6B02231 Тарих в Ясауи ат. ХҚТУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғылыми ұйымдар мен мекемелерде, мемлекеттік басқару саласында кәсіби қызметін жүзеге асыруға қабілетті, ғылыми-зерттеу және ұйымдастыру құзыреттерін меңгерген тарихшы-маман даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B034 Тарих
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
Академиялық жазбаға кіріспе
Пән академиялық жазбаның жанрлық ерекшеліктері мен құрылымын меңгеруге бағытталады. Білім алушылардың жазбаша ойды сауатты және жүйелі жеткізу, түрлі форматтағы академиялық мәтіндер (эссе, есеп, т.б.) құрастыру дағдылары дамытылады. Жазбаша тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын сақтау, ресми-академиялық стильде жазу құзіреттіліктері қалыптастырылады. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, халықаралық ғылыми дерекқорларды және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдылары игеріледі. Академиялық жазбалармен жұмыс барысында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәсілдері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақстанның ежелгі тарихы
Бұл пән ежелгі Қазақстан аумағындағы тарихи үдерістерді талдайды, зерттеу сұрақтарын айқындайды, олардың шешу жолдарын жоспарлау дағдыларын қалыптастырады. Студенттер тарихи құбылыстарды жаңа тарихи дереккөздер негізінде бағалауды, тарихи контексте қарастыруды және деректерге сүйене отырып, негізгі қорытындылар жасауды үйренеді. Қазақстанның ежелгі тарихына қатысты теориялық білімін тереңдетіп, ғылыми-зерттеу жүргізудің практикалық дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түрік тілі
Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ежелгі дүние тарихы. Еуропа
Бұл пән Ежелгі Грекия мен Рим мемлекеттерінің пайда болуы мен тарихи даму кезеңдерін, құл иеленушілік құрылыстың өріс алуына негіз болған әлеуметтік теңсіздік пен таптық қатынастардың қалыптасуын қарастырады. Пәнді оқу барысында студенттер тарих ғылымының теориялық-әдіснамалық негіздерін игеріп, тарихи құбылыстарды зерттеп, ғылыми зерттеудің нәтижелерін тұжырымдау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ежелгі дүние тарихы. Азия
Пән тарихи кезеңдердің өзекті мәселелері бойынша теориялық тұжырымдарды талдап, адамзаттың кейінгі дамуын анықтаған көне өркениеттер тарихын зерттейді. Ежелгі Шығыс елдері (Қытай, Мысыр, Үндістан, Таяу Шығыс т.б.) тарихына қатысы бар барлық мағлұматтар, алғашқы мемлекеттердің пайда болуы, мемлекеттік құрылысы мен әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері, әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы, дамуы мен дағдарысқа ұшырау мәселелерін қарастыруда дереккөздер мен тарихнамалық зерттеулерді қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Түрік тілі
Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Археология
Пән тарихи үдерістерді салыстырмалы-талдамалық және ғылыми-зерттеу тұрғыдан қарастыруды қамтиды. Білімгерлер тарих ғылымының теориялық-әдіснамалық негіздерін игеріп, адамзаттың тарихи-мәдени дамуының ерекшеліктерін, материалдық және рухани мәдениеттің қоғам өміріне тигізген ықпалын зерделеудің әдістерін меңгереді. Сондай-ақ тарихи деректерді зерттеп және сараптап, мұражайда көрме қызметін ұйымдастыруды үйренеді және археология саласында тарихи зерттеулерді салыстырмалы-талдамалық тұрғыдан қорытындылауға дағдыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет саласындағы зерттеу дағдылары
"Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет саласындағы зерттеу дағдылары" пәні студенттердің құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті дағдылар мен құзыреттерді дамытуға бағытталған білім беру бағдарламасының бөлігі болып табылады. Бұл пән студенттерді осы саладағы тиімді зерттеу тәсіліне дайындау мақсатында әдіснамалық құралдарды игеруді, құқықтық құбылыстарды талдауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді зерделеуді қамтиды. Бұл пән студенттердің құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жағдайларды талдау, зерттеу және бағалау дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ дербес ғылыми қызметке дайындалуға және өзекті әлеуметтік және құқықтық мәселелерді шешуге белсенді қатысуға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект негіздері
Пән жасанды интеллект саласындағы (ЖИ) негізгі ұғымдарды, ЖИ технологияларының архитектурасы мен жұмыс істеу принциптерін, қолдану әдістері мен мүмкіндіктерін оқытады. Курсты оқу барысында білім алушылар ЖИ технологияларының теориялық және практикалық негіздерін меңгеріп, оларды құқықтық және этикалық нормалар аясында кәсіби салалардағы міндеттерді шешуде тиімді қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағдыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ата-түрік принциптері
Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ғылыми зерттеу әдістері мен тәжірибесі
Пән студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Студенттер ғылымның мәнін, зерттеу логикасын және деректерді жинау мен талдау әдістерін меңгереді. Пән аясында студенттер гуманитарлық және археологиялық зерттеулерде сандық және сапалық талдау әдістерін меңгеріп, оларды архивтік деректермен жұмыс барысында қолдануды үйренеді. Сонымен қатар, тарихи дереккөздерді қолданып, тарихи құбылыстарды зерттейді және талдайды. Пән студенттерге ғылыми мекемелерде (архив, музей, зерттеу орталықтары және т.б.) деректерді жүйелеу, ғылыми жобалар мен көрме жұмыстарын ұйымдастыру дағдыларын дамытумен қатар, зерттеу нәтижелерін тұжырымдап және жариялау қабілеттерін жетілдіруге үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Икемді дағдылар
Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару, сондай-ақ инклюзивті ортада тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сонымен қатар, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды инклюзивті тәсілдерді ескере отырып тиімді қамтамасыз ете алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Көшбасшылық теориясы
Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркі мемлекеттер тарихы
Бұл пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және кешенді зерттеу дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын бағалау, көрсету және түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы
Пән орта ғасырлар кезеңіндегі әлемнің шығыс елдерінің тарихи даму үдерісін зерттеу арқылы терең және жан-жақты түсініктерді қалыптастырады. Курс барысында білім алушылар Азия мен Африка елдеріндегі феодалдық қатынастардың ерекшеліктерін, қоғамның әлеуметтік құрылымын, жер қатынастарын, саяси және тарихи оқиғаларды, шығыс қоғамындағы діннің рөлі мен мемлекеттердің халықаралық қатынастарын талдай отырып, тарих ғылымының теориялық-әдіснамалық негіздерін терең меңгереді, ғылыми гипотеза құруға дағдыланады. Тарихи дереккөздерді пайдаланып, зерттеу сұрақтарын айқындайды және ғылыми зерттеу үдерісін жоспарлайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ясауитану
Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ортағасырлық Қазақстан тарихы
Пән ортағасырлық Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын қамтиды. Білімгерлер түркі мемлекеттерінен Қазақ хандығына дейінгі тарихи үдерістерді талдап, тарих ғылымының теориялық-әдіснамалық негіздерін меңгереді және зерттеу үдерісін жоспарлау дағдыларын қалыптастырады. Архивтік және тарихи деректерге сандық, сапалық талдау әдістерін қолданып, тарихи құбылыстарды ғылыми тұрғыда зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Түркістан тарихы
Бұл пән Түркістан қаласының көне дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі саяси, әлеуметтік және мәдени дамуын ғылыми тұрғыда зерделеуге бағытталған. Пән мазмұны археологиялық, жазба және ауызша дереккөздерге сүйене отырып, Түркістан тарихының негізгі кезеңдерін талдауды және өңірдің тарихи дамуының заңдылықтарын түсіндіруді қамтиды. Студенттер тарих ғылымының теориялық және әдістемелік қағидаттарын терең меңгеріп, зерттеу нысанын айқындау мен ғылыми болжам жасау арқылы ғылыми жұмысты жоспарлауға дағдыланады. Сонымен қатар, білім алушылар зерттеу нәтижелерін жинақтап, жүйелеп, ғылыми тұрғыда ұсыну қабілеттерін жетілдіреді, тарихи-мәдени мұраны талдау мен бағалау бағытында сараптамалық және талдамалық қызмет атқаруға машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тарихи география
Пән мемлекеттердің әлемдік саяси картада қалыптасуы мен орналасуын, олардың саяси құрылысы мен геосаяси жағдайын, сыртқы саясатын және халықаралық қатынастардағы орнын зерттейді. Сондай-ақ қоғам мен географиялық ортаның өзара байланысын, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының пәнаралық интеграциясын қарастырады. Пән тарих ғылымының теориялық және әдістемелік қағидаттарын жан-жақты меңгеруге бағытталған. Білім алушылар ғылыми болжам жасап, зерттеу мәселелерін нақтылау арқылы зерттеу жұмысын ұйымдастыруды үйренеді. Сондай-ақ заманауи тарихи дереккөздер негізінде зерттеу тәсілдерін игеріп, тарихи үдерістерді ғылыми тұрғыда зерделейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тарихи өлкетану
Бұл пән студенттерге туған өлкенің тарихи дамуы мен мәдени ерекшеліктерін зерттеу дағдыларын қалыптастырады. Студенттер өлкетанудың теориялық негіздері мен зерттеу әдістерін қолдана біледі. Архивтік деректерді талдап, сандық және сапалық әдістерді қолданады, тарихи деректерді сараптап, музейлік көрме жұмыстарын ұйымдастыруды үйренеді. Сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны сақтау мен дәріптеу барысында сараптау және талдау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы
Пән Шығыс елдерінің Ұлы географиялық ашылулар дәуірінен Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени дамуын, Батыс державаларының отарлық саясатын және Азия мен Африка елдерінің тарихи ерекшеліктері мен өркениеттік жетістіктерін әлемдік тарихи даму аясында қарастырады. Студенттер тарих ғылымының теориялық және әдістемелік негіздерін меңгеріп, зерттеу нысанын анықтау мен ғылыми болжам жасау арқылы зерттеу жұмысын жоспарлауды үйренеді. Сонымен қатар, жаңа тарихи дереккөздерге сүйене отырып, ғылыми-зерттеу әдістерін қолдану және тарихи үдерістерді кешенді түрде талдау дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Орта ғасырлардағы Батыс елдерінің тарихы
Бұл пән Батыс Еуропадағы феодалдық құрылыстың қалыптасуын, әлеуметтік құрылымын, шаруашылық түрлерін және мемлекеттердің дамуын қарастырады. Студенттер ғылыми зерттеу үдерісін жоспарлауға дағдыланады, тарихи дереккөздерге сүйене отырып, зерттеу жүргізуді, нәтижелерді тұжырымдауды және оларды рәсімдеу дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы
Пән Еуропа мен Америка елдерінің халықаралық қатынастардағы даму ерекшеліктері мен негізгі үрдістерін, жаңа дәуірдегі саяси, экономикалық және мәдени өзгерістерді қарастырады. Студенттер тарих ғылымының теориялық және әдістемелік негіздерін терең меңгеріп, зерттеу нысанын айқындау мен ғылыми болжам жасау арқылы зерттеу жұмысын ұйымдастыруды үйренеді. Сонымен қатар, жаңа тарихи дереккөздерге сүйене отырып, ғылыми-зерттеу әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастырып, тарихи үдерістер мен құбылыстарды жан-жақты талдауға машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы
Пән XVIII-XXI ғасырлардағы Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын, сондай-ақ Ресей империясының отарлық саясатын, ұлт-азаттық және Алаш қозғалыстарын, кеңестік жүйенің орнығуы мен тәуелсіз Қазақстанның даму кезеңдерін қамтиды. Студенттер тарих ғылымының теориялық және әдіснамалық қағидаттарын терең игеріп, ғылыми болжам қалыптастыру мен зерттеу тақырыбын нақтылау арқылы зерттеу үдерісін ұйымдастыру дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, архивтік деректермен жұмыс барысында сандық және сапалық талдау тәсілдерін меңгеріп, жаңа тарихи материалдар негізінде тарихи үдерістер мен құбылыстарды кешенді түрде талдау қабілеттерін жетілдіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркия Республикасының тарихы
Түркия Республикасының демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму жолындағы әлеуметтік-саяси және мәдени реформалары, түрік мемлекетінің заманауи өркениет деңгейіне жету жолдары қарастырылады. Зерттеу сұрақтарын айқындау және ғылыми зерттеу үдерісін жоспарлау дағдыларын қолдана отырып, Түркия Республикасының қоғамдық институттарының тарихи қалыптасуы мен қазіргі жағдайының ерекшеліктерін зерттейді. Сондай-ақ, жаңа тарихи дереккөздер негізінде ғылыми зерттеу жүргізу әдістерін қолдана отырып тарихи құбылыстарды сыни тұрғыдан талдау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстанның жаңа заман тарихы
Бұл пән Қазақстанның жаңа заман дәуіріндегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени үдерістерді жан-жақты талдауға бағытталған. XVIII ғасырдың екінші жартысынан XX ғасырдың басына дейінгі тарихи оқиғалар мен ұлт-азаттық қозғалыстардың мазмұнын зерттейді. Студенттер тарих ғылымының теориялық және әдіснамалық негіздерін терең игеріп, ғылыми тұжырым қалыптастыруды үйренеді. Архивтік материалдармен жұмыс барысында сандық және сапалық зерттеу тәсілдерін пайдалану машығын дамытады және жаңа тарихи дереккөздерге сүйене отырып, тарихи құбылыстарды зерделеу мен сараптау қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлемдік өркениеттер тарихы
Пән қоғам мен мемлекеттің ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі даму бағыттары мен заңдылықтарын әлеуметтік және мәдени-тарихи тұрғыда зерделеуге бағытталған. Студенттер жаңа тарихи дереккөздер негізінде ғылыми зерттеу әдістерін меңгеріп, тарихи мәліметтерді талдау, жүйелеу және ғылыми тұрғыда қорыту дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, өркениеттердің даму тұжырымдамаларын салыстырып, «өркениет» ұғымының мазмұнын аймақтық, мәдени және діни тұрғыдан талдап, өркениеттер типологиясын жіктеу қабілеттерін жетілдіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қосалқы тарихи пәндер
Пән кәсіби қызметте қолдануға қажетті тарихи білім мен зерттеу дағдыларын қалыптастырып, қосалқы тарихи пәндердің негізгі ұғымдары мен олардың ғылыми маңызын қарастырады. Білім алушылар тарих ғылымының теориялық және әдістемелік қағидаттарын игеріп, зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен тарихи-мәдени мұраны талдау және бағалау бағытында сараптамалық қызмет атқаруға машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мұрағаттану
Пән мұрағат ісінің теориялық негіздері мен қағидаттарын, негізгі әдістері мен терминологиясын, құқықтық жүйесін және оның тарихи дамуын қамтиды. Сонымен қатар, құжаттарды құрылымдау, жүйелеу және сақтау тәсілдері қарастырылады. Студенттер тарихи-мәдени мұра саласында талдау, архивтік деректерді жинақтау, өңдеу және сараптау арқылы ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытып, рәсімдеу және жариялау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Этнология
Бұл пән дүниежүзі халықтарының ерекшеліктері, географиялық орналасуы, антропологиялық, шаруашылық-мәдени түрлері бойынша классификациялануы, тілдік ерекшеліктеріне байланысты бөлінуі, олардың этногенезі мен этникалық тарихы және этнографиялық зерттелу деңгейі туралы түсініктер қалыптастуын және әртүрлі этникалық топтардың дәстүрлі шаруашылығы, рухани және материалдық мәдениетін қарастырады. Пәнді оқу барысында студенттер зерттеу процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру дағдыларын меңгеріп, ұйымдастырушылық және басқару жұмыстарын жүргізуге дағдыланады. Ғылымның өзекті мәселелері бойынша теориялық тұжырымдамаларды және заманауи ұстанымдарды жан-жақты меңгеріп, мұражайда көрме қызметін ұйымдастыруды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы
Пән Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Шығыс, Азия және Африка елдерінің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуын, олардың ХХ–ХХІ ғасырлардағы халықаралық қатынастардағы орнын және тарихи тұлғалардың ықпалын зерделейді. Студенттер тарих ғылымының теориялық және әдістемелік қағидаттарын меңгеріп, архивтік материалдарды кешенді талдау тәсілдерін қолдану арқылы тарихи үдерістер мен құбылыстарды терең түсінуге және ғылыми тұрғыда бағалауға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Орталық Азия елдерінің тарихы
Пән Орталық Азия елдерінің тарихи кезеңдердегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын зерттейді. Аймақтың тарихи сабақтастығы мен мәдени ықпалдастығын талдауда, тарих ғылымының теориялық-әдіснамалық негіздерін терең игереді. Архивтік дереккөздер мен тарихнамалық еңбектерге сандық және сапалық талдау әдістерін қолданады. Жаңа тарихи дереккөздер негізінде ғылыми зерттеу әдістерін игеріп, өңірдің халықаралық қатынастар жүйесіндегі орнын бағалауды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы
Пән ХХ ғасырдың екінші жартысынан бүгінгі күнге дейінгі Еуропа мен Америка елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын, сондай-ақ жаһандану жағдайындағы өзара ықпалдастық пен интеграциялық үдерістерді зерттейді. Студенттер зерттеу нысанын айқындап, ғылыми қорытынды жасау арқылы тарихи зерттеу жүргізу іскерлігін меңгеріп, заманауи дереккөздермен жұмыс істеу және оларды талдау дағдыларын жетілдіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Тарихи мәтінді ғылыми тұрғыда өңдеу
Пән тарихи мәтіндерді ғылыми тұрғыда өңдеу және деректерді сыни тұрғыдан бағалау әдістерін қарастырады. Тарих ғылымының теориялық-әдіснамалық негіздеріне сүйене отырып ғылыми тұжырымдар мен гипотезалар қалыптастыруға дағдыланады. Білімгерлер архивтік деректерді зерттеуде сандық және сапалық әдістермен өңдеу дағдыларын меңгереді және жаңа тарихи дереккөздер негізінде зерттеу нәтижелерін ғылыми тұрғыда рәсімдеуді үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Қазақстанның қаізргі заман тарихы
Пән ХХ ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның тарихи үдерістері мен құбылыстарын, тәуелсіз мемлекет ретінде саяси жаңғыруы мен ұлттық дамуын тарихи сабақтастық негізінде қарастырады. Студенттер зерттеу тақырыбын айқындап, ғылыми тұжырым қалыптастыру арқылы зерттеу жұмысын жоспарлауды және заманауи тарихи дереккөздер негізінде тарихи үдерістерді талдауды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Деректану
Пән білім алушылардың тарихи деректерді іздеу, сұрыптау, талдау және түсіндіру қабілеттерін жетілдіруге бағытталған. Курста деректанудың теориялық және әдістемелік негіздері, негізгі ұстанымдары, деректерді жүйелеу мен топтастыру тәсілдері және дереккөздермен жұмыс істеудің кезеңдері қамтылады. Студенттер архивтік материалдармен жұмыс барысында талдау мен бағалау әдістерін қолдануды үйреніп, жаңа тарихи дереккөздер негізінде зерттеу жүргізудің ғылыми тәсілдерін меңгеріп, тарихи үдерістер мен құбылыстарды жан-жақты сараптай біледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы
Пән қазақ халқының отарлық езгіге қарсы күрес кезеңдерін, азаттық қозғалыстардың себептері мен салдарын, ірі ұлт-азаттық көтерілістердің тарихи маңызы мен ерекшеліктерін, жетекші тұлғалардың рөлін және тәуелсіздік идеясының қалыптасуы мен дамуын жан-жақты зерттеуге бағытталған. Студенттер тарих ғылымының теориялық және әдістемелік негіздерін терең меңгеріп, архивтік деректерді талдауда сапалық зерттеу тәсілдерін қолдану дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, жаңа тарихи дереккөздерге сүйене отырып, тарихи үдерістер мен құбылыстарды ғылыми тұрғыда талдау қабілеттерін жетілдіреді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тарихи-мәдени туризм және ескерткіштерді қорғау
Пән тарихи-мәдени мұра нысандарын зерттеу, сақтау және туризм саласында тиімді пайдалану қағидаттарын қамти отырып, мәдени туризмнің теориялық негіздерін, тарихи ескерткіштердің түрлері мен жіктелуін, оларды қорғау, қайта жаңғырту және туристік маршруттарға енгізу тәсілдерін қарастырады. Студенттер тарихи деректерді талдау, жүйелеу және бағалау дағдыларын меңгеріп, тарихи-мәдени мұра саласында талдамалық және сараптамалық жұмыстарды орындау қабілеттерін дамытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тарих ғылымының методологиясы
Пән тарихты зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері мен тарихи танымның қағидаттары мен тәсілдерін, сондай-ақ деректерді талдау, интерпретациялау және заманауи методологиялық бағыттарды қамтиды. Тарих ғылымының теориялық-методологиялық іргетасын жан-жақты меңгеріп, тың тарихи дереккөздер негізінде ғылыми ізденіс жүргізу жолдарын игереді, зерттеу нәтижелерін жүйелеп, рәсімдеп, ғылыми ортада жариялайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Қазақ хандығының тарихы
Пән ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасу тұрғысынан Қазақ хандығының пайда болуы, өркендеуі мен әлсіреуін, оның саяси және әлеуметтік маңызын, сондай-ақ билеушілердің тарихи үдерістегі рөлін деректер мен ғылыми зерттеулер негізінде талдауға бағытталған. Студенттер тарих ғылымының теориялық және әдістемелік негіздерін терең меңгеріп, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды ғылыми тұрғыда талдау және бағалау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ресей мемлекетінің тарихы
Пән ІХ ғасырдан ХХІ ғасырдың басына дейінгі Ресейдің әлеуметтік, саяси және мәдени дамуын, оның тарихи кезеңдері мен өзіндік ерекшеліктерін әлемдік тарихи үдерістер контексінде сараптайды. Студент зерттеу мәселелерін нақтылап, ғылыми ізденіс барысын жобалайды; архивтік материалдарды талдауда сандық және сапалық зерттеу тәсілдерін меңгеріп, тиімді қолданады; тарихи процестер мен құбылыстарды жан-жақты зерделей алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Тарихи процесс және таным теориясы
Пән әлем тарихындағы тарихи үдерістердің пайда болу себептері, негізгі кезеңдері мен нәтижелерін, сондай-ақ тарих философиясы мен методологиясының басты теориялары мен ұғымдарын қарастырады. Студенттер тарих ғылымының теориялық және әдістемелік қағидаттарын терең меңгеріп, тарихи зерттеу жүргізудің заманауи тәсілдерін игереді және жаңа дереккөздер негізінде тарихи құбылыстарды ғылыми тұрғыда талдау қабілеттерін дамытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Тарихнама
Пән тарих ғылымының қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын айқындап, отандық және шетелдік тарихшылар еңбектері негізінде тарихи танымның дамуына әсер еткен ғылыми бағыттар мен мектептердің теориялық ұстанымдарын қарастырады. Студенттер архивтік деректермен жұмыс істеуде сандық және сапалық талдау әдістерін меңгеріп, жаңа тарихи дереккөздер негізінде ғылыми зерттеу жүргізу тәсілдерін игереді және оның нәтижелерін жүйелі түрде қорыта алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түркі халықтарының тарихы
Пән ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі түркі халықтарының этногенезін, этникалық және мәдени қалыптасуын, әлеуметтік-саяси дамуының кезеңдерін, сондай-ақ қазіргі түркітілдес мемлекеттердің өзара байланысы мен әлемдік геосаясаттағы маңызын және олардың өркениетке қосқан үлесін тарихи деректер негізінде сараптайды. Білімгер тарихи зерттеу нәтижелерін жинақтап, қорытындылап, ғылыми негізде рәсімдей алады; жаңа дереккөздерге сүйене отырып, зерттеу тәсілдерін игеріп, тарихи оқиғалар мен үдерістерді терең талдап түсіндіреді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан тарихын зерттеудің теориялық- әдістемелік негіздері
Пән Қазақстан тарихындағы оқиғалар мен үдерістерді қазіргі заманғы теориялық-әдіснамалық тұрғыдан зерттеп, кезеңдеу мен интерпретациялау тәсілдерін анықтайды, түрлі ғылыми бағыттарды қолдану тәжірибесін, тарихи сананы қалыптастырудың концептуалдық негіздерін және отандық тарихнаманың өзекті мәселелерін қарастырады. Студент тарихи деректерді жүйелеп, талдап, интерпретациялау арқылы архив материалдарын зерттеуде сандық және сапалық талдау әдістерін меңгеріп, ғылыми зерттеуде тиімді қолдана алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 7
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде, инклюзивті қағидаттарды ескере отырып, өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті және қаржылық сауаттылықты қалыптастырады
- Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
- Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазу негіздерін меңгереді, академиялық адалдық принциптерн негізге ала отырып жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданады
- Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
- тарих ғылымының теориялық-әдіснамалық негіздерін терең игеріп, ғылыми гипотезаны құру, зерттеу сұрақтарын айқындау арқылы ғылыми зерттеу үдерісін жоспарлайды
- жинақтап, сипаттап және ғылыми талдап, архивтік деректерді есепке алады
- Жаңа тарихи дереккөздер негізінде ғылыми зерттеу жүргізу әдістерін игеріп, тарихи құбылыстарды зерттейді.
- Ғылыми зерттеудің нәтижелерін тұжырымдап, рәсімдеп, жариялайды.
- Тарихи деректерді талдап, сұрыптап және бағалап, мұражайда көрме қызметін ұйымдастырады.
- Археология саласында тарихи зерттеулерді салыстырмалы-талдамалық тұрғыдан зерттеп, қорытындылайды.
- Тарихи мәдени мұра саласында сараптамалық-талдамалық қызметті жүзеге асырады.