Бұл шет тілінде ауызша қарым-қатынас дағдыларын, мәдениетаралық құзыреттілікті, іскерлік хат алмасу дағдыларын дамытуға, шет тіліндегі түпнұсқа дереккөздерді оқудың негізгі түрлерін игеруге, мамандық бойынша ғылыми тақырыптар бойынша жазбаша есептерді дайындауға мүмкіндік береді: ғылыми баяндама, презентация, талқылау, реферат және ғылыми зерттеулер бойынша мақалалар шет тілі, ғылыми мәтіннің аннотациясы, резюме жазу.
Оқу жылы - 1Бейорганикалық қышқылдар, тұздар мен минералды тыңайтқыштарды өндірудің технологиялық схемаларын, олардыкедей фосфат шикізатынан алуды, химиялық өндірістің негізгі технологиялық ағындарын қарастырады. Минералды және екіншілей шикізаттың ыдырау үдерістерін есептеуге дағдыландыруға мүмкіндік береді, соның ішінде компьютерлік бағдарламалар, бастапқы реагенттер мен энергия тасымалдағыштарды тұтыну, дайын өнімнің құрамы және олардың сапасын анықтау.
Селективті тәртіпРесурстарды үнемдейтін қалдықсыз және аз қалдықты минералды тыңайтқыштар технологиясын, химиялық өсімдік қалдықтарын сақтау және жою әдістерін, фосфор, ЭФҚ және фосфат тыңайтқыштарын қайта өңдеуге арналған интеграцияланған технологияны жасау бағыттарын қарастырады. Қатты өнеркәсіптік қалдықтарды, сарқынды суды тазарту, минералды тыңайтқыштарды шығаратын газ тәріздес шығарындыларды және оларды қалпына келтіру әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.
Селективті тәртіпАвтоматтандырылған басқару жүйелерін құру принциптерін, параметрлерін өлшеу әдістемесін және технологиялық процестерді бақылау үшін құралдарды таңдауды қарастырады. Бейорганикалық заттардың өндірісі үшін автоматтандыру проблемаларын шешу және технологиялық үдерістерді басқару үшін талдау және техникалық жабдықтау дағдыларын игеру; технологиялық процесті реттеудегі рационалды жүйені таңдау үшін технологиялық үдерістерді оңтайлы басқару құралдарын және әдістерін пайдалану.
Селективті тәртіпТеориялық және эксперименттік зерттеулерді, бейорганикалық қосылыстар бойынша жеке және топ ретінде жоспарлау және зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңдерін қарастырады; ғылыми мәліметтерді электрондық дерекқорларда талдауды, ғылыми зерттеулердің міндеттерін қалыптастырады. Эксперимент әдістемесін, өлшеу әдістері мен құралдарын меңгеруге, өлшем нәтижелерін және бақылау нәтижелерін өңдеу әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1Экологиялық тәуекелділікті басқаруға әсер ететін факторлардың дәрежесін бағалау сұрақтарын, техногенді залалды таладу әдістерін, тәуекел дәрежесін төмендету, ықтимал залалдың құрылымына және шамасына бағалау мәселелерін қарастырады. Бейорганикалық қосылыстардың өнеркәсіптік қалдықтарынан қоршаған ортаны ластаудан, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен төтенше жағдайлардан келтірілген экономикалық шығындарды есептеуге дағдыландыруға мүмкіндік береді.
Селективті тәртіпЖоғары білікті мамандардың кәсіби қызметінде қажетті заманауи психологиялық ғылымның негізгі принциптерін қарастырады. Жеке тұлғаның психологиялық зерттеулерінің негізгі психологиялық тұжырымдамалары, дағдылары мен қабілеттері бойынша ғылыми және теориялық дүниетаным қалыптастырады, эксперименталды-психологиялық зерттеулер мен психокоррекциялық жұмыстардың негізгі әдістерімен, ұжымды басқарудағы қайшылықтарды, күйзеліске түсуді және оларды шешу әдістерімен таныстырады.
Оқу жылы - 1Төменгі сортты фосфат шикізатынан күрделі аралас минералды тыңайтқыштарды өндіруді, жаңа құрамды тукоқоспалар әзірлеу, микроэлементтермен техногендік қалдықтарды қолдану арқылы ұзақ әсерлі кешенді тыңайтқыштарды өндірудің ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету. Минералды тыңайтқыштарды өндірудегі технологиялық есептеу дағдыларын меңгеріп, жаңа NPK және РК тыңайтқыштар құрамын алуды оқытады.
Селективті тәртіпКүкірт, азот, тұз қышқыл, экстракциялық.термиялық фосфор қышқылдары, синтетикалық аммиак өндіру бойынша энергия-технологиялық және ресурс үнемдеуші схемаларын дамыту перспективаларын қарастырады.Химиялық реакциялардың жылуды қалпына келтіру әдістері туралы білімді тереңдету, қарқынды энергетикалық-химиялық қондырғыларды пайдаланып, рационалды аппаратуралық процесті рәсімдеу.Энергия тиімді өндірістің технологиялық есептерін орындау және оларды ғылыми зерттеу жұмыстарында пайдалануды қалыптастырады.
Селективті тәртіпБасқарудың негізгі қағидаттарын, оның заманауи жағдайындағы ерекшеліктерін, сыртқы ортаны және корпоративтік мәдениетті зерттейді.Шағын бизнесті басқару, өзгерістер мен инновацияларды, мотивацияны және адам ресурстарын басқаруды зерттейді.Басқару шешімдерін қабылдау, дағдыларын қалыптастыру, жұмыс күшінің көшбасшылығын және коммуникациясын, стратегиялық даму жоспарларын әзірлеуді және іске асыруды, басқаруды бақылауды және өнім сапасын бақылауды қалыптастырады.
Оқу жылы - 1Шет тілін білу арқылы ақпараттық ресурстармен байланысты аналитикалық жұмыстарды жүргізу; ғылыми мақалаларды, баяндамалар және диссертациялардағы зерттеулердің нәтижелерін қорытындылау.
Кәсіпорын қызметкерлерін тиімді пайдалану, мінез-құлықты бақылауда әлеуметтік-психологиялық технологияларды меңгеріп, қақтығыстарды шешу әдістерін сыни бағалау.
Ғылыми зерттеуді өздігінен орындау, отандық және халықаралық ғылыми қауымдастық мамандар алдында және кең ауқымды аудиторияда зерттеу нәтижелерін дәлелдеу және негіздеу.
Ұжымды тиімді басқару, көшбасшылық қабілетін көрсету, кәсіби қызметтегі стандартты емес жағдайлардағы жедел басқаруды және техникалық шешімдерді шығармашылық және логикалық ойлау арылы тез шешім қабылдау.
Минералды және техногенді қалдықтардан мақсатты өнім өңдеуде өндірістік процесдерді дербес басқару, бақылау және өндіріс параметрелерін реттеу; жоғары сапалы өнім алу үшін химиялық-технологиялық процестердің заңдылықтары негізінде өндірістің оңтайлы технологиялық режимін негіздеу.
Қалдықсыз өндірісттер құру мақсатында химиялық қалдықтарды жоюдың жаңа тәсілдерін ұсыну, ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін талдау негізінде бейорганикалық заттар мен қосылыстардың өндірісіндегі теріс экологиялық әсерін бағалау.
Технологиялық есептердің нәтижелерін талдау, химиялық реакциялардың жылуын пайдалануды есептеу нәтжелерін пайдалану, энергияны үнемдейтін қондырғыларды өндірудің ұтымды технологиялық схемасын таңдау.
Қолданыстағы өндірісті қарқындату, өндірістің технологиялық схемасын жаңғырту, қолданыстағы жабдықтарды пайдалану, жаңа жабдықты таңдау және жобалау, технологияны тұрақты жұмыс режиміне шығару үшін ең жақсы шешім қабылдау.