Қанша грант техникалық мамандықтарға бөлінді?

БАРЛЫҚ ГРАНТТЫҢ 60% ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА БӨЛІНДІ

Биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша техникалық бағыттарға аса назар аударылады. Осылайша, барлық гранттың 60% техникалық мамандықтарға бөлінді. «Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 19 344 грантты құрайды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 13 735 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 903 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 8 288 грант тиесілі», - деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.  Жыл сайын жалпы грант санынан арнайы квота бөлінеді. Биыл да әлеуметтік осал топтарға квота сақталады. 2022 жылдан бастап ауыл квотасы 35% болып бекітілген. 

Поделиться:
Top