Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02320 Аударма ісі в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Академиялық жазуды түсіне отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасай алу.
  • Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, академиялық адалдық пен парасаттылықты қалыптастыру негізінде әлеуметтік - мәдени, кәсіби дамуды, ғылыми және эксперименттік зерттеулердің әдістерін көрсету.
  • Ақпараттық және есептік сауаттылық, ақпарат жинақтау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілеттерін меңгеру.
  • Аударма және мәдениетаралық коммуникацияның және жалпы лингвистика теориясының негізгі және кәсіби тұжырымдамаларын және олардың аударма тәжірибесімен байланысын салыстыру;
  • Тілдің кәсіби деңгейін (CEFR B2-C1 деңгейі) және екінші шет тілін еркін меңгергендігін (CEFR A1-B1 деңгейі) көрсете отырып, бастапқы мәтіннің/аудиовизуалды дерекккөздің ең дұрыс және баламалы аудармасын/түсіндірмесін қамтамасыз ету;
  • Мәтінді өңдеу нормалары мен ережелерін, сонымен қатар, жасанды интеллект ресурстарын қолдана отырып, негізгі дәйекті ақпаратты бөліп көрсету мақсатында мәтіннің мағыналық құрылымын талдау;
  • Жазбаша, ауызша-түпнұсқалылық ғылыми, ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерді аудару барысында прагма-кәсіби міндеттер мен мәселелердің тиімді шешімін табу;
  • Ауызша және жазбаша аударманың техникалық әдістерінің жиынтығын, анықтамалық әдебиеттерді, электронды мәліметтер қорын және интернет іздеу жүйелерін пайдалана отырып, бастапқы мәтіннің мазмұнын түсіну және барабар жеткізу үшін қажетті ақпаратты іздеу және талдау алгоритмін меңгеру;
  • Аударылатын мәтіннің эквиваленттілігі мен барабарлығын сақтай отырып, ауызша ізбе-із аударманы жүзеге асыру;
  • Мәтіннің аударма алдындағы талдау нәтижелерін ескере отырып және тиісті пәндік салада қабылданған аударма тілінің жанрлық және стильдік нормаларына сәйкес аудару;
  • Белгісіздік жағдайында зерттеу жүргізу, сонымен қатар қаржы мен уақыт ресурстарын басқару және ұтымды бөле отырып кәсіпкерлік және жұмыс дағдыларын қолдану;
  • Кәсіби үздіксіз білім беруді ресми, бейресми және ақпараттық нысандарда жоспарлау арқылы жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу;
Top