Жаңа білім беру бағдарламасы

6B10188 Медицина в Ясауи ат. ХҚТУ

Пәндер

  • Молекуладан жасушаға

    Модуль генетикалық кодтың қасиеттерін түсіндіре отырып, ген экспрессиясын басқаруда рөл атқаратын молекулалар мен олардың қасиеттерін, электр және магнит өрістері үшін тіндердің өткізгіштігін түсіндіреді. Курс барысында биомедициналық, клиникалық және эпидемиологиялық ғылымдардағы білімді көрсету арқылы жасушадағы молекулалардың негізгі құрылымдарын, олардың дамуын, қалыпты механизмдерін анықтауда дамыған және жаңартылған білімді меңгереді. Оқу процесінде коммуникативтік дағдылар мен этикалық принциптерді және заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Медицинаға кіріспе

    Модуль органикалық химияны, тірі организмдердің жасушалық айырмашылықтарын, молекулалық эволюцияны, биологиялық мембраналарды, жасуша органеллаларын, метаболизм жолдарына қатысатын биомолекулалардың құрылымы мен қызметін және денсаулық сақтау саласындағы негізгі генетикалық тұжырымдамаларды зерттейді. Курс барысында білім алушы молекулалар, жасушалар, органдар мен жүйелер деңгейінде адамның негізгі дамуын игереді. Оқу процесінде командалық жұмыста коммуникативті дағдыларды, заманауи ақпараттық технологияларды, этикалық принциптерді қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түрік тілі (А2)

    Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тін биологиясы

    Модуль эпителий, шеміршек, сүйек тіндерінің жабындық және бездік түрлерін, олар қандай ұрық қабатынан дамығанын, мембрана мен жасушаның электрлік қасиеттерін, мүшелер мен жүйелердің дамуын, қалыпты механизмдерді түсіндіріп, шеміршектің, байлам аппаратының және бұлшықеттердің құрылымын, түрлері мен қызметін зерттейді. Этикалық принциптерді қолдана отырып, өзінің медициналық тәжірибесінде зертханалық құралдарды қолдануды меңгереді. Оқу процесінде кәсіби қызметі үшін қажетті ақпаратты үнемі жетілдіріп отырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Жасуша биологиясы

    Модуль жасушаны адам организмі құрылысының және тіршілігінің негізі ретінде зерттеп, тіршіліктің барлық қасиеттерін: тұқымқуалаушылығы мен өзгергіштігі, заталмасуы, қозғалысы және тітіркендігіштігі және т.б. белгілерін қамтамасыз ететін жасуша құрамдастары оқытып, жасушалардың мамандануын қамтамасыз ететін және олардың тіндерге бірігуіне (интеграциясына) қатысатын жасуша құрылымдарын қарастырылады. Курс барысында денсаулық сақтау саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, оқу процесінде топпен жұмыс істеуде этикалық принциптерді қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Тін және тірек-қимыл жүйесі

    Модуль жүйке-бұлшықет өткізгіштігін, бұлшықеттің жиырылу механизмін, сезім мүшелері мен сенсорлық рецепторлардың жұмысын, рецепторлардағы электрлік сигналдарды анықтау қабілетін және басқа химиялық құбылыстарды анықтайтын жұлын нервтерінің қызметін түсіндіреді. Курс барысында білім алушы үнемі дамып, жаңарып отыратын биомедициналық, клиникалық, эпидемиологиялық білімдерді, дағдылар мен құндылықтарды байланыстырады. Оқу процесінде коммуникативтік дағдылар мен заманауи ақпараттық технологияларды қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Тыныс алу және қан айналу жүйесі (қалыпты)

    Модуль тыныс алу және қан айналым жүйелерінің (қан, лимфа) негізгі құрылымдарын үйретеді, анатомиялық, гистологиялық деңгейде дамуын, қалыпты физиологиясын және ауытқуларын түсіндіреді. Үздіксіз кәсіби өсуді қолдау мақсатында курс барысында білім алушы тұрақты даму және пациенттердің пікірі мен қоғамның мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, медициналық көмектің сапасын арттыру дағдыларын меңгереді. Оқу процесінде командамен жұмыс жасай отырып, этикалық принциптерді қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 9
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Медициналық этика және коммуникативті дағдылар

    Пән пациенттер мен олардың туыстарының қажеттіліктерін, құндылықтары мен қалауларын ескере отырып, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді ақпарат алмасуға және ынтымақтастыққа әкелетін тұлғааралық дағдыларды оқытады. Курс барысында кәсіби қызмет пен этикалық принциптерді қолдана отырып, өзінің медициналық тәжірибесінде дәрігердің әріптестерімен, науқаспен және науқастың туысқандарымен қарым – қатынасты дұрыс орнатуды үйренеді. Оқу процесінде коммуникативті дағдыларды, этикалық аспектілерді, адалдықты қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жүйке жүйесі (қалыпты)

    Модуль – орталық жүйке жүйесінің эмбриональдық, анатомиялық, гистологиялық құрылымдардың дамуын, даму аномалиялары мен ақауларын, орталық жүйке жүйесінің қалыпты физиологиясын түсіндіреді. Курс барысында білім алушы денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жетістіктерді үздіксіз іздеу және пайдалану негізінде кәсіби өсуді қолдау мақсатында медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді. Оқу процесінде адалдық танытады және кәсіби, деонтологиялық және этикалық принциптерді қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Асқорыту жүйесі және метаболизм

    Анатомия, гистология, физиология және биохимия туралы білімге және клиника саласындағы, эпидемиологиялық соңғы мәліметтерге негізделген бұл модуль асқазан-ішек ауруларының, бауырдың ақауларының себептерін, даму механизмдерін, биохимиялық механизмдерін түсіндіреді. Курс барысында білім алушы өзін-өзі бағалау және өмір бойы оқыту негізінде денсаулық сақтау саласындағы ғылымның заманауи жетістіктерін пайдаланады және медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Эндокриндік және несеп-жыныс жүйесі (қалыпты)

    Модуль эндокриндік бездердің, репродуктивті және зәр шығару жүйелерінің анатомиялық, гистологиялық құрылымын үйретеді және оларда болып жатқан физиологиялық және процестерді түсіндіреді. Курс барысында білім алушы гормондардың биохимиялық қасиеттерінің жалпы әсер ету механизмдері туралы білімді меңгереді, өз бойында дағдылар мен құндылықтарды дамытады. Осы дағдыларды өз тәжірибесінен басшылыққа ала отырып оқу процесінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ататүрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, білімгерлердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Жасуша мен тіндердің зақымдануы және фармакология негіздері

    Модуль ағзалар мен жүйелер деңгейінде үнемі дамып, жаңарып отыратын білімді, жасушалар мен тіндердің зақымдануының сатылары мен патогенетикалық механизмдерін, қабыну түрлерін, қан айналым жүйесінің бұзылуын үйретеді. Курс барысында ғылыми жетістіктерді қолдана отырып, өзін-өзі бағалау және өмір бойы оқыту негізінде ағзаның қабыну түрлерінің даму формалары мен морфологиялық ерекшеліктерін меңгереді. Оқу процесінде топтық жұмыста этикалық принциптерді қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Дәлелді медицина және биостатистика

    Пән дәлелді медицинаның теориялық негіздері мен биостатистикалық әдістерін меңгеруге бағытталған. Білім алушылар ғылыми зерттеуді жоспарлау, деректер жинау және талдау, гипотеза құру, нәтижелерді интерпретациялау және клиникалық шешімдер қабылдау үшін дәлелді ақпаратты қолдануды үйренеді. Сонымен қатар, академиялық жазу талаптары, ғылыми этика және адалдық принциптері оқытылады. Пән білім алушылардың зерттеушілік әлеуетін дамытып, медицинадағы ғылыми негізделген тәжірибені қолдану дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жалпы эпидемиология айғақты медицина негіздерімен

    Пән эпидемиологиялық процестің таралуын талдауда қолданылатын әр түрлі зерттеу әдістерін мен дизайнын оқытады. Курс барысында аурулардың эпидемиологиялық таралуын, ауруларды диагностикалауға, емдеуге және алдын алуға бағытталған шаралардың тиімділгін бағалауда зертеу әдістері мен зерттеу дизайнын дұрыс таңдауды үйренеді. Оқу процесінде емдеу нәтижелерін зерттеп, бағалап, сондай-ақ ғылыми дәлелдерге негізделген заманауи зерттеу әдістерін қоладанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Денсаулық сақтау жүйесіндегі отбасылық және әлеуметтік қауіпсіздік

    Пән отбасылық және әлеуметтік қауіпсіздік ұғымдарының денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлін, маңызын және өзара байланысын зерттеуге бағытталған. Білім алушылар әлеуметтік детерминанттар, әлеуметтік қорғау жүйесі, отбасылық қауіпсіздік, осал топтар мен олардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы ұлттық заңнама мен саясатты талдауды үйренеді. Пән қоғамдық денсаулық сақтау саласында әлеуметтік әділеттілік пен қауіпсіз ортаны қалыптастыруда кәсіби жауапкершілік пен этикалық қағидаларды қолдануды меңгеруге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Эпидемиология

    Пән жұқпалы аурулардың пайда болуын, таралуын және олардың алдын алу шараларын ұйымдастыруды оқытады. Курс барысында медициналық білімді, дағдылар мен құндылықтарды біріктіре отырып, аурулардың алдын алуға, сондай-ақ халық арасында профилактикалық шараларды дұрыс түсіндіруді үйренеді. Оқу процесінде ғылыми дәлелдерге негізделген алдын алу шараларын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында негізгі принциптерді қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тыныс алу және қан айналу жүйесі (патология)

    Модуль адамның негізгі құрылымдарын, дамуы мен қалыпты механизмдерін, ағзалар мен жүйелер деңгейінде қоғамдағы тыныс алу және қан айналымы ауруларын зерттейді. Курс барысында денсаулық сақтау саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша үнемі дамып келе жатқан және жаңартылған білімді меңгереді. Оқу процесінде үздіксіз жеке және кәсіби дамуда медициналық білімді, дағдылар мен құндылықтарды пайдаланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 9
  • Неоплазия және гемопоэтиклық жүйе

    Модуль пациенттердегі анемияның себептерін, сүйек кемігінің жеткіліксіздігі туралы түсініктерді, клиникалық және зертханалық мәліметтерімен диагностиканың негіздерін үйретеді. Курс барысында биомедициналық, клиникалық, эпидемиологиялық білім беру саласындағы заманауи медициналық дағдылар мен құндылықтарды үйлестіре отырып, аурулардың диагностикасын және алдын алуды меңгереді. Оқу процесінде медициналық көмектің сапасын үнемі жақсарту мақсатында денсаулық сақтау саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерді пайдаланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Қоғамдық денсаулық сақтау /жұқпалы аурулардың жүйелік механизмі

    Модуль алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің маңыздылығын және олардың денсаулық сақтаудағы орнын, кәсіби және ғылыми білімдерін, Денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы заңнамалық тұжырымдамасын, денсаулықты нығайту үшін қолданылатын әдістерді түсіндіреді. Курс барысында медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Денсаулық сақтау жүйесінің басқа компоненттерімен өзара байланысты игереді. Оқу процесінде үздіксіз жеке және кәсіби өсуді қолдау үшін денсаулық сақтау саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерді пайдаланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Гигиена және санитария

    Пән санитарлық - гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы шараларды белгілеп, оны жүзеге асыруды оқытады. Курс барысында жаңартылатын білімді анықтап, ғылыми тұрғыдан негізделген гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелерді үйренеді. Оқу процесінде қала мен елді мекендердің тазалығын зерттеп, нақты гигиеналық шараларды белгілейді, жұқпалы ауруларға қарсы күрес жүргізуде білімді, дағдылар мен құндылықтарды біріктіре отырып, қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жүйке және тірек қимыл жүйесі

    Модуль жүйке және тірек-қимыл жүйесінің анатомиялық, физиологиялық, биохимиялық және патологиялық негіздерін зерттейді. Білім алушылар жүйке және тірек-қимыл жүйесі ауруларының даму механизмдерін, клиникалық көріністерін, диагностикасын және емін меңгереді. Пән биомедициналық және клиникалық білімді ұштастыра отырып, ауруларды дәл диагностикалау, тиімді емдеу және алдын алу жолдарын үйретеді. Оқыту үдерісінде дәлелді медицина қағидаттары қолданылады. Білім алушылар алған білімдерін нақты клиникалық жағдайларда қолдана отырып, пациентке бағытталған тиімді күтім жүргізуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 10
  • Эндокриндік және несеп-жыныс жүйесі (патология)

    Модуль заманауи және жаңарып отыратын білімді қолданып, эндокриндік, репродуктивті, жыныстық және зәр шығару жүйесіндегі аурулардың пайда болу механизмдерін, патологияларын, биохимиясын және емдеуде қолданылатын клиникалық ерекшеліктерін, клиникалық физиологиясымен байланыстырып негізгі ұғымдарды үйретеді. Курс барысында медициналық білімдерін, дағдылар мен құндылықтарын үйлестіре отырып, аурулардың диагностикасын және алдын алуды меңгереді. Оқу процесінде үздіксіз кәсіби білім алуда заманауи ғылыми жетістіктерді пайдаланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Жалпы гигиена

    Пән денсаулықты сақтау және нығайту, аурудың алдын алу, тірішілік ортасы мен өндірістік ортаны қорғауды және сауықтыруды оқытады. Курс барысында үнемі дамыған және жаңартылатын білімді, ғылыми тұрғыдан негізделген гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелерді, алдын алу жөніндегі шараларды дайындауды және оларды іс жүзінде іске асыруды үйренеді. Оқу процесінде білімді, дағдылар мен құндылықтарды біріктіре отырып, қоршаған ортаны қорғауда тиісті және тиімді гигиеналық шараларды қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Асқорыту жүйесі (патология)

    Модуль адам ағзасының негізгі құрылымдарын, соның ішінде асқазан-ішек жолдары мен бауырдың барлық ауруларының пайда болу механизмдерін, патологияларды, зертханалық интерпретацияны, тамақтанудың негізгі ұғымдарын, қоғамдағы тамақтанудың маңыздылығын дамытуға үйретеді. Курс барысында ағзалар мен жүйелер деңгейінде жалпы білімді, дағдылар мен құндылықтарды біріктіру арқылы ауруларды диагностикалауды және алдын алуды меңгереді. Оқу процесінде топтық жұмыста денсаулық сақтау саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерді пайдаланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Клиникалық фармакология

    Білімгер интернет-ресурстардан ақпараттан іздену арқылы дәрілік заттарды ұтымды пайдаланудың молекулалық деңгейге дейін әсерін зерттейді. Бұл курс заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы диагноз қоюға және жоғары білікті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін клиникалық ойлауды оқытады,сондай-ақ, курс барысында клиникалық хаттамаларға сәйкес, дәрі-дәрмектерді дұрыс және ұтымды таңдауға үйретеді.Курс нәтижесінде аурулардың алдын алу және сауатты емдеуді меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Балалар аурулары

    Пән балалар ауруларының даму механизмін, диагностикасын, емдеу тәсілдерін және алдын алуын оқытады. Курс барысында білімгерлер медициналық білімді, дағдылар мен құндылықтарды біріктіре отырып, балалар ауруларын диагностикалауды, емдеуді және алдын алуды, сондай-ақ пациентке бағытталған тиісті және тиімді күтіммен сауатты емдеуді үйренеді. Оқу процесінде кәсіби қызмет пен этикалық принциптерді қолдана отырып, өзінің медициналық тәжірибесінде, білім беру және ғылыми зерттеулер процесінде адалдықты көрсетеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 10
  • Жалпы хирургия

    Пән адам денесінің барлық ағзаларының бөліктерінің сырқаттары мен жаралар, қан кетулер, қан құю, жарақаттар, іріңді хирургиялық инфекцияны және оперативті емдеу әдістерін зерттеп, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқытады. Курс барысында науқастарға клиникалық тексеру, диагностикалық тәсілдер және емдеу жүргізуді, сонымен қатар аурулардың алдын алу шараларын түсіндіреді. Оқу процесінде кәсіптік хирургиялық қызметіне қажетті практикалық дағдыларды үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Пульмонология және фтизиатрия

    Пән кеуде аурулары туралы биомедициналық, клиникалық, эпидемиологиялық ғылымдарды қоса алғанда, кеуде аурулары деңгейінде адамның негізгі құрылымдарын, дамуын және қалыпты механизмдерін зерттейді. Курс барысында білім алушы дағдылар мен құндылықтарды біріктіру арқылы өкпе ауруларын диагностикалауды, емдеуді және алдын алуды меңгереді. Оқу процесінде білім алушы өзінің медициналық тәжірибесінде, білім беру және ғылыми зерттеулер процесінде кәсіби қызмет пен этикалық принциптерді қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ішкі аурулар

    Пән ішкі ағзалардың ауруларын сипаттайды, ауруларды анықтайды және оларды емдеу әдістерін зерттейді. Курс барысында білім алушы алған білімдерін, аурудың алғашқы белгілерін анықтауға, уақтылы көмек көрсетуге, этикалық қағидаттар мен адалдықты сақтай отырып диагностикалауға, емдеуге және алдын алуға бағытталған шараларды меңгереді. Оқу процесінде білім алушы медициналық білімді, дағдылар мен құндылықтарды үйлестіре отырып, науқастармен жұмыс жасауда заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Гастроэнтерология

    Пән гастроэнтерологиялық жүйенің құрылымдық-функционалдық ерекшеліктерін, асқорыту жүйесі ауруларының патогенезін, клиникасын, диагностикасы мен емін оқытады. Білім алушылар биомедициналық және клиникалық білімді интеграциялау арқылы ішек-қарын жүйесінің кең таралған және сирек кездесетін ауруларын анықтауды, дәлелді медицина негізінде ем жүргізуді үйренеді. Алған білім мен дағдыларын клиникалық тәжірибеде қолдана отырып, пациентке бағытталған тиімді әрі сапалы күтімді қамтамасыз ету қабілетін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Гинекология

    Пән әйелдердің анатомиялық-физиологиялық, психикалық ерекшеліктерін, әйел жыныс мүшелері мен репродуктивті жүйесіне тән ауруларды зерттейді. Курс барысында білім алушы медициналық білім мен дағдыларды үйлестіре отырып, әйел жыныс мүшелерінің ауруларын диагностикалауға, емдеуге және алдын алуға бағытталған сауатты күтімді меңгереді. Оқыту процесінде білім алушы симуляциялық орталықта және клиниканың бөлімшелерінде кәсіби дағдыларды меңгеру кезінде этикалық қағидаттарды қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Кәсіби менеджер модулі (Шет тілі (кәсіби), Менеджмент, Басқару психологиясы)

    Модуль мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға және басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі ұғымдарын, интернационалдық ортада шет тіліндегі басқару теорияларын игеруді жетілдіруге бағытталған. Курс барысында академиялық жазуды, ғылыми қоғамдастықты ақпараттандыру кезіндегі ғылыми зерттеулерді және мақалаларды, есептерді және басқа да ғылыми жұмыстарды шет тілінде ресімдеуді меңгереді. Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында басқа компоненттермен өзара әрекеттесу кезінде психологиялық басқару әдістерін қолдануға машықтанады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақстан денсаулық сақтаудағы ақпараттық жүйелер

    Пән Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерінің құрылымы мен жұмыс істеу қағидаларын оқытады. Білім алушылар электрондық денсаулық паспорты, ақпараттық қауіпсіздік, деректерді сақтау мен өңдеу жүйелерімен танысып, оларды клиникалық тәжірибеде қолдануды меңгереді. Пәнде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, медициналық ақпаратпен тиімді алмасу, жүйелерді қолдану ережелері және нормативтік-құқықтық негіздер қарастырылады. Білім алушылар денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру үшін ақпараттық жүйелерді қолдану қабілетін дамытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Медицинадағы ғылыми зерттеу әдістемесі

    Пән ғылыми зерттеулердің әдістерін зерттейді. Оқыту барысында білім алушылар ғылыми зерттеудің мақсаттарымен, міндеттерімен, әдістерімен және медицина саласындағы ғылыми зерттеуге қойылатын талаптарын меңгереді. Ғылыми ақпарат көздерін талдау барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлерін: интернет-ресурстарды, бұлтты және ұтқыр сервистерді қолданады. Үздіксіз жеке және кәсіби өсуді қолдау үшін денсаулық сақтау саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерін қолдана отырып академиялық жазу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Радиология

    Пән әртүрлі ауруларды диагностикалау және емдеу үшін сәулелік әдістерді қолдана отырып, сондай-ақ адам ағзасына иондаушы сәулелену әсер еткенде пайда болатын аурулар мен патологиялық жағдайларды зерттейді. Курс барысында білім алушы коммуникация дағдыларын және заманауи ақпараттық технологиялармен ауруларды диагностикалауды, пациентке бағдарланған тиімді көмек көрсетуді меңгереді. Оқу процесінде білім алушы өзін-өзі дамыта отырып, медициналық қызмет көрсету сапасын үнемі жақсартуда заманауи ғылыми жетістіктерді пайдаланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Амбулаторлық емханалық терапия

    Пән емханалық жағдайда науқасқа диагностика жасауды және емдеу жүргізуді оқытады. Оқу барысында білім алушылар медициналық білімді, дағдылар мен құндылықтарды біріктіре отырып, ауруларды диагностикалауды, емдеу және алдын алуды, сондай-ақ пациентке бағытталған тиісті және тиімді күтіммен сауатты емдеуді үйренеді. Пациенттер мен олардың туыстарының қажеттіліктерін ескере отырып тиімді ақпарат алмасуға және ынтымақтастыққа әкелетін тұлғааралық дағдыларын дамытады және заманауи ақпараттық технологияларды қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Кардиология және ревматология

    Пән жүрек-қантамыр және тірек-қимыл жүйесінің аутоиммундық ауруларын оқытады. Білім алушылар кардиологиялық және ревматологиялық аурулардың этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері мен диагностикасын меңгереді. Дәлелді медицина негізінде емдеу және алдын алу шараларын қолдану дағдыларын қалыптастырады. Пән барысында білім алушылар алған теориялық білімдерін клиникалық жағдайда қолданып, сапалы, тиімді және пациентке бағытталған медициналық көмек көрсетуге машықтанады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Акушерия

    Пән әйел организміндегі физиологиялық және патологиялық процестерді, жүктіліктің босану, босануға дейінгі және босанғаннан кейінгі кезеңдерінде тиімді көмек көрсетуді оқытады. Курс барысында білім алушы дағдылар мен құндылықтарды үйлестіре отырып, жүкті әйелдерді уақытша диагностикалауды, дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді, алдын алуға бағытталған тиімді шараларды меңгереді. Оқу просесінде білім алушы үздіксіз даму барысында медициналық қызмет көрсетудегі заманауи ғылыми жетістіктерді пайдаланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Денсаулық сақтаудағы деректерді талдау және жасанды интеллект

    Пән денсаулық сақтау жүйесінде мәліметтерді талдау әдістерін және жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктерін үйретеді. Білім алушылар медициналық деректерді жинау, өңдеу, визуализациялау, машинамен оқыту негіздері мен клиникалық шешім қабылдауда AI құралдарын қолдануды меңгереді. Пән заманауи технологияларды кәсіби қызметте тиімді пайдалану, дәлелді медицинаны дамыту және медициналық көмек сапасын арттыруға бағытталған дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Академиялық ғылыми жазба

    Пән зерттеушілер арасында идеяларды жеткізуге, дәлелдер жасауға және ғылыми сұхбатқа қатысуға академиялық жазбаларды дұрыс пайдалануды оқытады. Курс барысында ғылыми зерттеу және академиялық жазу дағдыларын қолдана отырып, денсаулық сақтаудың қандай да бір саласын дамыту мақсатында зерттеу нәтижелерін дұрыс жариялауды үйренеді. Оқу процесінде білімгерлер жазбаларды жазуда нақты мақсаттарға қол жеткізу үшін тиімді әдістері мен құралдарды қолданады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Физиотерапия және реабилитация

    Пән сырқаттанған ағзаның жұмысқа деген қабілеттілігін, функциональді мүмкіндіктерін қайта қалпына келтіру шараларын оқытады. Оқу барысында білім алушылар кәсіби қызмет пен этикалық принциптерді қолдана отырып, өзінің медициналық тәжірибесінде, білім беру және ғылыми зерттеулер процесінде физиотерапия және ребилитация әдістерін үйренеді. Пациенттер мен олардың туыстарының қажеттіліктерін ескере отырып тиімді ақпарат алмасуға және ынтымақтастыққа әкелетін тұлғааралық дағдыларын дамытады және заманауи ақпараттық технологияларды қолданады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Наркология және психиатрия

    Пән психикалық бұзылыстар мен тәуелділік жағдайларының (нашақорлық, алкоголизм және т.б.) себептері, көріністері, диагностикасы мен емдеу принциптерін оқытады. Білім алушылар адамның жүйке жүйесі деңгейіндегі өзгерістерді және олардың биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік аспектілерін меңгереді. Пән пациентке бағытталған күтім негізінде қауіпсіз психикалық және наркологиялық көмек көрсету, клиникалық этика талаптарын сақтау, пациенттің құқықтарын құрметтеу, тұлғалық ерекшеліктерін ескеру дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, психиатриялық және наркологиялық көмекті дәлелді медициналық негізде ұйымдастыру және жүргізу тәсілдерін қолдануға үйретеді.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Дерматология

    Пән терінің анатомиясын, гистологиясын, физиологиясын, тері ауруларының себептерін, оларды анықтау, емдеу және алдын алу жолдарын зерттейді. Курс барысында білім алушы науқастарды емдеу нәтижелерін зерделеуді және бағалауды, ғылыми деректерге негізделген емдеу принциптерін енгізуді меңгереді. Оқу процесінде өмір бойы өзін-өзі бағалау және оқыту негізінде медициналық көмектің сапасын жақсартудағы заманауи ғылыми жетістіктерді қолданылады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Аллергология

    Пән аллергиялық аурулардың пайда болу себептерін, даму жолдарын, клиникалық белгілерін зерттейді, олардың алдын алу және емдеу әдістерін үйретеді. Курс барысында білім алушы медициналық білімді, дағдылар мен құндылықтарды үйлестіре отырып, пациентке бағытталған күтіммен сауатты емдеуді меңгереді. Оқу процесінде шағын топтармен жұмыс істеуде кейстермен оқыту әдістері, қысқа жауап сұрақтарына негізделген оқыту әдістері, дағдылар мен заманауи ақпараттық технологиялар қолданылады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Анестезиология және реаниматология

    Пән хирургиялық аурудан туындаған патологияны, жарақаттарды, сонымен қатар, операциядан болған жарақаттарды және оның зардаптарының алдын алуын, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқытады. Курс операцияға дейін, операция кезінде және операциядан кейінгі кезеңде асқынулардың алдын алуын және емдеу әдістерін үйретеді. Оқу процессінде ауыр хирургиялық науқастарға анестезиологиялық және реанимациялық дағдыларды дұрыс орындау тәсілдерін қолданады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Балалар хирургиясы

    Пән балалардағы туа біткен және жүре пайда болған аурулар мен даму ақауларының этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, емдеу жолдарын зерттейді. Курс барысында денсаулық сақтау мамандарымен ақпарат алмасып, заманауи ақпараттық технологиялардың көмегімен аурулардың диагностикасын, емдеуді, алдын алуды, тиімді көмек көрсетуді меңгереді. Оқу процесінде медициналық білім мен дағдыларды біріктіре отырып, пациенттердің нәтижелерін зерттейді және ғылыми дәлелдерге негізделген емдеу әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Оториноларингология

    Пән құлақты, тамақты және мұрын мүшелерін тексеру әдістерін, заманауи диагностика мен емдеуді, әртүрлі зақымданулар мен өткір органдардың ауруларына шұғыл көмек көрсетуді, олардың алдын алу әдістерін үйретеді. Курс барысында мамандармен тиімді ақпарат алмасуды, ғылыми деректерге негізделген емдеу принциптерін енгізуді және нәтижелерді зерттеуді меңгереді. Оқу процесінде Денсаулық сақтау жүйесінің басқа компоненттерімен өзара әрекеттесуде этикалық принциптер мен адалдықты қолданады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Хирургиялық аурулар

    Пән хирургия мамандығында жиі кездесетін аурулар туралы түсінік қалыптастырады. Курс барысында аурулардың себептері, даму механизмі, диагностикасы, басқа аурулардан саралау ерекшеліктері, асқынуларды емдеу және алдын алу принциптері зерттеледі. Оқу процесінде медициналық білімді, дағдылар мен құндылықтарды үйлестіре отырып, негізгі дәрігерлік дағдылар оқытылады, сондай-ақ сауатты ғылыми дәлелдерге негізделген емдеу әдістерін пациентке бағытталған тиісті және тиімді күтіммен қолданады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Жедел жәрдем негіздері

    Пән өмірге қауіп төндіретін жағдайлар кезіндегі алғашқы шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсетудің негіздерін оқытады. Білім алушылар жедел жәрдем алгоритмдерін, клиникалық протоколдарды, коммуникация мен командалық жұмысты, сондай-ақ заманауи ақпараттық технологияларды қолдануды меңгереді. Пән барысында білім алушылар шұғыл жағдайларда тиімді шешім қабылдап, диагностика мен алғашқы ем жүргізу дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, дәлелді медициналық деректер негізінде емдеу нәтижелерін бағалауға және клиникалық шешімдерді қабылдауға үйренеді.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Клиникалық электрокардиография

    Пән кардиологияда жүрек жұмысында пайда болатын электр өрістерін тіркеу және зерттеу әдістерін зерттейді. Курс барысында білім алушы патологиялық жағдайдың электрокардиографиялық өзгерістерінің дифференциалды диагностикасын, ЭКГ көмегімен жіті аурулардың алдын алуды меңгереді. Оқу процесінде жеке және кәсіби өсуді қолдау және медициналық көмектің сапасын үнемі жақсарту үшін денсаулық сақтау саласындағы заманауи ғылыми жетістіктер қолданылады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Инемен емдеу

    Пән инелерді енгізу арқылы адам ағзасының биоактивті нүктелеріне әсер етуге негізделген рецептсіз емдеу әдістерін үйретеді. Курс барысында қытай медицинасы акупунктурасының үздіксіз, жеке және кәсіби өсуін қолдау үшін өзін-өзі бағалау және өмір бойы оқыту негізінде медициналық көмектің сапасын үздіксіз жақсартуды меңгереді. Оқу процесінде өмір бойы даму мақсатында медициналық акупунктураның заманауи ғылыми жетістіктерін қолданады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Клиникалық микробиология

    Пән қалыпты жағдайда және патологиялық процестің дамуында жүргізілген емді ескеріп, дәрігердің белгілеген клиникалық немесе сауығу кезінде макро- микроорганизмдердің арақатынасын оқытады. Курс барысында адамның негізгі құрылымдарының дамуын және қалыпты механизмдерін, соның ішінде микробиологиялық саласында білімді көрсетуді үйренеді. Оқу процесінде жұқпалы емес (соматикалық) бөлімшелерде микроб қоздыратын оппортунистік аурулардың микробиологиялық аспектілерін және оларға микробиологиялық диагноз қоюда өз білімін қоланады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Клиникалық биохимия

    Пән биохимиялық процесстер рөлін және молекулалар, жасушалар, ұлпалар, органдар мен жүйелер деңгейіндегі адамның негізгі құрылымдарын, дамуын және қалыпты механизмдерін, үнемі дамып келе жатқан және жаңартылатын білімді анықтап және оларды биомедициналық, клиникалық ғылымдары саласындағы білімді көрсету арқылы қолданады. Медициналық білімді, дағдылар мен құндылықтарды біріктіре отырып, ауруларды диагностикалауға, емдеуге және пациентке бағытталған тиісті және тиімді күтіммен сауатты емдеуді қамтамасыз етеді .

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Клиникалық генетика

    Пән тұқым қуалауға бейімділігі бар аурулардың даму ықтималдығын азайту арқылы пациенттер мен олардың отбасыларының клиникалық мәселелерін қарастырады. Оқу барысында білім алушылар медициналық білімді, дағдылар мен құндылықтарды біріктіре отырып, генетикалық бейімділігі бар ауруларды диагностикалауды, емдеуді және алдын алуды меңгереді. Пациенттер мен олардың туыстарының қажеттіліктерін ескере отырып тиімді ақпарат алмасуға және ынтымақтастыққа әкелетін тұлғааралық дағдыларын дамытады және заманауи ақпараттық технологияларды қолданады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Клиникалық анатомия

    Пән хирургтар мен терапевттерге диагноз қоюға және емдеудің дұрыс бағытында нақты көмек көрсетуге үйретеді. Курс барысында адамның негізгі құрылымдарын органдар мен жүйелер деңгейінде, олардың орналасуын, функцияларын, клиникалық мануалды дағдыларын меңгереді. Оқу процесінде кішігірім хирургиялық операцияларды өз бетінше орындау арқылы білімді анықтайды, сонымен қатар стандартты емес жағдайларда шешім қабылдауға ықпал ете отырып, адам денесінің топографиялық анатомиясы туралы білімді дамытады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Шығыс медицинасының теориялық негіздері

    Пән Шығыс медицина тұрғысынан адам ағзасын қоршаған әлеммен байланыстыру арқылы жүйелер арасындағы тепе-теңдікке қалай жетуге болатынын үйретеді, дененің сауығу қабілетін минималды сыртқы араласумен белсендіруге негіздейді. Курс барысында білім алушы ауруларды ертеден келе жатқан ауруды дәстүрлі емес әдістермен диагностикалауға, емдеуге және алдын алуға бағытталған, үнемі дамып келе жатқан тиімді көмекті меңгереді. Оқу процесінде білім алушы тұлғааралық және қарым-қатынас дағдыларын пайдаланады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Урология

    Пән зәр шығару, жыныс жүйесінің және басқа да патологиялық аурулардың этиологиясын, патогенезін, диагностикасы мен емдеу және алдын алу әдістерін зерттейді. Курс барысында білім алушы медициналық білім мен дағдыларды үйлестіре отырып, науқастарға тиімді күтім жасау және көмек көрсету бойынша сауатты жұмыс жүргізуді меңгереді. Оқу процесінде мамандармен ақпарат алмасу кезінде коммуникативтік дағдыларды қолдана отырып, заманауи ақпараттық технологиялар қолданылады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Травматология және ортопедия

    Пән әртүрлі травматикалық жарақаттардың адам ағзасына әсерін, тірек-қимыл аппаратының деформациялары мен функцияларының бұзылуының алдын алу, диагностикалау және емдеу әдістерін зерттейді. Курс барысында білім алушы денсаулық сақтау мамандарымен тиімді ақпарат алмасып, диагностиканы, дәлелдерге негізделген емдеу қағидаттарын енгізуді меңгереді. Оқу үдерісінде үздіксіз дами отырып, медициналық көмектің сапасын жақсартуда заманауи ғылыми жетістіктерді пайдаланады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Неврология

    Пән орталық және перифериялық жүйке жүйесі зақымдануының жалпы симптоматологиясын, синдромологиясын оқытып, сол білімін топикалық диагноз қоюға үйретеді. Науқастарды сұрастыру, неврологиялық статусты зерттеу дағдыларын, диагностикалық критерийлерін, лабораторлы және аспаптық диагностикалау әдістерін, емдік және алдын-алу шараларын оқып, симптомдардан синдромдар құрастыруды, нақты топикалық диагнозды анықтауды, зерттеулердің нәтижелерін талдауды, соның нәтижесінде сауатты емдеуді қамтамасыз етеді. Білімін, этикалық принциптерін қолдана отырып, барлық жағдайда адалдықты көрсетеді.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Офтальмология

    Пән көз ауруларын, оларды анықтау әдістерін, емдеу әдістерін және олардан сақтық шараларын зерттейді. Курс барысында білім алушы көру деңгейін анықтауды, көздегі ішкі қысымды өлшеуді, қабықтың пішінін және сыну Күшін тексеруді, сынуды өлшеуді, көздің ішкі құрылымдарын ультрадыбыстық зерттеуді меңгереді. Оқу процесінде білім алушы ғылыми зерттеулерде адалдық танытады, кәсіби қызмет пен этикалық принциптерді қолданады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Клиникалық иммунология

    Пән білім алушыға ағзалық, жасушалық молекулалық деңгейде иммундық жүйенің құрылысы мен қызметінің маңызы туралы ғылыми көзқарастарды қалыптастыруды оқытады. Курс барысында үздіксіз кәсіби өсуді қолдау үшін пациенттер мен қоғамның денсаулық сақтау қажеттіліктерін, өзін-өзі бағалау және өмір бойы оқыту негізінде медициналық көмектің сапасын үнемі жақсартуды үйретеді. Оқу процессінде шағын топтарда оқыту, кейске негізделген оқыту және қысқа жауапты сұрақтарға негізделген оқыту әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 5
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Науқас және қоғам

    Пән тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайтуды халықтың денсаулығын сақтау саласындағы озық кәсіби және ғылыми білімді оқытады. Курс барысында білімгер денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базасын, , оңтайлы денсаулық сақтауды қамтамасыз ету үшін оларды өз тәжірибесінде басшылыққа алуды үйренеді. Оқу процесінде денсаулық сақтаудың қандай да бір саласын дамыту мақсатында оларға қол жеткізудің мақсаттарын, әдістері мен құралдарын қолданады.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Емханалық балалар аурулары

    Пән аурухананы қажет етпейтін балаларға амбулаторлық-емханалық көмек беруді оқытады. Денсаулық сақтау қажеттіліктерін, мәдени ерекшеліктерін құрметтеуді, заманауи ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, өзін-өзі бағалау және өмір бойы оқыту негізінде медициналық көмектің сапасын үнемі жақсартуды үйренеді. Денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базасы шеңберінде өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті біле отырып, оңтайлы денсаулық сақтауды қамтамасыз ету үшін оларды өз тәжірибесінде қолданады.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Емханалық ішкі аурулар

    Пән емханалық жағдайда ішкі аурулар, диагностикалау, емдеу және алдын алуды оқытады. Оқу барысында білім алушылар медициналық білімді, дағдылар мен құндылықтарды біріктіре отырып, ауруларды диагностикалауды, емдеу және алдын алу, сондай-ақ пациентке бағытталған тиісті және тиімді күтіммен сауатты емдеуді үйренеді. Емхана жағдайында денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базасын оңтайлы денсаулық сақтауды қамтамасыз ету үшін жауапкершілікпен өз тәжірибесінде қолданады.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жедел медициналық жәрдем

    Пән шұғыл жағдайларды диагностикалаудың негізгі принциптерін, дағдылар мен құндылықтарды үйлестіре отырып, алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібін зерттейді. Курс барысында білім алушылар денсаулық сақтау саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерді, өзін-өзін бағалау және этикалық принциптерді қолдана отырып, емдеу хаттамалары негізінде жедел медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қоғамдық денсаулық сақтау

    Пән халық тобының денсаулығының жағдайына және оны жақсарту үшін жүзеге асырылатын іс- шараларды, халықтың денсаулығын сақтау бойынша озық кәсіби және ғылыми білімді оқытады. Курс барасында білімгер денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базасын, оңтайлы денсаулық сақтауды қамтамасыз ету үшін оларды ӛз тәжірибесінде басшылыққа алуды үйренеді. Оқу процесінде денсаулық сақтаудың қандай да бір саласын дамыту мақсатында әдістері мен құралдарын қолданады.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Медицинадағы стратегиялық басқару және менеджмент

    Пән денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық басқарудың теориялық негіздері мен практикалық құралдарын меңгертеді. Білім алушылар стратегиялық жоспарлау, ұйымдық даму, басқарушылық шешім қабылдау және көшбасшылықтың заманауи модельдерін талдайды. Пән барысында денсаулық сақтау ұйымдарын тиімді басқару, өзгерістерді енгізу, кадрлық және қаржылық стратегияларды құру тәсілдері үйретіледі. Оқытылатын білімдер нақты басқару міндеттерін шешуде және денсаулық сақтау сапасын арттыруда қолданылады.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Онкология

    Пән қатерсіз және қатерлі ісіктерді, олардың пайда болу және даму механизмдері мен заңдылықтарын, сондай-ақ олардың алдын алу, диагностикалау және емдеу әдістерін үйретеді. Курс барысында білім алушылар онкологиялық аурулардың заманауи диагностикасын, емдеу нәтижелерін зерттеуді, ғылыми деректерге негізделген емдеу принциптерін бағалау және ақпараттық технологияларды денсаулық сақтау жүйесінің басқа компоненттерімен өзара әрекеттесуде қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Топографиялық анатомия

    Пән аймақтар мен органдардың топографиялық анатомиясын зерттеп және алынған білімді біріктіре отырып, патологиялық процестердің ерекшеліктерін түсіндіреді. Курс барысында білім алушы диагнозды негіздеу, аурудың патогенезін, ықтимал асқынуларды, даму тетіктері мен компенсаторлық процестерді түсіну, сондай-ақ нақты топографиялық-анатомиялық білімді дамыту дағдыларын меңгереді. Оқу процесінде диагностикалық және хирургиялық мәселелерді шешу үшін хирургиялық емдеудің ең ұтымды әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Емханалық хирургиялық аурулар

    Пән білім алушыға кез-келген мамандық дәрігеріне қажет хирургиялық қызметтің теориялық және практикалық негіздерін үйретеді. Курс барысында медициналық білімді, дағдылар мен құндылықтарды біріктіре отырып, толық еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіргенге және оларды оңалтқанға дейін стационардан шыққаннан кейін хирургиялық науқастарды басқаруға дұрыс көзқарасты меңгереді. Оқу процесінде науқастарды емдеу нәтижелерін зерделеу, емдеу принциптерін енгізу кезінде емхананың хирургиялық кабинетінде медициналық құжаттаманы пайдаланады.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Клиникалық патоморфология және сот медицинасы

    Пән патологиялық процестердің морфологиялық негіздерін және олардың клиникалық көріністерімен байланысын оқытады. Сонымен қатар, сот-медициналық сараптаманың әдістері мен принциптері үйретіледі. Білім алушылар аурулардың себептері мен патогенезін морфологиялық тұрғыдан түсінуді, клиникалық диагнозды нақтылауда патоморфологиялық деректерді қолдануды меңгереді. Сот медицинасы бөлігінде өлім себептерін анықтау, жарақат түрлерін сараптау және құқықтық аспектілер қарастырылады. Бұл білім мен дағдылар клиникалық практикада дәлелді шешім қабылдауға және пациент қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Онкогинекология

    Пән онкогинекологиялық аурулардың даму механизмін, диагностикасын, емдеу және алдын алу тәсілдерін үйретеді. Курс барысында білім алушылар медициналық білімді, дағдылар мен құндылықтарды біріктіре отырып, онкогинекологиялық патологияларды, сондай-ақ пациентке бағытталған сауатты емдеуді, диагностикалауды және алдын алуды меңгереді. Оқу процесінде кәсіби қызмет пен этикалық принциптерді қолдана отырып, өзінің медициналық тәжірибесінде, білім беру және ғылыми зерттеулер процесінде адалдықты көрсетеді.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Балалар денсаулығы және аурулары

    Пән балалардың денсаулығына әсер ететін факторларды, балалар денесінің ерекшеліктерін, ең көп таралған ауруларды және олардың алдын-алуын үйретеді. Курс барысында білім алушы денсаулық сақтау саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, өзін-өзі бағалау және тұрақты оқыту негізінде медициналық көмектің сапасын жақсартуды меңгереді. Өзінің медициналық тәжірибесінде кәсіби этикалық принциптерді қолдана отырып, білім беру және ғылыми зерттеулер процесінде адалдықты көрсетеді.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Нейрохирургия

    Пән ми, жұлын және перифериялық жүйке жүйесін қоса алғанда, жүйке жүйесінің аурулары мен жарақаттарын диагностикалау, консервативті және хирургиялық емдеу әдістерін үйретеді. Курс барысында білім алушы бас сүйек-ми, жұлын жарақаттарының сипаттамасын, этиологиясын, клиникалық көрінісін, диагностикалаудың заманауи әдістерін және емдеу әдістерін меңгереді. Оқыту процесінде Денсаулық сақтау мамандарымен ақпарат алмасуда коммуникативтік дағдыларды, кәсіби қызметті және этикалық принциптерді, сондай-ақ адалдықты пайдаланады.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Денсаулық сақтау менеджменті және басқару негіздері

    Пән денсаулық сақтау жүйесін басқарудың теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Білім алушылар менеджменттің қағидаларын, стратегиялық жоспарлау, шешім қабылдау, көшбасшылық пен командалық басқару дағдыларын үйренеді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау ұйымдарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін құқықтық және экономикалық аспектілерді меңгереді. Пән басқарушылық шешімдерді дәлелді деректер негізінде қабылдауға және денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Балалар гинекологиясы

    Пән жасөспірім қыздар мен қыздарға акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету, жас топтарына, тексеру әдістеріне байланысты қыздардың жыныс мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық жетілу ерекшеліктерін анықтау саласында тұрақты білім қалыптастырады. Курс барысында білім алушы заманауи ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, диагностиканы, емдеуді, аурулардың алдын алуды, медициналық білімді, дағдылар мен құндылықтарды байланыстыруды меңгереді. Оқу процесінде ақпаратпен тиімді алмасу үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланады.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Емханалық акушерия және гинекологиясы

    Пән емханалық жағдайда жүктілікті анықтау, есепке алу, антенатальды қорғау, экстрагенитальды аурулардың алдын алу және гинекологиялық ауруларды емдеу бойынша сауықтыру жұмыстарын жүргізуді оқытады. Курс барысында білім алушы өмір бойы өзін-өзі бағалау және оқыту негізінде медициналық көмектің сапасын үнемі арттыруды игереді. Оқу процесінде Денсаулық сақтау мамандарымен тиімді ақпарат алмасу және заманауи ақпараттық технологияларды енгізу жүзеге асырылады.

    Оқу жылы - 6
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады.
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
  • Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады.
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын, тұрақты даму мақсаттарын ұстанып, экономикалық, инклюзиялық, экологиялық, қаржылық сауаттылық, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды.
  • Молекулалар, жасушалар, ұлпалар, органдар мен жүйелер деңгейіндегі адамның негізгі құрылымдарын, дамуын және қалыпты механизмдерін, соның ішінде жалпы қабылданған, үнемі дамып келе жатқан және жаңартылатын білімді анықтап және оларды биомедициналық, клиникалық, эпидемиологиялық және әлеуметтік-мінез-құлық ғылымдары саласындағы білімді көрсету арқылы қолданады.
  • Пациенттер мен олардың туыстарының қажеттіліктерін, құндылықтары мен қалауларын ескере отырып, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді ақпарат алмасуға және ынтымақтастыққа әкелетін тұлғааралық дағдыларды көрсете отырып, заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланады.
  • Медициналық білімді, дағдылар мен құндылықтарды біріктіре отырып, ауруларды диагностикалауға, емдеуге және алдын алуға, сондай-ақ пациентке бағытталған тиісті және тиімді күтіммен сауатты емдеуді қамтамасыз етеді.
  • Кәсіби қызмет пен этикалық принциптерді қолдана отырып, өзінің медициналық тәжірибесінде адалдықты көрсетеді.
  • Үздіксіз жеке және кәсіби өсуді қолдау үшін пациенттер мен қоғамның Денсаулық сақтау қажеттіліктерін, мәдени ерекшеліктерін және айырмашылықтарын құрметтей отырып, денсаулық сақтау саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, өзін-өзі бағалау және өмір бойы оқыту негізінде медициналық көмектің сапасын үнемі жақсартады.
  • Халықтың денсаулығын сақтау саласындағы күрделіліктің базалық санаты бойынша озық кәсіби және ғылыми білімді көрсетіп, Денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базасы шеңберінде өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті біле отырып, оңтайлы денсаулық сақтауды қамтамасыз ету үшін оларды өз тәжірибесінде басшылыққа алады.
  • Өз пациенттерінің емдеу нәтижелерін зерттеп, бағалап, сондай-ақ ғылыми дәлелдерге негізделген емдеу принциптерін енгізу қабілетін көрсетеді.
  • Ғылыми зерттеу және академиялық жазу дағдыларын қолдана отырып, денсаулық сақтаудың қандай да бір саласын дамыту мақсатында оларға қол жеткізудің мақсаттарын, әдістері мен құралдарын таңдауды негіздейді.
  • Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында денсаулық сақтау жүйесінің басқа компоненттерімен өзара əрекеттестікте жұмыс істеп, жауапкершілікті өз мойнына алады.
Top