Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01528 Физика-информатика в Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қоғамдық ғылымдардың түрлі салалары бойынша базалық білімді, инклюзия құндылықтарын, тұрақты даму, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, тіршілік қауіпсіздігі және экология негіздерін меңгерген; академиялық адалдық қағидаттарын сақтайды; оқу үдерісін рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде ұйымдастырады.
  • Білім берудің келесі деңгейлеріндегі оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық білім беру жүйесінің өзекті міндеттеріне сәйкес пәнаралық байланыстарды, оқытудың инновациялық технологияларын және жасанды интеллектті пайдалана отырып, оқу процесін құрастырады, модельдейді, жобалайды
  • Арнайы пәндерді оқу үшін негіз ретінде математикалық білім жүйесін меңгереді
  • Мектептің оқу үдерісінде және орта кәсіптік білім беруде физика бойынша эксперименттік жұмысты ұйымдастырады және жүзеге асырады.
  • Ақпаратты іздеу, талдау, интерпритациялаудың негізгі әдістерін меңгергеді және оларды өзінің кәсіби қызметінде қолданады
  • Кәсіби қызметте заманауи педагогикалық технологияларды біледі және қолданады; оқушылардың физиологиялық, жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастырады
  • Оқушылардың физика, астрономия және информатика бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларында қарастырылған біліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін физика, математика және информатика бойынша білім жүйесін меңгереді
  • Кәсіби қызметте классикалық физика заңдарын, ұғымдарын, формулаларын біледі, түсінеді және қолданады
  • Физика теориясының тұжырымдамаларын, ережелерін, негізгі аспектілерін және оларды қолдану әдістерін түсінеді
  • Кәсіби қызметте информатика саласындағы заманауи білімге негізделген ақпараттық технологияларды біледі және қолданады
  • Білім беру процесінің барлық сатыларында информатиканы оқытудың заманауи технологиялары мен әдістемелерін меңгереді
Top