Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04203 Құқықтану в "Q" University

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Бағдарламаның мақсаты теориялық білімнің сапалы базасы бар және сонымен қатар кәсіби практикалық-бағдарлы дағдыларды меңгерген, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың жоғары деңгейі бар, мемлекеттік органдарда қызметте, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметінде персоналды басқаруды жүзеге асыруға қабілетті, осы құрылымдарды құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыра отырып, заң ғылымдарының жоғары білікті магистрлерін даярлаудан тұрады
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • ЖОО атауы "Q" University
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M078 Құқық
  • Дайындық бағыты 7M042 Құқық

Пәндер

  • Шет тілі (кәсіптік)

    Курс магистранттың шет тілде ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау қабілетін, құқық саласындағы болашақ қызметіне және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасқа тән ақпаратты түсіну және жеткізу қабілетін қалыптастырады. Олар практикалық сабақтарда шет тілдің фонетика, лексика, сөздің құрамы және сөз құрастыру, морфология, жәй және күрделі сөйлемнің синтаксисі, мәтін стилистикасының негіздері деңгейлері бойынша білімдер алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кәсіби қарым-қатынас психологиясы

    Курс магистранттардың кәсіби құқықтық қызметте тиімді өзара әрекеттесу үшін қажетті коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған. Курс іскерлік қарым-қатынастың психологиялық негіздерін, конструктивті диалог әдістерін, жанжалдарды шешу стратегияларын, сендіру және дәлелдеу әдістерін, құқықтық саладағы тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынастың ерекшеліктерін қамтиды. Эмоционалды интеллект, белсенді тыңдау дағдыларын, көпшілік алдында сөйлеу психологиясын, заңгерлер арасындағы кәсіби қарым-қатынастың этикалық аспектілерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер клиенттермен, әріптестермен, сот процесіне қатысушылармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен және кәсіби қарым-қатынастың басқа да субъектілерімен өнімді өзара әрекеттесуді қалыптастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тарих және ғылым философиясы

    Курста ғылыми білімдердің өндіру бойынша ерекше қызмет ретіндегі ғылыми танымның жалпы заңдылықтары мен беталыстары, ғылымның әлеуметтік-мәдени тұрғыдағы мәні және оның тарихы дамуы, қазіргі заманғы техногендік өркениет дағдарысының проблемалары, әлемнің ғылыми бейнесінің ауысының жаһандық беталыстары, ғалымдар бағдарланатын құндылықтар жүйелері туралы оқытылады. Магистранттар баяндамалар, пікірталастар кезінде ғылымның қазіргі заманғы кезеңінде пайда болатын негізгі дүнеиетанымдық және әдіснамалық проблемаларды талдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Құқықты оқытудың әдістемесі мен технологиясы

    Курс қазіргі заманғы әдістемелер мен білім беру технологияларының дамуын қамтамасыз ететін заң пәндерін оқыту саласындағы кәсіби құзыреттерді дамытады. Курс құқықты оқытудың принциптері мен әдістерін, оқу үдерісін жобалау, оқу бағдарламалары мен материалдарын әзірлеу, интерактивті және цифрлық технологияларды (кейс-әдістер, іскерлік ойындар, LMS жүйелері) қолданумен қатар, құқықтық пәндерді оқытудың психологиялық-педагогикалық аспектілерін қамтиды. Әртүрлі мақсатты аудиториямен жұмыс істеу ерекшеліктеріне және құқықты оқу мотивациясын қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар оқу сабақтарын құрастыру және өткізу, бағалау құралдарын әзірлеу және кәсіби қызметте инновациялық білім беру технологияларын қолдану дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Заңгерлік жауапкершіліктің теориялық және практикалық проблемалары

    Курста заңгерлік ғылымда заңгерлік жауапкершілік ұғымының пайда болуы қарастырылады, магистранттардың заңгерлік жауапкершілікті дұрыс қолдану дағдылары қалыптасады, олар заңгерлік жауапкершіліктің әдіснамалық негіздерін оқып үйренеді. Магистранттар баяндамалар, пікірталастар кезінде Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық саласындағы заңгерлік жауапкершілік қатынастарын талдайды, заңгерлік жауапкершіліктің және мемлекеттік-құқықтық мәжбүрлеудің басқа да шараларының жалпы және арнайы құқықтық заңдылықтарын ұғынады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ҚР конституциялық құқығының және процесстің өзекті мәселелері

    Мақсаты: ҚР-дағы конституциялық құқық пен процесті тереңдетілген және кешенді талдау. Аталған пәннің тақырыбына: конституциялық құқық саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді қолдану тәсілдері, конституциялық-құқықтық жауапкершілікті құқықтық түсіну проблемалары, осы саладағы ғылыми зерттеулер, сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының ықтимал көріністері, оны құқықтық қорғаудың негізгі субъектілерінің рөлі, ҚР Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері кіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасында азаматтық құқық пен процесті қолданудың теориясы мен практикасы

    Курста азаматтық құқықтың және міндеттемелік, келісім-шарттық мүліктік қатынастарды реттейтін процесстің теориясы мен практикасы, ҚР азаматтық процессуалдық заңнамасы, құқық саласының тұжырымдалық проблемалары, Қазақстан қатысқан, сотта азаматтық іс жүргізуді реттейтін халықаралық келісім-шарттар туралы оқытылады.Магистранттар іскерлік, жағдаяттық ойындарды, кейс-стадия, иммитация әдістерін пайдаланып азаматтық-құқықтық саланың заңдары мен нормативтік құкықтық актілерін түсіндіреді, азаматтық құқықтың мәселелері бойынша заңгерлік қорытындылар жасайды және кеңестер береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ҚР әкімшілік құқығының және процесстің өзекті мәселелері

    Курста атқарушы билік механизмінің өзекті проблемалары, әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық мәртебесі, атқарушы билікті іске асырудың формалары мен әдістері, мемлекеттік басқару салаларын әкімшілік-құқықтық реттеу туралы оқытылады. Магистранттар баяндамалар, пікірталастар кезінде әкімшілік құқықтың нормативтік актілерін, басқару формалары мен әдістерін, басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдерін қолданып үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • ҚР қаржылық құқығының мәселелері

    Курста қаржылық құқықтың маңызды институттары, мемлекеттің қаржылық қызметі, қаржылық жүйе, қаржылық заңнама туралы оқытылады. Магистранттар оқу барысында банктік қызмет, төлем жүйесі, кәсіпкерлік қатынастар салаларындағы даулы мәселелерді шешу үшін қаржылық заңнаманың нормаларын қолдануды, халықаралық келісім-шарттардың кейбір нормаларын қолдану жағдайларын анықтауды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік басқарудың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің құқықтық проблемалары

    Курс мемлекеттік басқарудың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық проблемаларын, мемлекеттік қызметшінің функциялары мен өкілеттіктерін орындау кезіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерін, сыбайлас жемқорлықтың мәнін түсінудегі бағыттың ерекшеліктерін зерделейді, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша конституциялық-құқықтық әдістер мен ықпал ету тәсілдерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың шетелдік тәжірибесін қарайды және талдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнамалардың құқықты қолдану практикасының өзекті проблемалары

    Курста қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнамалардың Қазақстанның құқықты қолдану практикасындағы өзекті мәселелері, қылмыстық заңнаманың тұжырымдамалық негіздері, қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық құқықтың теориялық, заң шығармашылығы, құқықты қолдану салаларындағы проблемалары, оларды шешудің ізгілікті, ғылыми және қисынды негізделген жолдары туралы оқытылады. Магистранттар пікірталастарды, кейс-стадия, «ойды шоғарландыру» әдістерін пайдаланып қылмыстық құқықтың нормаларын қолдануды, қылмыстарды жіктеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Мемлекет және құқық теориясының заманауи мәселелері

    Курс білім алушылардың мемлекеттік-құқықтық саланың проблемаларын анықтау дағдыларын қалыптастырады, кәсіптік қызметті ұйымдастыру дағдыларын жетілдіреді, құқық және мемлекет, олардың формалары және қоғам өміріндегі рөлу туралы ұғымдарын бекітеді, оларға қазіргі заманғы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды ұғыну, талдау және жіктеу үшін құқықтану саласында іргелі білімдер береді. Магистранттар пікірталастар кезінде нормативтік құқықтық актілерді түсіндіруді және қолдануды, мемлекеттің және құқықтың түрлі жалпы және салалық теориялық және практикалық проблемаларымен танысады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтар біліктілігінің өзекті мәселелері

    Курста экономикалық қылмыстар, отандық және шет елдік құқық қорғау органдарының практикасында оларды жіктеу проблемалары туралы оқытылады. Магистранттар пікірталастарды, іскерлік ойындары пайдаланып осы саладағы негізгі тұжырымдамаларды, экономикалық қылмыстарға қарсы іс-әрекеттің шет елдік тәжірибесін қолдану бойынша ұсыныстарды қоса, экономикалық қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстардың теориялық негіздерін үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті құқықтық реттеу

    Курста мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің құқықтық негіздері, экономикадағы инновациялық үдерістерді белсенділендірудің тиімді құралдары, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласында мамандар дайындау тәжірибесі туралы оқытылады. Магистранттар пікірталастар кезінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті іске асыру әдістерімен, экономиканың түрлі салаларындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмінің құқықтық ерекшеліктерімен танысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Корпоративтік басқару

    магистранттардың практикалық корпоративтік басқарудың негізгі тұжырымдамалары мен модельдері бойынша білімдерін, сондай-ақ құқықтану саласындағы корпоративтік басқару жүйесінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік саладағы мемлекеттік басқарудың ұйымдық-құқықтық негіздері

    Курста қоғамдық қатынастар мен үдерістерді мемлекеттік басқару, әлеуметтік саланы мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері, осы саладағы мемлекеттік саясаттың өзекті проблемалары туралы оқытылады. Магистранттар пікірталастарды пайдаланып мемлекеттік органдар басқаратын экономикалық, құқықтық, әлеуметтік салаларды, мемлекеттік басқарудың негізгі көрсеткіштері мен өлшемдерін, экономикалық және әлеуметтік үдерістердің өзара байланысын.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жобаларды басқару

    Курс магистранттардың жобалауды басқарудың ғылыми негіздері және практикалық әдістері бойынша, инвестициялық жобаларды іске асыру және тиісті басқару жүйелерін ұйымдастыру үшін қажетті білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Магистранттар зерттеу жұмысын орындау барысында ғылыми-техникалық прогресстің негізгі бағыттарын ескере отырып, әдіснамалық негіздерді және практикалық әдістерді қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және жоспарлау

    "Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және жоспарлау" пәні ҒЗЖ жүргізудің негізгі кезеңдерін, ғылыми қызметтің негізгі түрлерін және азық-түлік өндірісі саласындағы ғылыми зерттеу жобаларын іске асыру ерекшеліктерін, ғылыми қызметтің ерекшеліктерін және олардың азық-түлік өндірісі технологиясы саласындағы ұйымдардың қызметіне әсерін, ғылыми-техникалық жобаларға қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейтін негізгі құралдарды (оның ішінде зияткерлік меншікті қорғау).

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Құқықтық білім беруді және құқық саласындағы жасанды интеллектті цифрландыру

    Курс құқықтық білім беру мен құқықтық салада цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект (АИ) интеграциясына арналған. Магистранттар LegalTech құралдарын (АИ, чат-боттар, нотариустардағы блокчейн арқылы сот тәжірибесін талдау) қолдану жолдарын үйренеді, құқықты қашықтықтан оқыту әдістерін (интерактивті курстар, сот процестерінің VR симуляциясы) меңгереді және цифрландырудың этикалық және құқықтық мәселелерін зерттейді (AI шешімдері үшін жауапкершілік, жеке деректерді қорғау). Қазақстандық контекстке ерекше назар аударылады: жаһандық үрдістерді бейімдеу, жергілікті істерді талдау (электрондық сот төрелігі, цифрлық нотариат) және цифрлық ресурстарды пайдалана отырып оқу бағдарламаларын әзірлеу. Пән теория мен практиканы біріктіреді: Магистратура студенттері АИ көмегімен өздерінің оқу модульдерін жасайды және заңгерлік кәсіпті автоматтандыру тәуекелдеріне талдау жүргізеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті құқықтық реттеу

    Курста Қазақстан Республикасындағы шаруашылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар, кәсіпкерлік қатынастар саласындағы негізгі нормативтік актілер, кәсіпкерлік қатынастардың ерекшеліктері туралы оқытылады. Магистранттар пікірталастарды, кейс-стадия әдісін пайдаланып кәсіпкерлік саласындағы құқық нормаларымен, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың арасындағы құқықтық қатынастармен танысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақстанның құқықтық саясаты: заманауи талаптар мен оқыту

    Курс жаһандық өзгерістер мен ұлттық басымдықтар контекстінде Қазақстанның құқықтық жүйесінің ағымдағы тенденциялары мен реформаларын зерттейді.Магистранттар құқықтық саясаттың негізгі бағыттарын талдайды: заңнаманы жаңғырту, халықаралық стандарттармен (ЕАЭО, ЭЫДҰ, БҰҰ) үйлестіру, сондай-ақ құқық қорғау саласындағы қиындықтар. Күрделі құқықтық мәселелерді оқыту әдістемесіне ерекше назар аударылады: студенттерге қылмыстық, әкімшілік және экологиялық заңнаманың реформаларын түсіндіру, даулы тақырыптарды (зайырлылық, өлім жазасы, сот төрелігін цифрландыру) талқылау және сыни ойлауды дамыту. Тәжірибелік бөлімге Қазақстандағы нақты құқықтық реформаларға негізделген оқу кейстерін әзірлеу, оқыту әдістемесі бойынша талқылаулар мен тренингтерді модельдеу кіреді. Курс магистранттарды ұлттық заңнаманың динамикасын терең түсінетін және осы білімді академиялық ортада жеткізу дағдылары бар педагогикалық қызметке дайындауға арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Цифрландыру және жаһандық дағдарыстар дәуіріндегі адам құқықтары

    Курс цифрлық трансформация және жаһандық дағдарыстар (климат, көші-қон, эпидемиологиялық) контекстіндегі адам құқықтары саласындағы заманауи сын-қатерлерді қарастырады және талдайды, сондай-ақ оларды қорғау стратегияларын әзірлеу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Курстың бірегейлігі адам құқықтары теориясын цифрландыру және жаһандық өзгерістер жағдайында қолдану тәжірибесімен үйлестіруінде. Нәтижесінде түлектер технологиялар мен дағдарыстардың адам құқықтарына әсерін сыни тұрғыдан бағалай алады, кәсіби-педагогикалық қызметте қорғаудың инновациялық әдістерін қолдана алады, халықаралық тәжірибені қазақстандық жағдайға бейімдей алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Еңбекпен қамтуды және еңбек миграциясын құқықтық реттеу

    Курста еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің ерекшеліктері, еңбек құқықтарын іске асырудың проблемалары, еңбек миграциясының құқықтық негіздері туралы оқытылады. Магистранттар пікірталастарды, іскерлік ойындарды пайдаланып еңбек миграциясын халықаралық және мемлекеттік деңгейлерде құқықтық реттеудің негіздерімен, еңбек құқығы саласындағы өзекті беталыстармен және өзгерістермен, еңбек миграциясын құқықтық реттеудің ерекшеліктерімен танысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасында сот билігі институтын дамытудың өзекті проблемалары

    Курста сот билігі қызметінің теориялық және әдістемелік негіздері, Қазақстан Республикасының сот билігінің конституциялық-құқықтық негіздерінің ережелері, дамуының өзекті проблемалары, қоғамды демократияландыру жағдайында оны одан әрі жетілдіру мәселелері қарастырады. Магистранттар пікірталастарды, проблемалық әдісті пайдаланып Қазақстан Республикасында құқықтық реформаның проблемалары мен даму болашақтарын, медиация институтымен, қоғамды демократияландыру жағдайында қалыптасқан түрлі теориялық тәсілдемелермен, тұжырымдамалармен танысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Конституциялық-құқықтық актілердің нормаларын, әкімшілік құқықтың, оның ішінде билік пен басқару органдарында адам құқықтарын қорғайтын материалдық және рәсімдік нормаларын түсіндіру және қолдану
  • Кәсіпкерлік, еңбек жұмыспен қамту және көші-қон, адам құқықтары және қылмыстық әділет саласындағы ұлттық және халықаралық-құқықтық нормаларды түсіндіру және қолдану, сондай-ақ аталған білім салалары бойынша оқытушылық қызметті жүзеге асыру
  • Ғылыми және философиялық тұжырымдамаларды, ғылыми танымның құрылымы мен әдістерін талдау, ғылым мен технологиялардың дамуына байланысты әлеуметтік-этикалық мәселелерді, сондай-ақ оларды қолдануға байланысты құқықтық трансформацияларды бағалау. Бұл білімді білім беру үдерісіне тиімді біріктіру арқылы студенттерде заманауи ғылыми-құқықтық сананы, қазіргі технологиялық және әлеуметтік-гуманитарлық қиындықтарды сыни тұрғыдан түсіну қабілетін қалыптастыру.
  • Тиісті диспозитивті құқықтық нормаларды, сандық технологиялар мен құралдарды пайдалана отырып, кадрларды және ұйымды тиімді басқару
  • Кәсіби және кәсіби емес аудиторияда ауызша және жазбаша түрде құқықтық саладағы негізделген дербес қорытындылар мен пайымдауларды ұсыну
  • Әртүрлі әдістер мен технологияларды қолдана отырып, әкімшілік, қылмыстық және іс жүргізу заңнамасының қағидаттары мен нормаларын ескере отырып, құқық бұзушылықтардың, оның ішінде экономикалық қылмыстардың алдын алу және тергеу саласындағы іс жүргізу әрекеттерінің кешенін жүзеге асыру
  • Қаржылық құқық пен заңнама нормаларын талдау және қолдану, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі нысандарында құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асыру
  • Стандартты емес шешімдер қабылдау, олардың салдарын бағалай және тәуекелдерді ескере отырып, сыни ойлауды, сандық және сапалық әдістерді қолдана отырып, аналитикалық дағдыларды қолдану
  • Дамудың балама мүмкіндіктерін, сыбайлас жемқорлық және құқықтық тәуекелдерді ескере отырып, болашақты болжай отырып, мемлекеттік басқаруды және сот төрелігін іске асыруды дамыту стратегиясы мен моделін әзірлеу
  • Стандартты емес жағдайларда қарым-қатынас психологиясын, әлеуметтік, экономикалық, діни, тілдік факторлардың адамдар мен топтардың санасы мен психикасына әсерін бағалау және талдау, соның ішінде кәсіби қызметтің міндеттерін шешу үшін мемлекеттік тілде және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияға қабілетті
  • Азаматтық-құқықтық саладағы материалдық және процестік құқықтық актілерді, төрелік іс жүргізу қағидалары мен рәсімдерін және құқықтық даулар мен жанжалдарды баламалы шешу технологиясын түсіндіру және қолдану, оның ішінде сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу
  • Тиісті сандық технологияларды, құралдарды және теорияларды пайдалана отырып, құқық қорғау қызметі, сот билігі мен білім беру саласындағы кәсіби функцияны жүзеге асыру
Top