7M01106 Педагогика және психология в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Педагогика мен психология салаларында, сонымен қатар, білім беру және әлеуметтік ортада зерттеулер жүргізу және инновацияларды енгізу үшін терең білім мен негізгі кәсіби құзыреттерге ие маман даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M001 Педагогика және психология
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M011 Педагогика және психология
Пәндер
-
Жоғары мектеп психологиясы
Пән барысында жоғары білім беру жағдайындағы магистранттардың тұлғалық және когнитивтік ерекшеліктерін, оқу мотивациясын, эмоциялық күйін, топтық динамиканы зерттеу арқылы білім процесін оңтайландыруға және магистранттардың өзін-өзі реттеу мен психологиялық қолдау стратегияларын дамытуға бағытталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім берудегі инновациялық технологиялар
Пән барысында білім беру үдерісінде заманауи инновациялық технологияларды (мультимедиа, адаптивті оқыту, ақпараттық-коммуникациялық жүйелер) қолдану арқылы педагогикалық әдістемені жетілдіру және оқу сапасын арттыру дағдылары дамиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеудің әдістемесі мен әдістері
Пән барысында ғылыми ізденістің теориялық негіздері мен практикалық тәсілдерін, гипотеза тұжырымдау, деректер жинау мен өңдеу, статистикалық және сапалық әдістерді қолдану, нәтижелерді талдау және этикалық нормаларды ұстануды меңгертуді көздейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән барысында ғылыми танымның даму кезеңдері мен философиялық ілімдерінің теориялық-методологиялық негіздерін, ғылыми зерттеу әдістері мен мәдени рөлін талдау арқылы ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Шетел тілі (кәсіби)
Пән барысында лингвистикалық, дискурстық және мәдени-коммуникативтік құзыреттерін, кәсіби салаға тән терминологияны меңгеруді, ғылыми мәтіндерді аудару, академиялық сөйлеу мен жазбаша тапсырмаларды орындау арқылы кәсіби қарым-қатынас дағдылары дамиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
ЖОО оқытушысының кәсіби-педагогикалық әдебі
Пән барысында академиялық этика, кәсіби сөйлеу мәдениеті, психологиялық эмпатия, моральдық жауапкершілік, сыныптық және сыртқы коммуникация нормаларын меңгерту арқылы жоғары оқу орны оқытушыларының магистранттармен тиімді қарым-қатынас ұйымдастыру, конфликт-менеджмент, медиация және коучинг әдістерін қолдану, практикалық басқару тәсілдерін, интерактивті тренингтер, кейстік талдау дағдыларын дамытуға бағытталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Пән барысында жоғары мектеп педагогикасының теориялық негіздерін, оқу-тәрбиелік процестің құрылымы мен әдістемесін, инновациялық оқыту технологиялары мен бағалау құралдарын меңгерте отырып, білім беру сапасы мен оқытушы кәсібилігін арттыру дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Пән барысында магистранттарға психодиагностика, мотивация, коммуникация және кикілжіңдерді шешу әдістерін қолдана отырып, басқарушылық қызметтің психологиялық шарттары мен ерекшеліктерін талдап, оның тиімділігі мен сапасын арттыру дағдыларын қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Психология мен білім берудегі мәдени-тарихи және іс-әрекеттік әдістер
Курс барысында мәдени-тарихи және іс-әрекеттік әдістердің білім берудегі функционалдық қызметін талдау, психологиядағы мәдени-тарихи және іс-әрекеттік әдістер мазмұнын меңгерту көзделген. Мәдени-тарихи және іс-әрекеттік әдістердің теориялық негіздері, мәдени-тарихи және іс-әрекеттік әдістерді білім беруде қолданылу мүмкіндігі талданады; мәдени-тарихи және іс-әрекеттік әдістердің тиімділігін бағалау критерийлері қарастырылады. Мәдени-тарихи және іс-әрекеттік әдістер негізінде ғылыми-зерттеулерді жоспарлау жолдары сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогикалық имиджеология
Пән барысында оқытушылардың кәсіби имиджін қалыптастыру, визуалдық және вербальдық коммуникация, имидж-стиль, әлеуметтік желілердегі PR және брендинг, этикет пен киім-код, риторика, түстер психологиясы, жарнама және бренд-семиотика әдістерін зерттеу мен қолдану дағдыларын дамытуға бағытталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Психодиагностика және психоконсультация
Пән барысында теориялық-практикалық психодиагностикалық құралдарды меңгеру, тестілеу, сандық және сапалық мәліметтерді талдау, нәтижелерін интерпретациялау, этикалық нормаларды ұстану арқылы гипотезалар құру, коррекциялық бағдарламаларды әзірлеу және әдістемелік ұсыныстарды қалыптастыру, жеке және топтық психоконсультация әдістерін қолдану дағдылары дамиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру
Пән барысында зерттеу жобасын жоспарлаудан бастап, гипотезаны тұжырымдау, әдіснамалық дизайн әзірлеу, деректерді жинау мен талдау, мерзім мен ресурстарды басқару, бюджеттеу және тәуекелдерді басқару, топпен ынтымақтастық, этикалық нормаларды сақтау және нәтижелерді тарату процесін үйлестіре отырып, ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету дағдыларын қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогикалық инноватика
Пән барысында жаңа педагогикалық технологияларды, жобалық және проблемалық оқытуды, цифрлық құралдар мен зерттеу әдістерін интеграциялау арқылы оқу үрдісін жаңғырту, инновациялық педагогикалық модельдер әзірлеу, енгізу, ұжымдық инновациялық жобаларды басқару, стейкхолдерлермен өзара әрекеттесу, нәтижелерін бағалау, тәжірбиелік зерттеу мен үздіксіз жетілдіру дағдыларын дамытуға бағытталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Тұлға дамуының теориясы мен әдіснамасы
Пән барысында тұлғаның даму кезеңдері мен механизмдерін, психологиялық теориялар мен зерттеу әдістерін, өзін-өзі реттеу, мотивация мен әлеуметтік өзара әрекеттесу динамикасын және практикалық әдістемелік тәсілдерін зерттеу арқылы жеке потенциалды толық ашу дағдыларын дамытуға бағытталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Мәдениетаралық психология
Пән барысында әлеуметтік-мәдени айырмашылықтар мен ұғымдарды салыстыра отырып, мәдениеттер арасындағы қарым-қатынасты, индивидуалдық-ұжымдық динамиканы, аккультурация және мәдени идентификация процесстерін талдау арқылы интеркультуралық коммуникация мен адаптация дағдылары дамиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Психологиядағы статистикалық әдістер және математикалық модельдеу
Пән барысында деректерді жинау мен өңдеу тәсілдерін, дисперсиялық, регрессиялық және факторлық талдауды, психологиялық процестерді математикалық модельдеуді, зерттеу нәтижелерін интерпретациялауды және статистикалық бағдарламалық құралдарды қолдану дағдыларын дамытуға бағытталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
ЖОО-дағы педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі
Пән барысында педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі магистранттардың когнитивтік, эмоциялық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-сынып үрдісін ұйымдастырудың дидактикалық, әдістемелік, инновациялық технологиялық тәсілдерін, жүйелі бағалау құралдары, кейстік тапсырмалар, практикалық жаттығулар, сандық құралдар мен рефлексияны үйлестіре отырып, белсенді және ынтымақтастық оқытуды қамтамасыз етуге бағытталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Психотерапия
Пән барысында теориялық негіздер мен негізгі психотерапевтік тәсілдерді меңгертуге, клиентпен сенімді қарым-қатынас құруға, психологиялық кризисті бағалауға, когнитивтік, бихевиоралдық және гештальт әдістерін қолдануға, психикалық күйді жақсартуға, этикалық нормаларды сақтауға, психотерапевтік супервизия мен интервенциялық әдістерді және нәтижелерді мониторингтеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің ғылыми-практикалық негіздері
Пән барысында психологиялық қызметтің теориялық және практикалық қағидаларын меңгерту, диагностика, мониторинг, психокоррекция, профилактика, кеңес беру, дағдарыстық араласу, коучинг және командалық психологиялық тренинг әдістерін қолдану, аналитика мен бағалау жүйесін, этикалық нормаларды сақтау арқылы білім беру ұйымдарындағы психологиялық қолдау жүйесін ұйымдастыру дағдылары дамиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық қызметтің психологиялық негіздері
Пән барысында оқыту-тәрбиенің психологиялық механизмдері, тұлғалық даму, мотивация, эмоциялық интеллект, коммуникация, конфликтілерді шешу, психологиялық қолдау әдістері мен диагностика құралдарын меңгерту арқылы кәсіби қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған, индивид және ұжыммен жұмыс, топтық динамика талдау, стресс пен күйзелісті басқару қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Педагогикалық антропология
Пән барысында әлеуметтік, мәдени және биологиялық факторларды зерттеу арқылы адамның даму ерекшеліктері мен тұлға-қоғам байланысын талдап, білім беру үдерісіндегі педагогикалық антропологиялық зерттеу әдістері мен эмпирикалық талдау тәсілдерін меңгерту арқылы педагогикалық практиканы жетілдіруге бағытталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектепте психологияны оқыту әдістемесі
Пән барысында психологиялық пән мазмұны мен әдістемелік тәсілдерін, интерактивті және критикалық әдістерін, оқу материалдарын бейімдеу, бағалау және рефлексия құзыреттерін дамыту арқылы магистранттардың терең түсінігі мен аналитикалық дағдыларын қалыптастыруға, жаңа педагогикалық технологиялар мен цифрлық құралдарды енгізу, топтық жұмыс және сахналық практиканы қолдануға бағытталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ұйымдардағы қолданбалы психологиялық зерттеулер
Пән барысында ұйымдық диагностика, қызметкерлер мінез-құлқын талдау, психометриялық әдістер, деректер жинау мен өңдеу, гипотеза тұжырымдау, интервенциялар әзірлеу, тиімділік бағалау, ұйым мәдениетін нығайту, нәтижелерді есептеу, нәтижелі есептер дайындау, стейкхолдерлермен коммуникация және этикалық нормалармен зерттеу жүргізу дағдыларын дамытуға бағытталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық-психологиялық ғылымның дамуындағы әлемдік тенденциялар
Пән барысында ғылыми-зерттеу, цифрландыру, нейроғылым, әлеуметтану интеграциясы, инклюзивті білім, интеркультуралық коммуникация және жасанды интеллект сияқты бағыттар педагогикалық-психологиялық ғылымды халықаралық деңгейде дамытып, білім беру тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылымиметрия
Пән барысында ғылыми басылымдарды, дәйексөздерді, импакт-факторлар мен h-индекстерді талдау, библиометриялық және альтметрикалық деректер базаларын пайдалану арқылы зерттеу өнімділігі мен ықпалдылығын бағалау, ғылым карталарын құру және салыстырмалы талдау әдістерін меңгертуді көздейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ЖОО-да оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың психологиялық негіздері
Пән барысында магистранттардың мотивациясы, оқу және тәрбиедегі тұлғалық ерекшеліктер, эмоционалдық күй, топтық өзара әрекеттесу, адаптация, оқу нәтижелерін бағалау, коммуникация стратегиялары, конфликт-менеджмент, психокоррекциялық әдістер, мотивациялық технологиялар, этикалық нормалар мен рефлексия дағдылары психологиялық негіздерін меңгерту арқылы оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Педагогика мен психология саласындағы негізгі концепциялар мен теорияларды жіктеп, талдай отырып, әрі қарайғы зерттеулер үшін берік әдіснамалық негіз қалыптастырады.
- Педагогика мен психология саласындағы негізгі концепциялар мен теорияларды талдап, олардың өзара байланысы мен практикалық маңызын анықтайды.
- Оқу және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін негізгі кәсіби құзыреттерді қолдана отырып, әртүрлі қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетеді.
- Психологиялық деректерді өңдеу және интерпретациялау үшін статистикалық әдістерді қолданып, негізделген қорытындылар мен ұсыныстар жасайды.
- Білім беру тәжірибесіне инновациялық технологиялар мен халықаралық тәжірибелерді енгізіп, тиімді және заманауи оқыту әдістерін әзірлейді.