаты: Казақ зиялы қаумының ХХ ғасырдағы саяси орнын ролін көрсету. Мазмұны: Мемлекетті басқарған казақ ортасынан шыққан түлекттердін қызметін, орнын айқындау: А.Буккейханов, Т.Рыскулов, М.Шокай, М.Дулатов, С.Сейфуллин, А.Байтурсынов, АүАсфендияров, К.Сатпаев, Х.Досмухамедов, Ташенов, Кунаев ролі мен қызметін қарастыру, қазақ зиялы қауымының проблемалары, ашаршылық, куғын-сүргің мәселесі, күштеп депортацияға ұшыраған халықтардың тарихы, ұжымдастыру, индустиаландыру, жаңа экономикалық саясат, тын, тын игерудегі зардаптары мен қателері тақырыптарды талдау.мен тарихи фактілер негізінде қарастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шығыс және Батыс елдердің қазіргі заман тарихы

    Мақсаты: Шығыс және Батыс мемлекеттерінің казіргі кездегі тарихы мен даму ерекшіліктерін тану. Мазмұны: қазіргі заман тарихында жаңа әлемдік тартіп орнатылды, империалистік державалардың мүдделері отаршылық саясатты дамытты, саяси бәсекейлік, І дүниежүзі соғыстары, әскери блоктардың құрылуы, жана әлемде тәртіп орнату әдсі –тәсілдері қалыптасты, Еуропа, Азия, Африка және Америка мемлекеттерінің қазіргі тарихын деректанулық негізде ашу. Ұлы державалардың ықпалы мен мақсат міндеттерің түсіну. Жаңа кезеңдегі қалыптасқан саяси, дипломатиялық, экономи калық қатнастарды электоронды ресурстар негізінде талдау. Әлемдік саясат пен халықаралық байланыс ерекшелігін айқындау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы

    Мақсаты: шетелдердің казіргі кездегі даму, өзгеру және өсу ұрдісін айөындау. Мазмұны: 19 ғасырдың соңында 20ғасырдың басында Америка және Еуропа елдерінің қазіргі заман тарихында жаңа әлемдік тартіп орнатылды, империалистік державалардың мүдделері отаршылық саясатты дамытты, саяси бәсекейлік, І дүниежүзі соғыстары, әскери блоктардың құрылуы, жана әлемде тәртіп орнату әдсі –тәсілдері қалыптасты, социалистік және капиталистик бәсекейлігі, геосаясат пен «суық соғыс» ерекшіліктерін түсіну. Саяси партиялардың идеологиясы мен діни ағымдардың мақсаттарың ашу. Дүниежүзілік тарих хроноогиясы бойынша оқиғаларды анықтау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы

    Мақсаты: Азия мен Африка елдерінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау. Мазмұны: 20 ғасырдың ортасындағы отаршылық саясаттың құлауы, әлемде жаңа халықаралық қатнастардың орнауы, мемлекеттердің тәуелсіздігін жариялау, Африка елдері, Таяу Шығыс, Орталық Азия, Оңтүстіқ-Шығыс Азия елдерінің жаңа саяси жолды таңдауы. Ішкі және сыртқы саясаттағы елдердің мақсаттары мен міндеттерін түсіну. Халықаралық қатынастардағы елдердің басымдықтарын анықтау. Тарихи заңдылықтарды талдау барысында аналитикалық, диагностикалық дағдыларды пайдалану.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақстан саяси элитасының тарихы

    Мақсаты: Казақ халықының саяси лидерлері мен саяси элитасын білу. Мазмұны: Мемлекетті басқарған казақ ортасынан шыққан түлекттерге талдау жасау, олардың саяси, шығармашылық, ғылыми, білім, шаруашылық саласындағы қызметін айқындау, :Аблайханның басқару жүйесі, Есім ханның жұргізген реформалары, Кенесары бастаған үлт-азаттық көтерілістер,Таукеханның заңдары, Ташеновтын патриоттық жұмысы мен азаматтық борышы, Кунаевтың саяси ролі мен қызметін талдау мен тарихи фактілер негізінде қарастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақстанның жаңа тарихы

    Мақсаты: Қазақстан Жаңа тарих кезеңі мақсат, міндеттерін білу. Мазмұны: Қазақстанның Жаңа заман тарихының хронологиялық мерзімін білу, тарихи сахнадағы мемлекетті басқарған хандар мен мемлекет қайраткерлерін салыстырмалы жазба деректердің негізінде талдау М:Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабінің мазмұның, маңыздылығын айқындау.Саяси жағдай, экономикалық-әлеуметтік қатынастар, Ресей империясының мүдделері мен іске асырған реформа нәтижелерін талау.Кітапхана ресурстары мен тарихи-құжаттық деректерді дұрыс және шынайы пайдалану.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ТМД елдерінің тарихы

    Мақсаты: ТМД елдерінің КР өарым-қатнастарын айқындау, білу. Мазмұны: Тәуелсіз жылдарындағы қалыптасқан көрші елдермен байланыстарды талдау, ТДМ достығы келісім құжаттарының мазмұны, іс-тәжірибедегі нәтіжелері, итеграциялық, экономикалық, логистика,шаруашылық пен өндірісті дамытатын іс-әрекеттерді айқындау. Кеден келісімі, Евразиалық одақтастық, Орталық Азия елдерімен байланыстары теориялық түрде және тарихи деректер негізінде талдау және өзінің ойы мен көзғарасын тарихи факт ретінде жеткізу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шетел тарихының деректануы

    Мақсаты: Шетел тарихының деректануын тануда кезеңдік классификациясы мен қалыптасу үрдісін білу. Мазмұны: шетел тарихи кезеңдерін дәлелдейтін сақталынған деректер және оның маңыздылығын қарастыру, шетел мемлекеттерінің жазба, ауызша,фольклор ретінде, саулет өнерінде, өнерде, діни, саяси, мәдени бағыттағы мұраларды талдау.Өткен оқиғаларды, әлемдік тарихи дамудың жалпы парадигмасымен салыстыру. Еуропа, Америка, Азия халықтарының тарихы мен мәдениеті бойынша шетелдік деректерді жүйелеу, қарастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Электронды құжаттар деректануы

    Мақсаты: Электронды құжаттарды деректтер ретінде қарастыру. Мазмұны: Электронды деректерді зерттеу барысында талдай білу(кітап, оқулық, зерттеулер, ғылыми еңбектер, бұқаралық ақпарат құралдары) Деректерді мерзім, тақырып бойынша бөліп жеке талқылай білу.Мұрағат, мұражай мен кітапханалардың электронды ресурстарын замануи техникалық құралдармен жабдықтаудын негізінде кәсіби түрде пайдалану, талдау және зерттеу. Сонымен қатар, электронды құжаттарды қолдана дүниежүзілік тарих хронологиясы бойынша сыни, салыстырмалы ізденістер жүргізу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстан тарихының тарихнамасы және деректануы

    Мақсаты: Отан тарихының ғалыми көзғарастарын таныту мен деректер негізінде толықтыру. Мазмұны: Тәуелсіз Қазақстанның тарихнамасын зерттеуде Қазақстандық ғалымдардың ғылыми көзқарастарын қарастыру.(Д.Дулатова, Е.Бекмаханов, М.Козыбаев, Г.Сафаргалиев, М.Койгельдиев, Т.Омарбеков, К.Атабаев, К.Несипбаева, Г.Отепова, К.Есмагамбетов).Отандық тарихтың хронологиясы бойынша деректанулық және тарихнамалық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, зерттеушілердің ғылыми ізденістерінің арграрлық мәселе, ашаршылық тақырыбы, куғын –сүргін құрбандары, саяси партиялар мен саяси жүйе, тарихи ақтандықтар нәтіжесін анықтау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • 19-20 ғасырдағы Қазақстан тарихының тарихнамасы

    Мақсаты: Қазақстан тарихы тарихнамасының 19-20ғ.ғ. жетістіктері мен зерттеулерін білу. Мазмұны: 19-20 ғасырдағы Қазақстан тарихының күрделі проблемаларын және тарихта зерттелмеген мәселелерді қарастыру, соның ішінде аз зерттелген, зерттелмеген проблемалрды қарастыру:1920-1950жылдарындағы қазақ зиялы қауымының проблемалары, ашаршылық, куғын-сүргің мәселесі, күштеп депортацияға ұшыраған халықтардың тарихы, ұжымдастыру, индустиаландыру, жаңа экономикалық саясат, тын, тын игерудегі зардаптары мен қателері тақырыптарды талдау.Авторлардың нәтижелерін сыни талдау. Салыстыру әдісімен отандық тарихты зерттеген ғалымдардың тұжырымдамаларын айқындау(буржуазиялық, евроцентристік, марксистік, үлттық).

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақстан Республикасының сыртқы саясат тарихы

    Мақсаты: Тәуелсіз ҚР шет елдермен байланыстарын қарастыру. Мазмұны: Тәуелсіз Қазақстан жылдарындағы жаңа сыртқы саясатты білу, түсіну, 1991 жылдан қалыптасқан көпвекторлық сырттқы саясатты түсіну, ресми, БАҚ, видео, жазба деректер негізінде келісім шарттардың мазмұның талдау, халықаралық жобалар мегн бағдарламалар нәтіжелерін салыстырмалы түрде айқындау.Қазақстан Республикасының халықаралық үймдарға мүше ретінде қызметін талдау. БУУ КР мойындауы және ұйымға мүше болуы, елдермен саяси, дипломатиялық, экономикалық, мәдени, спорт және басөа қарым-қатнастарын тарихи факт ретінде талдау және өз көзғарасын жеткізу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлем тарихының өзекті мәселелері

    Мақсаты: Әлем тарихындағы өзектіч мәселелерді қарастыру. Мазмұны: Казіргі кездегі әлемдегі мемлекеттердің мойындаған және шешу әс-әрекеттеріне көз аударған сурақтар коп елдерге ортақ:Азия мен Африка, Еуропа және Америка елдерінің қазіргі кездегі туындаған өзекті мәселелерін біліу және талдау(геосаясат, халықаралық жағдай, экология , миграция, діни мәселелері). Өз қорытындыларын дүниежүзі тарихының фактілер мен оқиғалар негізінде талдау, халықаралық проблемаларды айқындауда аналитикалық дағдыларды пайдалану.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Отандық тарихтың өзекті мәселелері

    Мақсаты: отан тарихының өзекті мәселелерің айқындау Мазмұны: Тәулсіз алғанан кейін мемлекет пен қоғамдағы проблемаларға назар аударылды. Тарихи ақтандықтар мен аз қарастырылған проблемаларды талдау, Отандық тарихтағы өзекті (ашаршылық, ЖЭС, қуғын-сүргін,ұжымдастыру, индустриализациялау, тың және тың игеру) мәселелерін түсіну. Қазақстан даму ерекшеліктерін объективті бағалауда тарихи-салыстырмалы әдіс-тәсілдерін пайдалану. Өзекті проблемаларды талдауда диагностикалық дағдыларды пайдалану және өз тұжырымдарын Отандық тарихтың фактілермен дәлелдеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Оқыту дағдылары мен академиялық жазу мен адалдық принциптерін қолдана отырып, кәсіби ортада және қоғамда тілдердің үштұғырлығын қолдану.
  • Идеологиялық, азаматтық және рухани ұстанымдарды қалыптастыру, ғылыми-эксперименттік зерттеу әдістері мен жасанды интеллект қолдану негізінде әлеуметтік, жаратылыстану, әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету.
  • Тарихты оқыту дағдысын жетілдіруде ізденіс, ақпаратты өңдеу және байыту әдістерін, компьютерлық сауаттылықты меңгеру.
  • Зерттеу мен кәсіби шеберлікті шыңдауда тарих ғылымының теориялық негіздерін, сабақтас ғылыми әдістерді қолдану арқылы пәнаралық ұстанымдарды іске асыру.
  • Қазақстанның даму ерекшеліктерін объективті бағалауда тарихи-салыстырмалы талдауды қолдана отырып, ғылыми, ағартушылық, білім беру және тәрбие қызметін жүзеге асыру.
  • Дүниежүзілік және отандық тарихтың хронологиясын деректанулық, тарихнамалық білімдерге ие бола отырып, әлемдік тарихи дамудың жалпы парадигмасы шеңберінде тарихи құбылыстарды салыстыру және сыни талдау әдістерін пайдалану.
  • Тарих ғылымдағы замануи әдістерді пайдаланып танымдық концепцияларды аймақтық бағдарлама мен жобаларға іске асыру.
  • Замануи цифрлық технологиялар мен ғылыми зерттеу әдістерді отандық тарихында казақтардың дәстүрлі-руханияты аз зерттелген проблемалар ретінде қайта жандандыруда пайдалану.
  • Тарихи іргелес пәндердегі талдау, экспертиза және бағалау әдістерін халықтар мәдениетінің генезисін толық қайта құру, этногенезін анықтау және этникалық үрдісін дамытуда пайдалану.
  • Жергілікті және халықаралық мәселелерді қабылдау мен тарихи талдауда, өзіндік ой қорыту, фактілер ұсыну арқылы талдамалық, диагностикалық дағдыларды игергенін көрсету.
  • Стандарттық емес жағдайларда міндеттерді шешу үшін зерттеушілік, кәсіпкерлік қаблеттерді пайдалану.
  • Жеке тұлғалық көзқарасының дұрыстығын дәлелдей отырып өзінің іс-әрекеттерін өзгерістерге икемдей алу және түрлі әдістерді пайдалану арқылы жеке және командада тиімді жұмыс жасай алу.
Top