Жаңа білім беру бағдарламасы

7R01158 Неврология (балалар) в С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Пәндер

  • Стационардағы неврология модулі, балалар-1

    Пән Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларға стационарлық неврологиялық қызметті ұйымдастыру, неврологиялық симптомдар мен синдромдарға топикалық диагностика жүргізу, оның ішінде ми қанайналымының бұзылыстары, жүйке жүйесінің перинаталдық зақымданулары, олардың асқынулары, жүйке жүйесінің инфекциялық және қабыну аурулары бойынша кәсіби құзыреттерді қалыптастырады. Сонымен қатар заманауи емдеу, асқынулардың алдын алу және реабилитация хаттамаларын қолдана отырып, пациенттерді мультикомандалық динамикалық бақылау кезінде коммуникативтік дағдыларды дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 70
  • Стационардағы неврология модулі, балалар-2

    Пән резиденттердің балалар жасындағы неврологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша құзыреттерін, сондай-ақ пәнаралық өзара әрекеттесу мен кәсіби коммуникация дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Оқыту орфандық неврологиялық және нейро-бұлшықет ауруларында, эпилепсияда, пароксизмалдық бұзылыстарда, дамудың кідірістері мен кемістіктерінде, бас миының көлемдік түзілістерінде, жас ерекшеліктеріне қарай нейрохирургиялық емдеуді қажет ететін жағдайларды қоса алғанда, дәлелді медицинаға негізделген заманауи клиникалық хаттамалар мен практикалық жетістіктерді зерделеуге негізделген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 50
  • Клиникалық эпилептология

    Пән эпилептология мәселелерін зерттейді. Оған эпилепсияны диагностикалаудың ерекшеліктері (ЭЭГ, бейне-ЭЭГ), дербестендірілген терапия жүргізу, диспансерлік бақылау, балалардағы эпилептикалық синдромдардың негізгі клиникалық және электроэнцефалографиялық үлгілері кіреді. Терапияны таңдау кезінде С.Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО емдеу хаттамалары, кәсіби қауымдастықтардың қазіргі ұсыныстары және дәлелді медицина қағидалары қолданылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Нейрореабилитация

    Пән науқастарды ерте және кеш неврореабилитацияға іріктеу дағдыларын қалыптастырады. Заманауи ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, реабилитациялық потенциалды анықтау, пациентпен қарым-қатынас арқылы көрсеткіштерді, қарсы көрсеткіштерді және коморбидтілікті анықтау, құжаттаманы жүргізу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Балалардағы орфандық неврологиялық ауруларды ғылыми зерттеу

    Пән орфандык кездесетін патологияның неврологиялық дебютін дер кезінде диагностикалау, дәлелді медицинаға негізделген таргеттік терапия тағайындау арқылы пациенттердің өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыру, мультидисциплинарлық жұмыс дағдыларын және заманауи зерттеу стратегияларын түсінуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Амбулаториялық-емханалық неврология, балалар

    Пән ҚР заңнамасы негізінде балаларға амбулаториялық-емханалық неврологиялық қызметті ұйымдастыру бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады, балалар практикасында әртүрлі жас кезеңдерінде дебют жасайтын неврологиялық жағдайларда құжаттаманы жүргізу мен есепке қоюды үйретеді. Сонымен қатар дәлелді медицина деректеріне сүйене отырып, емхана деңгейінде осы ауруларды диспансерлік бақылау, алдын алу және реабилитациялау дағдыларын меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 14

Оқыту нәтижелері

  • Неврологиялық ауруларды диагностикалау үшін балаларды алғаш рет тексеруді, клиникалық белгілерді талдауды және зерттеу нәтижелерін интерпретациялауды жүргізу.
  • Клиникалық нейровизуализация және нейрофизиологиялық деректерді пайдалана отырып, балаларға неврологиялық диагнозды дұрыс қою.
  • Клиникалық көріністі, нейровизуализациялық және нейрофизиологиялық деректерді ескере отырып, дәлелді медицина принциптеріне негізделген, балалар жасындағы пациентке негізделген әрі қауіпсіз ем тағайындау, оның жағдайының динамикасын және терапияның тиімділігін бағалау.
  • Балаларға көрсетілетін неврологиялық көмек бойынша медициналық құжаттаманы рәсімдеу, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына сараптама жүргізу.
  • Балалар жасындағы пациенттердің емдеу нәтижелерін жақсарту үшін, соның ішінде неврологиялық аурулардың алдын алу және реабилитациясын қамти отырып, мультипәнді кәсіби командалар құрамында жұмыс істеу.
  • Балалар жасындағы пациенттерімен, олардың ата-аналарымен және медициналық команда мүшелерімен кәсіби қарым-қатынас жасау, медициналық этика, деонтология және баланың құқықтарын қорғау қағидаттарын сақтау.
  • Балалар неврологиясы саласында клиникалық дәлелдерді іздеу, электрондық құжаттаманы жүргізу және өзін-өзі оқыту үшін халықаралық деректер базалары мен цифрлық құралдарды, заманауи ғылыми-зерттеу технологияларын ескере отырып, пайдалану.
Top