Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01711 Қазақ тілі мен әдебиеті (Лингвист-зерттеуші) в Баишев Университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • білім беруде, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруда АКТ-ны пайдалана отырып, цифрлық сауаттылық мәдениетін еркін меңгергендігін көрсетеді.
  • қазіргі лингвистика және әдебиеттану салаларындағы ғылыми жетістіктерді көрсетеді, жобаларды басқарудың кәсіби құзыреттіліктерін меңгереді.
  • ғылыми-кәсіптік қызметте, салааралық коммуникацияда шетел тілін «С» деңгейінде қолданып, ғылыми танымның философиялық, логикалық тәсілдерін, ұйымды басқарудың психологиялық механизмдерін игергенін көрсетеді.
  • педагогикалық әдепті, этиканы сақтай отыра, Қазақстанның ұлттық басымдықтарын ескеріп, ұжыммен, топпен жұмыс істеу үшін, білім беру мекемесіндегі оқу-тәрбие процесін басқаруды және кәсіби құзыреттіліктерді меңгереді.
  • тілтанудың жаңа бағыты тұрғысынан шығармаларды/әдебиеттерді салыстыра, сыни талдауға, бағалауға, практикалық міндеттерді шешуде идеялар қосуға, өңдеуге қабілетті.
  • шығарманың тілдік ерекшеліктерін лингвистиканың жаңа жетістіктері тұрғысынан талдайды, бағалайды, зерттеу нәтижелерін оқу процесінде қолданады, коммерцияландыру үшін жобаларды жүзеге асырады.
  • тілтану, әдебиеттану, тұлғатанушылық тұрғыдан еңбектерді тарихи даму кезеңдеріне сай талдап, зерттеп, шығармашылықпен білім алушыларға игерте алады.
  • ЖОО-да оқу-әдістемелік құжаттарды қалыптастырып,ғылыми-педагогикалық қызмет мақсатын қойып, негіздеп, оған жетудің қалыпты әдістері мен құралдарын таңдап, сабақ түрлерін өздігінен жүргізе білетінін көрсетеді.
  • білім беру процесін жоспарлау мәселелерін шешеді, ғылыми-педагогикалық, инновациялық қызметті жүзеге асырады, кәсіби қызмет үшін қажетті жаңа білімді дербес меңгереді.
Top