Білім беру бағдарламасы өзекті емес

8D01504 Физика в Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 1. «8D015-Жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша мұғалімдерді даярлау білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері» 1.1 «8D015-Жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша мұғалімдерді даярлау» білім беру бағдарламасының мақсаты: 1.1.1 – ғылыми зерттеулердің жаңа бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру немесе қолданыстағы ғылыми зерттеулердің өзекті бағыттарын дамыту, ғылым докторы ғылыми дәрежесін алу үшін білікті ғылыми жұмыстарды (диссертацияны) дайындауға мүмкіндік беретін ғылыми іскерлік нәтижелерін аналитикалық жалпылау дағдыларын меңгерген мамандарды дайындау; 1.1.2 - отандық және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті ғылыми мамандарды даярлау; 1.1.3 – ғылым саласын табысты дамытуға мүмкіндік беретіндей физиканың таңдаулы саласынан іргелі, сапалы, кәсіби, терең мамандандырылған білім алу; 1.2 Білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері: 1.2.1 - физика және физиканы оқыту әдістемесі саласында білім аумағын кеңейтуге үлес қосатын өзіндік тың зерттеу жүргізе алатын жоғары және жоғары білім беруден кейінгі білім беру жүйесі және ғылыми-зерттеу саласы үшін жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандар даярлау; 1.2.2 – ғылыми және шығармашылық жұмысқа дайындау, нәтижелерді сыни тұрғыдан талдауға үйрету, еркін, демократиялық және құқықтық мемлекеттегі өз кәсіби қызметіне деген жауапкершілікті қалыптастыру; 1.2.3 - нақты физикалық мәселелерді шешу үшін эксперимент қою және жүргізу, модельдеу іскерлігін меңгеру; 1.2.4 - теориялық физикалық моделдерді құру әдістерін және олардың математикалық шешімдерінің негізгі тәсілдерін меңгеру; физикалық процестерді компьютерлік модельдеу әдістерін және тәсілдерін игеру 1.3 Білім беру бағдарламасын игеру нәтижелеріне қойылатын талаптар: 1.3.1 - білім алушылар мен зерттеушілердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың инновациялық технологияларымен интеграцияның ерекше аймағын білу; 1.3.2 - болашақ мамандардың кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыруда әлеуметтік құндылықтарды интеграциялау принциптері мен әдістерін білу; 1.3.4- білім алушылар мен зерттеушілердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін университетте инновациялық технологияларды пайдалана отырып, сабақтың барлық түрлерін өткізу; 1.3.5- жаһандық үрдістерді және жоғары білім беруді дамыту стратегияларын ескере отырып, студенттер мен зерттеушілердің білімінің жеке траекториясын анықтау; 1.3.6 - ғылыми нәтижелерді іс жүзінде жүзеге асырудың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық салдарлары бойынша жүргізілетін зерттеулердің нәтижелерін болжау.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D011 Физика педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар
Top