7M04266 Құқық в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Құқықтық қызметтің түрлі салаларында практикалық міндеттерді шешуге қабілетті, заңнаманы кәсіби деңгейде қолдана алатын, құқық қолдану тәжірибесінде заманауи әдістер мен цифрлық технологияларды тиімді пайдалана білетін, жоғары құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігі бар білікті заңгер мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M078 Құқық
-
Білім беру саласы 7M04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 7M042 Құқық
Пәндер
-
Шет тілі (кәсіби)
Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері
Пән қылмыстық заңнамасын тәжірибеде қолдану барысында туындайтын маңызды және даулы мәселелерді кешенді зерттеуге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант қылмыстық заңнаманың тиімділігін арттыруға зерттеулер жүргізеді, қылмыстық істерді сараптау және теориялық білімін практикалық жағдайларда қолдану дағдыларын қалыптастырады. Зерттеулерде цифрлық технологиялар мен ақпараттық жүйелер мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Экономикалық қылмыстардың алдын алудың өзекті мәселелері
Пән экономикалық сипаттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың себептері мен салдарын талдау, тиімді құқықтық және ұйымдастырушылық тетіктерді әзірлеу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант экономикалық қылмыстардың негізгі түрлерін, қылмыстың алғышарттарын анықтауда цифрлық технологиялар мен ақпараттық жүйелер мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануды меңгереді. Экономикалық қылмыстардың алдын алуға бағытталған ұлттық және халықаралық тәжірибені салыстыра отырып зерттеп, ғылыми негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар дайындауға машықтанады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Құқық теориясының өзекті мәселелері
Пән құқық теориясының заманауи дамуында ғылыми-құқықтық көзқарастардың эволюциясын және құқық саласындағы өзекті мәселелерді терең талдауға бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант құқықтық мәселелерді сараптауға, құқықтық идеяларды сыни бағалауға, ғылыми-құқықтық ойлар негізінде талдауға қажетті білім мен дағдыларды игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері
Пән азаматтық заңнамасын тәжірибеде қолдану барысында туындайтын негізгі мәселелерді терең әрі жан-жақты зерттеуге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант азаматтық-құқықтық нормаларды қолдану тәжірибесіндегі проблемалық жағдайларды анықтап, азаматтық істерді шешу кезіндегі құқық қолдану ерекшеліктерін бағалап, заңнаманы жетілдіруге қатысты ғылыми ұсыныстар әзірлеуді меңгереді. Кәсіби қызметке қажетті ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шарттық құқық және келіссөздер теориясы
Пән шарт жасасудың теориялық және практикалық аспектілерін, тараптар арасындағы келіссөз жүргізу стратегиялары мен тактикаларын, құқықтық реттеу ерекшеліктерін зерттейді. Пәнді игеру барысында магистрант тиімді келісімдер жасауға және шарттық дауларды болдырмауға қажетті білім мен дағдыларды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Менеджмент.
Менеджмент курсы басқарудың мазмұнын, басқару туралы білімдер кешенін, әртүрлі басқару қызметін жүзеге асыру, басқару жүйелерін талдау мен жобалауға байланысты негізгі басқару дағдыларын меңгертуге бағытталған. Бұл пән менеджмент саласындағы басқа пәндерді жақсы түсіну үшін қолдануға болатын басқару қызметі туралы теориялық және тұжырымдамалық идеялардың жалпы жүйесін құрайды. Осы курсты меңгеру арқылы білімгерлер белгісіз және өзгермелі сыртқы ортада тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін басқару дағдыларына ие болады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Зерттеулердің қолданбалы әдістері
Пән магистранттарға ғылыми зерттеудің әдістемелік негіздерін меңгертуді, эмпирикалық және қолданбалы зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Курста зерттеу жоспарын әзірлеу, гипотеза құру, әдістерді негіздеу, деректерді талдау және интерпретациялау қарастырылады. Сонымен қатар, ғылыми ақпаратты өңдеу және талдау үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану жолдары меңгеріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық ғылыми жазба
Пән академиялық жазылым талаптарын меңгеру, ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау негізінде ғылыми мақалалар дайындау тәсілдерін игеруге бағытталады. Мәтін құрастыру әдістері, академиялық жазбалардың түрлері, халықаралық ғылыми дерекқорларды пайдалану жолдары және ғылыми журналдардың құрылымдық әрі мазмұндық талаптарына сай мақала рәсімдеу дағдылары қалыптастырылады. Мақаланы журналдардың онлайн жүйелері арқылы ұсыну тәртібі үйретіледі. Ғылыми деректерді талдау мен библиографиялық ақпаратты өңдеу үдерісінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әкімшілік құқық пен әкімшілік процестің даму мәселелері
Пән әкімшілік құқық пен әкімшілік іс жүргізудің қазіргі даму үрдістерін, құқықтық реттеу мәселелерін, басқару қатынастарындағы заңдылықты қамтамасыз ету тетіктерін зерттейді. Пәнді игеру барысында магистрант әкімшілік-құқықтық талдау мен тәжірибелік шешімдер әзірлеу дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Құқықтық кеңес беру: теориясы, әдіснама және тәжірибе
Пән азаматтар мен ұйымдарға құқықтық көмек көрсету процесінің теориялық негіздерін, әдістерін және практикалық әдістемелерін қамтиды. Пәнді игеру барысында магистрант: кәсіби құқықтық кеңес беруді ұйымдастыру, құқықтық мәселелерді сараптау және шешу қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
- Азаматтар мен мекемелерге құқықтық көмек көрсету процесінде құқық теориясы мен құқықтық жүйе дамуының негізгі бағыттарын жүйелі түрде түсіндіреді
- Құқық салаларындағы заңнамалық актілерді ғылыми негізде талдап, нәтижелерін құқықтық құбылыстарды бағалауда тиімді қолданады
- Құқық қорғау және сот органдарында, адвокатура мен мемлекеттік мекемелерде кәсіби қызметке қажетті ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдыларды жүзеге асырады
- Құқықтық салада заманауи цифрлық технологиялар мен ақпараттық жүйелерді және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланады
- Қылмыстық заңнаманың тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеулер жүргізіп, нормативтік-құқықтық реформаларға үлес қосады