ҰБТ-ның аралық қорытындылары

Негізгі ҰБТ-2024 басталғалы бері 164 мың рет тест тапсырылды. 

Оның ішінде: талапкерлердің 76%-ы шекті балл жинады; орташа балл – 68 балл; ең жоғары балл – 138 балл; ерекше білім беру қажеттілігі бар 510 талапкер қатысты.

Ереже бұзғаны үшін 315 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек: смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 219 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.

Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 89 адам шығарылды. 

Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 7 адамның нәтижесі жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ. 266 адам 130 балдан жоғары көрсеткіш көрсетті.

Поделиться:
Top