Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04106 Мемлекеттік және жергілікті басқару в Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде құжаттарды сауатты түсіндіру және құра білу, академиялық хат әдісін қолдану.
  • Инклюзивті орта жағдайында жаратылыстану-ғылыми және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер саласындағы базалық білімді кәсіби қызметте пайдалана отырып, ғылыми зерттеу әдісін қолдану.
  • Жанжалдық жағдайларды шешуде, моралдық және физикалық жетілуде жеке логикалық ойлау қабілетін көрсету, мәдени қауіпсіздікке ие болу.
  • Жедел шаралар дайындау мен атқаруда мемлекеттік және сыртқы саясатты қалыптастыру мен жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауда ҚР негізгі заңнамаларын, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары туралы білімдерін қолдану.
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару саласын ұйымдастыру мен жоспарлауда талдау әдістерін пайдаланып және басқару шешімдерін қабылдай отырып, мемлекеттік және жергілікті мекемелердің қызметтерінің көрсеткіштерін талдау үшін әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау арқылытәжірибеде мемлекеттік мүлікті басқарудың негізгі экономикалық әдістерін игеру.
  • Мемлекеттік (жергілікті) бағдарламаларды жүзеге асыру барысында экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайлар мен олардың салдарын бағалай отырып, ҚР аймақтарының экономикасын басқарудың тиімді жүйесін пайдалану.
  • Заманауи сандық және ІТ технологияларды пайдалана отырып, өзінің кәсіби қызметінің саласында қолданылатын статистикалық, қаржылық, бухгалтерлік мәліметтер мен ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу бойынша әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технология көздерін игеру.
  • Қызмет түріне, меншік формасына немесе көлеміне қарамастан ұлттық экономиканың барлық салалары мен буындарында пайда болған мәселелерді анықтай отырып, шетелдік тәжірибені ескеріп, өзінің қызметінде экономика, ұйымдастыру, жоспарлау және басқару бойынша білімін қолдану.
  • Атқаратын міндетіне сәйкес ұйымдастырушылық-басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыруда, персоналды бақылау және бағалау, ынталандыру, олардың арасында жауапкершілікті бөлуде заманауи, инновациялық әдістерді қолдану.
  • Қабылданған басқарушылық шешімдердің тиімділігін, нәтижелері мен салдарын бағалау.
  • Мемлекеттік тапсырыс беру жүйесі мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың негізгі принциптері бойынша білімін көрсете отырып, мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қолдану.
Top