6B02306 Аударма ісі в ЕИМУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Кәсіби білімін, білігін бүгінгі аударма ісі саласында тиімді қолдана алатын, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті араб және ағылшын тілдерінің аударма мамандарын даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 244
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B036 Аударма ісі
-
ҰБТ-дағы пәндер Шетел тілі және Дүниежүзі тарихы
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Әлем әдебиеті
Әлем әдебиеті араб және ағылшын тілдерінде жазылған әдеби шығармаларды талдап, зерделеуді және осы шығармалар жасалған мәдени, тарихи және әлеуметтік жағдайларды зерттеуді қамтиды. Әлем әдебиетін оқудағы мақсат – студенттердің ой-өрісін кеңейту, әртүрлі мәдениеттер мен тарихи кезеңдерді терең түсіну, сонымен қатар әдеби шығармалардың көркемдік құндылығын талдап, бағалау. Бұл пән студенттердің сыни ойлауын, талдау дағдыларын және әдебиетті талдау және түсіндіру қабілетін дамытуға көмектеседі. Әлем әдебиетін зерттеу роман, поэзия, драма және эссе сияқты әртүрлі жанрлармен жұмыс істеуді қамтиды. Бұл студенттерді әртүрлі жазу стильдері мен әдістеріне, сондай-ақ әртүрлі әдеби қозғалыстар мен әдеби талғамдардағы өзгерістермен таныстырады.
Несиелер - 5
-
Семантика
Бұл курс лингвистиканың негізгі салаларының бірі — семантикаға, яғни тілдік бірліктердің мағына жүйесін зерттеуге арналған. Курста сөздің, сөйлемнің және мәтіннің семантикалық құрылымы, мағына түрлері (лексикалық, грамматикалық, логикалық) және мағынаның қалыптасу мен трансформациялану механизмдері қарастырылады. Студенттер тілдік бірліктер арасындағы семантикалық қатынастарды, атап айтқанда, көпмағыналылық, омонимия және синонимия құбылыстарын талдауды меңгереді. Сондай-ақ тіл мен ой арасындағы өзара байланыс пен тілдің мағыналық жүйесін тануға ерекше назар аударылады. Мақсаты: Студенттерде тілдің семантикалық аспектілері туралы жүйелі ғылыми түсінік қалыптастыру, тілдік бірліктердің мағынасын лексикалық, грамматикалық және мәтіндік деңгейлерде талдау бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ семантикалық қатынастарды және олардың коммуникациялық үдерістегі қызметін анықтау мен интерпретациялау құзыреттілігін дамыту.
Несиелер - 3
-
Оқытылатын шетел тілінің халық әдебиеті (фольклор)
Нақты фольклорлық шығармаларды қарастыра отырып студенттер тілдің грамматикалық ерекшеліктерімен, лексикасымен және стилистикасымен танысуға мүмкіндік алады. Олар жергілікті диалектілердің және түрлі әлеуметтік-мәдени ортаның нюанстарына тап болады, бұл олардың лингвистикалық білімін байытады және тілді жақсы меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, халық әдебиетін зерделеу студенттердің мәдени білімін, сыни ойлауы мен эмоциялды интеллектті дамытуға септігін тигізеді. Олар мәтіндерді талдау мен түсіндіруді, терең мағыналарды ұғынуды, сондай-ақ өз ойлары мен идеяларын ағылшын және араб тілінде тұжырымдауды үйренеді.
Несиелер - 5
-
Сарф ілімі (Морфология)
Бұл пән шетел тілінің морфологиялық құрылымы саласындағы ғылыми-практикалық білім мен дағды жүйесін және морфологиялық зерттеу нәтижелерін талдау және түсіндіру, мәтінге морфологиялық талдау жүргізуді меңгертуді көздейді. Пәнді оқыту барысында мына аспектілер қарастырылады: морфология ғылым ретінде, шетел тілінің морфологиялық жүйесі, мәтінді талдаудың морфологиялық ерекшеліктері. Пән мазмұнында сөздердің құрылымы, морфемалық талдау, сөз таптары, сөздердің түрлену тәсілдері (шақ, рай, көптік, септік, тәуелдік т.б.), сөзжасам заңдылықтары қамтылады. Морфология пәні тілдік сауаттылықты арттырып, сөйлеу, жазу және аударма дағдыларын дамытуға бағытталған. Пән соңында студенттер шетел тіліндегі сөздердің құрылымын түсініп, оларды морфологиялық тұрғыда дұрыс қолдана алады. Олар сөйлеу және жазу барысында грамматикалық қателерді азайтып, тілдік сауаттылығын арттырады.
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Бұл пәннің негізгі міндеті сыбайлас жемқорлық процесін әлеуметтік құбылыс ретінде талдау, оның себептерін анықтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тоқтату жолдарын табу болып табылады. Пән сыбайлас жемқорлықтың пайда болу және таралу тетіктері, оның әлеуметтік, экономикалық және саяси салдары сияқты аспектілерді зерделейді. Осы пәнді оқыту барысында студенттер сыбайлас жемқорлық процестерін талдау және бағалау әдістерін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың түрлі нысандары мен әдістерін меңгереді.
Несиелер - 5
-
Экология және тұрақты даму
Экология негіздерін, табиғи орта мен адам әрекетінің өзара байланысын тұтас түсінуді дамыту, сонымен қатар қоғам мен табиғаттың үйлесімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету үшін экологиялық ойлау мен тұрақты даму принциптерін түсінуді дамыту. Пәннің мазмұны экология негіздерін және адамның табиғи ортамен өзара әрекетін, оның ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды талдауды қамтиды. Тұрақты даму тұжырымдамасына, халықаралық бастамаларға (SDG), экологиялық саясат пен құқыққа ерекше назар аударылады. Сондай-ақ «жасыл экономика» практикалық аспектілері, тұрақты табиғатты пайдалану және кәсіби қызметке экологиялық принциптерді енгізу қарастырылады.
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Курстың мақсаты: студенттердің кәсіпкерлік қызметтің мәнін түсінуге қажетті теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын, кәсіпкерлік ойлауын және қазіргі жағдайда бизнесті табысты басқаруды дамыту. Пәннің мазмұны: -Кәсіпкерлік ұғымы мен мәні, оның экономикадағы рөлі. -Кәсіпкерлік қызметтің нысандары мен түрлері. -Кәсіпкерлікті ұйымдастыру кезеңдері: идеядан жүзеге асыруға дейін. -Бизнес-жоспардың негіздері және бизнес-жоспардың құрылымы. -Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары. -Кәсіпкерліктегі маркетинг, менеджмент және қаржылық сауаттылық негіздері. -Шағын және орта бизнесті мемлекеттік реттеу және қолдау. -Кәсіпкердің іскерлік этикасы және әлеуметтік жауапкершілігі. -Инновациялық және цифрлық кәсіпкерлік. -Өз бизнесін құру және дамытудың практикалық аспектілері.
Несиелер - 5
-
Ислам теологиясы
"Ислам теологиясы" пәні ислам дінінің негіздерін, тарихи контекстті, мұсылмандардың қасиетті кітабын, исламның негізгі ілімдерін, исламдағы этика мен моральды, Ислам құқығын, Ислам философиясын зерттеу мен түсіндіруді, әртүрлі мазхабтардың пайда болуын және олардың сенімдерін зерттейді; Жаратушының сыртқы сипаттамасы; пайғамбарлық институт; әлемнің пайда болуы. Ислам теологиясы мен сунниттік мектептердің негізін қалаушы ғалымдардың еңбектерінің орны сипатталған, исламның заманауи мәселелері қарастырылған.
Несиелер - 3
-
Тіл және мәдениет
«Тіл және мәдениет» пәні – тіл мен мәдениеттің өзара байланысын, өзара ықпалын және қоғамдағы қызметін қарастыратын пән. Бұл курс тіл білімінің мәдениеттану, антропология, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика сияқты ғылымдармен тоғысуын түсіндіруге бағытталған. Пәннің негізгі мақсаты – тілді тек қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, мәдени код, ұлттың дүниетанымын бейнелейтін ерекше құбылыс ретінде тану. Бұл пән студенттерге тіл мен мәдениет арасындағы байланысты және түрлі мәдениет өкілдерімен тілдік қарым-қатынаста ерекшеліктерін түсіндіреді. Сонымен қатар мәдениетаралық кедергілерді танып, оларды жеңу жолдарын қолдана отырып, тіл арқылы ұлттық-мәдени дүниетанымды сипаттай алады. Бұл пән тілдің тек қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар ұлттық мәдениеттің, ойлау жүйесінің, менталитеттің көрінісі екенін түсіндіруге бағытталған. Яғни, тіл – белгілі бір этностың рухани әлемі мен өмір салтының бейнесі ретінде қарастырылады.
Несиелер - 5
-
Екінші шетел тілі - 3
Бұл пән студенттердің таңдаған екінші шет тілін меңгерудегі үшінші кезеңін қамтиды. Студенттер тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым дағдыларын одан әрі дамыту, сондай-ақ күнделікті және кәсіби өмірде жиі қолданылатын лексика мен грамматиканы меңгереді. Пән барысында студенттер шетел тілінде қарапайым қарым-қатынас орнату, сұхбат жүргізу, мәтін мазмұнын түсіну және өз ойларын жеткізу дағдыларын жетілдіреді. Студенттер орта және күрделі деңгейдегі мәтіндерді түсініп, мазмұнын жеткізе алады және негізгі грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдана алады.
Несиелер - 5
-
Зерттеу әдістері
Бұл курста студент ғылыми зерттеуді жүргізуге қажет әдістерді қолдануды меңгереді. Студенттер зерттеу жұмысын қалыптастыруға, зерттеу мәселелерін анықтауға, зерттемені жоспарлауға, қажетті мәліметтерді жинау мен сұрыптауға және өз тұжырымдарын жасауға зейін қояды. Студенттер өз зерттеуге негізі бар мәселелерді сыни тұрғыда бағалауды үйренеді. Алған білімдері мен дағдыларын тәжірибеде көрсете алады. Сонымыен қатар, өз зерттемелерін жүргізіп, диплом жұмыстарында нәтижелерін жарыққа шығара алады.
Несиелер - 5
-
Ауызша және жазбаша аударма практикасы
«Ауызша және жазбаша аударма практикасы» — бұл ауызша және жазбаша аударма саласындағы практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған пән. Курстың аясында студенттер әртүрлі стильдер мен жанрларға жататын мәтіндерді аударудың негізгі әдістері мен техникаларын меңгереді. Курс мәтіннің мазмұнын, стилін және мағынасын мақсатты тілде дәл әрі дұрыс жеткізу қабілетін дамытуға бағытталған. Студенттер ауызша және жазбаша аударманың ерекшеліктерін ажыратып, оларды қолдануды үйренеді, соның ішінде синхронды және ілеспе аударманы, сондай-ақ құқықтық, техникалық және әдеби мәтіндердің жазбаша аудармасын меңгереді. Мәтінді мәдени және тілдік айырмашылықтарды ескере отырып бейімдеуге, сондай-ақ аударма қызметіндегі этикалық нормалар мен стандарттарға назар аударылады. Бұл пән студенттердің кәсіби аударма дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, оларды шынайы кәсіби практика жағдайларына дайындайды.
Несиелер - 5
-
Ілеспе аударма
Бұл курс студенттерді банктік, қаржылық, сақтандыру және экономика секторларында қолданылатын терминологиямен, заңдылықтарымен және әдістерімен таныстыруға бағытталған және студенттерді көптеген қаржылық және экономикалық мәтіндерді аударуға үйретеді. Сонымен қатар студенттерге әртүрлі коммерциялық мәтіндерді ағылшын (араб) тіліне аудару, оларды кейбір қажетті коммерциялық терминдермен қамтамасыз ету, трансұлттық компаниялар мен дүниежүзілік еңбек нарығының ортасында оқытып үйрету, жұмыс орталарындағы мәдени айырмашылықтарын және олардың аудармаға әсерін қарастырады.
Несиелер - 5
-
Базалық шетел тілі (Араб/Ағылшын) В2
Аталған курс студенттердің тілдік құзыреттілігін B2 деңгейінде дамытуға және жетілдіруге бағытталған. Оқыту барысында тілдік әрекеттің барлық негізгі түрлері қамтылады: тыңдалым, оқылым, айтылым және жазылым. Сабақтарда сөздік қорды кеңейтуге, грамматикалық дәлдікке және түрлі жағдайларда, соның ішінде академиялық және кәсіби ортада тілдік қатысымда сенімділікпен әрекет етуге баса назар аударылады. Курс сын тұрғысынан ойлау мен пікірді дәлелдеп айту дағдыларын дамытады. Студенттер өз пікірін еркін білдіруді, оны негіздеуді, пікірталастарға қатысуды, ақпаратты талдауды және түрлі көзқарастарды салыстыруды үйренеді. Олар ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіріп, мазмұнды әрі байланысты мәтіндер жазады, оның ішінде эссе, есеп, хат және презентациялар құрастырады. Бұл ретте етістіктің етіс түрлері, шартты сөйлемдер, жанама сөйлеу мен модальді етістіктер сияқты күрделі грамматикалық құрылымдар белсенді қолданылады.
Несиелер - 5
-
Мәдениет саласындағы аударма
Ұлттық және мәдени ерекшеліктер аудармадағы негізгі қиындықтардың бірі болып табылады. «Мәдениет саласындағы аударма» курсы студенттерді көркем мәтіннің мазмұнын оның «мәдени» компоненттеріне ерекше назар аудара отырып жеткізу мәселелерімен таныстырады. Курста әртүрлі аударма әдістері талданады, көркем мәтінде бейнеленген мәдени элементтер жүйеленеді және оларды аударма мәтінінде бейнелеудің негізгі тәсілдері сипатталады. Курстың міндеттері: мәдениеттің тілде және сөйлеуде көріну жолдарын сипаттау; аударма процесінде мәдени ақпараттың сақталу немесе жойылу дәрежесін анықтайтын коммуникативті-прагматикалық бейімделу мүмкіндіктерін қарастыру; бастапқы мәтіннің мәдени компонентін жеткізудегі негізгі аударма стратегиялары мен тәсілдерін қарастыру; аударма кезінде мәдени ақпаратты беру процесінде орын алатын типтік қателерді талдау.
Несиелер - 5
-
Әдебиеттануға кіріспе
Бұл пәннің мақсаты студенттерге әдебиет, оның тарихы, әртүрлі әдеби жанрлар мен стильдер туралы білім беру және әдеби шығармаларды талдау және түсіндіру жолдарын көрсету. Бұл пәнді оқу барысында студенттер белгілі әдебиеттанушы ғалымдардың шығармаларымен танысып, әр дәуірдегі, әр жанрдағы классикалық шығармаларды оқып, талдап, сыни тұрғыдан оқу, талдау дағдыларын дамытады. Әдебиеттануға кіріспе болашақта әдебиетті оқуды жоспарлағандар үшін маңызды алғашқы қадам болып табылады. Бұл пән студенттерге әдеби шығармаларды оқу және талдау үшін қажетті мәдени түсінік пен аналитикалық дағдыларды дамытуға көмектеседі.
Несиелер - 5
-
Базалық шетел тілі (Араб/Ағылшын) А2
Бұл пән A1 деңгейін аяқтаған студенттерге арналған және араб тіліндегі коммуникативтік құзыреттілікті кеңейтуге бағытталған. Студенттер нақты жағдаяттарда қарапайым әрі байланысты сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу дағдыларын дамытады. Пән барысында студенттер: Араб (ағылшын) тіліндегі жиі қолданылатын фразалар мен құрылымдарды меңгереді; уақыт, күн тәртібі, демалыс, саяхат, тағам, денсаулық, сатып алу, қызмет көрсету саласы секілді тақырыптар бойынша лексиканы кеңейтеді; жай және күрделі сөйлемдердің құрылымын, өткен шақ пен келер шақ формаларын үйренеді; қарапайым диалогтарда өз ойын еркін жеткізе алады; қысқа мәтіндерді оқып, олардың негізгі идеясын, детальдарын түсінеді; тыңдаған мәтіндерден нақты ақпаратты ажырата біледі (мысалы, жарнама, хабарландыру, сұхбат); өз пікірін білдіретін қарапайым хат, жазба немесе сипаттама жаза алады. Сабақ толығымен араб (ағылшын) тілінде өтеді. Аударма қолданылмайды. Оқыту әдістемесі тілді табиғи түрде меңгеруге және тілдік интуицияны дамытуға бағытталған. Бұл студенттердің араб (ағылшын) тілінде еркін әрі өздігінен ойлауға үйренуін тездетеді.
Несиелер - 5
-
Екінші шетел тілі-5
"Екінші шет тілі 5" пәні студенттердің мәдени және лингвистикалық көкжиегін кеңейту, сондай-ақ олардың кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында оқытылады. Екінші шет тілін үйрену мекеме мен бағдарламаға байланысты әртүрлі ерекшеліктерге ие болуы мүмкін. Көптеген университеттерде Екінші шет тілі студенттің дайындығына байланысты базалық немесе орта деңгейде оқытылады. Оқытудың мақсаты-екінші тілде қарым-қатынас дағдыларын дамыту: оқу, жазу, сөйлеу және есту қабілеттерін түсіну. Сондай-ақ тілі оқытылатын елдің грамматикасына, лексикасына және мәдениетіне назар аударылады. Оқыту әдістемесі оқыту дәстүрлі дәрістер мен семинарларды да, сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық сабақтарды да қамтуы мүмкін. Студенттер рөлдік ойындарға, пікірталастарға, мәтіндерді аударуға және тәжірибенің басқа түрлеріне қатыса алады. Курстың тақырыбы мен мазмұны болып табылады оқу бағытына байланысты, курс студенттің кәсіби қызметіне байланысты мамандандырылған лексиканы, мысалы, техникалық, заңгерлік немесе іскери ағылшын тілін үйренуді қамтуы мүмкін. Кейбір жағдайларда тілді үйрену зерттелетін тіл елінің әдебиетімен, тарихымен және мәдениетімен байланысты болуы мүмкін. Осылайша, университеттегі Екінші шет тілі студенттерге мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға және болашақта пайдалы болуы мүмкін кәсіби дағдыларды жетілдіруге көмектесетін білім берудің маңызды элементі болып табылады.
Несиелер - 5
-
Қазіргі іскери ағылшын тілі және халықаралық корреспонденция
Қазіргі іскери ағылшын тілі және халықаралық корреспонденция пәні– халықаралық іскерлік қарым-қатынастарда қолданылатын ағылшын тілінің ерекшеліктері мен жазбаша коммуникацияның стандарттарын дамытуға мүмкіндік береді. Қазіргі іскери ағылшын тілі – бизнес ортада қолданылатын арнайы лексика, терминология, сөйлеу мәнері және стиль ерекшеліктері талданады. Ол келіссөздер жүргізу, презентациялар жасау, хат жазысу, келісімшарттар құрастыру және басқа да кәсіби қарым-қатынас түрлеріне ,ал халықаралық корреспонденция – халықаралық бизнес пен дипломатияда қолданылатын жазбаша құжаттармен (іскерлік хаттар, @mail-дер, келісімшарттар, есептер, есептемелер және т.б.) жұмыс істеу ережелері мен стилін, тілдің нақты, түсінікті және сыпайы қолданылуын қарастырады.
Несиелер - 5
-
Тіл біліміне кіріспе
Аталған пән студенттерді тіл туралы ғылымның негізгі мәселелерімен, тілдік талдаудың әдіснамасы мен әдістерімен таныстырады, жалпы лингвистикалық құзыреттілікті, кәсіби лингвистикалық дүниетанымды қалыптастырады, тілді жүйелі құбылыс ретінде ұғынуға ықпал етеді, студент лингвистикалық терминологияны меңгереді, лингвистикалық әдебиетті өз бетінше зерделеу үшін қажетті білім беруді қамтамасыз етеді, “Жалпы тіл білімі”, “Тіл тарихы” сияқты болашақта оқытылатын жалпы лингвистикалық пәндерді меңгеруге қажетті білім беруге бағытталады.
Несиелер - 5
-
Базалық шетел тілі (Араб/Ағылшын) С1
Аталған курс араб немесе ағылшын тілін меңгеруді мақсат еткен, тілдік құзыреттілікті CEFR жүйесі бойынша C1 деңгейіне жеткізгісі келетін студенттерге арналған. Курстың мақсаты — тілдік икемділікті, терең түсінік пен күрделі академиялық, кәсіби және мәдениетаралық жағдайларда тілді сенімді қолдану қабілетін дамыту. Курс тілдік әрекеттің барлық түрлерін қамтиды: айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым. Ерекше назар логикалық, дәлелді және стильдік жағынан орынды ауызша және жазбаша пікір білдіру дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Студенттер күрделі және көлемді мәтіндерді түсінуді, тілдің стильдік және прагматикалық ерекшеліктерін ажыратуды, сондай-ақ реңк, ирония мен мәдени астарды тануды үйренеді. Курсты аяқтаған соң студенттер тілдік құралдарды нақты контекстке сәйкес еркін және еріксіз қолдана алады және тілді ана тілі иелерімен тең дәрежеде тиімді түрде қолдануға қабілетті болады.
Несиелер - 5
-
Екінші шетел тілінің грамматикасы (A1-A2)
Бұл пән екінші шетел тілі ретінде оқытылатын тілдің (мысалы, ағылшын, араб және т.б.) бастапқы деңгейіндегі (A1–A2) грамматикалық құрылымдарын меңгеруге бағытталған. Курстың мақсаты – студенттерге тілдің негізгі грамматикалық ережелері мен құрылымдарын түсіндіру, оларды ауызша және жазбаша сөйлеуде дұрыс қолдана білуге үйрету. Мақсаттары мен міндеттері: Екінші шетел тілінің грамматикалық құрылымдарын жүйелі түрде меңгеру; Тілдің морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін тану; Негізгі грамматикалық тақырыптарды (етістіктің шақтары, есімдіктер, артикльдер, сөйлем құрылымы, сұрақтар құрастыру және т.б.) меңгеру; Тілдік жаттығулар арқылы практикалық дағдыларды дамыту; Қарапайым деңгейде сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу дағдыларын грамматикалық тұрғыдан дұрыс қолдану. Студент екінші шетел тілінің A1–A2 деңгейіне сай негізгі грамматикалық құрылымдарын меңгеріп, қарапайым сөйлемдерді құру және түсіну дағдыларын дамытады.
Несиелер - 5
-
Екінші шетел тілі - 2
«Екінші шетел тілі – 2» пәні студенттердің тілдік құзыреттілігін одан әрі жетілдіруге бағытталған. Бұл пән «Екінші шетел тілі – 1» курсының жалғасы болып табылады және тілдің базалық деңгейінен біртіндеп элементарлы және төменгі орта (A1–A2) деңгейіне дейінгі меңгеруді көздейді. Курс барысында студенттер күнделікті, әлеуметтік және оқу жағдайларында қолданылатын тіркестер мен құрылымдарды меңгеріп, шетел тілінде қарапайым сөйлеу, пікір білдіру, сұрақ қою және жауап беру сияқты дағдыларын дамытады. Сөйлеу әрекетінің барлық түрлері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым біртұтас байланыста дамытылады. Сонымен қатар, пән мәдениетаралық қатысым дағдыларын қалыптастыра отырып, студенттердің тілдік ойлауын дамытады.
Несиелер - 5
-
Саяси саладағы аударма
Бұл пән саяси аударманың саяси терминологияны, нақты сөз тіркестерін, идиомаларды, саяси ұғымдар мен идеологияларды аудару сияқты аспектілерін зерттейді. Пән болашақ аудармашылардан тілдерді (ағылшын, араб) жетік меңгеруді және аудармашылық дағдыларды ғана емес, сонымен қатар саяси процестер мен әрекеттерді терең меңгеруді талап етеді. Саяси салаға тән техникалық терминдерді қолдану аудармашыдан бұл терминдердің мағынасын түсініп қана қоймай, мәтіннің құқықтық және саяси дәлдігін сақтау үшін оларды дұрыс және дәл аудара білуді талап етеді.
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Бұл курстың мақсаты студенттерде білім беру тәжірибесінде инклюзивті тәсілді енгізу үшін қажетті негізгі білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, барлық студенттерге, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз етуді қамтиды. Пәннің мазмұны: инклюзивті білім беру түсінігі, мәні және принциптері; инклюзивті білім берудің халықаралық және ұлттық тәжірибе; білім беруге енгізудің заңнамалық және нормативтік базасы; инклюзивті білім беру ортасын құру: қолжетімділік, әмбебап дизайн, психологиялық-педагогикалық қолдау; білім беру бағдарламаларын, бағалау әдістері мен нысандарын бейімдеу; инклюзивті білім берудегі мұғалімдердің, тьюторлардың, ассистенттердің, психологтардың рөлі мен функциялары; ата-аналармен және оқушылармен өзара әрекеттесудің тиімді формалары; инклюзия жағдайындағы мұғалім қызметінің этикалық және кәсіби аспектілері; білім беру ұйымдарында инклюзивті тәсілді енгізудің практикалық жағдайлары мен үлгілері.
Несиелер - 5
-
Сөйлеу мәдениеті және стилистика
Бұл пән тіл білімінің екі маңызды саласы, олар тілдік құралдарды дұрыс, әсерлі және тиімді қолдануды үйретеді. Сөйлеу мәдениеті – тілдік нормаларды сақтай отырып, сөйлеудің анық, дұрыс, логикалық және эстетикалық талаптарға сай болуын, әдеби тілдің грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфоэпиялық нормаларын дұрыс қолдануды үйретеді. Стилистика – тілдік құралдардың түрлі мақсаттар мен жағдайларда қолданылуын, сөйлеу мәнерін, тілдің көркемдік және экспрессивтік мүмкіндіктерін, функционалдық стильдердің ерекшеліктерін үйретеді. Тілдің әсерлілігі мен нақтылығын қамтамасыз етуге бағытталып, тілдік нормаларды сақтаудың маңыздылығын қарастырады.
Несиелер - 5
-
Дипломатиялық құжаттарды аудару
Студенттің саяси терминдерді сөйлеу барысында еркін қолдануына жол ашады, аударма түрлері және негізгі аударма түрлендірулері, сонымен қатар кеңсе құжаттарында және дипломатиялық дискурстың іскерлік коммуникацияларында белсенді қолданылатын лексикасын үйренеді, дипломатия саласындағы жазбаша кәсіптік- бағдарланған аударма процесінде лексикалық, грамматикалық және стилистикалық трансформацияның негізгі әдістерін қолдану; іскерлік кездесулерде аудармашы қызметін атқару, дипломатиялық ортада шет тілінде әңгіме жүргізу қабілетін қалысптастырады
Несиелер - 5
-
Базалық шетел тілі (Араб/Ағылшын) C2
C2 деңгейіндегі бұл курс студенттердің араб немесе ағылшын тілін ана тілі иесіне жуық деңгейде толық және еркін меңгеруін көздейді. CEFR (Еуропалық тілдік құзыреттілік шеңбері) жүйесіне сәйкес, бұл деңгей тілдік құралдарды кез келген жағдайларда - академиялық, кәсіби және әлеуметтік контекстерде - дәл, икемді және стильдік жағынан орынды қолдана білуді талап етеді. Курс соңында студенттер кез келген ойды - соның ішінде абстрактілі немесе күрделі ұғымдарды - анық әрі сенімді жеткізе алады, дәйекті пікірталас жүргізе алады, жасырын мағыналарды түсініп, тілді ғылыми, мәдени және қоғамдық салада ана тілі деңгейінде қолдануға қабілетті болады.
Несиелер - 5
-
Екінші шетел тілі-4
"Екінші шет тілі-4" пәні ана тілі және бірінші шет тілдерінен басқа шет тілдерінің бірін үйренуге және меңгеруге бағытталған. Ол университеттерде және басқа білім беру мекемелерінде оқытылады, онда студенттер оқу, жазу, ауызша сөйлеу және шетелдік сөйлеуді есту арқылы қабылдау дағдыларын дамытады. Пәннің негізгі мақсаты ол қарым — қатынас дағдыларын дамыту-тілді әртүрлі жағдайларда (ауызекі сөйлеу, жазбаша қарым-қатынас) түсіну және дұрыс қолдану қабілеті. Грамматиканы зерттеу, соның ішінде сөйлемдерді құрудың негізгі ережелерін, ауытқуларды және т.б. білу. Лексикалық қорды кеңейту-жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйрету, оларды қолдану контекстін зерттеу. Тіл елінің мәдениеті зерттелетін тілде сөйлейтін елдердің тарихымен, мәдениетімен және дәстүрлерімен танысу. Екінші шет тілін оқыту мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға көмектеседі, сонымен қатар кәсіби және жеке өмірде пайдалы болуы мүмкін жалпы тілдік ойлауды жақсартуға бағытталған.
Несиелер - 5
-
Лексикография
Лексикография-қолданбалы пән. Лексикографияның әдістері сөздіктерді құрастыру болып табылады: атап айтқанда, жаңа компьютерлік технологиялар мен сөздік мақаланы ұйымдастырудың әдістерін әзірлеу. Бұл ғылым сөздіктердің типологиясы мәселесіне назар аударады. артқа алға мәзір. Лексикологияның міндеттеріне мыналар кіреді: сөздердің мағынасын зерттеу; берілген тілдің лексикалық жүйесіндегі сөздің шығу тегі мен орнын анықтау; сөздердің жекелеген разрядтарының экспрессивті-стилистикалық сипатын, қолдану аясын және қолдану дәрежесін анықтау.
Несиелер - 5
-
Базалық шетел тілі (Араб/Ағылшын) А1
Бұл пән араб (ағылшын) тілін алғаш рет меңгеріп жатқан студенттерге арналған және шетел тілі ретінде араб тілінің базалық деңгейін (A1) қалыптастыруды көздейді. Пәннің негізгі мақсаты – студенттердің күнделікті өмірде жиі кездесетін қарапайым коммуникативтік жағдаяттарда араб (ағылшын) тілінде сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру. Пән барысында студенттер араб (ағылшын) әліпбиімен және дыбыстық жүйесімен танысады; негізгі лексикалық минимумды меңгереді (мысалы: сәлемдесу, танысу, отбасы, күн тәртібі, уақыт, заттар, мекен, санау, т.б.); қарапайым сөйлем құрылымдарын (есімді сөйлем, етістікпен сөйлем, сұраулы және бұйрықты сөйлемдер) үйренеді; тыңдалым арқылы таныс сөздер мен қарапайым сөйлемдерді түсінуді дамытады; қысқа диалогтар мен мәтіндерді оқи алады және негізгі мағынасын түсіне алады; өз ойын қарапайым сөйлемдермен жазбаша және ауызша жеткізуге дағдыланады; тілдік интуицияны қалыптастыратын жаттығулар арқылы тілге ену тәжірибесін алады. Сабақ толықтай араб (ағылшын) тілінде өтеді. Аудармаға сүйенбей, тілді табиғи түрде меңгеруге басымдық беріледі. Бұл әдіс студенттердің тілдік ортаға бейімделуін жеңілдетіп, сөйлеу дағдысын еркін дамытады.
Несиелер - 5
-
Ғылыми жұмысты жоспарлау
Пәнді игерген студент ғылыми жұмысын жетекшінің көмегінсіз дербес жазып шыға алады, кәсіби бағытындағы ғылыми мәселелерді өздігінен талдап, жүйелеп, зерттеу мәселесінің себебін анықтап, оған қатысты ғылыми негізделген шешім ұсынып, өзі ұсынған шешімін негіздеп бере алады. Аталған пән студенттің дипломдық жұмысын сауатты түрде жазуға, мақала жазудың алғышарттарын меңгеріп шығуға септігін тигізеді.
Несиелер - 5
-
Құран Кәрім
Бұл пән студенттердің Құран Кәрімді түпнұсқадан әуезді оқуға оқу қабілеттілігін қалыптастырады. Құранды тәжуид қағидаларына сәйкес оқуды игереді. Құран тарихынмен бірге құрандағы Меккелік және Мәдиналық аяттардың ерекшеліктерін оқып үйренеді. Студенттер алған білімдері мен дағдыларын әртүрлі кәсіби аймақтарда мәселен, ислами зерттемелерде, діни жұмыс орындарда немесе оқу орындарында, мәдениаралық қатынастар мен дінаралық диалогтар жүргізілгенде қолдана алады.
Несиелер - 3
-
Шығыс және Батыс әдебиеті
Бұл пәннің мақсаты шығыс және батыс мәдениеті негізінде туындаған әлемге әйгілі әдеби шығармаларды, олардың негізгі бағыттарын, жанрларын, жазылу стильдерін білім алушыларға таныстыру. Шығыс және Батыс әдебиетіндегі көрнекті жазушылар мен ақындардың шығармаларын оқу, оларды бір-бірімен салыстыра отырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу, әрбір шығарманы талдау, белгілі бір шығармадағы сөз болған әр дәуірдің негізгі мәселелерін айқындау, шығарманың негізгі идеясын, автордың оқырманға жолдаған басты мәселелерін анықтау. бұл пәнді оқу барысында алушылар ғылым зерттеу жұмыстарын жүргізу, сыни ойлау, салыстыру және салғастыру дағдыларын дамытады.
Несиелер - 5
-
Екінші шетел тілі грамматикасы (B1-B2)
Бұл пән екінші шетел тілін меңгерудің B1–B2 деңгейлеріне сәйкес грамматикалық құрылымдарын жүйелі түрде үйретуге бағытталған. Сабақ барысында тілдік нормалар, сөйлем құрылысы, сөз таптары, шақ категориялары, бағыныңқылы және салалас сөйлемдер, күрделі грамматикалық формалар мен олардың қолданылу аясы кеңінен қарастырылады. Пән студенттердің грамматикалық құзыретін арттыру, тілдік бірліктерді мағыналық және құрылымдық жағынан терең меңгеру, сондай-ақ ауызша және жазбаша тілде еркін қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған. Жаттығу жұмыстары мен практикалық тапсырмалар арқылы студенттер екінші шетел тілінде коммуникативтік құзыреттілікті жетілдіреді. Курс шетел тілін терең меңгеруге ұмтылған болашақ мамандар үшін берік грамматикалық негіз қалыптастырып, кәсіби және академиялық деңгейде еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Несиелер - 5
-
Кәсіби бағытталған шетел тілі
Кәсіби бағытталған шетел тілін үйренудің негізгі мақсаты - студенттің кәсіби коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру: әр түрлі стильде және коммуникативті жағдайларда ағылшын және араб тілдерінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөйлеудің этикалық ережелерін сақтай отырып, монологиялық сөйлеудің негізгі формаларын білу және түсіну, кәсіби жазудың негізгі түрлерін білу, қарым-қатынастың ұлттық және шетел тілдік мәдениетін игеру, студенттің күнделікті және кәсіби қарым-қатынасқа түсуде коммуникативтілік қабілеттілік таныту.
Несиелер - 5
-
Діни мәтіндер аудармасы
Бұл курс студенттерді діни мәтіндерді аудару әдістеріне, қасиетті мәтінге қатысты мәселелерді анықтауға және олармен жұмыс істеуді үйретуге бағытталған. Бұл пәнде лингвистикалық және діни мәселелерді негізге ала отырып, осы салаға қатысты мәтіндерді аудару кезінде кездесетін проблемаларды шешуге, әсіресе Құран Кәрімнің мағыналарын аударуға баса назар аударады. Пәнді оқудың маңызды аспектісі студентке діни мәтіндерді олардың ерекшеліктері мен құндылықтарын ескере отырып бағалауға және дұрыс жеткізуге көмектесетін этикалық-адамгершілік қағидаттарды дамыту болып табылады.
Несиелер - 5
-
Көркем әдебиет аудармасы
Бұл курс студенттердің көркем мәтіндерді ағылшын және араб тілдеріне аудару туралы хабардарлығын арттырады, оларды поэзия, әңгіме, роман және театр сияқты әртүрлі әдеби жанрларды аударуға үйретеді, талдауға, түсіндіруге, бағалауға және сынға баса назар аударады, сонымен қатар әртүрлі лингвомәдени және әдеби аударма мәселелерін шешуге назар аударады, мысалы әдеби жанрлардың айырмашылығы ретінде. Көркем әдебиеттің аудармасын оқитын студенттер түпнұсқа мәтіндерді талдап, олардың мағынасын, стилі мен эстетикалық ерекшеліктерін басқа тілге аударуды үйренеді. Олар аударманың әртүрлі тәсілдерін, соның ішінде әдеби-стилистикалық талдауды, мәтіндерді бейімдеуді және локализациялауды, мәдени контекст пен авторлық дауысты сақтауды зерттейді.
Несиелер - 5
-
Академиялық жазылым
Пән ғылыми стильдің негізгі ерекшеліктерімен танысуға, академиялық дискурстың кең таралған жанрларын зерделеуге, мәтіннің мақсаты, құрылымы, стилистикалық ерекшеліктері негізінде ауызша және жазбаша оқу академиялық мәтіндерді құрастыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер мен зерттеушілерде талдау, синтез және дәлелдеу дағдыларын дамытуда бұл пән маңызды рөл атқарады. Бұл дағдыларды меңгерген студенттер диссертацияларында, ғылыми еңбектерінде және болашақ мансабында айтарлықтай артықшылықтарға ие болады.
Несиелер - 5
-
Шешендік өнер
Араб тіліндегі шешендік өнер теориясы үш бөлімнен тұрады. Біріншісі «Бәйән» (ашықтау), екіншісі «Мәғәни» (мағыналар), үшіншісі (бәдиғ) (көркем тіл). «Бәйән» ілімі «тәшбиһ» (аналогия), «мәжәз» (троп), «кинәя» (метонимия) қамтиды. Бұл түрлер біздің ана тіліміздегі теңеу, ауыспалы мағына мен астарлы мағыналы сөйлемдер сияқты. «Мәғәни» мағыналарды зерттейді. Бір сөйлемнің мәнмәтінге қарай түрлі мағыналарға ие болуы құбылысын қарастырады. Осы пәнді түсіндіру үрдісінде қазақтың әдеби шығармаларындағы тілдік қолданыстарды шебер, икемді меңгереді. Құран мен хадистерді ана тілімізде жеткізе алуында араб әдебиетімен байланысты қазақ әдебиетіндегі тілдік қорын жетік біледі.
Несиелер - 5
-
Дискурс анализі және аударма
Бұл пән студенттердің дискурс талдауы саласындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған және бұл білімдерді аударма практикасына қолдануға негізделген. Ерекше назар жасырын мағыналарды, прагматикалық ниеттерді, сөйлеу мәнері мен стильдік ерекшеліктерді, сондай-ақ мәтінді түсіндіру мен аудару барысында маңызды рөл атқаратын әлеумет-мәдени компоненттерді анықтауға аударылады. Курс аясында түрлі дискурс түрлері — медиатекст, саяси, ғылыми, көркем, құқықтық және басқа да мәтіндер қарастырылады, сонымен қатар жанрға, мақсатты аудиторияға және мәтіннің коммуникативтік міндетіне байланысты аударманы бейімдеу стратегиялары зерттеледі. Студенттер лингвистикалық және прагматикалық талдау әдістерін меңгереді, интертекстуалдылықпен, сөйлеу актілерімен, модалдылықпен және мәдени тұрғыда белгіленген тілдік элементтермен жұмыс істеуді үйренеді. Пән болашақ аудармашыларға бастапқы мәтінді тек тілдік деңгейде ғана емес, сондай-ақ кең коммуникациялық контексте де талдауға мүмкіндік береді, сонымен қатар дискурс деңгейінде эквиваленттік пен функционалдық сәйкестікті қамтамасыз ететін негізделген аударма шешімдерін қабылдау дағдыларын дамытады.
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
Курстың мақсаты жеке және отбасылық қаржыны тиімді басқаруды қамтамасыз ететін қаржылық-экономикалық тетіктер туралы білімнің жан-жақты жүйесін дамыту, сонымен қатар нарықтық экономика мен цифрлық трансформация жағдайында сыни талдау және негізделген шешімдерге негізделген ұтымды қаржылық мінез-құлық бойынша практикалық дағдыларды дамыту болып табылады. Пәннің мазмұны қаржылық сауаттылықтың теориялық негіздерін, жеке және отбасылық қаржыны басқару принциптерін, банктік және инвестициялық құралдарды пайдалануды, тәуекелдерді бағалау мен сақтандыруды, салықтық жоспарлау негіздерін, қаржы секторындағы цифрлық қауіпсіздікті, тұтынушыларды құқықтық қорғауды, және тұрақты және экологиялық таза қаржылық мінез-құлықты дамыту. Стратегиялық қаржылық жоспарлауға және белгісіздік жағдайында негізделген шешімдер қабылдауға ерекше назар аударылады.
Несиелер - 5
-
Базалық шетел тілі (Араб/Ағылшын) В1
Бұл пән араб (ағылшын) тілінің A2 деңгейін меңгерген студенттерге арналған. Курстың мақсаты – студенттерді араб (ағылшын) тілінде күнделікті және академиялық тақырыптарда еркін әрі дәл сөйлеуге, мәтіндерді талдауға және пікір білдіруге үйрету. Студент араб (ағылшын) тілінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, өз тәжірибесі мен пікірін айтуда қиналмайды. Пән аясында студенттер: Әлеуметтік, мәдени және кәсіби тақырыптарда әңгімелесе алады; Қарапайым және орташа күрделі мәтіндерді оқып, негізгі ойды және қосымша ақпаратты түсінеді; Күнделікті өмірден алынған жағдаяттарда еркін диалог құрастырады (мысалы, жұмыс, оқу, сапар, денсаулық, технология); Пікірталасқа қатысып, өз көзқарасын дәлелдей алады; Жазбаша түрде хат, шағым, эссе, сипаттама жаза алады; Тыңдалым арқылы айтылған пікірді, ниетті, интонацияны түсіне бастайды; Академиялық лексикамен танысады және оны қолдана бастайды. Сабақ 100% араб (ағылшын) тілінде өтеді. Студенттер тілдік интуиция мен сөздік қорды табиғи жолмен дамытады. Грамматикалық құрылымдар нақты жағдаяттар арқылы үйретіледі, бұл тілді өмірде қолдануға бейімдейді.
Несиелер - 5
-
Заң саласындағы аударма
Курс студенттерді заң мәтіндерін барлық салаларда, нысандарда және деңгейлерде кеңінен қамту арқылы заңгерлік аударма тәжірибесіне үйретуге бағытталған, сонымен қатар студенттерді заң терминдермен, сөйлем құрылымымен, риторикалық ерекшеліктерімен, келісімшарттар, келісімдер, заңдар, меморандумдар, құрылтай шарттары, жалдау мен жалға беру ережелері сияқты заң мәтіндер үлгілерімен және олардың мазмұнымен таныстыруға дағдыландырады. Бұл курстың негізгі бағыты аударманың дәлдігі мен заң мәтіні стильінің сәйкестігіне бағытталған.
Несиелер - 5
-
Синтаксис 1
Бұл курс студентті шетел тілінің сөйлем негіздерімен және оның грамматикалық ережелерімен жеңілдетілген және жүйелі түрде таныстыруға көмектеседі. Курс сөздердің септеуліктер мен жалғаулықтарға қатысты өзгеруі немесе өзгермеуі, жекеше, қосарлы, көпше, есімдердің белгілі және белгісіз хәлдегі түрлері сияқты бөлімдерін зерттеуге назар аударады. Сонымен қатар, әріптер мен олардың түрлері, яғни көсемше, жалғаулық, болымсыздық, септік жалғаулары туралы толық түсініктеме берілген. Курс студенттің сөйлем мүшелері мен оның құрылымын түсінуіне және оның пайымына бекітуді жақсарту үшін мысалдар мен практикалық жаттығуларға сүйенеді. Ол лингвистикалық талдау жасап, дұрыс сөйлеу қабілетін дамытуды көздейді де, шетел грамматикасын үйрену жолында мықты негіз болып табылады. Бұл курс студенттің тілдік ойлау қабілетін дамытады, мәтінді дұрыс түсініп, талдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге оның дұрыс сөйлеу шеберлігін арттырып, әртүрлі жағдайларда тілдік әлеуетін жақсартуға ықпал етеді.
Несиелер - 5
-
Аударма теориясы мен практикасы
Бұл курс мәдениетаралық коммуникация және аударма саласындағы кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталған білім беру бағдарламасының іргелі бөлігі болып табылады. Ол студенттерге аударма тапсырмаларын тиімді орындау үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды береді. Курс барысында студенттер аударманың теориялық аспектілерімен танысады, аударманың негізгі теориялары мен модельдерін зерттеуге, аударма процестерінің лингвистикалық, мәдени және когнитивтік аспектілерін талдауға, сонымен қатар аударманың әртүрлі түрлері мен жанрларын қарастыруға бағытталады. Курс сонымен қатар жазбаша және ауызша аударма дағдыларын дамыту, заманауи аударма технологияларымен және ресурстарымен жұмыс істеу үшін әртүрлі тақырыптар мен күрделілік деңгейлері бойынша аударма тәжірибесін қамтиды. Курстың негізгі материалдарын қарастыру барысында студенттерді мәдениетаралық қарым-қатынастарды зерттеуге бағыттайтын, аударманы мақсатты аудиторияның мәдениетіне бейімдеу қабілетіне ықпал ететін және аударма этикасын дамытатын дұрыс және толерантты мәдениетаралық қарым-қатынасты тұжырымдауға ерекше көңіл бөлінеді. Оқыту нәтижелерін бағалаудың индикаторлары тәжірибеде ойластырылған аударманың теориялық негізделген стратегияларын талдау және жүзеге асыру, әртүрлі тақырыптар мен жанрлардағы мәтіндерді сапалы аудару, тиімді мәдениетаралық коммуникация дағдыларын көрсету, аудармашылардың кәсіби этикасын сақтай отырып, заманауи аударма технологиялары мен ресурстарын пайдалану қабілеті болады. «Аударма теориясы мен практикасы» пәні бойынша тәжірибе аударма саласында пәнаралық өзара әрекеттестік пен қарым-қатынасқа қабілетті білікті мамандарды дайындайды.
Несиелер - 5
-
Синтаксис 2
Пән «Синтаксис 1» курсынан алған білімді тереңдетуге бағытталған және сөйлем құрылымының күрделі түрлерін зерттеуді қамтиды. Студенттер жалаң және жайылма сөйлемдердің, құрмалас сөйлемдердің (салалас, сабақтас, аралас), сөйлем мүшелерінің өзара қатынасы мен қызметін талдай отырып, синтаксистік бірліктерді жүйелі түрде меңгереді. Сабақ барысында синтаксистік талдау жүргізу дағдылары жетілдіріледі, сөйлем құрылымын түсіндіру, оның стилистикалық және коммуникативтік қызметін анықтау үйретіледі. Сонымен қатар қазіргі қазақ тіліндегі сөйлем түрлерінің қолданыстағы ерекшеліктері, синтаксистік нормалар мен олардың тіл мәдениетіндегі рөлі қарастырылады. Пәнді оқыту барысында студенттер ғылыми синтаксистік әдебиеттермен жұмыс істеуді, мәтіндерге синтаксистік талдау жасауды және грамматикалық ережелерді практикалық түрде қолдануды үйренеді.
Несиелер - 5
-
Халықаралық сертификатталған тестке дайындық (IELTS, TOEFL)
Пән халықаралық сертификатталған IELTS және TOEFL-ге дайындық, бұл университеттерде және басқа оқу орындарында табысты оқу үшін қажетті ағылшын дағдыларын дамытуға бағытталған мамандандырылған курс ағылшын тілін үйренетіндер немесе болашақта шетелде жұмыс істейтіндер үшін маңызды кезең болып табылады, мұнда ағылшын тілін білу міндетті шарт болып табылады. Бұл сынақтар ағылшын тілін білу деңгейін бағалайды және әрқайсысы белгілі бір тілдік дағдыларды тексеретін бірнеше бөлімдерді қамтиды: тыңдау, оқу, жазу және сөйлеу. Пәннің мақсаты- IELTS және TOEFL халықаралық тестінен өту үшін студенттердің коммуникативтік құзыреттілігі мен емтихан дағдыларын дамыту қабілетін қалыптастыру. Тест құрылымы мен типтік тапсырмалардың мазмұны, академиялық жазудың ерекшеліктері, тыңдау, сөйлеу және алынған ақпаратты өңдеу дағдылары, оқу кезінде лексикалық және грамматикалық тақырыптарды орындау зерттеледі.
Несиелер - 5
-
Екінші шетел тілі -1
«Екінші шетел тілі – 1» пәні студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған және тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық негіздерін меңгеруге көмектеседі. Пән барысында студенттер күнделікті қатысымдық жағдайларда қолданылатын қарапайым сөйлеу үлгілерін үйренеді, тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым дағдыларын дамытады. Курс шеңберінде оқытылатын тілдің мәдениеті мен дәстүрлері жөнінде базалық мәліметтер беріледі. Студенттер екінші шетел тілінде өзін таныстыру, сұрақ қою, жауап беру, қысқа диалогтар құру сияқты негізгі тілдік әрекеттерді орындай алады. Пән бастапқы деңгейде оқытылады және студенттердің кәсіби әрі академиялық ортада тілдік кедергіні жеңуіне алғы шарт жасайды.
Несиелер - 5
-
Ресми іс-қағаздар аудармасы
«Ресми іс-қағаздар аудармасы» пәні студенттерге ресми іс-қағаздарды аудару негіздеріне үйретуге арналған. Курс бағдарламасы білім алушылардың мәдениет, экономика, әкімшілік қызмет, тағы басқа саладағы хат-хабарларды құрастыру және аудару дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Несиелер - 5
-
Сөйлеу коммуникациясының теориясы мен практикасы
Пәннің мақсаты – кәсіби салада сөйлеу әрекетінің теориялық негіздерін қолдана білу және оқытылатын тіл мәдениетінің өкілдерімен қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту. Курс қарым-қатынас техникасы мен сөйлеу коммуникациясының түрлерін зерттеуге бағытталған.
Несиелер - 3
-
Бұқаралық ақпарат құралдары тілінің аудармасы
Бұл курс тың мазмұны мамандандырылған медиа материалдарын ұсынуға, сондай-ақ радио мен теледидар саласында жиі кездесетін сөз тіркестерін қолдануға бағытталған және осы курстың соңында студенттер медиа-аударма саласында көкжиегін кеңейтіп, мамандандырылған терминдер мен сөз тіркестерін меңгере алады. Ол әртүрлі медиа мәтіндердің (мысалы, баспа құралдары, теледидар, радио, фильмдер) табиғатын түсінудің тұжырымдамалық негізін үйретеді.
Несиелер - 5
-
Қазіргі аударма ісінің өзекті мәселелері
Бұл пән қазіргі аударма ісіндегі теориялық және практикалық өзекті мәселелерді кешенді түрде қарастыруға бағытталған. Сабақ барысында аударма теориясының жаңа үрдістері, көптілді қоғамдағы аударма қызметінің рөлі, мәдениетаралық коммуникациядағы қиындықтар, терминологиялық сәйкестік, аударманың сапалық критерийлері, сондай-ақ жасанды интеллект пен заманауи технологиялардың аударма саласына әсері сияқты өзекті тақырыптар талқыланады. Пән студенттердің кәсіби ойлау қабілетін, сыни көзқарасын қалыптастыруға және аудармадағы күрделі жағдайларды сараптап, тиімді шешім қабылдай алу дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, түрлі мәтіндермен жұмыс істеу, стилистикалық ерекшеліктерді сақтау және түпнұсқа мазмұнын дәл жеткізу дағдылары жетілдіріледі.
Несиелер - 5
-
Мәтінді редакциялау
Курс мәтінді дұрыс және тиімді редакциялау дағдыларын дамытуға арналған. Бұл курста студенттер редакциялау принциптері мен әдістерін, сонымен қатар редактор немесе корректор ретінде жұмыс істеу үшін қажетті практикалық дағдыларды меңгереді. Пәннің негізгі мақсаттарының бірі – студенттердің мәтіндердің сапасын бағалау және жақсарту, қателер мен дәлсіздіктерді анықтап, түзете алу үшін сыни тұрғыдан ойлау және талдау дағдыларын дамыту. Студенттерге әртүрлі мәтіндерді редакциялаумен қоса, практикалық тапсырмалар беріледі, сонымен қатар олар өздерінің жазба жұмыстарын жасау кезінде алған білімдерін өз бетінше қолдана алады.
Несиелер - 5
-
Құқық негіздері
«Құқық негіздері» пәні студенттердің құқық жүйесі, құқық нормалары мен принциптері туралы негізгі білімдерін дамытуға бағытталған. Курс конституциялық, азаматтық, әкімшілік, еңбек және қылмыстық секілді құқықтың негізгі салаларын зерттейді. Азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, заңды жауапкершілігі мен құқықтарын қорғау тетіктеріне ерекше назар аударылады. Құқықтық мәдениетті, сананы қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Несиелер - 5
-
Технологиялық терминдер және ғылыми аударма
Бұл курс студенттерді ғылыми-техникалық салаларда аудармаға үйретуге, олардың мамандандырылған мәтіндерінің барлық үлгілерін, ғылыми-техникалық мәтіндердің стилистикалық ерекшеліктерін анықтауға, тиісті тақырыптағы ғылыми-техникалық мәтіндерде терминдердің қандай түрлері мен оларды аудару тәсілдері жиі кездесетінін анықтауға; барлық нысандар мен деңгейлердегі мамандандырылған мәтіндердің кең салаларын қамтуға бағытталған. Ғылыми мәтіндерді аудару кезінде туындайтын әртүрлі мәселелерді және аударма, ғылыми және техникалық аудармалардың қиындықтарын шешуге баса назар аударылады.
Несиелер - 5
-
Экономика саласындағы аударма
Бұл курс студенттерді банктік, қаржылық, сақтандыру және экономика секторларында қолданылатын терминологиямен, заңдылықтарымен және әдістерімен таныстыруға бағытталған және студенттерді көптеген қаржылық және экономикалық мәтіндерді аударуға үйретеді. Сонымен қатар студенттерге әртүрлі коммерциялық мәтіндерді ағылшын (араб) тіліне аудару, оларды кейбір қажетті коммерциялық терминдермен қамтамасыз ету, трансұлттық компаниялар мен дүниежүзілік еңбек нарығының ортасында оқытып үйрету, жұмыс орталарындағы мәдени айырмашылықтарын және олардың аудармаға әсерін қарастырады.
Несиелер - 5
-
Аударма ісіндегі заманауи технологиялар
Бұл курс компьютерлік аударма саласында арнайы білімі, іскерлігі, дағдысы бар мамандарды қалыптастыруға бағытталған. Бұл пән заманауи ақпараттық технологиялар туралы білімдерін кеңейтеді және оларды ақпараттық технологияларды сыни және аналитикалық тұрғыдан қолдана отырып аудармаға жақындауға үйретеді. Бағдарламалық қамтамасыз ету барысында лайықты аударма ісін жүргізу, өңдеу жұмыстарын жүргізу іскерлігін меңгерту. Курста компьютер және аударма, автоматтандырылған аудрама, аударма ісі жадылық жүйесі, машиналық аударма, субтитр, редакциялау сынды тақырыптар игеріледі
Несиелер - 5
-
Аударма ісіне кіріспе
Пән студенттерді аударма ісінің негіздерімен таныстырады. Курсты тамамдаған студент аударма ісіндегі негізгі терминология туралы, аударма ісі ғылымының даму тарихы туралы, аударма ісіндегі негізгі теориялары туралы, осы саладағы классик ғалымдар мен басты еңбектері туралы базалық білімін қалыптастырады. Студент аударма мәтіндердің түрлерін, аударма басында атқарылатын негізгі операциялар жайында, ауызша және жазбаша аударманың аудару технологияларындағы айырмашылықтарын ажыратып, түсіне алады.
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Дыбыстарды әртүрлі реңктерде дұрыс дыбыстау; фонетика теорияларын жалаң және аффрикат (күрделі) дыбыстарды талдауға қолдану; студенттердегі тілдік сезімді дамыту; ағылшын және араб тілдерінде сөйлеуге байланысты құбылыстар арқылы екпін мен сөйлеу әуезі бойынша студенттердің тілдік түйсігін дамыту.
- Әртүрлі грамматикалық формалардың айырмашылғын түсіну және көмекші құралдар мен грамматикалық формалардың қызметін білу; мәтіндерді түсіну және оларға талдау жасау, сондай-ақ иғрабтың мағынаға әсерін түсіну дағдыларына жаттығу жасау.
- Сыбайлас жемқорлық көріністері туралы білімі және оған қарсы мәдениетін қалыптастырады. Кәсіпкерлік қызметтің негіздерін анықтап, бизнес-идея мен бизнес-жоспар жасайды, бизнестің құқықтық және қаржылық аспектілерін бағдарлайды және кәсіпкерлік ойлауын көрсетеді. Сондай-ақ, жеке қаржыны басқарудың негізгі білімі бар, бюджетті жоспарлауды біледі, тәуекелдерді бағалайды, цифрлық қаржы құралдарын пайдаланады және негізделген қаржылық шешімдер қабылдайды. Негізгі құқықтық ұғымдар мен салаларды біледі, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін біледі, құқықтық нормаларды күнделікті және кәсіби тәжірибеде қолдануды біледі.
- Құран оқу ережелерин жетік меңгеру, накты сүрелерді жатқа білу. Аударма ісі бойынша теория және практиканы ұштастыра отырып, ауызша және жазбаша аударма біліктілігін қалыптастырады. Аударма салаларында әртүрлі мәтіндерді аудару кезінде грамматикалық және морфологиялық ережелерді қолдану.
- Қазақ және орыс тілдерінен араб тіліне және керісінше құқық саласындағы мамандандырылған аударма дағдыларын меңгеру; аударманың әртүрлі салаларындағы мәтіндерге грамматикалық және морфологиялық ережелерді қолдану. Лингвистикалық терминологияларды үйренеді, тілдік құбылыстарды анықтай алады. Өз бетімен тіл білімі саласында әдебиеттерді оқып, саралай алады.
- Оқып жатырған шетел тілі халықтарының тарихы мен өркениетін білу, алған білімін болашақта мамандықты игеруде, анализ жасауда қолдану.
- Қазақ және орыс тілдерінен араб және ағылшын тіліне және керісінше аударма дағдыларын меңгеру; жазбаша және ауызша кәсіби аударма дағдыларын білу. Кәсіби бағытталған мәтінді түсіндіруге, мамандық бойынша терминдерді пайдаланып, кәсіби қарым-қатынастағы проблеманы дайындалмаған пікірлерімен жеткізуге қабілетті қазақ (орыс) және ағылшын (араб) тілдерінде жазбаша және ауызша.
- Әлеуметтік ортада тұтас тұлғаны қалыптастыруға және жеке тұлғаның жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсете білу; қоғамдық қауіпсіздік әдістерін қолдана білу. Инклюзивті білім берудің принциптері мен мәнін ашып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің қажеттіліктерін талдайды. Білім беру ұйымындағы инклюзивті тәжірибенің тиімділігін бағалайды. Студент сонымен қатар экожүйелер мен тұрақты даму негіздерін сипаттап, экологиялық жауапты мінез-құлық қажеттілігін негіздейді. Білім беру және кәсіби қызметте тұрақты даму принциптерін қолданады. Жаһандық экологиялық проблемаларды және оларды шешу жолдарын талдайды.
- Ауызша және жазбаша аударма салаларында әртүрлі мәтіндерді аудару кезінде грамматикалық және морфологиялық ережелерді қолдану.
- Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін білу; жалпы ғылыми және арнайы зерттеу әдістерін қолдану; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін педагогикалық қызметке енгізу. Практикалық сөйлеу әрекетін қалыптастырады, сөздік түрлерімен танысады, әртүрлі саланың мәтіндік материалдарымен танысады және дискурстық талдау жүргізеді.
- Мамандандырылған құқық, экономика, саяси және дипломатия салаларындағы аударма дағдыларын меңгеру. Түрлі контекстегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасына талдау жасайды, жасырын немесе көп мағыналы мағыналарды анықтау үшін мәтіндерге семантикалық талдау жасайды. Білімді пәнаралық салаларда қолданады. Олар: жасанды интеллект, лингвомәдениеттану, әлеуметтік лингвистика.
- Араб және ағылшын тілдерінің дыбыстық жүйесін терең меңгеру, бұл оның дыбыстарын дұрыс айтуға көмектеседі; ағылшын және араб тілдеріндегі кейбір лексикалар, терминдер, стильдер мен тіркестерді игеру; ағылшын және араб тілдерінің негізгі тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын еркін меңгеру.
- Араб және ағылшын тілдерімен еркін жұмыс істеуге және оның интеллектуалды, көркем шығармалары мен жаңа да қырларын білуге мүмкіндік беретіндей деңгейде меңгеру; ағылшын және араб тілдерінде еркін сөйлесе алу; әдеби мәтіндерді аударуда тілдік дағдыны дұрыс және орнымен қолдану.
- Аударма ісі мамандығы саласында ауызша аударманың маңыздылығы арқылы ой-сананы дамыту; ауызша аударма техникаларында біршама ілгері деңгейге ие болу; ілеспелі аудармаға қатысты жаттығулар орындау және әртүрлі диалектілерге машықтану.
- Діндер дамуының ортақ заңдылықтарын айқындап, негіздей алу және дін саласындағы әртүрлі мәліметтерге талдау жасай алу. Діни мәтіндер мен Құран Кәрімді аудару дағдыларын дамыту.