Жаңа білім беру бағдарламасы

7M10144 Қоғамдық денсаулық сақтау в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Зерттеулердің қолданбалы әдістері

    Пән магистранттарға ғылыми зерттеудің әдістемелік негіздерін меңгертуді, эмпирикалық және қолданбалы зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Курста зерттеу жоспарын әзірлеу, гипотеза құру, әдістерді негіздеу, деректерді талдау және интерпретациялау қарастырылады. Сонымен қатар, ғылыми ақпаратты өңдеу және талдау үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану жолдары меңгеріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары медициналық білім берудегі инновациялық оқыту технологиялары

    Пән жоғары медициналық білім беру жүйесінде инновациялық оқыту технологияларын қолдану ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Магистранттар педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру, көшбасшылық дағдыларды дамыту және заманауи білім беру әдістерін қолдану арқылы оқытудың сапасын арттыру тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар, оқу барысында ғылыми-зерттеу нәтижелерін талдауға арналған заманауи цифрлық құралдар мен жасанды интеллект элементтерін қолдану дағдыларын игереді. Пән болашақ оқытушылардың кәсіби құзыреттілігі мен инновациялық ойлау қабілетін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дәлелді медицина және зерттеу дизайны

    Пән дәлелді медицинаның қағидаларын, клиникалық тәжірибені жақсарту мақсатында ғылыми дәлелдерге негізделген шешім қабылдау үдерісін үйретеді. Магистранттар зерттеу дизайны түрлерін (когорттық, рандомизацияланған, обсервациялық т.б.) меңгереді, сапалы ғылыми әдебиетті бағалау, интерпретациялау және қолдану дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелерін қолдану арқылы қоғамдық денсаулық сақтау жобаларын әзірлейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары білім берудегі академиялық көшбасшылық және кәсіби этика

    Пән жоғары білім беру жүйесіндегі академиялық көшбасшылықтың мазмұны мен кәсіби этика қағидаттарын зерделеуге бағытталған. Магистранттар ЖОО-да білім беру іс-әрекетін кәсіби ұйымдастыру, көшбасшылық және басқару дағдыларын көрсету, педагогикалық такт пен этиканы сақтау қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар, пән ғылыми және кәсіби ортада авторлық құқық пен академиялық адалдық талаптарын сақтай отырып, этикалық қағидаттар негізінде шешім қабылдауға үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқытудың құзыреттілік тәсілі және білім сапасын бағалау

    Пән құзыреттілікке негізделген оқытудың теориялық және практикалық негіздерін, сондай-ақ білім беру сапасын бағалау жүйелерін зерттеуге бағытталған. Магистранттар педагогикалық этика мен такт негізінде ЖОО-да оқытуды тиімді ұйымдастыруды, ғылыми этика талаптарына сай білім сапасын бағалауға арналған құралдар мен әдістерді қолдануды меңгереді. Курс оқыту сапасын арттыруға және академиялық адалдық қағидаларын сақтай отырып бағалауды жетілдіруге ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Медициналық ЖОО-ғы студенттің құзыреттілігін жаңа бағалау тәсілдері

    Пән медициналық жоғары оқу орындарындағы білімгердің құзыреттілігін бағалаудың жаңа әдістерінен, пән шеңберінде медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің құзыреттілігін бағалаудың түрлі нысандары бойынша тақырыптардан тұрады. Курс барысында магистранттар академиялық адалдық қағидаттарды сақтап, аралық және қорытынды бақылауды жүзеге асыруда бағалаудың жаңа әдістеріне ерекше назар аударып, білімді бағалау әдістерін үйренеді. Оқу үдерісінде жоғары мектепте коммуникативтік, интерактивті бағалау әдістері, интернет-ресурстар белсенді қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қоғамдық денсаулық сақтауда сабақ беру әдіснамасының негіздері

    Пән қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жоғары білім беруде сабақ жүргізудің әдіснамалық негіздерімен таныстырады. Магистранттар педагогикалық этика мен тактты сақтай отырып, ЖОО-да кәсіби білім беру қызметін тиімді ұйымдастыру және көшбасшылық дағдыларын көрсету жолдарын үйренеді. Сонымен қатар, олар ғылыми зерттеу нәтижелерін академиялық адалдық пен ғылыми этика қағидаттарына сай рәсімдеп, тиімді сабақ жоспарларын құру мен оқыту материалдарын дайындау дағдыларын меңгереді. Пән кәсіби-педагогикалық құзыреттілікті дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қоғамдық денсаулық сақтауды басқару және саясат

    Пәнде қоғамдық денсаулық сақтаудағы басқару жүйелері мен денсаулық саясатының теориялық және практикалық негіздері қарастырылады. Білім алушылар басқару модельдері мен стратегияларын, қаржылық жоспарлау мен талдауды меңгереді, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінде тиімді саясат қалыптастыру мен оны жүзеге асыру жолдарын үйренеді. Пән Білім алушылар ге қауымдастықтармен жұмыс істеуде көшбасшылық, ұйымдастырушылық және стратегиялық шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биоэтика негіздері

    Пән денсаулық сақтау саласындағы кәсіби этиканың, биоэтикалық принциптердің, адам құқықтарының және академиялық адалдықтың негіздерін зерделеуге бағытталған. Білім алушылар медициналық шешімдер қабылдау, зерттеулер жүргізу және деректерді қорғау барысында туындайтын этикалық мәселелерді талдап, оларды шешу жолдарын қарастырады. Пән кәсіби жауапкершілікті арттыру мен ғылыми этиканы сақтау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Академиялық ғылыми жазба.

    Пән академиялық жазылым талаптарын меңгеру, ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау негізінде ғылыми мақалалар дайындау тәсілдерін игеруге бағытталады. Мәтін құрастыру әдістері, академиялық жазбалардың түрлері, халықаралық ғылыми дерекқорларды пайдалану жолдары және ғылыми журналдардың құрылымдық әрі мазмұндық талаптарына сай мақала рәсімдеу дағдылары қалыптастырылады. Мақаланы журналдардың онлайн жүйелері арқылы ұсыну тәртібі үйретіледі. Ғылыми деректерді талдау мен библиографиялық ақпаратты өңдеу үдерісінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Биостатистика және эпидемиология

    Пән статистикалық және аналитикалық әдісі ең көп таралған IT-функцияларды қолдана отырып, қоғамдық денсаулық сақтау саласында сапалы зерттеулер жүргізудің негізгі әдісін зерттейді. Курс барысында магистрант зерттеуді жоспарлауды, деректерді өңдеу үшін компьютерлік бағдарламаларды қолдануды және статистикалық өңдеу нәтижелерін түсіндіруді үйренеді. Оқыту барысында эпидемиологиялық, медициналық-әлеуметтік, медициналық-биологиялық, клиникалық және эксперименттік зерттеулерде статистикалық және аналитикалық өңдеу әдістері қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пән жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдерістің әдіснамалық негіздері мен қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерді зерттейді. Пәнді оқу барысында магистрант жоғары кәсіби білімнің ролі мен маңыздылығын және жоғары мектеп оқытушысына қойылатын негізгі талаптарды меңгере отырып, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлерін пайдалануды, нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жазу және жүргізу

    Пән қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жобаларды дайындау, жоспарлау, іске асыру және бағалаудың теориялық және практикалық негіздерін қарастырады. Магистранттар жобалық басқару тәсілдерін, зерттеулерге негізделген шешім қабылдау механизмдерін, сондай-ақ IT құралдарын пайдалану арқылы жобаларды тиімді жүргізу әдістерін меңгереді. Сонымен қатар, Білім алушылар нақты әлеуметтік-денсаулық мәселелерін шешуге бағытталған жобаларға стратегиялық көзқарас қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қоғамдық денсаулық сақтау зерттеулеріндегі әдіснама және аналитика

    Пән қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы зерттеулерге арналған әдіснамалық негіздер мен заманауи аналитикалық тәсілдерге бағытталған. Магистранттар зерттеу сұрақтарын қалыптастыру, дизайн түрлерін таңдау, деректерді жинау және өңдеу, сапалы және сандық әдістерді интеграциялау, сондай-ақ алынған нәтижелерді интерпретациялау мен визуализациялау дағдыларын меңгереді. Сонымен қатар, пәнде IT-құралдар мен статистикалық бағдарламаларды қолдану арқылы зерттеу сапасын арттыру тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеу әдістері

    Пән қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеудің құрылымы мен кезеңдерін, сандық және сапалық әдістердің ерекшеліктерін қамтиды. Магистранттар зерттеу тақырыбын анықтау, гипотеза құру, мәліметтер жинау және талдау, ғылыми әдебиетті сараптау және нәтижелерді рәсімдеу дағдыларын меңгереді. Сонымен қатар, заманауи зерттеу құралдарын және IT-функцияларды қолдана отырып, қоғамдық денсаулық сақтау саласында қолданбалы зерттеу жобаларын жүргізуге үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халық денсаулығын бағалау және денсаулық көрсеткіштері

    Пән халықтың денсаулығын бағалаудың әдістері мен денсаулық көрсеткіштерін талдауға бағытталған. Магистранттар демографиялық, әлеуметтік және экологиялық факторлардың денсаулыққа әсерін талдай отырып, түрлі топтар арасында денсаулық көрсеткіштерін салыстырады. Эпидемиологиялық және статистикалық деректер негізінде халықтың денсаулық деңгейін бағалау және оны жақсарту стратегияларын әзірлеу дағдылары қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сандық және сапалық зерттеулер

    Пән магистранттарға қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сандық (эпидемиологиялық, статистикалық) және сапалық (әлеуметтік, мінез-құлықтық) зерттеу әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді. Білім алушылар нақты зерттеу сұрағын қою, әдіснаманы таңдау, деректер жинау мен талдау және қорытынды жасау дағдыларын дамытады. Пән шеңберінде сандық және сапалық зерттеулердің артықшылықтары мен шектеулерін бағалау, сондай-ақ аралас әдістерді қолдану мүмкіндіктері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қауіп-қатер факторлары және аурулардың алдын алу стратегияларын жоспарлау

    Пәнде магистранттар аурулардың алдын алу және денсаулықты нығайту мақсатында қауіп-қатер факторларын бағалау әдістерін меңгереді. Әртүрлі қоғамдастықтарда қолдануға болатын тиімді профилактикалық стратегияларды жоспарлау, енгізу және бағалау жолдарын үйренеді. Сонымен қатар, олар әлеуметтік-экономикалық, мінез-құлықтық және экологиялық факторларды ескере отырып, денсаулық сақтау саясаты мен бағдарламаларын құрастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
  • Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
  • Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
  • Заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды
  • Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді әзірлейді
  • Әдебиетте сапалы эмпирикалық әдістердің негізгі түрлерін анықтау арқылы ең көп таралған IT-функцияларды пайдаланып, қоғамдық денсаулық сақтау саласында жобаны жүргізеді.
  • Нақты, бірақ қарапайым эмпирикалық күйге келтіруде қазіргі заманғы эпидемиологиялық және статистикалық тұжырымдамаларды қолданып, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жарияланымдардың сапасын бағалауға арналған тізімді әзірлейді және пайдаланады.
  • Жалпы халық пен халық топтарының әлеуметтік - экономикалық ортасы мен денсаулығы арасындағы қатынастарда эпидемиологиялық және статистикалық құжаттаманы жүргізіп, сонымен қатар олардың денсаулық сақтау саласындағы қажеттіліктері мен мұқтаждарын таниды.
  • Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық әсерлері мен бүкіл халық пен халық топтарының денсаулығы арасындағы өзара байланыс туралы эпидемиологиялық және статистикалық құжаттаманы жасап, материалдық орта мен денсаулық арасындағы өзара байланыс туралы гипотеза негізінде эмпирикалық жобаны құрады.
  • Денсаулық сақтау саласындағы ұйымдардың қоғамдық бөлімшелеріне және әлеуметтік қызметтерге стратегиялар мен саясатқа қатысты ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржылық талдаужүргізіп, бағдарламаларды жоспарлап, жүзеге асырып, бағалайды.
  • Белгілі бір қоғамдастық үшін денсаулықты нығайту және қауымдастықтарды дамыту стратегиясын жобалап енгізеді, сонымен қатар басқара және бағалай отырып, қоғамдық денсаулық сақтаудың стандартты құралдарын пайдаланып, билік пен саясат мәселелерін назарға ала отырып, саясат пен стратегияны жазады.
  • Кәсіби қызмет шеңберінде алынған кез- келген ақпаратқа қатысты деректерді, қорғауға қатысты этикалық қағидаттарды құрметтеп, ұстанады, әдебиеттің ғылыми контекстін жазып, жариялау кезінде авторлықтың жалпы қағидаларын сақтайды.
Top