Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M08104 Фитосанитарлық мониторинг в С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

  • Ғылым тарихы және философиясы
    Несиелер: 5

    «Ғылым тарихы және философиясы» пәнін меңгеру нәтижесінен магистрант ғылыми таным құрылымы мен қызметтері, өз кәсіби аумағында ғылым әдістері жайында алған білімдерін қолдана алу қабілетіне ие болады және идеологиялық, діни, саяси құрылымдарды ғылыми концепциялардан ажырата алады. Қазіргі таңдағы ғылымның әдіс тәсілдерін білу жеке ғылыми жұмыстың қажетті шарты болып табылады және шынайы ғылыми құрылымдар мен жалған білімдерді ажыратуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 5

    Басқару қызметінің әлеуметтік-психологиялық мазмұны мен құрылымы; және менеджмент функциялары; басшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері; ұйымдастыру мақсаттарына қол жеткізу бойынша бірлескен қызметтің психологиялық заңдылықтары; басқарушылық міндеттерді шешудің базалық тәсілдері және оларды нақты жұмыс істейтін өндірістік құрылымдар жағдайында шешу ережелері, олармен жұмыс істеу әдістері менеджердің қызметіндегі функционалдық жай-күйлер, басқару процестерін оңтайландыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Тіл жоғары деңгейде кәсіби және академиялық мақсаттар үшін мамандықтың ғылыми-ұғымдық аппаратымен еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді, ғылыми-ақпараттық базаны кеңейту, ғылыми ақпаратты интерпретациялау, дәлелдеу, сендіру, ғылыми өріс, академиялық хат дағдысын меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өсімдік қорғаудағы техника
    Несиелер: 5

    Өсімдік қорғауда қолданылатын машиналардың техникалық сипаттамалары мен қолдану ерекшеліктерін, сондай-ақ, заманауй машиналар мен аппараттарды қолдануды. Нақты егіншілікте зиянды ағзалармен күресте қолданылатын техниканың ерекшеліктері. Ауылшаруашылығы дақылдарының фитосанитарлық технологиясын дұрыс сараптай отырып, оны тәжірибеде ұтымды қолдану. Пестицидтерді және олардың шығын мөлшерін таза және бактык қоспаға дұрыс таңдай білу және қолдану тәсілін дұрыс таңдау. Жұмыс ерітіндісін дайындау үшін қажет жадығаттарды таңдау. Жұмысқа қажет бүріккіш машиналар санын анықтау, бүріккіштер мен дәрілегіштерді реттеу. Қолдану регламенті бойынша адам және жануарларға зияны тимейтіндей талаптарды ескере отырып пестицидтермен қауіпсіз жұмыс жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өсімдік қорғау мен карантиндегі мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесі
    Несиелер: 5

    Пәнді өту нәтижесінде магистрант Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитарлық іс-шараларды жүргізу нәтижесінде қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсерін алдын алу мен дақылдар өнімділігін сақтауға бағытталған өсімдік қорғау саласындағы құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық шаралар негізіндегі білімді меңгереді. Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауіпсіздік жүйесінің негізгі бөлігі болып табылатын карантинді іс шараларды жүргізу, ол туралы халықаралық стандарттар мен құжаттарды оқып білу, магистранттың болашақ маман ретінде қалыптасуына негіз салады, сондай-ақ, фитосанитарлық шаралар бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес білімді меңгереді (ФШХС); Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде біріңғай карантинді объектілер тізімі бойынша жұмыс жасауды үйренеді; Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) құрамына кіретін елдердің нормативтік құжаттары бойынша жұмыс жасауды игереді; ЕАЭО Кедендік Кодексі бойынша білімдерін толықтырады;

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өсімдіктерді зиянды ағзалардан шоғырланып қорғау жүйесі
    Несиелер: 5

    Өсімдіктердің негізгі зиянкестерінің биоэкологиялық ерекшеліктері және систематикалық жағдайы, олармен күресуде алдын алу және жою шаралары. Фитофагтардың тіршілік циклі мен көбеюі. Фитопотогендердің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Айтарлықтай қауіпті ауру түрлерінің белгілерінің пайда болуын айыра білу. Өсімдіктерді интегралды қорғау жүйесіндегі химиялық тәсіл. Агрономиялық таксикология негіздері, пестицидтерді қолданудың физико-химиялық негіздері; Зиянды ағзалардан қорғаудың химиялық, агротехникалық және биологиялық тәсілдері, сондай-ақ, физико-механикалық, генетикалық тәсілдері. Өсімдіктер карантині.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өсімдіктерді қорғау және карантиндегі тәжірибелік ісінің әдістемесі
    Несиелер: 5

    Өсімдік қорғау және карантинде ғылыми зерттеу жұмыстарының жағдайы мен болашағы. Ғылыми зерттеулерді жүргізу тәсілдері, оларды іске асыру мүмкіндіктері. Тәжірибе танабын таңдау, танаптық және зертханалық зерттеулерді жүргізудің бағдарламасын құрастырудың негізгі қағидаттары. Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері. Зерттеу тәсілдері, зерттеу тақырыбын таңдау, зерттеу мақсаты мен міндеттері, зерттеу бағдарламасын құрастыру мен бақылаулар, тексерулер реттілігін жасау. Ғылыми-техникалық ақпаратты іздеу, табу, талдау, құжаттарды толтыру мен жүргізу. Интерпретация және зерттеу нәтижелерін талқылау, ғылыми тезистерді, мақалаларды, диссертацияны жазу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 3

    Жоғары мектеп педагогикасының негіздері. Жоғары мектеп педагогикасының пәні мен міндеттері. Жоғары мектептегі педагогикалық зерттеулердің әдістемесі мен әдістері. Жоғары мектеп дидактикасы. Жоғары мектептегі педагогикалық процесс. Оқыту заңдары, заңдылықтары және принциптері. Жоғары мектептегі оқыту әдістері, формалары мен құралдары. ҚР жоғары білім берудің қазіргі жағдайы. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби қалыптасуы. Жоғары мектептегі тәрбие процесі. Тәрбие мақсаты педагогикалық мәселе ретінде. Оқу-тәрбие ұжымы тұтас педагогикалық үдерістің қызмет ету формасы ретінде. Педагогикалық үрдістің менеджменті.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Вирусология
    Несиелер: 3

    Ауылшаруашылығы дақылдарының негізгі вирустарының биологиялық ерекшеліктерін, зияндылығын, белгілерін, штаммды құрамын; жоғары сапалы тұқымдық жадығатты алу үшін заманауй диагностика мен өсімдіктерді вирус инфекциясынан сауықтыру тәсілдерін; вирусқа ауылшаруашылығы дақылдарының төзімді сорттарын алу, сондай-ақ, өсімдікті залалдаған ауыр және жеңіл вирус түрлерін ажыратуды; диагностика мен өсімдіктерді сауықтырудың тәсілдерін қолдану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 3
  • Орман және орман алқаптарының зиянкестері мен аурулары
    Несиелер: 3

    Пәннің курсы орманның экологиялық-өндірістік нысандарын фитофагтар мен ауру қоздырғыштарынан қорғауды зерттеуге мүмкіндік береді. Орман ағаштарының пайдалы және зиянды ағзаларын зерттеуге, сондай ақ, заманауй жадығаттар мен әдістерді қолдануға үйретеді. Магистранттар орман және урбоэкожүйесінде өсімдік қорғаудың өзекті мәселелерін және теоретикалық негіздерін; орман және орман екпелерін зиянкестер мен аурулардан қорғау жадығаттары мен тәсілдерін меңгереді. Кәсіби дағдыларды, ойлауды қалыптастырады, орман және орман екпелерін зиянды ағзалардан қорғау бойынша өзінің жинақтаған білімін қолданады. Залалданған және зақымданған ағаштарға диагностика жасауға, олардың зиянкестері мен ауруларын анықтауға дағдыларын қалыптастырады. Экожүйе жағдайына талдаулар жүргізуді үйренеді. Орман экожүйесінің биологиялық әр алуандылығының сақталуына қорғаныс, санитарлық - сауықтырушылық шараларын құрастырып, негіздеп, еңгізуді меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 3
  • Өсімдік қорғаудағы және карантиндегі биотехнологиялық әдістер
    Несиелер: 4

    Фитопатогендерден өсімдіктерді сауықтыру тәсілдері, гендік және жасушалық инженерия арқылы төзімді түрлерін құрастырып шығару. Өсімдіктерді қорғауда биопрепараттарды шығарудың биотехнологиялық негіздері. Негізгі ауру қоздырғыштарының залалдануын анықтауды үйрену және сауықтыру тәсілдері мен диагностика жасауды меңгеру. Стандартты шкалалармен жұмыс жасауды үйрену және иммунобиотехнологиялық зерттеулерді жүргізу. Стерильді жағдайда in vitro дақылымен жұмыс істеу, клоналды микрокөбеюдің негізгі тәсілдерін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 3
  • Тәжірибелік фитопатология және энтомология
    Несиелер: 3

    Монитрингтік іс шаралар жүйесі бойынша тәжірибелік біліктілік пен дағдыларды меңгеру. Өндірістегі егістіктердің фитосанитарлық жағдайының ерекшеліктерін, ауруларды есептеу мен анықтау тәсілдерін, мониторингпен болжамдарды жүргізуді, солардың негізінде өсімдіктерді аурулардан қорғауда алдын алу немесе жою шараларын іске асыруды білу. Зиянды ағзалармен күресу бойынша агротехникалық, биологиялық, химиялық жадығаттар кешенін қолдану. Топырақтың, егістіктердің, көпжылдың екпелердің, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің фитосанитарлық жағдайын бағалауды меңгеру. Зиянкестер бойынша тексерулер мен есептеулерде әр түрлі тәсілдерді қолдану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 3
  • Фитосанитарлық қауіп қатерді сараптаудың ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету
    Несиелер: 4

    Фитосанитарлық қатерлер талдауларын іске асыратын әдістемелер. Зиянды ағзаның карантинді нысан болу немесе болмау мүмкіндігін анықтау. Карантинді нысандардың таралуын реттеу және оларға қарсы карантинді іс шараларды қолдану. АФР әдістемесін қолдану. АФР дің нормативті-құқықтық құжаттарымен жұмыс жасау. Фитосанитарлық талаптарды құрастыру. Карантинді фитосанитарлық режимді еңгізу. Қазақстан территориясында мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды іске асыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өсімдік қорғаудағы цифрлық технологиялар
    Несиелер: 4

    Ауылшаруашылығы егістіктерінде арамшөптердің, зиянкестердің және аурулардың таралу ерекшеліктерін ескере отырып нақты егіншілік жүйесінде пестицидтерді еңгізу үшін GPS- навигациялары мен түрлерді ажырату жүйелерін қолдану. ГИС технологиялар негізінде және жерді қашықтықтан суретке түсіру мәліметтері бойынша заманауй мониторинг және болжам тәсілдерін жүзеге асыру. Өсімдік қорғауда инновациялық экологиялық өауіпсіз технологияларды құрастыру және енгізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Фитосанитарлық мониторинг және сараптама
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасының аумағында ауыл шаруашылығы егістіктерінде зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің ошақтарын тауып, залалдану, ластану деңгейін анықтау үшін және мерзімінде фитосанитарлық іс-шараларды жүргізу үшін, сондай ақ, карантинді ағзалардың шекараларын белгілеу үшін фитосанитарлық мониторинг жұмыстарын уақытылы ұйымдастырып, орындап отыру. Карантинді ағзаларға қарсы егістіктерді және өсімдік шаруашылығы өнімдерін тексеріп, талдаулар жүргізу, сол арқылы қорғау және карантинді іс-шаралардың технологиялық сұлбасын құрастыру. Ауылшаруашылығы дақылдарының егістіктеріне зиянкестермен қоныстануына фитосанитарлық мониторинг, сондай-ақ, бекітілген талаптарға сәйкес өнімге карантинді сараптамалар мен талдауларды жүргізу. Өсімдік қорғау және карантин саласында нормативті құжаттармен жұмыс жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Зиянды ағзалардың экологиясы
    Несиелер: 5

    Зиянды ағзалардың популяциялық экологиясын; эпифитотиидың дамуы мен зиянды ағзалар популяциясының динамикасына әсер ететін реттейтін және өзгертіп отыратын факторларды; экологизацияланған өсімдік қорғау концепциясын; зиянды ағзалардың популяциялық динамикасына популяция тығыздығына байланысты және байланысты емес факторлардың әсерін; зиянды ағзалар үшін экологиялық оптимумдардың және олардың ауытқуларының популяция тығыздығы мен динамикасына әсерін; зиянды жәндіктердің, кенелердің, кеміргіштердің, нематодтардың, өсімдік ауруларының қоздырғыштарының экологиясын; агроценоздағы арамшөп құрамының өзгеру себептерін; зиянды ағзалардың көбеюі мен тірі қалуының себептерін біліп, меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Пестицидтердің фитофармациясы
    Несиелер: 4

    Өсімдік қорғаудың заманауй стратегиясы мен тактикасы. Пестицидтерді әлемде және Қазақстанда қолдану аумағы. Өсімдікті химиялық қорғауда ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары. Пестицидтерді қолдану тиімділігі. Қолданыстағы кейбір пестицид топтарының сипаттамалары. Зиянды ағзаға, мәдени дақылдың даму фазасына, өңдеу түріне байланысты пестицидтерді қолдану мөлшері. Пестицидтерді қолдану технологиясы және оған талаптар. Пестицидтер мен жұмыс ерітіндісінің құрамының сапасын анықтау тәсілдері, қолдану тәсілінің сапасын бағалау. Пестицидтердің қолдану көлемін; олардың қоршаған ортаны ластау ерекшеліктерін; пестицидтермен жұмыс істеуді реттейтін мемлекеттік және халықаралық нормативті актілерді; пестицидтердің мәдени дақылға және арамшөпке әсер ету ерекшеліктерін; жеке препараттардың артықшылықтары мен кемшіліктерін және оларды қолдану тәсілдерін. Егістіктегі зиянды ағзалардың биологиялық алуан түрлілігін, препаратты�� қасиеті мен белгілі бір аймақ жағдайында қолдану тәсілін есепке ала отырып пестицидті таңдауды; пестицидтің шығын мөл��ері мен концентрациясын есептеуді; пестицидтердің қолдану көлемін негіздеуді; Жұмыс құрамының, жүргізілген өңдеулердің сапасын бағалауды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Бизнесті ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерлік және бизнес түсінігі. Кәсіпкерлік және бизнестің түрлері. Жеке кәсіпкерлікті және шағын, орташа, ірі бизнесті ұйымдастыру. Тәуекелшіл бизнесті ұйымдастыру мен қаржыландыру. Бизнестің негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық түрлері. Бизнес субьектілерін жасау мен мемлекеттік тіркеу. Бизнес субьектілерін ликвидациялау. Банкрот болу. Бизнесті ресурстық қамтамасыз ету. Бизнес ресурстарын қаржыландыру көздері. Бизнесті іске асырудың ұйымдастыру түрлері мен мотивтері, фирмаларды біріктіру мен негізгі жұмыстарын ұйымдастыру қағидаттары, бизнесті жоспарлау, бизнес инфроқұрылымының негізгі элементтері мен түсініктері. Алған білімді қолдану мен кәсіби деңгейде бизнес ұйымдастыру мәселелерін түсіну және кәсіпкерлікті және бизнесті тиімді ұйымдастыру үшін қажет компетенцияларды меңгеру; Бизнесті ұйымдастыру бойынша ақпараттарды жинақтау мен интерпретациялау. Кәсіпкерлік пен бизнесті ұйымдастыру аумағында ақпаратты, ойларды ��ұрыс жеткізіп, шешімдерді жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Код ON1

    Ғылыми танымның дамуында заманауй тенденциялар туралы хабардар болу; ғылымның өзекті әдіснамалық және философиялық мәселелері бойынша; ғылыми танымның әдіснамасын білу; ғылыми қызметті ұйымдастырудың қағидаттары мен құрылымын, шет тілінде берілетін ғылыми жадығаттардың функционалды-стилистикалық сипаттамасын түсіну, жалпығылыми терминологияны және мамандық бойынша шет тілінде берілген жадығаттардағы мамандыққа байланысты терминологияны, халықаралық байланыстар шеңберінде іскерлік құжат айналымын, ғылыми-педагогикалық қызметті ұйымдастырудың қағидаттары мен құрылымын білу; оқыту барысында студенттердің танымдық қызметінің психологиясын; психолого-педагогикалық әдістер және білім беру мен тәрбие берудің тиімділігін арттыратын әдістерді білу.

  • Код ON2

    агрономиялық таксикология негіздерін, зиянкестерге, ауруларға және арамшөптерге қарсы пестицидтерді, химиялық жадығаттарды қолданудың физико-химиялық негіздерін, өсімдік қорғаудың биологиялық тәсілдерін білу. Физико-механикалық және генетикалық өсімдік қорғау тәсілдерін, агроэкожүйеге фитосанитарлық мониторинг жүргізуде қашықтықтан бақылау құралдарын, жаңа тәсілдерді қолдану, оның ішінде, аэрокосмостық және гиперспектральды жерді суретке, сызбаға түсіруді меңгеру.

  • Код ON3

    Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулар мен зиянкестерге төзімді сорттарын шығаруда, оларды сауықтыруда және диагностика жасағанда биотехнология әдістерін қолдануда білікті болу, кең таралған зиянды және карантинді ағзаларға қарсы биопрепараттарды алуды білу, өсімдік қорғау және карантинде ғылыми зерттеу жұмыстарының жағдайы мен болашағын білу; ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістерін, зерттеу нәтижелерін іске асыру мүмкіндіктерін, фитосанитарлық қатерге сараптама жүргізу әдістемесін, зиянды ағзаның карантинді объекті болуы немесе болмауы мүмкіндігін білу, ауылшаруашылығы дақылдарының егістіктерінде зиянды ағзаларды анықтауға фитосанитарлық мониторинг жұмыстарын жүргізуді білу, орнатылған талаптарға сәйкес өнімдерге карантинді сараптама және талдауларды жүргізуді білу.

  • Код ON4

    Өсімдік қорғау негіздерін теоретикалық тұрғыдан түсіндіруді білу, орман және орман екпелеріне абиотикалық және биотикалық факторлардың әсерін анықтауды білу; ағаштардың жағдайы туралы ақпаратты алу тәсілдері мен әдістерін, орман және орман екпелерін зиянды ағзалардан қорғау тәсілдерін меңгеру; зиянды ағзалардың популяциясын, олардың динамикасына және эпифитотия дамуына әсер ететін басыңқы факторларды, реттеп отыратын факторларды білу; экологияландырылған өсімдік қорғау тұжырымдамасы туралы, танаптық дақылдарды, картофельді заманауй тәсілдерді қолдана отырып сауықтыруды, оларға фитодиагностика жасауды меңгеру.

  • Код ON5

    Тағамдық және фитосанитарлық қауіпсіздік аумағында қызметті іске асыруда құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерді анықтағанда білікті болу, бизнес, кәсіпкерлік саласында білімін көрсете білу, фирмалардың бірігуі мен олардың негізгі қызметін ұйымдастырудың қағидаттарын, бизнесті ұйымдастыруды, оның инфроструктурасының негізгі элементтерін түсіну, сондай-ақ, антирезистентті бағдарламалар сұрақтары бойынша білікті болу, пестицидтермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік шараларын дұрыс жүргізе білу және пестицидтерді қолданудың тиімділігін бағалауды жасай алу.

Top