Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04103 Бизнесті басқару және кәсіпкерлік в С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

Пәндер

  • Жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Курс сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша білім жүйесін қалыптастырады және осының негізінде осы құбылысқа қатысты азаматтық ұстанымды дамытады. Пән заңнама негіздерін зерттейді; нормативтік-құқықтық актілер, моральдық-құқықтық нормалар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Экология, тіршілік әрекетінің негіздері және ТДМ

    Пән ағзалардың тіршілік ету орталарымен өзара әрекет ету заңдылықтарын, экология ғылымының басқа бағыттармен байланысын, биосфераның әртүрлі бөліктерінде биогеоценоздардың тіршілк етуі мен дамуының заңдылықтарын, тұрақты даму мақсаттары, адамзаттың ғаламдық проблемалары және оның шешу жолдары, техносферада адамның өмірі мен денсаулығын сақтауға байланысты сұрақтарды, техногенді және табиғи жағдайда пайда болатын қауіп қатерлерден қорғану және қолайлы жағдай жасауды оқытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Экономикалық теория

    Пән студенттерге экономикалық теория зерттейтін көптеген мәселелерді игеруге мүмкіндік береді, оның қалыптасу кезеңдерін, пәннің дамуын, зерттеу әдістемесі мен құралдарын, сондай-ақ қазіргі экономикалық теорияның тұжырымдамалары мен категориялары туралы іргелі білімді көрсетеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект негіздері

    Жасанды интеллект қағидаттары, тарихы, этикасы, мәтін өңдеу, компьютерлік көру, шешім қабылдау жүйелері, логика, жоспарлау, сонымен қатар GPT, IBM Watson, Microsoft Azure AI сияқты платформаларды қолданып деректерді талдау және процестерді автоматтандыру әдістері қамтылған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Экономикадағы математика

    Курс студенттердің есептерді модельдеуге, талдауға және шешуге көмектесетін математикалық аппаратты игеруін; студенттерді әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік басқару саласындағы процестер мен құбылыстарды зерттеуге және болжауға мүмкіндік беретін математикалық әдістермен таныстыруды; тәуелсіз зерттеулердің тиімділігі мен дағдыларын қалыптастыруды, өз жұмысын анықтай отырып, жолдарды ғылыми ізденуге ұмтылуды қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Микроэкономика

    Курс экономикалық агенттердің мінез-құлқының негізгі принциптері мен микроэкономикалық талдау әдістері туралы тұтас түсінік қалыптастырады, экономикалық агенттердің мінез-құлқының себептерін талдайды, әртүрлі нарықтардағы экономикалық агенттердің оңтайлы шешімдерін бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Макроэкономика

    Пән макроэкономикалық пән мен әдіснама, жалпы экономикалық жүйенің жұмыс істеу заңдылықтары, қазіргі ұлттық экономиканың негізгі мәселелері, экономикалық теңсіздік пен теңдік, экономикалық өсу мен даму, төлем балансы, тауар, ақша нарықтарының әртүрлі макроэкономикалық модельдері, олардың өзара байланысы туралы білімді қалыптастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Менеджмент

    Пән студенттерге ұйымды басқару бойынша практикалық дағдыларды, соның ішінде жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау үдерістерін меңгертуге бағытталған. Студенттер менеджмент теорияларын талдайды, сыртқы ортаның әсерін бағалайды, стратегиялар мен ұйымдық құрылымдарды әзірлейді, операциялық, стратегиялық және дағдарыстық менеджмент құралдарын қолданады. Белгісіздік жағдайында шешім қабылдау әдістері, басқарушылық және көшбасшылық құзыреттер, соның ішінде делегирование, командалық жұмыс және персоналды ынталандыру дағдылары қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика, құқық және инновациялық кәсіпкерлік

    Пән студенттерде экономикалық, құқықтық және қаржылық факторларды ескере отырып, кәсіпкерлік қызметті жүргізудің негізгі аспектілері туралы жүйелі түсінік қалыптастыруға бағытталған. Курс аясында бизнесті ұйымдастыру мен басқарудың заманауи тәсілдері, кәсіпкерліктің құқықтық негіздері, сондай-ақ кәсіпорындардың тұрақты дамуы үшін қажетті қаржы құралдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржы

    Курс елдің қаржы жүйесінің жекелеген іргелі элементтерінің: ақша, банк, несие, валюта, сондай-ақ олардың өзара байланысы туралы білімдерін көрсетеді. Бюджеттерді жоспарлау және олардың әртүрлі деңгейлерде орындалуын бақылау әдістерін зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Маркетинг

    Пән маркетингтің теориялық негіздерін зерделеуге, сондай-ақ ұйымдар қызметінде маркетинг элементтері мен қағидаттарын қолдану бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған. Курсты оқу студенттерге маркетингтік стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, кәсіпорынның өнім, баға, өткізу және коммуникациялық саясатын қалыптастыруға, тұтынушылық құндылықты айқындау және жасау үдерісін басқаруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Логистика және жеткізу тізбектерін басқару

    Пән логистикалық үдерістер мен жеткізу тізбектерін басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер жабдықтау, өндіріс, бөлу және қор логистикасын талдайды, көлік және қойма операцияларын бағалайды, логистикалық шығындарды оңтайландыру әдістерін қолданады. Аграрлық және өндірістік салаларда жүк ағындарын басқару жүйелері мен цифрлық логистика құралдары, жеткізу тізбектерін бақылау технологиялары зерделенеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Іскерлік қарым-қатынас

    Пән кәсіби ортада ауызша және жазбаша өзара әрекеттесу дағдыларын дамытады. Студенттер коммуникациялық желілер түрлерін талдайды, қарым-қатынас кедергілерін анықтайды, тиімді өзара әрекеттесу стратегияларын әзірлейді және қақтығыстарды басқару әдістерін қолданады. Қоғам алдында сөйлеу, іскерлік келіссөздер жүргізу, хат алмасу және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері меңгеріледі, бұл басқару қызметінде soft skills дамытуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Статистика

    Курс әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық процестерді сипаттайтын статистикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістері туралы ғылыми білімді қалыптастыруға бағытталған. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер: статистикалық ақпаратты талдауды, көрсеткіштер жүйесін, қоғамдық өмірдің экономикалық және әлеуметтік құбылыстары мен процестерінің дамуын зерттеуді, статистикалық мәліметтермен жұмыс істеу үшін білім, білік және дағдылардың деректер көлемін қалыптастыруға мүмкіндік береді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік құқық

    Курс студенттерді кәсіпкерлік құқықтың теориялық негіздеріне және экономикалық қызметті құқықтық реттеу принциптеріне үйретуге, кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері туралы теориялық білім жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық қызметі процесінде алған білімдерін қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тәуекелді басқару

    Пән кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдерді бағалау және азайту дағдыларын қалыптастырады. Студенттер стохастикалық және экономикалық тәуекелдерді анықтайды, сандық бағалау әдістерін қолданады және белгісіздіктің басқарушылық шешімдерге әсерін талдайды. Инвестициялық жобаларды, қызмет көрсету саласындағы тәуекелдерді басқару тәсілдері, сондай-ақ бизнестегі тәуекелдерді төмендету стратегиялары мен технологиялары зерттеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Таныстыру өнері

    Пән кәсіби ортада мультимедиялық презентациялар әзірлеу және өткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер презентация құрылымын талдайды, аудиторияның назарын ұстап тұру әдістерін меңгереді, визуалды және репрезентативті материалдар әзірлейді, дизайн және деректерді визуализациялау қағидаттарын қолданады. Ерекше назар басқарушылық коммуникация және мәдениетаралық өзара әрекеттесу міндеттеріне бейімделген презентациялар жасауға аударылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Soft skills: коммуникативті және басқарушылық құзыреттер

    Курс басқарушылық тиімділікті арттыруға бағытталған және коммуникативтік пен көшбасшылық дағдыларды қалыптастырады. Студенттер іскерлік қарым-қатынас, келіссөз жүргізу, белгісіздік жағдайында шешім қабылдау, эмоцияларды басқару және командалық өзара әрекеттесу дағдыларын меңгереді. Олар құзыреттерді талдайды, этикалық дилеммаларды шешеді, кәсіби ортада икемділік пен тұрақтылықты арттыру үшін сындарлы және креативті ойлауды қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Маркетингтік зерттеулер

    Пән маркетингтік ақпаратты жинау, талдау және түсіндіру дағдыларын қалыптастырады. Студенттер тұтынушыларды, бәсекелестерді, өткізу арналары мен баға белгілеу жүйесін, сондай-ақ кәсіпорынның ішкі ортасын зерттеу әдістерін меңгереді. Курс нарық қажеттіліктерін анықтауға, маркетингтік стратегияларды әзірлеуге және аналитикалық деректер негізінде негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Ерекше назар зерттеулердің бизнес пен агросектордағы қолданбалы аспектілеріне аударылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Нормалау және еңбекке ақы төлеу

    Еңбекті ұйымдастыр, мәні, мазмұны. Еңбек процесі, еңбек техникасы. Еңбек бөлінісі, еңбек кооперациясы. Жұмыс орындарын ұйымдастыру, жүргізу. Жұмысты ұйымдастыру деңгейін талдау, бағалау, оны жетілдіру жөніндегі шараларды жобалау. Еңбекті нормалау негіздері. Жұмыс уақыты, оның жіктелуі. Жұмыс процестерін және еңбек шығындарын зерттеу әдістері. Еңбек нормаларын есептеу әдістері. Еңбектегі нормативтік материалдар. Жалақыны санау әдістері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бухгалтерлік есеп негіздері

    Курс студенттердің кәсіпорынның мүлкінің, міндеттемелерінің және капиталының жай-күйі туралы ақпаратты бастапқы тіркеу және жалпылау, бухгалтерлік есеп шоттарында шаруашылық операцияларын көрсету, халықаралық стандарттарға сәйкес бухгалтерлік ұйымның тұтас көрінісі туралы іргелі білімдерін дамытуға бағытталған. (ХҚЕС) нақты ұйымдардың мысалында қаржылық есептілікті жасауда нақты шаруашылық негізінде қолдануға мүмкіндік береді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мал шаруашылығы технологиясы

    Пән мал шаруашылығындағы технологиялық үдерістерді меңгеруге бағытталған. Студенттер ірі және ұсақ қара мал, құс шаруашылығының ерекшеліктерін зерделейді, корм өндіру, ветеринарлық қызмет көрсету және асылдандыру мәселелерін талдайды. Мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларын бағалау, шығындарды басқару және түрлі агроклиматтық жағдайларда өндірісті ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін қолдануға ерекше назар аударылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Аграрлық өнімнің сапасын басқару

    Пән ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын бағалау және қамтамасыз ету әдістері бойынша білім қалыптастырады. Студенттер статистикалық және квалиметриялық әдістерді қолданады, нормативтік-құқықтық базаны талдайды, кәсіпорында сапаны бақылау жүйесін әзірлейді. Стандарттау, тұтынушы құқықтарын қорғау және сапа менеджментінің экономикалық тиімділігі мәселелері зерделенеді. Аграрлық кәсіпорындардың өндірістік үдерістеріне сапаны басқару жүйесін интеграциялауға баса назар аударылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

    Пән тұрақты және этикалық бизнес жүргізу қағидаттарын түсіну және қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер корпоративтік жауапкершілік тұжырымдамаларын талдайды, компаниялардың әлеуметтік бастамаларын бағалайды, білім беру, денсаулық сақтау және экологияны қолдау жобаларын әзірлейді. Ішкі және сыртқы жауапкершілік нысандары, сондай-ақ инклюзия мен корпоративтік тұрақтылық қағидаттарын жүзеге асырудағы көшбасшылық пен басқару стилінің әсері зерделенеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Агротехника негізіндегі өсімдік шаруашылығы

    Пән ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және агротехникалық әдістер бойынша базалық білім қалыптастырады. Студенттер топырақтың құрамы мен қасиеттерін анықтайды, өсімдіктердің дамуына әсер ететін факторларды талдайды, өнімділікті арттыруға бағытталған агротехникалық іс-шараларды әзірлейді. Тұқымдардың тұрақтылығы, өнімді сақтау және тиімді өсімдік шаруашылығына қажетті орта жағдайларын бағалау мәселелері зерделенеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Агробизнесті жүргізу

    Пән аграрлық салада кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Студенттер АӨК дамуын талдайды, шаруа қожалығын жүргізудің құқықтық және қаржылық аспектілерін бағалайды, бизнес-жоспар әзірлейді, агромаркетинг пен салық салу негіздерін қолданады. Ерекше назар мемлекеттік қолдау және салалық ерекшеліктерді ескере отырып, агробизнестегі шешімдерді болжау және негіздеуге аударылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Кәсіпкерлік

    Пән кәсіпкерлік бастамаларды әзірлеу және іске асыру мәселелерін зерттейді. Қазіргі заманғы кәсіпкер үшін қажетті дағдылар мен сапаларды, іскерлік ортаның аспектілерін, бизнесті ұйымдастыру мәселелерін қарастырады, бәсекелестік жағдайында кәсіпкерлердің алдында тұрған проблемалар мен мүмкіндіктерді талдайды, табысты кәсіпкерлік үшін тиімді стратегияларды әзірлеуге назар аударады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қаржылық менеджмент

    Қаржылық менеджменттің базалық концепциялары. Тәуекел және табыстылық. Корпоративтік тәуекелдерді басқару. Активтер портфелін басқару. Операциялық және қаржылық рычаг әсері. Несие капиталын тарту саясаты. Капитал құны. Капитал құрылымы теориясы. Дивидендтік және өндірісті дамыту саясатын басқару. Инвестициялық жобаның ақша ағынын болжау. Күрделі салымдар бюджетін оңтайландыру. Айналыс активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпорын экономикасы

    Пән кәсіпорынды тәуелсіз субъект ретінде қарастырады, оның жұмыс істеу принциптерін, ресурстар мен шығындар, жоспарлау негіздері және стратегияны әзірлеу әдістерін зерттейді. Білім алушылар өндіріс тиімділігі, бәсекеге қабілеттілік деңгейі және ресурстарға қажеттілік көрсеткіштерінің жүйесін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • АӨК-гі шағын және орта бизнес кәсіпорындарын басқару

    Курс агроөнеркәсіп кешенінде шағын және орта бизнесті басқару құзыреттерін дамытуға бағытталған. Студенттер МСБ құру тетіктерін талдайды, бизнес-жоспарлар әзірлейді, маркетингтік стратегияны бағалайды, сыртқы іскерлік ортаны зерттейді. Ерекше назар инновациялық технологияларға, қаржыландыру мен несиелендіру мәселелеріне, сондай-ақ жаһандану жағдайында АӨК кәсіпорындарының тұрақтылығы мен бейімделуіне аударылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Корпоративтік басқару негіздері

    Курс корпорациялардың қызмет ету тетіктері мен басқару қағидаттарын ашады. Студенттер корпоративтік басқару модельдерін талдайды, шаруашылық серіктестіктер қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін зерделейді, корпоративтік мәдениет пен қаржының рөлін бағалайды. Жарғылық капитал құрылымы, бағалы қағаздар айналымы, заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері құқықтық өріс аясында қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инновациялық көшбасшылық

    Курс инновацияларды енгізу және ұйымдық трансформация жүргізу үшін қажетті басқарушылық құзыреттерді дамытуға бағытталған. Студенттер өзгерістер жағдайында көшбасшылық тәсілдерді талдайды, креативті ойлау мен эмоционалды интеллектті дамытады, командаларға арналған мотивациялық стратегияларды қалыптастырады. Ерекше көңіл этикалық және тұрақты көшбасшылықты цифрлық экономика мен бәсекелестік ортада қолдануға аударылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыртқы сауда қызметін басқару

    Пән халықаралық экономикалық қатынастардың нысандарын талдау, сыртқы сауда шарттарының шарттарын бағалау және халықаралық логистика мен кедендік реттеу саласындағы білімді қолдану дағдыларын қалыптастырады. Студенттер сыртқы экономикалық құқық нормаларын түсіндіреді, экспорттық-импорттық тауарлардың бағасын есептейді, жеткізу схемаларын әзірлейді және қаржылық әрі құқықтық факторларды ескере отырып сыртқы экономикалық қызметті оңтайландыру жөнінде шешімдер қабылдайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инновациялық менеджмент

    Пән инновациялық жобаларды әзірлеу, бағалау және басқару бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады. Студенттер инновациялық үдерістерді талдайды, технологиялық дамудың стратегияларын әзірлейді, инновациялардың тиімділігін бағалау әдістерін қолданады. Қазақстан Республикасындағы инновациялардың ерекшеліктері, мемлекеттік қолдау нысандары мен тәуекелдерді басқару әдістері зерделенеді, бұл тұрақты даму және инновациялық басқару құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Салықтар және салық салу

    Курс салық түрлерін анықтау, салық заңнамасын түсіндіру, салық нормаларын тәжірибеде қолдану, кәсіпорындардың салық міндеттемелерін талдау және салық саясатының есеп пен қаржылық нәтижелерге әсерін бағалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бұл үдеріс бухгалтерлік және басқарушылық есеппен интеграцияны ескере отырып жүзеге асырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Басқарушылық шешімдерді жасау

    Пән басқарушылық шешімдерді әзірлеу және бағалау құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Студенттер шешімдердің тиімділігіне әсер ететін факторларды талдайды, тәуекелдер мен белгісіздіктерді бағалайды, баламаларды негіздеу және таңдау әдістерін қолданады. Шешімдерді жүзеге асырудағы жоспарлау, бақылау және мотивация тәсілдері, сондай-ақ өндірістік және бизнес-ортадағы басқарушылық шешімдердің сапасы мен тұрақтылығын бағалау критерийлері меңгеріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • 1С: персоналды басқару

    Пән кадрлық есепті автоматтандыруға арналған 1С қолданбалы бағдарламалық жасақтамасын меңгеруге бағытталған. Студенттер ұйым құрылымын талдайды, штаттық кестені енгізеді, кадрлық құжаттарды (қабылдау, ауыстыру, жұмыстан шығару) ресімдейді, жұмыс уақытын есепке алады және есеп айырысу қызметімен өзара әрекет етеді. HR-практикалар аясында кадрлық үдерістерді сүйемелдеу және олардың тиімділігін бағалау үшін цифрлық құралдарды қолдану дағдылары меңгеріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ұйымдардағы әртүрлілік пен инклюзияны басқару

    Курс инклюзивті корпоративтік мәдениетті дамыту құзыреттерін қалыптастырады. Студенттер гендерлік, мәдени және жас ерекшеліктерін талдайды, кемсітудің себептері мен салдарын зерттейді, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету стратегияларын әзірлейді. DEI (diversity, equity, inclusion) қағидаларын кадрлық басқаруда қолдана отырып, инклюзияның ұйымдардың тұрақтылығы мен тиімділігіне әсерін бағалайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Басқару есебі

    Басқару есебі туралы жалпы түсінік. Шығындарды басқару. Материалдар мен еңбекақы шығындарының есебі. Өндірістік үстеме шығындардың есебі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар есебінің тапсырыстық әдісі. Калькуляциялаудың үрдіспе-үрдіс әдісі. Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау. «Шығын – өнім көлемі - пайда» қатынасын талдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Нақты ауыл шаруашылығында басқарушылық шешімдерді қабылдау

    Пән аграрлық салада цифрлық технологияларды қолдана отырып негізделген шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастырады. Студенттер егіншілік пен мал шаруашылығы үдерістерін талдайды, экономикалық тиімділікті есептейді, қаржылық талдау мен бағдарламалық жоспарлау әдістерін қолданады. Корм өндірісі мен сүтті мал шаруашылығын қоса алғанда, нақты және тұрақты егіншілік жағдайында өндірістік үдерістерді бағалау және оңтайландыру құралдары меңгеріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Менеджмент психологиясы

    Пән персоналды психологиялық тұрғыдан сауатты басқару дағдыларын қалыптастырады. Студенттер қызметкерлердің психотиптерін талдайды, басқару стильдерін бағалайды, сендіру мен сын айту техникасын қолданады. Қақтығыстану, мотивация, кадрларды іріктеу және ротация, көшбасшылық пен коммуникацияның психологиялық аспектілері зерделенеді. Ерекше назар басқарушылық қарым-қатынас психологиясына және басшы тұлғасының топтағы рөліне аударылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • 1С: кәсіпорынды басқару

    Пән «1С: Кәсіпорын» жүйесін есеп пен басқаруды автоматтандыру үшін қолдану дағдыларын қалыптастырады. Студенттер типтік конфигурацияларды меңгереді, кадрлық, кассалық, есептік, қоймалық, бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізеді, шаруашылық операцияларды талдайды және регламенттік есептерді әзірлейді. Оқыту қазіргі цифрлық технологияларды ескере отырып, кәсіпорын процестерін автоматтандыру дағдыларын дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Операцияларды басқару

    Пән өндірістік үдерістерді жоспарлау және оңтайландыру саласындағы құзыреттерді қалыптастырады. Студенттер операциялық стратегияларды талдайды, үдерістерді басқару әдістерін қолданады, бизнес пен АӨК-тегі операциялардың тиімділігін бағалайды. Инновациялық тәсіл, логистика, қорлар мен өндірістік ресурстарды басқару мәселелері қарастырылады. Ерекше назар жүйелік ойлау мен басқару тәжірибесінде операциялық зерттеулерді қолдануға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Салалар бойынша (ауыл шаруашылығы саласы) бизнесті ұйымдастыру

    Пән аграрлық салада бизнесті ұйымдастыру және жоспарлау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Студенттер кәсіпкерліктің түрлерін талдайды, құқықтық нысандардың, салық салу мен шарттық қатынастардың ерекшеліктерін анықтайды. Бизнес-жоспарлау қағидаттары, венчурлік жобаларды бағалау және әлеуметтік жауапкершілік мәселелері меңгеріледі. Ерекше назар тұрақты және тиімді ауыл шаруашылығы бизнесін ұйымдастырудағы жобалық тәсілге аударылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аграрлық сектордағы жобаларды басқару

    Пән аграрлық саладағы стартаптарды әзірлеу және негіздеу дағдыларын меңгеруге бағытталған. Студенттер маркетингтік және қаржылық жоспарларды әзірлейді, персонал мен аутсорсингке шығындарды бағалайды, инвестициялық ұсыныстарды талдайды. Ерекше назар шығындарды модельдеуге және жобалық команданы қалыптастыруға аударылады. Практикалық тапсырмалар стартаптар бойынша Excel бағдарламасын пайдалана отырып, шағын топтарда қаржылық жоспарлауды қамтиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономикалық талдау

    Экономикалық талдауды үйымдастыру. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері. Кәсіпорын ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау. Басқарушылық талдау. Маржиналдық талдау. AuditExpert, Ваш финансовый аналитик жүйелерінде қаржылық талдау: қаржылық ақпаратты талдаудың негізгі бағыттары, қаржылық тұрақтылықты талдау, капитал құрылымының көрсеткіштері, несие және төлемқабілеттілікті талдау, рентабельділікті талдау, кәсіпорынның банкроттық ықтималдығын талдау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бизнес-шешімдерге арналған эконометрика

    Пән басқарушылық шешімдерді қолдау үшін эконометриялық модельдерді құру және түсіндіру дағдыларын қалыптастырады. Студенттер ең кіші квадраттар әдісін қолданады, регрессиялардың статистикалық қасиеттерін талдайды, факторлардың маңыздылығын бағалайды және экономикалық көрсеткіштерді болжайды. Гипотезалардың бұзылуы, модельдердің барабарлығын тексеру және бизнес шешімдер қабылдауда регрессиялық талдауды пайдалану қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Адами ресурстарды басқару.

    Пән персоналды стратегиялық басқару туралы түсінік қалыптастырады. Студенттер HR-қызметінің функцияларын талдайды, мотивация, іріктеу және қызметкерлерді бағалау әдістерін меңгереді, басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын дамытады. Кәсіби өсу, командалық динамика және көшбасшылық мәселелері қарастырылады. Ерекше назар HR-тәсілдерді жаһандану мен бизнес-ортаның өзгеру жағдайларына бейімдеуге бағытталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бизнес-үдерістерді талдау

    Бизнес-процестерді анықтау. Бизнес-процестің элементтері. Бизнес-процестердің жіктелуі. Бизнес-процестерді модельдеу кезеңдері мен әдістері. Ұйымның бизнес-процестерінің жүйесі. Бизнес-процестерді басқару үшін аналитикалық көрсеткіштер жүйесін құру. Қолданыстағы және реттеуші бизнес үдерісінің үлгілері. Бизнес-процестің өзіндік құны мен шығындық моделі. Модельдеу нәтижелерін талдау. Процестің уақыттық сипаттамаларын және ресурстық параметрлерді модельдеу нәтижелерін талдау. Процестің тәуекелдерін талдау. Бизнес-процестерді оңтайландыру бойынша жобалардың негізгі түрлері. Өндірістің және сатылымның бизнес-процесстерін модельдеу. Белгісіздікте бизнес шешімдерін қабылдау және түзету әдістері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аграрлық менеджмент

    Пән аграрлық салада басқару дағдыларын дамытуға бағытталған. Студенттер АӨК ерекшеліктерін талдайды, ағымдағы және стратегиялық жоспарларды әзірлейді, тәуекелдерді бағалайды, персоналды бақылау және ынталандыру әдістерін қолданады. Ерекше назар дағдарысқа қарсы басқару, сапа менеджменті және өндірістік жүйелерді басқаруға аударылады. Курс ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өзгерістер жағдайында тиімді қызметін ұйымдастыру қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бизнесті стратегиялық басқару

    Пән бизнесті дамыту стратегияларын әзірлеу және іске асыру дағдыларын дамытуға бағытталған. Студенттер стратегиялық, тактикалық және операциялық басқару кезеңдерін талдайды, бизнестің тұрақтылығына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды бағалайды, стратегиялық даму жоспарларын әзірлейді, стратегияларды бағалау және енгізу әдістерін қолданады. Ерекше назар шағын бизнесті басқаруға, бизнес-операцияларға және шешім қабылдау үшін қаржылық ақпаратты қолдануға аударылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Басқарудағы ғылыми зерттеулердің негіздері

    Курс басқару саласындағы зерттеу құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Студенттер ғылыми талдау әдістерін меңгереді, зерттеу тақырыптарын таңдап, тұжырымдайды, деректерді іздеу, өңдеу және интерпретациялау тәсілдерін қолданады. Эксперимент жүргізу және болжау құралдарын игеріп, заманауи ғылыми тәсілдер негізінде басқарушылық шешімдерді негіздеу мен ұсынуда цифрлық технологияларды пайдаланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Көшбасшылық және команданы басқару

    Пән командалық өзара әрекеттесу және көшбасшылық саласындағы құзыреттерді қалыптастырады. Студенттер командалардың түрлерін талдайды, қатысушылардың рөлдерін анықтайды, көшбасшының жеке қасиеттерін бағалайды және тиімді командалар құру стратегияларын қолданады. Топтық динамиканы басқару, қақтығыстарды шешу және қызметкерлерді ынталандыру әдістері, сондай-ақ ұйымдастырушылық мінез-құлыққа психологиялық факторлардың әсері зерделенеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Макро және микроэкономикалық процестерді талдау мен бизнес шешімдерінің математикалық модельдерін әзірлеу.
  • Мүлік пен капиталдың жай-күйі туралы ақпаратты түсіндіру, шаруашылық операциялардың есебін жүргізу, салық міндеттемелерін және олардың әсерін талдау, салық саясаты мен қаржылық нәтижелердің тиімділігін бағалау, қаржы жүйелерінің жұмысын зерттеу, бюджеттік жоспарлау әдістерін қолдану және қаржы саясатын бақылау.
  • Еңбекті ұйымдастыру және кәсіпкерлікті дамыту кезінде нормативтік-құқықтық құжаттарға сыни көзқарасты қалыптастыру; нақты жағдайларда нормативтік-құқықтық актілерді талдау және қолдану; адамгершілік және құқықтық нормаларды ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мәселелері бойынша ұстанымын білдіру.
  • Жеке бизнесті құру негіздерін және маркетинг пен логистиканы басқару принциптерін, соның ішінде оларды агробизнесте пайдалануды іске асыру, жеткізудің логистикалық схемаларын әзірлеу мен қаржылық және құқықтық факторларды ескере отырып, сыртқы экономикалық қызметті оңтайландыру бойынша шешімдер қабылдау.
  • Корпоративтік тұрақтылық қағидаттары, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік, инклюзивтілік пен мүдделі тараптармен этикалық өзара әрекеттесу біріктірілген басқарушылық модельдерді әзірлеу және енгізу.
  • Өндірістің экономикалық тиімділігін есептеу, өндірістік процестерді, аграрлық өнімнің сапасын және кәсіпорындардың операциялық қызметін басқару, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында заманауи технологияларды енгізу, аграрлық менеджменттегі басқару шешімдерін бағалау.
  • Басқарушылық стратегияларды әзірлеу, көшбасшылық және командамен басқару әдістерін қолдану, адами ресурстарды басқаруды психология және инновациялық менеджмент қағидаттарын ескере отырып ұйымдастыру.
  • Коммуникативтік және басқарушылық құзыреттерді әзірлеу, soft skills дағдыларын кәсіби қызметте қолдану; стильді бизнес контекстіне бейімдей отырып, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде іскерлік қарым-қатынас жасау үшін кәсіби лексиканы пайдалану.
  • АӨК саласын қоса алғанда, әртүрлі салалардағы бизнес-процестерді талдау, автоматтандыру және оңтайландыру үшін ЖИ, цифрлық құралдар мен қолданбалы бағдарламаларды қамтамасыз етуді пайдалану, сондай-ақ мультимедиялық презентация құралдарын қолдану.
  • Басқару саласында ғылыми зерттеу әдістерін қолдану, аграрлық секторды қоса алғанда, кәсіпорындардың тұрақты даму қағидаттарын ескере отырып, бизнесті және инновациялық жобаларды басқару стратегияларын әзірлеу және олардың тәуекелдерін бағалау.
Top