8D02307 Қазақ филологиясы в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бағдарлама ғылыми-зерттеу, педагогикалық, ұйымдастыру-басқару; мәдени-ағартушылық;- сараптама-аналитикалық қызметінде зерттеу нысанын жүйелі түрде меңгерген, филология ғылымы бағытында заманауи әдістерді игеріп және оны нақты мақсаттарда қолдана алатын, эксперименттік тәжірибелер жүргізе алатын, өзекті, сұранысқа ие филология және осы саламен шектесетін ғылым салаларындағы проблемалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізетін маман тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D060 Филология
-
Білім беру саласы 8D02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 8D023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Ескі қазақ жазба ескерткіштерінің тілі
Пәннің мақсаты – ескі қазақ жазба ескерткіштерінің тілдік ерекшеліктерін талдаудың қабілеттерін қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: ескі қазақ жазба ескерткіштері мәтіндеріндегі түркі сөздерінің лексика-семантикалық, фразеологиялық, грамматикалық қолданысын талдау; кірме сөздердің қолдану ерекшелігін анықтау; лексикалық тілдік бірліктердің қазіргі қазақ тілімен сабақтастығын анықтау; ҚТҰК-ның «Тарихи ішкорпустағы» https://qazcorpus.kz/ ескі қазақ жазба мәтіндеріне тілдік талдау жасау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеудің әдістері
Пәннің мақсаты – филологиялық зерттеу әдістерінің негізгі түрлерін сипаттау және бағалау қабілетін дамыту. Оқу курсы олардың түрлеріне сәйкес зерттеулерді жүргізудің теориялық және әдістемелік негізін құрайды. Пән мыналарды зерттеуге бағытталған: ғылыми филологиялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін, міндеттері мен жұмыс кезеңдерімен байланысты дұрыс таңдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Дыбыстар жүйесінің тарихи негізі
Пәннің мақсаты:Докторанттарда түркі тілдеріндегі фонологиялық өзгерістердің себептерін және оларды сипаттайтын диахрондық заңдарды интегралды жүйелік идеяны қалыптастыру, түркі тілдеріне қатысты диахрониялық фонология заңдылықтарын қалыптастыру, түркі тілдерінің фонологиялық жүйесіндегі тарихи өзгерістерді түсіндіру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық шешендік
Қазіргі заманғы қазақ тіліндегі риторика мен коммуникациялық теорияның заманауи ақпараттық алмасу құралдары мен іскерлік қарым-қатынас тілі динамикасының болашақ дамуында докторанттардың жүйелік көзқарасын қалыптастыру. Ақпарат алмасудың заманауи құралдары мен іскери қатысымның динамикасын дамыту болашағы тұрғысында қатысым теориясы мен шешендік өнердің өзекті мәселелерін жүйелеу, cөйлеудің әр түрлі стиль мен жазба жанрындағы мәтінге кешенді лингвостилистикалық талдау жүргізу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық жазу
Пәннің мақсаты – жазбаша ғылыми коммуникация саласындағы құзыреттіліктерді, академиялық қарым-қатынас нормаларына сәйкес мәтіндерді жазу және өңдеу қабілетін дамыту; әртүрлі жанрдағы ғылыми мәтіндерді құру: диссертация, аннотациялар, ғылыми мақалалар, дәлелді (аналитикалық) эссе, зерттеуді негіздеу мен шолу, филологиялық түсініктемелер және т.б. Пән әртүрлі жанрдағы ғылыми мәтіндердің құрылымдық, композициялық, стильдік ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
ХХ ғасыр әдебиетіндегі әдеби-көркемдік ізденістер
Докторанттар арасында әлемдік тарихи-мәдени процестің контекстінде Қазақстанның әдебиетін дамытудың ұлттық ерекшеліктері мен заңдарының толық жүйелі түсінігін қалыптастыруға бағытталған. Әлемдік әдебиет және Шығыс әдебиеті мәнмәтінінде Қазақстан әдебиетінің даму заңдылықтарын айқындау, қазіргі тарихи-мәдени және көркем үдерістегі қазақ әдебиетінің орны мен рөлін қарастыра алу, зерттеу жобасының нәтижелерін жариялау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сөзтану ғылымының өзекті мәселелері
Докторанттарда интегративтік типті зерттеудің жаңа бағыты ретінде сөзтану ғылымының тұтас жүйелік тұжырымдамасын, қазақ тіліндегі қарым-қатынастың әртүрлі формаларының даму тенденциялары туралы жүйелік көзқарасты қалыптастыру. Сөзтану ғылымының негізгі ұғымдары мен категориялары бойынша адекватты кешенді теориялық, әдістемелік дағдыларды таңдау және сыни талдамалар жасау, тезис, докторлық диссертация, филологиялық комментарийлер, ғылыми жобалар жазу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің этимологиясы
Пәннің мақсаты – қазақ лексикасының функционалдық, тарихи-семантикалық даму заңдылығының өзектілігін, тарихи-этимологиялық негізін анықтайтын байырғы түбірлердің этимологиялық реконструкциясын қолданудың дағдыларын қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: салыстырмалы-тарихи, ішкі, сыртқы реконструкция, сөзжасамлық модельдеу, морфемалық талдау әдістерін игеру; түбір морфеманың варианттылығын, фузиялық сипатын, морфологиялық, реликтілік құбылыстарын т.б. агглютинативтік үдерістің тарихи сипаттарын түсіндіріп беру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігі: құрылымы мен ұстанымдары
Пәннің мақсаты – қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігін түзудің негізгі теориялық және практикалық ереже-ұстанымдарын меңгерту. Келесі мәселелер қарастырылады: қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігін түзудің негізгі ұстанымдары; макроқұрылымы мен микроқұрылымы; тілдік бірліктерді лексика-семантикалық және мәдени-семантикалық талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ХХ ғасырдың екінші жартысы ХХІ ғасыр басындағы қазақ филологиясының ғылыми басымдықтары
Пәннің мақсаты: болашақ мамандық саласының мазмұнына сай білім алушыда қазіргі қазақ тіл білімі мен әдебиет саласындағы пәнаралық қатынаста негізгі концепциялар, теориялық негіздер және зерттеу бағыттары туралы бүтін, жүйелі, негізгі ұғымдарды тану мен бағалау дағдыларын қалыптастыру, оқу және зерттеу жұмыстарының қорытындысын ғылыми есеп, тезис,докторлық диссертация, ғылыми-зерттеу жобалары түрінде презентациялау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби тілі
Пәннің мақсаты – ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби тілі тарихын қалыптастырған жазба мұралардың тілін талдауды игерту. Келесі мәселелер қарастырылады: ХХ ғасыр басындағы әдеби тіл ерекшелігін ғылыми негіздеуді игеру; Шәкәрім шығармаларының әдеби тілдің функционалдық стильдерінің дамуына әсерін талдау; зертханалық жұмыстардың көмегімен жазбаша үлгілерді қалыптастырудағы «Қазақ» газетінің рөлін анықтау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ ділі: ұлттық код, ғылым және мәтінтану мәселелері
Блім алушыларда тіл мен мәдениет, тіл мен діл, тіл мен дін арасындағы байланысты бағалау, осы бағыт бойынша кәсіби талдау дағдыларын қалыптастыру. Әлеуметтік ортадағы, қоғамдағы тілдік қолданыстың рухани және материалдық мәдениетті бағалаудағы маңызы мен орнын, тіл мен саясат, тіл мен дін, тіл мен мәдениет арасындағы тығыз қатынастың негіздерін ғылыми зерделеу. Ұлттық код ұғымына ғылыми негіздеме жасап, оның тілдегі көріністерін нақты деректермен талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ХХ ғасыр басындағы жазба әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық
Пәннің мақсаты: докторанттарға қазақ әдебиетіне әсері туралы тұтас жүйелік көзқарасты қалыптастыру, ХХ ғасыр әдебиетіндегі жыраулық поэзияның үлгілерінің поэзияда сақталу мәселелерін ажырату; әлем әдебиетінің қазақ әдебиетіне әкелген жаңашылдығын көру; кей жанрлардың қалыптасуына тигізген әсер, ықпалын талдап, таразылау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
Пәннің мақсаты: докторанттарға қазақ әдебиетінің тарихын кезең-кезеңмен негіздейтін ғылыми білімдер туралы тұтас жүйелік көзқарасын қалыптастыру, түрлі әдеби кезеңдердегі қазақ әдебиетінің даму ерекшелігін, поэтикасын, проблематикасы мен образдар жүйесін, жанрлық ерекшелігін бағамдай алу, қазақ әдебиетін дәуірлеу пәнінің нәтижелері бойынша тезис, докторлық диссертация, филологиялық комментарийлер, ғылыми жобалар жазу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми-зерттеу ордаларында, тіл мен әдебиетті дамыту институттарында, білім беру орындарында қазақ филологиясы саласындағы (тіл білімі, әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, өзекті филологиялық бағыттарды, заманауи әдіс тәсілдердің, даму үрдістері мен басым бағыттардың теориялық-әдістемелік қағидаларын, ұғымдық терминологиялық аппаратын) заманауи ғылыми парадигмалар аясында жүйелі білім беру.
- Мемлекеттік білім беру басқармасында (ҒжЖБ, мәдениет министрлігінде, мәдениет, ғылым, білім беру салаларында, білім беру департаменттерінде) қазақ филологиясындағы үрдістер, әдіс тәсілдер, өзекті мәселелер, жаңа, келелі идеяларға сыни тұрғыда талдау жүргізу, бағалау және синтездеу.
- Игерген білімдерінің негізінде өзіндік пайымдауларын (ғылыми мақала, баяндама, тезис және басқа да күрделі ғылыми жанрлар түрінде) ғылыми негіздеу.
- Сараптама-аналитикалық және ғылыми зерттеу орталықтарында қазақ филологиясындағы қазіргі заманауи ғылыми парадигмалар мен зерттеу технологияларын қолдана отырып, ерекше нәтижені қамтамасыз ететін ғылыми зерттеулердің кешенді үдерісін өз бетінше жүзеге асыру.
- Филология және оған шектес ғылым салаларының әдістемелік және концептуалдық аппаратын қолдана отырып, күрделілік деңгейі әртүрлі, қалыптан тыс міндеттердің кәсіби деңгейде шешімін табу. .
- Филология және гуманитарлық білім саласындағы жаңа басым бағыттар мен үрдістерді, қазіргі теорияларды сараптау.
- Ғылыми-зерттеу, педагогикалық қызмет салаларында қазақ филологиясы бойынша ғылыми мәселелерді, жаңа гипотезаларды, күрделі идеяларды өз бетінше жаңаша генерациялау.
- Тіл мен діл, тіл мен мәдениет арасындағы тығыз қатынастың негіздерін ғылыми зерделеу