Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02101 Дәстүрлі музыка өнері в Yessenov University

Пәндер

  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пәннің мақсаты-студенттерде қоғамның жұмыс істеуінің құқықтық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды дамыту туралы кешенді білімді қалыптастыру. Курс шеңберінде Қазақстан Республикасының құқық жүйесінің негізгі ұғымдары, салалары, адам құқықтарын іске асыру және қорғау тетіктері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың мәні, себептері мен салдары зерделенеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы іс-қимылға бағытталған белсенді азаматтық ұстаным мен мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Сольфеджио

    Пәннің негізгі мақсаты- орындаушының жоғары белсенділігін дыбысталу құралдарымен тәрбиелеу, музыкалық естудің кәсіби сапасын жетілдіру. Бұл пән студенттердің есту, тыңдау, әнді дұрыс айту, нотадан музыкалық мысалдарды қарап оқу қабілетін дамытуға бағытталған "Сольфеджио" пәні музыкалық есту қабілетін және оның барлық компоненттерін жан-жақты дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Музыка теориясы

    Пәннің мақсаты - музыка теориясының музыкалық білім заңдылықтарынан толық мәлімет беру. Пән мазмұнында музыка теориясының негізігі ұғымдары, музыка өнерінің ғылыми заңдылықтары, принциптері, негізгі әдіс-тәсілдері сипатталады, бұл теориялық мәліметтер болашақ мамандардың кәсіби маңызды білімдерін терендетуге мүмкіншілік жасайды. Осы теориялық білімдер жалпы студенттердің интеллектуалдық дамуына жағымды әсер етіп, қажетті кәсіби қабілеттерді тәрбиелеуге жол береді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мамандыққа кіріспе 1

    Пәнді меңгерудің мақсаты – дәстүрлі музыкалық орындаушылық музыкант мамандығының жан-жақтылығы туралы түсінік қалыптастыру, одан әрі кәсіби дайындыққа негіз жасау. Пәннің мазмұны: музыканттың тарихи кезеңдердегі негізгі қызмет бағыттары, кәсіби музыканттың әлеуметтік қоғамдағы тағайындалуы мен рөлі, дәстүрлі музыкалық аспаптар, олардың мақсаты мен рөлі, дәстүрлі эпостардың түрлері, музыкалық стильдер мен бағыттар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздері

    Пән студенттердің кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және қаржылық тұрғыдан ұтымды әрекет ету салаларында базалық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу студенттердің кәсіпкерлік ойлау қабілетін, қаржылық жауапкершілігін, стратегиялық жоспарлау дағдыларын және қазіргі нарықтық экономика жағдайларына бейімделу қабілетін дамытуға ықпал етеді. Пән аясында кәсіпкерліктің негізгі ұғымдары, бизнестің құқықтық және ұйымдық нысандары, жеке істі құру және дамыту кезеңдері, сондай-ақ бизнес-жоспарлау негіздері мен тәуекелдерді бағалау мәселелері қарастырылады. Ерекше назар қаржылық сауаттылыққа аударылады: бюджет құру, жеке және кәсіпкерлік қаржыны басқару, несиелеу, салық салу және инвестициялық қызметті түсіну.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Мамандыққа кіріспе 2

    Пәннің мақсаты дәстүрлі музыкалық өнердің әртүрлі мектептері мен бағыттарында қалыптасқан әдістер мен иірімдерді,сондай-ақ халықтық аспаптарда ойнауды үйрету,дәстүрлі ән айтуды үйрету,үйрену әдістемесі. Оқу нәтижесінде студент аспапта ойнауды ,домбырамен ән айтуды үйренеді, әдістерін меңгереді және оларды өзінің педагогикалық қызметінде қолдана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Негізгі музыкалық аспап 1: Домбыра

    Пәннің мақсаты: домбыраның негізгі музыкалық аспабы туралы түсінік қалыптастыру, қарапайым репертуардағы шығармаларды негізгі музыкалық аспап домбырада мәнерлеп ойнауға үйрету. Пәннің мазмұнында домбыра аспабы туралы жалпы түсінік, шығу тарихы, оның түрлері, домбыраның құрылысы, орындаушының отырысы, екі қол қойылымымен перне басып ойнау, ноталардың пернеде орналасуымен таныстырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Негізгі музыкалық аспап 1: Баян

    Пәннің мақсаты-баян негізгі музыкалық аспабы туралы түсінік қалыптастыру, қарапайым репертуардағы шығармаларды баян негізгі музыкалық аспабында мәнерлеп ойнауды үйрету. Пәннің мазмұны: музыкалық-теориялық білім негіздері, баян аспабының шығу тарихы, орындаушылық іс-қимыл негіздері мен дағдылары, орындаушының дұрыс отыруы, қолдың, саусақтардың дұрыс орналасуы, аспапта ойнауды үйрету әдістері, ойнаудың негізгі тәсілдері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жыр қоры

    Пәннің мақсаты – жыр қорын қалыптастыру үшін қазақ дастандарын оқып-үйрену, эпикалық шығармалардағы ұқсастықтарды ажырата білу. Пән қазақ халқының жыр мұрасын зерттеуге бағытталған. Пәннің мазмұны: Қазақтың әртүрлі тақырыптағы жырлары- батырлар жыры, тарихи жырлар, ғашықтық жырлар, т.б. Пән жырларды мазмұны мен формасына қарай жіктеуге, өзіндік репертуар жасауға, дастандардың жеке стильдері мен орындаушыларын білуді меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Негізгі музыкалық аспап 1: Қобыз

    Пәннің мақсаты –негізгі музыкалық аспап- қобыз туралы түсінік қалыптастыру, негізгі музыкалық аспап-қобызда қарапайым репертуардағы шығармаларды мәнерлеп ойнауға үйрету. Пәннің мазмұнында аспапта ойнауды үйрету әдістері, ойынның негізгі тәсілдері, қобыз аспабының шығу тарихы, орындаушылық қимыл-әрекеттер тәсілдерінің негіздері мен дағдылары, қобызшының отырысы, аспапты орналастырылуы, қолдардың қойылымы, саусақтардың шекте орналасуы, ысқыны ұстау тәсілдері, саусақтардың және қолдың ойнаудағы қимылдарын игеру және үйлестіру, ысқы арқылы дыбысты шығару тәсілдері, позициялармен жұмыс әдістерін қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дауысты қойдырту

    Пәннің мақсаты – вокалды педагогика мен музыкалық білімнің даму тенденциясына сүйеніп, ән айтудың резонанстық техникасы негізінде білім алушылардың дәстүрлі дауысын қалыптастырудың мәні мен мазмұндық базасын анықтау. Пән мазмұнында адамның физиологиялық құрылымына байланысты вокалды дағдылардың қалыптасу заңдылықтары, дауысты қойдыртуда резонансты техниканы негізгі әдістеме ретінде қолданудың тиімді және тиімсіз жақтары талқыланады. Пән білім алушыларға халықтық жырлар мен әндерді орындауда дәстүрлі аспаптардың сүйемелдеуінде дауысты дұрыс қоя білудің теориялық негіздемесін меңгертуге арналады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Фортепиано

    Пәннің мақсаты – фортепианода ойнау шеберлігі мен дағдыларын қалыптастыру, студенттердің фортепианода орындаушылыққа бағытталған кешенді қабілеттерін дамыту, парақтан оқу, фортепианолық күрделі емес репертуардан эскизді өту дағдыларын қалыптастыру. Фортепианоға дайындық музыкалық білім беру саласындағы кәсіби оқытудың маңызды элементі болып табылады, себебі, білім алушылардың музыкалық қабілеттерін дамытып, орындаушы мен тыңдаушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Негізгі музыкалық аспап 2: Домбыра

    Пәннің мақсаты – негізгі музыкалық аспап ретінде домбыра аспабын тартуды есту арқылы үйрену әдістерін меңгерту. Пәннің мазмұнында аппликатура, этюд, гамма, арпеджио,аккорд, динамикалық белгілер, ноталарды бірден оқу дағдыларын, ән мен күйдің, жырдың жанрлық ерекшеліктерін, домбырада ойнау әдістерін қарастырады. Нәтижесінде ырғақ сезімін дамытуға, халық аспабында ойнай білуге, музыкалық қабілеттілігін жетілдіруге, музыкалық шығармада жұмыс істей білуге, репертуарды жоғары көркемдік деңгейде орындауға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жыр орындау өнері

    Пәннің мақсаты – эпикалық шығармалардың жанрлық, стильдік, мазмұндық ерекшеліктерін ескере отырып, дастандарды орындау білігі мен дағдыларын қалыптастыру, студенттердің эпостық орындауға қажетті музыкалық қабілеттер мүмкіндігін дамыту. Бұл курс түрлі орындаушылық мектептердің қазақ дастандарын орындау негіздерін меңгертіп, әуендерді аспапқа бейімдеуге дағдыландырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Музыкалық компьютерлік бағдармалар

    Пәннің мақсаты – музыкалық компьютерлік технологиялармен, музыкалық шығармалармен, аудио және MIDI редакторлармен жұмыс істеу барысында музыкалық бағдарламаларды толыққанды меңгеру әдістемесін игеру. Студенттер заманауи бағдарламалық және ақпараттық құрылғыларды пайдалана отырып, музыкалық жобаларды рәсімдеуді және жүзеге асыруды үйренеді. Курс шеңберінде музыкалық туындыларды жасау, өңдеу және орындау үдерістеріне заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні (AI) енгізуге ерекше назар аударылады. Сабақ барысында музыка генерациясы, автоматты аранжировка, аудионы талдау және дыбыс сапасын жақсарту үшін қолданылатын жасанды интеллект құралдары қарастырылады. Сонымен қатар, студиялық және концерттік тәжірибеде қосымша ақпараттық жабдықтарды пайдалану жолдары оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Гармония

    Пәннің мақсаты– теориялық және практикалық сабақтардың байланысына негізделеді. Гармония пәнін меңгеру үшін оның заңдылықтары мен қасиеттерін игеріп, форма, фактура, метроритм, әуен және басқа да музыкалық тілдің компонеттерімен байланыстырылып, үйретіледі. Студенттердің музыкалық және жалпы мәдениеттік ой-өрісін кеңейтіп, дамытады. Музыка өнерінің көркемдік әсемдігін айыра білуге және қабылдаудағы сезімталдылықты дамытады. Пәнді меңгеру барысында берiлген музыкалық шығарманы сольфеджиолау, гармонизациялау және фортепиано аспабында орындау білігі қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Негізгі музыкалық аспап 2: Баян

    Пәннің мақсаты – негізгі музыкалық аспап ретінде баян тартуды есту қабілеті арқылы үйрену әдістерін меңгерту. Пәннің мазмұнында баянда орындалатын шығармалардың жанрлық ерекшеліктері, техникалық ойнау мәнері, нота графикасының ерекшеліктері, аспаптың бойындағы ноталық дыбыстар, ноталарды бірден оқи алатын дағдыларды меңгерту жолдары қарастырылады. Білім алушылар ойынның белгілі бір тәсілдерін меңгереді , баянда ойнау шеберлігін дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Негізгі музыкалық аспап 2: Қобыз

    Пәннің мақсаты – негізгі музыкалық аспап ретінде қобыз аспабын тартуды есту қабілеті арқылы үйрену әдістерін меңгерту. Пәннің мазмұнында тембр өзгерту және дыбыс күшін реттеу, гаммалар, этюдтер, арпеджио арқылы орындаушылық техникасын арттыру, дыбыс шығару мәдениеті, динамикалық белгілер, қарапайым әуендерді естіп орындау. Нәтижесінде ырғақ сезімін дамытуға, халық аспабында ойнай білуге, музыкалық қабілеттілігін жетілдіруге, музыкалық шығармада жұмыс істей білуге, репертуарды жоғары көркемдік деңгейде орындауға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Негізгі музыкалық аспап 3: Домбыра

    Пәннің мақсаты- негізгі музыкалық аспап домбыраны кәсіби орындаушы деңгейінде меңгеру, концерттік орындау мәдениетін қалыптастыру. Пәннің мазмұны аспаптық тәжірибенің іргелі принциптерін, концерттік орындауды, аспапта орындау шеберлігін, музыкалық шығармалармен өз бетінше жұмыс істей білуді қарастырады. Білім алушылар домбыра аспабында орындалатын дәстүрлі күйлердің түрлерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аспаптану

    Пәннің мақсаты - қазақ халық аспаптарының оркестрлері мен фольклорлық ансамбльдерінің құрамы ,музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембрі (бояуы), динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны, бөлінетін топтары, дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиеті дыбыс шығару тәсілі, бұрауы жан-жақты мәлімет беріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Фольклорлық ансамбльмен ән орындау

    Пән мақсаты – музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен ән айтудың, авторлық интерпретацияға сәйкес орындаудың негізгі теориялық және практикалық мәселелерін үйрету. Пән музыкалық сүйемелдеумен әнді жеке орындаудың, өзін-өзі сүйемелдеудің, хор класын және топ орындаушыларды сүйемелдеудің амалдарын зерделеуге бағытталған. Пән мазмұны әнді көркем орындаудың, сопрано, альт, ерлер партияларымен, балалар ұжымымен жұмыс істеудің дағдыларын, олардың шеберлігін қалыптастыру жолдарын оқытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дауыс физиологиясы

    Пәннің мақсаты -вокалды педагогика мен музыкалық білімнің даму тенденциясына сүйеніп, ән айтудың резонанстық техникасын меңгереді. Білім алушылардың дәстүрлі дауысын қалыптастырып мәні мен мазмұндық базасын анықтауды үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты- жоғары кәсіби білімді, тарихи жүйеленген тәжірибелік және қазіргі заманғы дамыған музыкалық білім беру әдістері мен дағдыларды қамтыған білім негіздерін меңгерту. Студенттердің бойында орындаушылық дағдыларын біліктерді қалыптастыра отырып түрлі бағытта, жанрлар формалар стильдерде жазылған шығармаларды біріктіре отырып, орындаушылық репертуарды меңгерту, қалыптастыру. Студенттерді музыкалық, жыраулық өнерге баулу, оқыту жүйесімен қатар арнайы пәндерден дәріс беруге де машықтандыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Орындаушылық өнер тарихы

    Пәннің мақсаты – орындаушылық өнердің тарихи дамуының негізгі кезеңдері, заңдылықтары, тенденциялары туралы түсініктерді қалыптастырып, орындаушылық өкілдерінің өмірбаянымен жан-жақты танысу, халық шығармаларының шығу тарихынан, кейінгі ұрпаққа жеткізушілері жайында кең мағлұмат беру. Қазақстанның барлық аймақтарындағы орындаушылық дәстүрдің ерекшеліктері мен айырмашылықтарына мән беру, орындаушылық өнер тарихы жөнінде кәсіби білімдерді қалыптастыру, орындаушылық мектептердің принциптері мен әдістері, түрлі көркемдік стильдерді, орындаушылық бағыттарды бағдарлау қабілетін тәрбиелеу туралы білім беруді қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрақты даму

    Пәннің мақсаты – қазіргі заманғы қауіп-қатерлер жағдайында адамның тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін және қоғамның тұрақты дамуы қағидаттарын жүйелі түрде түсінуді қалыптастыру. Курс адамның денсаулығына, қауіпсіздігіне және өмір сүру сапасына әсер ететін факторларды, төтенше жағдайлардың алдын алу, халықты және қоршаған ортаны қорғау тетіктерін зерттеуге бағытталған. Экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және климаттың өзгеруіне бейімделу жолдарына ерекше көңіл бөлінеді. Студенттер тұрақты даму тұжырымдамасымен танысып, экономикалық өсу, әлеуметтік тұрақтылық және болашақ ұрпақ үшін табиғи ресурстарды сақтау арасындағы тепе-теңдіктің маңызын түсінеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Зерттеуге және академиялық жазуға кіріспе

    Пәннің мақсаты: кәсіптік білімді дамыту мақсатында білім алушыларда академиялық мәтіндерді құру және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жазбаша ұсыну дағдыларын қалыптастыру. Пән ғылыми ақпаратты жазу және ұсыну негіздерін оқытуға, академиялық сипаттағы мәтіндермен жұмыс жасауға, оқу және зерттеу жұмыстарына бағытталған. Бұл курста студенттердің ғылыми мәтіндермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған бірқатар мәселелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халық ән-жырларының текстологиясы

    Пәннің мақсаты –халық композитор, жыршыларының ән-жырларын мазмұны жағынан терең түсінуге және әндердің текстологиясын бір ізділікке түсіруге мол мүмкіндік береді. Пән мазмұнында ән-жырлардың ауызша дүниеге келуі мен хатқа түсу ерекшелігі, мәтіндерінің өзіндік ерекшеліктері, жазбаға түсуі редакциялануы, көркемдік ерекшеліктері мен тілі, мәтін құрамындағы көне және диалект, кірме сөздермен жұмыс, мәтіннің канондық нұсқасын анықтау, жырау-жыршылардың стилін нақтылау, канондық мәтіннің өзгеру уәждерін түсіндіруге мәселелері талданады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Этносольфеджио

    Пәннің мақсаты - «төкпе» және «шертпе» стиліндегі күйлер жазу сияқты әртүрлі музыкалық тәсілдер арқылы есту,есте сақтау және композициялық дағдыларды дамытуға бағытталған, пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы «төкпе» және «шертпе» домбыра күйлерінің материалында музыкалық есту,ырғақ, есте сақтаудың барлық түрлері дамиды. «Төкпе» және «шертпе» негізгі стильдеріндегі домбыра күйлерін құрастыру дағдылары, сондай-ақ қазақ күйлерін импровизациялау техникасы қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сөз өнері

    Пәннің мақсаты - болашақ маманның кәсіби құзыреттілігінің негізін құрайтын коммуникативті дағдыларды қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негізін қамтамасыз ету. Курс сөздік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Курс барысында студенттер бір жағынан таза, дұрыс, дәл, мәнерлі, екінші жағынан, коммуникативті және тиімді сөйлеуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Эпостық жанрлардың музыкалық стилі

    Пәннің мақсаты – қазақ эпосының орындалуындағы музыкалық мәнерді, музыкалық құрылысты, қазақ эпосын орындаудың әуездік ерекшеліктерін оқытып-үйрету. Пәннің мазмұны – эпостың көркемдік-тарихи, музыкалық және қазіргі гносеологиялық ерекшеліктерін, эпикалық шығармаларды көршілес басқа елдердің эпостарымен жан-жақты салыстыру мәселелері қарастырылады. Дастандардың басқа халықтардағы әуенделу мотивтерінің түрлі нұсқаларымен танысу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Нота оқу

    Пәннің мақсаты - нотаны оқуда қандай да бір шығарманы алдын-ала талдаусыз ноталар бойынша орындауға дағдыландырады. Бұл шығарма туралы жалпы түсінікті – оның сипаты туралы, стилі туралы, фактурасы туралы, техникалық-орындаушылық ерекшеліктері туралы және көркем жетістіктері туралы түсінікті алуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қосымша музыкалық аспап: Домбыра

    Пәннің мақсаты –студенттерді қосымша музыкалық аспап – домбыраны кәсіби түрде тарта білуге, музыкалық шығармаларды орындау тәсілдеріне үйрету. Пән мазмұны домбыра аспабының пайда болу тарихын, оның үн шығару, диапозон, құлақ күйін келтіру ерекшеліктерін, сүйемелдеу дағдыларын білу мәселелерін қарастырады. Студенттердің аспабында музыкалды орындау қабілетін қалыптастырады, оны қосымша музыкалық аспап ретінде сапалы меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақ музыка фольклоры

    Пәннің мақсаты – музыкалық фольклордың қалыптасу және даму тарихын оқыту. Пәннің мазмұнына қазақ фольклорлық музыкасының шығуы мен дамуы, қазақ фольклорлық дәстүрінің ерекшеліктері, қазақ музыкалық фольклорының даму ерекшеліктері, Қазақстанның қазіргі музыкалық тәжірибесінде фольклорлық дәстүрлердің жүзеге асуы, фольклордың қазақ халқының негізгі рухани құндылығы ретінде мәселелері кіреді. Пәнді меңгеру студенттің орындаушылық және фольклор саласындағы, фольклортану, оның аспаптық негізі, тарихи даму жолынан білімі бар кәсіби маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлем музыкасының тарихы

    Пәннің мақсаты - білімалушылардың кәсіби бағыттағы музыкалық дайындығын, алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән әлемдік, антикалық, орта ғасырлық, қайта өрлеу музыкасы, ХVIII ғасырдағы музыкалық бағыттар, ХІХ, ХХ ғасырдағы орыс музыкасы, Азия, Африка елдерінің музыкасы, ТМД елдерінің музыкасы тарихын үйретуге бағытталған. Бұл курс музыка өнерінің қалыптасу тарихын, жалпы музыканы жанрлары бойынша, елдер және мектептер бойынша зерттейтін музыкатанудың саласы екендігін ажыратуға бағытталған бірқатар мәселелерді қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қосымша музыкалық аспап:Қылқобыз

    Пәннің мақсаты –студенттерді қосымша музыкалық аспап – қылқобызды кәсіби түрде тарта білуге, музыкалық шығармаларды орындау тәсілдеріне үйрету. Пән мазмұны қылқобыз аспабының пайда болу тарихын, оның үн шығару, диапозон, құлақ күйін келтіру ерекшеліктерін, сүйемелдеу дағдыларын білу мәселелерін қарастырады. Студенттердің қылқобыз аспабында музыкалды орындау қабілетін қалыптастырады, оны қосымша музыкалық аспап ретінде сапалы меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Негізгі музыкалық аспап 4: Домбыра

    Пәннің мақсаты- негізгі музыкалық аспап- домбырада орындаудың кәсіби деңгейін арттыру, білім алушының домбыра аспабында шығармашылық орындаушылығын дамыту. Пәннің мазмұны студенттерді халықтық музыкалық-орындаушылық мәдениеттің озық идеяларымен, әр шығарманың жанрлық ерекшелігімен таныстыруға бағытталған. Пәнді оқу кезінде шығарманың авторын, шығармашылық тарихын талдай білу, шығармашылық ізденіс жолдарын анықтау, әлемдік классикалық және халық ән- музыкасының ән- күй мұрасын жоғары кәсіби деңгейде орындау қабілеті дамиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ән-күй хаттау

    Пәннің мақсаты ән-күйлерді хаттау техникасы мен әдістерін игеруге және музыкалық есту қабілетін дамытуға бағытталған. Сондай-ақ әртүрлі орындаушылық ән-күй мектептерінің үлгілерін нотаға түсіру кезінде есту қабілетін қалыптастырады.Пәнде нотаға хатталмаған жаңа әндер мен күйлерді хаттап , жарыққа шығуына себепші болып ғылыми зерттеулерде өз үлесін қосады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Маңғыстау күйлерінің орындалу ерекшеліктері

    Пәннің мақсаты- Батыс Қазақстанның Маңғыстау күйшілік мектебін зерттеу негізінде домбырашылардың орындаушылық қабілетін одан әрі кеңейтуге бағытталған. Өңір күйлерінің қалыптасу ерекшеліктері, әсіресе циклдық күйлер , айтыс тартыс күйлер зерттеліп, қабылдаудың негізі қаланады. Білім алушы өңір композиторларын саралап, орындаушылық мектептерге бөліп, олардың күй шығару ерекшеліктерін айқындайды және орындай алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ музыкасының тарихы

    Пәнді оқытудың мақсаты – білім алушылардың қазақ музыка мәдениеті туралы білімдерін тереңдету және жүйелеу, оның әлемдік музыкалық үдерістегі рөлі мен орнын түсіндіру, қазақ музыкасы туралы барлық тарихи-теориялық материалдарды еркін меңгерту. Пән студенттердің санасында қазақ музыка мәдениетінің рухани мұрасын құндылықтар ретінде бекітуге және сол арқылы олардың кәсіби дүниетанымын кеңейтуге бағытталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Маңғыстау ақын-жырауларының шығармашылығы

    Пәннің мақсаты -Маңғыстау өңірі жыраулық мектеп жыр-дастандарының ерекшеліктерін меңгереді.Маңғыстау өңірі жыраулық мектеп жыр-дастандарының ерекшеліктерін түсініп, тәжірибеде қолдана білуді үйренеді. Жыраулардың мұралары арқылы тарихи сананы оятып, келер ұрпаққа насихаттайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби орындаушылық

    Пәннің мақсаты білім алушының орындауындағы үздік туындыларды сараптау, орындаушылық шеберлігіне сай концерттік репертуар жинақтау. Білім алушының орындаушылық шеберлігін шыңдау, дәстүр сабақтастығының озық үлгілерін игеру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жыраулар поэзиясы

    Пәннің мақсаты -ақын-жыраулардың туындыларының тәрбие мектебін,олардың елдің түрлі кезеңдерін көріп, өткеннен сабақ алып, халық тарихының сатыларын терең пайымдайды. Жыр, толғау, терме, дастандарды айтып үйренеді, адами қасиеттерді, имандылықты, елдік пен ерлік мәселелерін түсінеді.Ұлттық құндылықтарды, ақын-жыраулардың поэзиясын санасына сіңіреді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Актерлік шеберлік

    Пән мақсаты – актерлік шеберлік негіздері мен актерлік өнердің қыр-сырын меңгерту. Жеке тұлғаның эстетикалық талғамын адамгершілік рухани қабілетін әдеби шығармашылық қиялының дамуына және қалыптасуына жағдай жасау. Сахна заңдылықтарын, қозғалыс техникасын, сөйлеу шеберлігін (ырғақты интонация, логикалық сөйлеу т.б.) қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Маңғыстау ән-жыр мектебінің орындалу мәнері

    Пәннің мақсаты -қазақ халқының дәстүрлі ән-жырлары мазмұндық-құрылымдық жүйесіне сәйкес ежелгі наным-сенімдерге байланысты туған әндерді, тұрмыстық-шаруашылық пен кәсіпке байланысты туған әндерді, дәстүрлі қазақ әндеріндегі ән әуенiнiң өлең жолынан қысқалығын көрсететін ән мәтіндеріне лингвистикалық сараптама жасалады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шертпе күй шеберлігі

    Пәннің мақсаты – «шертпе» стилін және оны жүзеге асыру ерекшеліктерін меңгерту. Музыканттың «шертпе» күйінде ойнау шеберлігінің сыры, оның өзіне тән ерекшеліктері, ырғақтық үлгілері зерттеледі.Композиторлардың мектепке бөлінуі, күй шығарудағы кездесетін қағыстары, әуендік құрылымдары меңгеріледі.Пәнді меңгерудің нәтижесі – студенттің музыкалық аспаптың концерттік репертуарын таңдауы болып табылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Музыкалық шығармаларды талдау

    Пәннің мақсаты – дәстүрлі музыкалық шығарманың формаларының тарихи дамуындағы құрылымдық принциптерін меңгеру, шығармаларды талдау қабілетін, музыкалық сауаттылығын дамыту. Пәннің мазмұны дәстүрлі жанрлар мен стильдердің музыкалық шығармасын талдаудың әдістері мен тәсілдерін, музыкалық форманың құрылымы мен қабылдау принциптерін қарастырады. Пән музыкалық шығармаларды кәсіби қызметте пайдалану мақсатында талдаудың жүйеленген теориялық және практикалық білімдерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жеке репертуар қоры

    Пәннің мақсаты - орындаушылық шеберлікті арттыруға және кеңейтуге жинақтау арқылы орындаушылық қабілеттер мен дағдыларды дамытуға бағытталған. Оқу барысында академиялық концерттер мен емтихандарда орындалған шығармаларға ерекше назар аударылады.. Жұмыс солистің орындаушылық мүмкіндіктерін кеңейтуге, музыкалық ойлауды дамыту, орындалатын музыкалық шығарманың орындаушылық жоспарын құра білуге бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Музыка теориясы мен аспаптық орындаушылықтың негізгі пәндеріндегі білімдерін пайдалана отырып, жұмыс процесінде кәсіби мәселелерді шешеді.
  • Жаһандық және ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарға, экономикалық, экологиялық, құқықтық және тілдік білімге, ақпараттық сауаттылыққа ие өзінің азаматтық және адамгершілік ұстанымын білдіреді
  • Музыка мен музыка өнерінің тарихы мен теориясын, музыкалық шығармаларды, қазақ музыкалық фольклорын, жыраулық мектептерді талдап, зерттейді. Зерттеу нәтижелерін жазбаша түрде ұсынып, дәстүрлі музыка өнері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
  • Оқыту әдістемелерінде инновациялық, ақпараттық, сандық технологиялардың мүмкіндіктерін шығармашылықпен және нәтижелі қолдана алады.
  • Музыкалық шығармалардың формаларын, олардың текстуралық, стильдік және жанрлық түрлерін біле отырып, алған білімдерін шығармашылық (педагогикалық, орындаушылық) іс-әрекетте қолдана отырып, музыканың құрылымдық заңдылықтарын анықтайды.
  • Дәстүрлі және ұлттық музыкалық аспаптарда орындаушылық шеберлігін, актерлік шеберлігін, әндерді орындау шеберлігін, эпикалық шығармаларын орындау шеберлігін жетілдіреді.
  • Тілдерді, академиялық жазу негіздерін, сөйлеу өнерін, құқықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті пайдалана отырып, кәсіби және әлеуметтік ортада тиімді өзара іс-қимыл жасайды.
  • Аспаптық ансамбльдерде/оркестрлерде партияларды орындауда, жеке бағдарламаны дайындауда және концертмейстерлік қызметте кәсіби дағдыларды жетілдіреді.
  • Концертмейстерлік қызметтің негіздерін біле отырып,әртүрлі жанрлар мен стильдердің концерттік бағдарламасын дайындаудың репетициялық процесін ұйымдастырады және оған қатысады.
  • Таңдалған мамандық бейіні бойынша арнайы пәндер бойынша сабақ жүргізеді
Top