Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02211 Шығыстану в Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Пәндер

  • Басқару психологиясы

    Пәннің мақсаты – білім беру үдерісін басқарудың психологиялық аспектілерін ескере отырып, магистранттарды тиімді басқаруға үйрету. Оқу барысында психологиялық-әдістемелік ресурстар, оқыту әдістерінің жас ерекшеліктеріне, мәдени және жеке сипаттамаларға бейімделуі мен диагностикасы қарастырылады. Сонымен қатар, жастарды кәсіби әлеуметтендіру және білім беру ортасында коммуникативтік стратегияларды дамыту мәселелері қамтылады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың философиялық негіздерін, ғылым философиясының негізгі ұғымдарының эволюциясы мәселелерін ашады. Ерекше назар философиялық-дүниетанымдық мәселелерді шығыстану контексінде талдауға, интеллектуалды диалог, рефлексия және құндылықтық бағдар аспектілерін қарастыруға, сондай-ақ білім беру ортасы мен жастарды әлеуметтендіру мәселелеріне аударылады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пән шетелдік Шығыс халықтарының мәдениеті мен коммуникациялық тәжірибесіне тән таңбалық және модельдеуші жүйелерді қолдануға баса назар аудара отырып, магистранттардың шетел тілінде кәсіби коммуникация дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді меңгеру шетел тілін әлеуметтік және кәсіби коммуникативтік міндеттерді шешуде, сондай-ақ ғылыми және педагогикалық қызметте қолдануды көздейді. Ерекше назар ғылыми-әдістемелік материалдарды талдауға және тілді зерттеу контекстінде пайдалануға аударылады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Пән магистранттарға жоғары мектеп педагогикасының теориясы мен практикасы саласында жүйелі ғылыми білімді қалыптастыруға бағытталған. Оқу үдерістерін инклюзия, тұрақты даму және тәрбие принциптерін ескере отырып ұйымдастыру мәселелері қарастырылады. Ерекше назар оқу-тәрбие үдерісінің түрлі формаларында (дәрістер, семинарлар, факультативтер және т.б.) педагогикалық технологияларды жобалауға және жүзеге асыруға, инновациялық оқыту әдістері мен дидактикалық коммуникацияны мемлекеттік және шетел тілдерінде қолдануға аударылады. Оқу барысында білім беру сапасын мониторингілеу, инновациялық әдістер мен ғылыми-әдістемелік жұмысты жоғары оқу орындарының тәжірибесіне енгізу мәселелері талқыланады.

    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шығыстың қазіргі социумы

    Пән қазіргі шығыс қоғамдарындағы әлеуметтік-мәдени трансформациялар туралы тұтас түсінік қалыптастыруға бағытталған. Онда тарихи негіздер, діни дәстүрлер, саяси институттар және модернизация үлгілері, сондай-ақ жаһандану үдерістері, мәдениетаралық өзара әрекеттестік және қазіргі сын-қатерлер жағдайындағы дәстүрлі құндылықтардың орнықтылығы қарастырылады. Бұл пән білім алушының ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызмет саласындағы кәсіби дамуына, сондай-ақ жастарды әлеуметтендіру функцияларын жүзеге асыруға септігін тигізеді.

    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби шығыс тілі

    Пән шығыстану саласындағы кәсіби қарым-қатынас үшін қажет ауызша және жазбаша коммуникацияда шығыс тілін коммуникативтік-қатысымдық тұрғыда меңгеруді зерттеуге бағытталған. Магистранттар кәсіби контекстерге тән лексика мен грамматикалық құрылымдарды меңгереді, тілді аналитикалық, білім беру және ғылыми-әдістемелік қызметте қолдануды үйренеді. Бағдарлама ғылыми-зерттеу талаптарына сай келетін материалдарды талдау мен бейімдеуді қарастырады

    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шығыстың креативті экономикасын зерттеу

    Магистранттар шығыстағы мәдениет, медиа, бизнес және саясаттың заманауи өзара әрекеттестігін креативті экономиканы дамыту контексінде зерттейді. Пәнде цифрлық медиа, электрондық коммерция және медиа үдерістерін ғылыми-зерттеу тұрғысынан талдау, сондай-ақ жастарды цифрлық және креативті тәжірибе арқылы әлеуметтендіру мәселелері қарастырылады.

    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Шығыс елдерінің экономикалық дипломатиясының теориясы мен әдістемесі

    Пән Шығыс елдеріндегі экономикалық дипломатияның негізгі мәселелерін зерттеуге бағытталған, оның ішінде азиялық менеджмент үлгілерін бағалау және оларды Қазақстанда бейімдеу мүмкіндігін қарастыру. Курста шығыс елдерінің экономикасының ерекшеліктеріне бейімделген білім беру бағдарламаларын талдау, халықаралық қатынастар саласындағы аналитикалық және әдіснамалық аспектілер, экономикалық дипломатия әдістемесі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыс қарастырылады

    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Сыни медиа және саяси зерттеулер

    Пән цифрлық кеңістіктегі ақпараттық ағындар мен азаматтардың мінез-құлқын жасанды интеллект пен заманауи технологияларды қолдану арқылы талдауға бағытталған. Курста Шығыстағы медиа және саяси үдерістер, сыни ойлауды дамыту, сондай-ақ шығыстану пәндерін оқытудағы педагогикалық және ғылыми-әдістемелік аспектілер қарастырылады. Магистранттар зерттеу және жобалық қызметке тартылып, жастарды әлеуметтендіруге бағытталған жұмыстар жүргізеді

    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Шығыстану зерттеулеріндегі сандық технологиялар

    Пән шығыстану саласында цифрлық құралдар мен жасанды интеллектті қолдануға үйретеді, үлкен деректерді өңдеуге, машиналық аударма мен табиғи тілді талдау мәселелері, олардың дипломатия, халықаралық қатынастар және мәдениетаралық коммуникация салаларында, сондай-ақ ғылыми зерттеу мен аналитикалық ұсынымдар дайындауда қолданылуы қарастырылады.

    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Шығыстанушылық ғылыми білім

    Пән Шығысты ғылыми тұрғыдан зерттеуге бағытталған: теориялық үлгілерді әзірлеуден бастап жаңа ғылыми идеяларды жасауға дейінгі үдерістер қамтылады. Білім алушылар шығыс қоғамдарының әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық дамуының заңдылықтарын меңгеріп, бұл білімдерді ғылыми-білім беру және ғылыми-зерттеу қызметіне интеграциялау мәселелерін қарастырады.

    Семестр - 3
    Несиелер - 4
  • Академиялық мақсаттарға арналған шығыс тілі

    Пәннің мақсаты – шығыстану саласындағы зерттеу және оқу қызметі үшін қажетті шығыс тілінде академиялық жазу дағдыларын дамыту. Білім алушылар академиялық мәтіндерді талдау, дәлелдеу, интерпретациялау және мазмұндау дағдыларын меңгереді, ғылыми жарияланымдардың құрылымы мен мазмұнын зерттейді, ойларын жазбаша және ауызша түрде қисынды әрі бірізді жеткізуді үйренеді, ғылыми зерттеу жүргізу мен оқу-әдістемелік материалдарды талдаумен айналысады.

    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазіргі шығыстағы ұлттық құрылыс

    Пәннің мақсаты – Шығыстағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен ұлттық бірегейліктің даму үдерістерін талдау. Курста этнос, ұлт және мемлекет ұғымдарын түсінудегі примордиалистік тәсілдер, этникалық және ұлттық теориялар, шығыстанудың тарихи және қазіргі заманғы үрдістерін бағалау, педагогикалық, ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік практикада қолдану мәселелері қарастырылады. Пән жастарды кәсіби әлеуметтендіруге және академиялық жауапкершілікті дамытуға ықпал етеді

    Семестр - 3
    Несиелер - 4
  • Қазіргі шығыстанудың қазақстандық өлшемі

    Пәннің мақсаты – отандық және шетелдік ғылыми дереккөздерді талдау негізінде қазіргі қазақстандық шығыстанудың өзекті бағыттары мен міндеттерін зерттеу. Магистранттар шығыс елдері мен қоғамдарының іргелі және жекелеген мәселелерін, ғылыми мектептер мен тәсілдерді, зерттеу қызметін жүргізу және педагогикалық тәжірибе аясында білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелерін қарастырады. Пән аналитикалық және жүйелі ойлауды дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ академиялық және білім беру салаларындағы кәсіби міндеттерді шешуге дайындықты қалыптастырады

    Семестр - 3
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Шетелдік Шығыс халықтарының коммуникациясында таңбалық модельдеуші жүйелерді қолданып, әлеуметтік-коммуникативтік міндеттерді шешуде шет тіліндегі білім мен дағдыларын өзектендіреді, педагогикалық және ғылыми қызметте ғылыми-әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге қатысады
  • Философиялық пайымдау үдерістері арқылы дүниетаным тұтастығын түсіндіреді, шығыстанумен байланысты философиялық-дүниетанымдық мәселелер аясын қалыптастыру арқылы зияткерлік диалог пен құндылықтық бағдарларға жағдай жасайды, білім беру ортасы мен жастарды әлеуметтендіру мәселелерінде бағыт береді
  • Педагогиканың теориясы бойынша жүйелі ғылыми білімдерді, оқыту үдерісінде инклюзия, тұрақты даму және тәрбие үдерістерін ұйымдастыру әдістемесін, олардың өзара байланысы мен шарттылығын, сапасын мониторингтеуді педагогикалық технологияларды жобалау негізінде оқу-тәрбие үдерісінің барлық түрлерін (дәріс, семинар, факультатив және т.б.) мемлекеттік және шет тілдерінде инновациялық оқыту әдістері мен ғылыми-дидактикалық коммуникация технологияларын қолдана отырып жүзеге асырады
  • Кәсіби қызметтегі коммуникацияның түрлі аспектілерін ескере отырып, оқыту үдерісін басқару үшін қажетті психологиялық-әдістемелік ресурстарды, психодиагностикалық зерттеу әдістерін және дағдыларын қолданады, жастарды әлеуметтендіруге ықпал ете отырып, олардың жас, мәдени және жеке ерекшеліктерін ескеріп оқытады
  • Қазақстандық шығыстанудың өзекті міндеттерін, шығыс қоғамдары мен мемлекеттері мәселелерінің отандық және шетелдік әдебиеттерде зерттелу деңгейін анықтайды, авторлар мен ғылыми мектептер ұсынған идеяларға сыни көзқарас білдіреді және оларды ғылыми-зерттеу қызметінде, білім беру бағдарламаларын әзірлеуде қолданады
  • Шығыс тілінің коммуникативтік-тілдік ресурстарын ауызша және жазбаша түрде кәсіби маңызды жағдайларда қолдана отырып, аналитикалық және білім беру практикасы контекстінде ғылыми-әдістемелік материалдарды талдайды және ғылыми-зерттеу мен ғылыми-әдістемелік қызметке бағытталған жұмыстарды орындайды
  • Академиялық мәтіннің құрылымы мен мазмұнын, ондағы дәлелдеу мен интерпретация тәсілдерін талдаудың ерекшеліктерін меңгеріп, шығыстану саласында ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізу үшін қажетті тілдік құзыреттіліктерді қолданады, ойларын шығыс тілінің академиялық мақсаттарына сәйкес логикалық және дәйекті түрде ауызша және жазбаша жеткізеді
  • Шығыс қоғамдарындағы әлеуметтік және мәдени үдерістер мен олардың даму динамикасы туралы білімді салыстырмалы және аналитикалық әдістер арқылы меңгеріп, жастарды әлеуметтендіру құндылықтарын ескере отырып ғылыми және педагогикалық қызмет дағдыларын қалыптастырады
  • Цифрлық технологияларды, деректерді талдау мен интермәдени коммуникацияда ғылыми-әдістемелік және тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асыруда қолдана отырып, ақпараттық кеңістікте азаматтардың мінез-құлқын модельдейді, Шығыс елдеріндегі үрдістер мен мәселелерді анықтайды және жастарды зерттеу мен жобалық қызметке тартады
  • Үлкен деректерді талдау, машиналық аударма, табиғи тілді өңдеу салаларында заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолданады, бұл процестерді сыртқы саясаттық және дипломатиялық болжау, интермәдени коммуникация, сондай-ақ халықаралық қатынастар мен мәдени өзара іс-қимыл салаларындағы ғылыми-зерттеу қызметінде және ұсынымдар әзірлеуде қолданады
  • Қазіргі шығыстану теориялық тұжырымдамаларының негізгі ережелері мен Азия халықтары мен мәдениеттерінің даму заңдылықтары мен ерекшеліктеріне негізделген модель арқылы ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады, тарих, экономика, мәдениет және саясат салаларында жаңа ғылыми идеяларды генерациялайды және жүзеге асырады, алған білімдерін академиялық өзара іс-қимыл, білім беру және ғылыми-зерттеу жобалау тәжірибесіне қазіргі әлеуметтік-мәдени контекст пен кәсіби коммуникация динамикасын ескере отырып интеграциялайды
  • Мәдениет, бизнес және саясаттың өзара әрекеттесуін креативті сектордың заманауи трендтері негізінде, сондай-ақ цифрлық тауарлар мен қызметтерді Шығыста сату жұмысын ұйымдастыру бойынша негізделген тәсілдермен талдайды, ғылыми-зерттеу қызметін және жастарды цифрлық экономика мен медиакоммуникация тәжірибесін меңгеру және тарату арқылы әлеуметтендіру жұмыстарын жүргізеді
  • Шығыстанушының кәсіби қызметінің өзекті мәселелерін, шығыс қоғамының проблемаларын және Азия менеджментінің табысты модельдерін Қазақстанға бейімдеу мүмкіндіктерін, сондай-ақ Шығыс елдері бойынша менеджментке қатысты оқу бағдарламаларын әзірлеу мен ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізу мәселелерін талдайды
  • Шығыс қоғамдары мен мемлекеттерінің даму теориясы мен негізгі тұжырымдамаларын, тарихи даму кезеңдеріндегі ерекшеліктерін интерпретациялайды, шығыстанудың жетістіктері мен қазіргі тенденцияларын, ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға әсер ететін факторларды бағалайды, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және педагогикалық қызметте білімді іс жүзінде қолдана отырып, академиялық жауапкершілік қалыптастырады
Top