Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M07501 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) в Мұртаза ат. ХТУ

Пәндер

  • Басқару психологиясы

    Пәннің мақсаты – магистранттарда басқару психологиясы саласындағы терең білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, бұл оларға іскерлік қатынастарда психологиялық принциптерді тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Пән басқару функцияларын жүзеге асыру психологиясы, басқарушылық қызмет субъектісінің психологиясы, сондай-ақ іскерлік қарым-қатынас, келіссөздер жүргізу, конфликтілерді шешу және имидж бен репутацияны қалыптастыру процестерінде психологиялық тәсілдерді қолдану дағдыларын меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) дамуының заманауи аспектілері

    Осы пәнді зерделеу барысында стандарттау мен сертификаттауды дамытудың негізгі бағыттары мен қағидаттарын талдауға оқыту көзделеді, магистрант кешенді ғылыми зерттеулерді өз бетінше жоспарлайды, жаңа және бейтаныс контекстердегі стандарттау және сертификаттау мәселелерін алу, зерттеу, талдау әдістерімен шешу, кәсіпорындарда нормативтік құжаттардың жаңа жүйесін құру үшін стандарттаудың қазіргі заманғы технологияларын қолдану жұмыстарын дербес жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Жоғары мектеп педагогикасы- бұл жоғары бiлiм беру жүйесiнде педагогиканың әдiснамалық және теориялық-тұжырымдамалық негiздерiн зерделеуге бағытталған пән. Ол оқыту әдістемесі мен әдістерін, сондай-ақ оқыту технологияларын қамтиды. Оқу процесінде негізгі назар жоғары мектептің білім беру процесінде дидактикалық дағдыларды дамытуға, жобалау технологияларын, оқу қызметін ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын жетілдіруге, сондай-ақ жоғары білім беруде қолданылатын инновациялық тәсілдер мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) игеруге аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Проблемалық оқыту әдісі

    Бұл пән проблемалық оқыту негізінде сабақты оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеуге, ресімдеуге және зерттеу нәтижелерін талдауға бағытталған, ғылыми таным нəтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нəтижелерге жету жолының өзін де, үдерісінде меңгеру, магистранттың таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуды түсіндіреді және түсініктеме береді, проблемалық оқыту мамандық бойынша қорытынды жасауға, өзгеше пікір айта білуге үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби бағдарлы оқытудағы жаңа тәсілдер

    Осы пәнді оқу барысында магистрант жоғары мектепте білім беру кеңістігінің жүйелік сапасы ретінде оқыту технологиясының мәнін талдайды, цифрландырудың әртүрлі әдіснамалық және аксиологиялық негіздерін, білім берудің ашықтығы мен сапасын ескере отырып, педагогикалық технологияларды қолданудың инновациялық аспектілерін зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пәннің мақсаты-магистранттардың лингвистикалық, дискурсивті және әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастыруға, оқытылатын тіл елдерінің мәдениетіне тартуға бағытталған. Нәтижесінде шет тілінде кәсіби сөйлеу және кәсіби қызметке арналған мәтіндерді аудару дағдылары алынады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән арнайы философиялық талдаудың пәні ретінде ғылымның тарихы мен теориясы, ғылымның даму заңдылықтары және ғылыми білімнің құрылымы, мамандық және әлеуметтік институт ретінде ғылым феноменінің мәселелерін қарастырады. Ғылыми зерттеулер жүргізу әдістері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы білімді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жасанды интеллектті қолданатын ғылыми зерттеулердің әдістемесі және әдістері

    Пәннің мақсаты магистранттарды ғылыми міндеттерді шешу үшін заманауи ЖИ технологияларын қолдануға дайындау, зерттеу әдістерін таңдауда сыни ойлау және талдау дағдыларын қалыптастыру, ЖИ қолдану контекстінде ғылыми қызметке этикалық көзқарасты қалыптастыруға ықпал ету. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар ғылыми зерттеу жүргізу үшін жүйелі логикалық ойлауды меңгереді және ғылыми зерттеуді ұйымдастыру әдістерін зерделейді, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеу жоспарын құру, гипотезалар құру, экспериментті әзірлеуге және жүргізуге байланысты мәселелерді, соның ішінде зерттеуді жобалаудың эксперименттік әдістерін, сауалнамаларды, ашық сұхбаттар мен бақылауларды талдау дағдыларын меңгереді және ғылыми зерттеулердің негізгі түрлерін анықтауды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ұйымдардың өзін-өзі бағалауы және сапа аудиті

    Бұл пәнде ұйымда СМЖ құрудың кешенді тәсілін, оны құру және жұмыс істеу принциптерін, сондай-ақ Ұйымның өзін-өзі бағалау әдістері туралы білімді жетілдіру қарастырылған, магистрант кәсіпорындардағы сапа менеджменті жүйесіне аудит жүргізу және өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін, кәсіпорындағы өндіріліп жатқан өнімдер мен процестердің сапа жүйесі бірінші орынға шығуын, олардың ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуін, отандық кәсіпорындарда ISO стандартына сәйкес сапа аудитін жүргізу ерекшеліктерін анықтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Техникалық нысандарды жүйелік талдау және диагностика жасау

    Бұл пәнде магистрант техникалық объектілердің өмірлік циклін талдау және диагностикалау мәселелерін өзектендіруді зерттейді, объектінің техникалық жағдайын анықтау кезіңде қолданылатын әдістері мен құралдарын шебер қолданады, техникалық диагностиканың негізгі қауіпсіздік, функционалдық, сенімділік және жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді, объектінің техникалық жағдайын бағалайды, объектінің қалдық ресурстарын болжайды, нысанның техникалық жағдайын бақылайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ұйымның сапа саласындағы критерийлерге сәйкестігін өзін -өзі бағалау

    Бұл пәнде сапаны басқарудағы ұйымның өзін-өзі бағалауының рөлін зерттеуге, оларды одан әрі енгізу және жетілдіру арқылы сапа менеджменті жүйесін талдау қарастырылған, осыған орай магистрант қызметкерлерді ынталандыру әдістерін және процесін анықтау, сапа саласындағы мақсаттарға қол жеткізу, тұрақты жақсартуларды жүзеге асыру, ұйымдастырушылық шеберлік деңгейінде өзін-өзі бағалау критерийлеріндегі қызметті жақсарту жұмыстарын жүргізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өлшеу мен бақылаудың қазіргі заманғы әдістері мен құралдары

    Бұл пән магистранттарды өлшеу және бақылау әдістері мен құралдарын меңгеруге, өлшеу әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, қызмет объектілерінің жай-күйі мен динамикасын талдау қабілетін қалыптастырады, магистрант өлшейтін объектілерге талдау жасай отырып, өлшеудің нәтижелерін заманға сай нақты игеріп, математикалық әдістерді пайдаланып, өңдеу жұмыстарымен тиімді жұмыс жасайды, магистрант кең ауқымды шамаларды өлшейтін құралдармен жұмыс жасап зерттеулер жүргізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми қызметті ұйымдастыру және үйлестіру

    Бұл пәнде ғылыми танымның негізгі әдістері мен ғылыми зерттеу қызметінің кезеңдері туралы түсінік береді, магистрант ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындалады, ақпарат көздерін өңдеудің нақты әдістерін енгізеді, зерттеу қызметінде әдістерді практикалық қолдану мүмкіндігін, соның ішінде магистрлік диссертациялар жазу үшін қамтамасыз етеді, ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын дамытады, магистранттар ғылыми білім алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы комплаенс қызметтердің қолдануы

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада қолданудың негіздері мен практикалық аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу шараларын, бақылау мен есептілік тетіктерін, комплаенс қызметтерінің этикалық стандарттары мен рәсімдерін, сондай-ақ ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды іске асыруға байланысты этикалық және құқықтық аспектілерді зерделеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Технологиялық процестерді модельдеу және тиімділеу

    Осы пәнді зерделеу барысында өндірістік процестерді модельдеу, оңтайландыру және басқару мүмкіндіктерімен жұмыс істеуге оқыту көзделеді, осыған орай магистрант өнімді өндіру процесіндегі өндіріс технологиясын модельдеуді, өнімді өндіру өндірісіндегі математикалық модельдеуді, технологиялық процестерді модельдеу және оңтайландыруды, құрал-жабдықтар мен дайындаманың өзара әрекеттесуін модельдеуді, өңдеу кезіндегі динамикалық процестерді модельдеуді дербес жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Инжинирингтің заманауи әдістері

    Осы пәнді зерделеу барысында инжиниринг әдістерін дамытудың әлемдік және отандық тәжірибесін талдау қаралады, кешенді инжинирингке жеке міндеттерді оңтайлы шешу үшін ақпарат жинақталады, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін пайдалану қойылған мақсаттарға сәйкес техникалық жүйелердің (объектілердің) технологиялық, ұйымдастырушылық және қаржы-экономикалық модельдерін әзірлеу, өзгерту (жақсарту мақсатында) және іске асыруды бақылау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Техникалық реттеудің өзекті мәселелері

    Бұл пәнде техникалық реттеудің жалпы қағидаттарын, өнім сапасы мен процестерді басқару үшін қажетті техникалық реттеу саласындағы міндеттерді шешуге дайындық мәселелерін зерделеу қарастырылған, магистрант техниканы реттеу саласындағы құқықтық қатынастардың барлық қатысушыларының мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау қажеттілігіне қатысты негізгі мәселелерін, техникалық реттеу туралы Заңның Қазақстандық шағын және орта бизнестің және тұтынушылардың жағдайын көтеріп түсіндіре алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Патенттік зерттеулер жүргізу

    Бұл пәнде магистрант патенттік зерттеулер жүргізуге, кез келген компанияға жаңа өнімдер мен технологияларды әзірлеуге, коммерциялық ілгерілетуге, әзірлемелердің қайталануын болдырмау есебінен жаңа өнімді құруға арналған шығындарды қысқартуға, техника деңгейіне іздеу жүргізу барысында анықталған шешімдерді талдау арқылы алдыңғы әзірлемелерді есепке алу ең озық техникалық шешімдер туралы ақпаратты қабылдауға дағдысы бар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бақылау және басқару процестерін автоматтандыру

    Бұл пәнде IT көмегімен көп деңгейлі тармақталған автоматтандыру жүйелерін бағдарламалау және баптау бойынша жұмыстарды зерттеуді үйрету қарастырылған, осыған орай магистрант дамудың қазіргі деңгейінде процестерді автоматтандыру, ақпараттық технологияларды қолдану негізінде процестерді басқарудың тәсілдерін, автоматтандыруда процестің орындалу сапасын, әдістерін арттыру жолын, процестерді автоматтандырудың негізгі принциптерін кәсіби түрде қолдана алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Еуразиялық интеграция жағдайындағы техникалық реттеу

    Бұл пәнде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінің айналымындағы өнімнің қауіпсіздігін техникалық регламенттерді қолдану арқылы қамтамасыз ету жолдарын үйрету қарастырылған, осыған орай магистрант Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіндегі құжаттармен жұмыс істеу үшін, Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және жою жұмыстарын талқылау үшін деректер базасын пайдаланып өз білімін жетілдіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Авторлық және патенттік құқық негіздері

    Бұл пән нормативтік құқықтық актілер шеңберінде Авторлық және патенттік құқықтық негіздерін талдау мәселелерін зерттейді, магистрант әртүрлі мемлекеттердің патенттік ведомствоваларын, патенттік кітапханасын, ғылыми техникалық шешімдер туралы ақпараттың ең толық және жүйеленген жиынтығын, техникалық сипаттағы мәліметтермен қатар, патенттік құжаттама патент иеленушінің құқықтарын, шетелдік патенттеу бағыттары мен көлемін, құқықтардың әрекет ету мерзімін жобалайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өндіріс процестерін автоматтандыру мен механикаландыру

    Пәнде технологиялық процестерді механикаландыру мен автоматтандырудың негізгі бағыттарын, жолдарын, қоймалау мен тасымалдаудың, жүктеудің, бақылаудың қосалқы операцияларын, кешенді механикаландыру мен автоматтандырудың ерекшеліктерін оқып үйрету қарастырылған, осыған орай магистрант өндірісті механикаландыру мен автоматтандыруды, өндірісті автоматтандыру деңгейлері мен сатыларын, механикаландыру мен автоматтандырудың экономикалық және әлеуметтік маңызын жобалай алады, кәсіпорынды механикаландыру және автоматтандыру деңгейін есептейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетелдердің аккредиттеу жүйесі

    Осы пәнді зерделеу кезінде өнімдер мен қызметтердің сапасын бақылау бойынша шетелдік аккредиттеу жүйесі зерттеледі, халықаралық ұйымдардың құжаттары зерттеледі: ILAC (зертханаларды аккредиттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастық), IAF (халықаралық аккредиттеу форумы), APAC (Азия-Тынық мұхиты аккредиттеу ынтымақтастығы), Ihaf (халалды аккредиттеу жөніндегі халықаралық форум) ақпарат алмасу және озық Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесіне тәжірибесі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі заманғы аккредиттеу жүйесінің моделі

    Осы пәнді зерделеу барысында аккредиттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы мәселелер, аккредиттеу жүйесінің қазіргі заманғы модельдері қаралды, аккредиттеуге үміткерлердің белгіленген өлшемдерге, көрсеткіштерге, талаптар мен стандарттарға сәйкестігі талданады. Бұл пән аккредиттеу жөніндегі құжаттармен жұмыс процесін және салалар бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет және көрсетілетін қызметтер субъектілерін аккредиттеуді ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын қарайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Философияның қазіргі ғылыми жетістіктері мен даму тенденцияларын талдау және бағалау әдістерінде құзыретті. Академиялық және кәсіби өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін коммуникативтік технологияларды, оның ішінде шет тілінде меңгерген, ғылыми және ресми-іскерлік сөйлеу мәнерлерінің жазбаша мәтіндерін жасайды.
  • Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістерін меңгеруді және білім алушыларды әлеуметтендіруді қамтитын білім беру және басқару процестерінің тиімділігін талдайды және бағалайды. Білім мен ғылымның интеграциясын ескере отырып, оқу және оқу-тәрбие процесіне инновацияларды экстраполиттейді.
  • Әдістемелік құзыреттілікті дамытады және ғылыми зерттеулердің әдіснамасын, білім, ғылым мен инновацияның интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді. Қазіргі заманғы және инновациялық және цифрлық (оның ішінде ЖИ) оқыту технологияларын қолданады.
  • Стандарттау мен сертификаттауды дамытудың негізгі бағыттары мен принциптерін талдауға, техникалық объектілердің өмірлік циклін талдау мен диагностикалау мәселелерін өзектендіруге, аккредиттеудің заманауи модельдерін жинақтауға және қолдануға қабілетті.
  • Сапаны басқарудағы Ұйымның өзін-өзі бағалау механизмін зерттеуге, оларды одан әрі жетілдірумен және енгізумен сапа менеджменті жүйесін жасауға, жаңа ортадағы мәселелерді шешу үшін техникалық реттеу процедураларын талдауға және қорытындылауға қабілетті.
  • Бағдарламалау мәселелерін бақылау және басқару процестерін зерттеуге және көп деңгейлі кең автоматтандыру жүйелерін орнатуға, кәсіпорынның тиімділігін арттыру үшін инженерлік-кеңес беру қызметтерін жүргізуге қабілетті.
Top